Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызылорда облысы туралы қысқаша сипаттама




Еліміздің оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-территориялық бірлік - Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Халқы — 650 мың адам. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 689,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3 адамнан келеді. (2010). Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (алдында Перовск және Ақмешіт деп аталатын). Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қазылорда қаласы Алаш Автономиялық округінің астанасы болды, 1929 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты. 1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысы болып өзгертілді. Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында. Солтүстік-батысында — Ақтөбе, солтүстігінде — Жезқазған, шығысында және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. 8 ауылдық әкімшілік ауданы, 3 қаласы, 12 қала үлгісіндегі қыстағы бар. Орталығы — Қызылорда қаласы. Облыстың аумағы батысында Арал теңізімен және шығысында Қаратаудың сілемдерімен шектеседі. Климаты тым континенттік. Қысы негізінен жұмсақ, жазы аңызақты ыстық. Климатының мұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсеріне қалыптасады. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 7-13°С, шілдеде 26-28°С. Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың шақырымға жуық төмснгі ағысы өтеді. Егемен еліміздің халқының 4 проценті тұратын бұл өлкеде негізінен қазақтар және орыс, украин, корей, белорус: түрік т. б. жүзге тарта ұлт өкілдері өмір сүреді. Облыс жерінде әйгілі Байқоңыр ғарыш айлагы орналасқан. Алайда кереғарлық сол — адамның ақыл-ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде тағы да сол адамзаттың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіз жойылып, Сырдария суы мен айнала теңірек уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде. Облыс жерін Батыс Қазақстан темір жолының құрамына енетін жалпы ұзындыгы 763 шақырымдық Орынбор-Ташкент темір жолының бөлігі басып өтеді. Автомобиль жолының ұзындығы 3,0 мың шақырым, оның ішінде асфальт төселгені 2,3 мың шақырым. Басты авто-магистралы: Ақтөбе — Қызылорда, Шымкент — Қызылорда, Алматы — Қызылорда әуе қатынасының ірі торабы, еліміздің ірі 19 қаласымен тұрақты байланысы бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных