Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






HTML тілі туралы мағлұмат




ОРЫТЫНДЫ.......................................................................................24

ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................25

 

 

КІРІСПЕ

Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 9 наурыз - 18 сәуір аралығында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінен дипломалды тәжірибеден өттім. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Колледждің кәсіптік бағдар беретін веб-сайтын құру» болғандықтан менің басты мақсатым - колледж жайлы мағұлматтарды іздестіру, колледжің мамандықтары туралы ақпараттарды жинастыру, колледждің кәсіптік бағдар беретін ортасын зерттеу болды.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

1. Компьютерлік бағдарламаларды орнатуды үйрену;

2. Бағдарламалармен жұмыс жасап үйрену;

3. Таныс емес бағдарламалар жайлы зерттеп оларды меңгеру;

Еңді өз мамандығым жайлы айта кетейін. Менің мамандығым ақпараттық жүйелер-б ұл мамандық көптеген бағдарламалар жасау, дамыту және жобалау жұмыстарына бағытталған.
Ақпараттық жүйе - аты айтып тұрғандай жаңа ақпараттарды өңдеу, сараптау және жаңа технологияларды өндіріске қосу жұмысымен айналысады. IT аясында, жобалау жұмыстарында, технологияны өндіріске қосу, ақпаратты қорғау саласында, жоғары дәрежелі білікті мамандықтар даярлап шығару. Бұл мамандықта көп уақыты әр түрлі қиындықтағы бағдарлама тілін үйренуге кетеді. Оқу кезінде Pascal жүйесінен бастап C++, MS Office, Java, HTML, QBasic, Delphi т.б программалау тілін меңгеріп шығады.
Бұл мамандық бойынша заманауи ақпараттық жүйені пайдаланатын өндіріс орындарында, ғылым мен білім саласында, мәдениет, денсаулық, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, бизнестік құрылымдар мен әкімшілік-басқару мекемелерінде, әр түрлі жеке кәсіпорындар және ауыл шаруашылығында ақпаратық жүйе саласының техникалық құрылғыларымен байланысты қызметтер атқарады.

Бұл есепте колледж жайлы және колледж мамандықтар туралы жалпы мағұлмат берілген. Сонымен қатар веб-сайт құру платформаларына мысалдар келтірілген.

 

 

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балқаш қаласындағы оқу орындарының ішіндегі қара шаңырағы болып саналады.

Екі оқу орындарының қосылуынан болған бұл қара шаңырақтың материалдық және техникалық базасы өте бай. Ол өзінің шеберханасы, компьютер класстары (ғаламторлық жүйеге қосылған) жаңа заманға сай жабдықталған әдемі кабинеттерімен ерекшеленеді.

Колледж басшылығы колледж маңайын көріктендіріп, абаттандыруға және оқу кешенін қазіргі заманға сай безендіруге үлкен көңіл бөліп отыр. Осының негізінде бірнеше кішірек кабинеттерді қосып, жөндеуден өткізіп қазақ тілі, тарих, орыс тілі, орыс әдебиеті пәндеріне қолдануға берді.

Колледж директорының мақсаты тек қана оқу-материалдық базаны жоғары дәрежеде жабдықтап қана қоймай,сапалы білім беріп,қазіргі нарықты заманға керекті маман иелерін дайындап шығару.Болашақ мамандарды кәсіби мамандықтарымен шыңдап қоймай,оларды өз елін,жерін,тілін,салт-дәстүрін біліп,құрметтейтін,сүйетін адал азамат етіп тәрбиелеуге үлкен көңіл бөліп отыр.

 

 

Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулыкгарды" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде ЖОО білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілуде. Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын студенттердің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды.Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді. Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда студенттің жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар.

Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді.

Электронды оқулықтарда студент оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Электрондық оқулық сырттай (дистанциондық) оқу формасының өзекті кезеңі болып табылады. «Электрондық оқулық» терминінің көп таратылғанына қарамастан, әртүрлі туындыгерлер оған алуан түрлі мағыналарды береді. Жалғыз жалпы қабылданған белгісі болмаса да, дегенмен, оны оқытатын программалардың көптеген түріндегі біреуіне ғана жатқызуға болмайды. Электрондық оқулықты программалық-әдістемелік комплекске жиі жатқызатын болды. Мұндай электрондық оқулықтар оқу курсын өз бетімен немесе оның үлкен бөлімдерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және құрамында қарапайым оқулықтың, анықтамалықтың, есеп кітапшасының және зертханалық сабақтардың қасиеттерін біріктіреді. Осы электрондық оқулық дәстүрлі оқыту тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы болып табылады және студенттің кітаптармен, конспекттермен, жаттығулармен және т.б. жұмыс істеуін алмастырмайды. Электрондық оқу құралының ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер қамтамасыз етеді. Осындай мүмкіндіктерге: оқулық авторының аудиотүсініктемелері; оқу материалына аудио және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі; контексттік көмекшелерді (подсказка собственный перевод), сілтемелерді (гипертекст) орындау; сандық немесе графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін тез арада орындау; студенттің білімін оперативті өзіндік бақылау (ол жаттығуларды және тесттерді орындаған кезде) жатады.

Электрондық оқулықты құру процесінде автор пәндік аймақ пен ақпараттық технологиялар аймағында білімдар болуы қажет. Тәжірибеде екі маманның ынтымақтастығы – «пәндік-дәріскер» және «программист-маманы» болады. Осы жұмыстың негізгі кезеңдері:

Оқулық мәтінінің «шимай жазу» вариантын дайындау (дәрістер курсы бойынша оқу құралының материалдарын түбегейлі өзгертісе де болады);

Электронды оқулықтың кейбір жеке бөлшектерінің «арнайы» әрекеттестігін құрастыру (оқулықтың рационалдық құрылымы және материалдардың баянадалуын мұқият ойластырған дәйектілік негізінде, мүмкін қиылыс сілтемелерді ұйымдастыру және т.б.), сонымен қатар, аудио және видеосюжеттер сценарийлардың, түрлі иллюстрациялардың алғашқы дайындығын (олар текстте статикалық немесе электрондық компьютерлiк оқулық оқу процесінде динамикалық пайда болады);

Компьютерде электрондық компьютерлiк оқулықтың құрамдас бөліктерін іске асыруға болады.

Жоғары оқу орындарында электронды оқулықты кейде «пәндәк дәріскер» деп те атайды. «Пәндік - дәріскердің» ақпараттық технологиялар бойынша кез-келген білімдері аса пайдалы болады, бірақ міндетті емес. Бірінші екі кезеңде автордың біліктілігі пәндік салада және оның ұстаздық, әрі әдіскер мүмкіндіктері үлкен рөл атқарады. Бұған себеп: тек электрондық оқулықты жазу процесінде ғана емес, сол сияқты қарапайым оқу құралын немесе кітапты жазу процесі кезінде автор қиыншылықтарға тап болады. Осы қиыншылықтардың кейбіреулеріне тоқталайық:

Білімдердің айналу процесі мәтін арқылы сызба бойынша іске асырылады: «автордың білімі» - мәтін – «оқырманның білімі». Бірінші кезеңде автор мәтінді жазады, бірақ мәтінде автордың білімі емес, оның белгілі бір ақпараты болады. Күндізгі оқу формасындағы білікті дәріскер көптеген көмекші ресурстарға ие болады да, осы ресурстар арқылы жоғарыда айтылған ысыраптардың азаюына көмектеседі. Сөйлеуде дұрыс қойылған акценттері, вербальды қарым-қатынастардың артықшылықтары зерттелетін тараудағы маңызды жерлеріне назар аудару мүмкіндігін береді. Оған қоса, аудиториямен қайтымды байланысты орнату, материалды ұғыну деңгейіне байланысты дәрістердің жоспарын өзгерту мүмкіндігі болады. Бұл жерде тыңдаушылар сұрақтарының және дәріскердің қажетті сұрақтар рөлі, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасының рөлін бағаламаса болмайды. Көрсетілген мәселелерді ескерген кезде студенттің электрондық оқулықпен жұмыс істеу жұмысын жеңілдейді.

 

Әрбір дәріс суреттеулермен сипатталса студент тек өзінің мақсатымен және міндетімен танысып қана қоймай, сонымен бірге жан-жағындағы жағдайды ұғынып, пайда болған мәселелердің түбірін ұғып, оны шешу механизмдерімен танысады.

Ұстаздың кеңес беру уақыты шектеулі болғандықтан, электрондық оқулықта студенттердің аса көп ықтималдық сұрақтарына жауаптарын ұсынғаны жөн. Материалдың ұғынылуын бақылау үшін тесттерді қолданған жөн. Электрондық компьютерлiк оқулықты дайындаған кездегі маңызды сәті электрондық оқулықтың дара бөліктер қарым-қатынасының сценарийлерін және аудио-видео сценарийларін дайындауы болып табылады.

«Пәндік - дәріскердің» программалық қамсыздандыру туралы білімі аз болғанымен, бұл кедергілерді тудырмайды. Бірақ ол тек өз саласындағы оқулықтармен танысып қана қоймай, басқа да салалардағы оқулықтармен танысуы қажет. Негізгі мақсаты – қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеу. Аудио - және видео үзінділеріне, формулалардың визуализация әдістеріне, графиктерге, суреттерге, кестелерге және т.б. ерекше назар аудару керек. Мұнда ең бастысы студентке білімді толыққанды жеткізу. Келесі қадам: «пәндік - дәріскер» мен ақпараттық технологиялар маманының үйлесімді жұмысы.

Электрондық оқулықтарды құру технологиялары мультимедиа ортасында оқыту курстарын құрастыру ұзақ және қымбат тұратын процессі болып табылады. Сондықтан, компьютерлік оқу курсының барлық негізгі құру кезеңдерін алдымен жақсылап ойланып жасау қажет. Алдымен, мультимедиа ұсынылатын ортаның оқу курсы таңдалады. Берілген пән бойынша курстардың болжамды шығындары мен уақыттарын анықтау, оның мүмкіндік таралымы және аудиториясын анықтау керек. Мультимедиа типі курсқа қойылатын аудиториялық жалпы талаптарды анықтауға мүмкіндік береді. Негізінде курстың жалпы білімдік оқытылу ерекшеліктерін ескеруі қажет. Олар студенттің жалпы түрлі дайындық деңгейлерімен және компьютерлік білімдерінің деңгейлерімен байланысты. Осы білімдерін тексеру үшін алғашқы тестілеу өтіледі де, студенттің барлық білімі анықталады. Арнайы оқу курстарының да дайындық деңгейлері ескерілу керек. Білетін тақырыптарын қайталамау мүмкіндігі де беріледі. Сонымен бірге пән саласындағы ең соңғы ақпараттармен қамтамасыздандырылуы да қажет.

 

 

Электронды кітаптың дайындық кезеңінде оқулық мәтінінің жазылуы, иллюстративті және анықтамалық материалдың таңдалуы, интерфейстің эскизін және оқытатын бағдарламаның сценарийін құру, сонымен қатар, жеке блоктардың сценарийлерін құру (анимациялық үзінділер, видео үзінділер, компьютерлік модельдеуді жасайтын программалар, білімді тексеретін блоктар және т.б.). Осы кезеңде қалауы бойынша оқу материалының түрлі варианттарының ұсынулары форма және мазмұны бойынша құрастырылады. Ол студенттің психикалық типіне байланысты болады. Мұндай жағдайда тағы да, алдын ала психологиялық тестілеуді өткізу керек болып қалуы мүмкін. Оқулықтағы тестпен жұмыс істегенде оның құрылымдарына керекті барлық тақырыптардың нақты тізімін анықтап жасау керек. Олар берілген оқулықта баяндалуы қажет. Студенттің қандай білімді және дағдыларды үйренуі белгілі болса, әрбір тарау және оқу курсы оған толығымен жауап берсе, онда ол кітапты жетістікті деп есептеуге болады. Нәтижесінде, әртүрлі мнемоникалық амалдарды, шрифттік айыруларымен қоса, графиктерді, суреттерді және мультипликацияларды қолданған жөн. Бұл үшін қорытынды жинақтауларды күшейту керек: негізгі мәліметтерді қосу, негізгі жағдайларды құрастыру, кестелерді құру қажет. Кейін мәтінге үлкен өзгерістерді енгізбеу үшін оны ұқыпты саралау жөн. Толық сараланған мәтін гипертекстке түрленеді.

Оқулықтың мәтінімен қоса мультимедиа сценарийіне компоненттер мен тақырыптар тізімі, сонымен қатар, оның құрылымы алдын-ала баяндалуы қажет. Анимациялық, аудио және видео үзінділер, иллюстрациялар және т.б. сценарий бойынша таңдалады. Оқулықтың толық сценарийі әдетте мәтіннің тақырыптарға, тарауларға, түсініктерге байланысын да қарастырады. Сонымен бірге суреттерге, дауыстарға, видео үзінділерге, кестелік ақпараттың қолданылуына, бейнеленген материалдардың (графиктер, схемалар, суреттер) анимацияланған суреттердің және фотоматериалдардың, аудио және видео үзінділердің, компьютерлік модельдердің сілтемелеріне де жауапкершілікпен қараған дұрыс.

 

Электронды кітапты жасаудың негізгі кезеңінеоқулықтың тікелей құрастырылу операциясы кіреді. Оның мазмұны ұсынылатын формадан өзгеше болуы қажет. Материалдың ұсынылатын формасы қатаң болуы қажет. Беттерде артық графикалық немесе мәтіндік ақпараттар болмауы керек. Олар оқырманның көңілін бөлуі мүмкін. Кітап фоны бірсазды болғаны жақсы (бірақ міндетті емес). Фоны жарық, ал мәтіні қараңғы түспен, мысалы, қара немесе қараңғы көкшіл түспен жазылуы қажет. Қараңғы фон мен жарық шрифтті қолданған дұрыс болмайды, себебі, оқырманның көздерін шаршатады. Шрифттің гарнитурасы жақсы таңдалса мәтіннің оқылуы жеңіл болады. Егерде ол серифтерсіз (засечкалар) жазылатын болса, онда шрифттік гарнитуралардың кіші шрифттерін қолданбау керек. Бағдарламаға графикалық суреттерді қосқанда ақпараттық құралдарға бейімделуін де ескерген жөн. Оқу бағдарламасының жалпы көлемін азайтуға арналған GIF, JPEG және т.б. форматтарды қолданса болады.

Анимациялық объектілердің қимылдарын жасаудың шексіз мүмкіндіктері бар. Соның ішінде мәтіннің және дауыстың визуалды өрнектеулерін көрсетуге болады. Әр түрлі компьютерлік платформаларға арналған көптеген анимациялардың екі өлшемді (2D) және үш өлшемді (3D) бағдарламалық құралдары бар. Видео үзінділерді жасау үшін компьютерлік видеомонтаждың бағдарламалық-техникалық кешендері қолданылады. Алдын-ала суреттер мен дауыстардың кітапханаларын дайындап алған дұрыс, олар монтаждау кезінде керек болады. Монтаждаудың сапасын жоғарлатуда Adobe Premiere және Video Studio сияқты пакеттер қолданылады. Материалды жақсы қабылдауға әсер ететін элементтердің бірі – дауыс болып табылады. Дауыс диктордың айтуы бойынша немесе видео үзіндінің немесе кейіпкерлердің диалогы ретінде естілуі мүмкін. Дауыспен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық қамсыздандырулар қолданылады. Олар дауыстарды ойнауға, жазуға және синтездеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа оқулықтардың әр түрлі элементтерінің құрылуында параллельді орындалуы мүмкін. Олардың біріктірілуі аяқталатын кезеңде іске асады. Оқулық тақырыптарға бөлінеді, гипермәтіндік сілтемелердің жүйесі пайда болады. Мультимедиа оқулықтарына тән үлкен көлемдік ақпараттар тек ойластырылған интерфейстің және навигация жүйесінің бар болуына байланысты болады.

 

 

Аяқталатын кезеңді өткізгеннен кейін оқулықтың тестілеуі мен түзетілуі жүргізіледі. Тестілеуден өткен мультимедиа-оқулық зерделік меншік ретінде тіркелу керек. Мультимедиа - оқулығын құрастыруға қатысқан құрастырушы ұжымның авторлық құқықтарын міндетті түрде ескеру керек. Оқулықтың пайдаланылуы кезінде туындаған кемшіліктерді түзету үшін, жаңа қосымша модульдерді қосу үшін, анықтамалық ақпаратты жаңалау үшін арнайы орындар қалдырып қойған жөн.

Баспалық оқулықтарға қарағанда, электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар өзгеше. Бірақ принципі өзгермейді: нақты құрылым, шрифттің өлшемдерінің өлшемін қатаң қадағалау және оның тағайындалуы және т.с.с.

Электрондық оқулықтың артықшылығы – материалдың ұйғарылуы бұл жерде айтарлықтай көп болады. Материалдың ұйғаруын қалай көбейтуге болады? Біреулер – фреймдерді қолданған жөн деп есептейді, ал тағы біреулері экрандағы орнын алады, ал басқалар мәтінді бүкіл экранға ашады. Фреймдер мониторда жиі болатын ақпаратты құруға мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттарға: автордың аты-жөні, вебмастердің аты-жөні, ұйым туралы мәліметтерді орналастыруға болады. Бірақ фреймдер ақпараттық кеңістіктің көп бөлігін алатындықтан, мәтіннің өзіне аз орын тиіп қалады.

Электронды оқулықты баспа кітап сияқты құрылымда да жасауға болады. Бірақ оэлектронды оқулықтың тиімділігі жоғалады, жүктеме уақыты көбейеді, оқулықты пайдалану қиын болады. Бірақ кеңістік жеткілікті болады да, мәтіннің орын ауыстырылуын, гиперсілтемелерді әр параграфтың соңында енгізу мүмкіндігін іске асыруға болады. Ал егер браузердің терезесін бүкіл экранға ашсақ, ешбір көркемдеудің элементтері студентті алаңдатпайды да, ол сіздің оқулықпен бірге жалғыз қалады.

Оқулықты көркемдеген кезде жоғары сапалы суреттерден аулақ болған жөн. Олар жүктеменің жылдамдығын төмендетеді. Мәтінді көркемдеген кезде өзінің стильдерін қолданбаған да жөн. Шрифттерді асыра пайдалану да артық болады. Браузер дайындаушыларының үндеу бойынша тұрған дайын стильдерін қолданған дұрыс. Олар әр түрлі деңгейдегі атауларды айыруға қолайлы. Шрифтті де үндеу бойынша қойған жөн. Тағы біз айта кетер жай: оларды құрылымымен сәйкестендіріп қойған жөн. Яғни, оқулықта үш деңгейлі атаулар құрылымдардың закладкалары үш санмен белгіленуі қажет.

Қазіргі уақытта электронды білім алу болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс. Электронды оқыту жүйесі (е-learning) білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекшеленуде.

Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше, ЖОО оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты дерек-дәйектерді қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасайды. Заманауи оқытушы жаңа техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Өз дәрісінің режиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген болуы тиіс. Яғни, заманауи оқытушыдан үздіксіз жетілу, біліктілігін жоғарылату үдерісін талап етеді. Жаңашылдықты игерген тұлға десек артық емес. Тек шығармашылығы мол оқытушы ғана студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады, дамытады. Өз беттерінше жұмыс істеуіне, ойлануына дағдыландырады.

Қандай мемлекетте болсын болашақ дамуының басты мақсаты адами капиталдың өсуіне байланысты. Біздің еліміздің де ұзақ мерзімді стратегиясының бірі - білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру. Білім саласындағы оқыту үрдістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны. Осындай озықтыққа элекронды оқулықтардағы олқылықтар жараспайды. ХХІ ғасыр техника заманы болғандықтан елімізде білім беруде орнын ойып алар сауатты электронды оқулықтар жасау біздің міндетіміз.

 

 

HTML тілі туралы мағлұмат

 

Мен бұл мақаламда HTML дегеннің не екендігіне тоқталып қана қоймай, HTML дің үйренуге қаншалықты жеңіл тіл екендігіне оқырмандардың көздерін жеткізгім келеді.Себебі, бұл тілді үйрену арқылы сіз қалай сайт жасалатынын сәл де болса ұғына аласыз.

HTML дегеніміз- ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.

Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған.|

HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол W3C(World Wide Web Consortium) деп аталады.

1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.

Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных