Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КҚЖ кабельдері




ҚКЖ халықаралық ISO / IEC 11801 сәйкес тек рұқсат етілген:

- Айналмалы жұп симметриялық 100, 120 және 150 Ом толқындық кедергісімен экранирленген (UTP) және экранирленбеген (FTP) элекрт кабелдері;

- Бір және көп модалы оптикалық кабельдер;

UTP немесе Айналмалы жұп сымдар (ағылш. twisted pair) - Кабель сымдарының түрі. Сыртынан пластик қапталған. өзара айналмалы оратылған бір немесе бірнеше жұп айырылған электр өткізгіштер. «Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair) Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады. Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады. Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair) және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді. Соңғысы екіге бөлінеді: әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair). Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді. Сонымен қатар оларэксплуатация үшін экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде.

5-сурет.Айналмалы жұпты кабель түрлері

Талшықты-оптикалық кабельді (ТОК) жасауда сәулежолдар пайдаланылады. Бұл сәулежолдардың әрқайсысының бірнеше қабат қаптармен қоршалуы олардың механикалық және оптикалық сипаттамасын жақсарта түседі. Мұндай қаптамалары бар сәуле жолдарды оптикалық-талшық деп атайды.

Оптикалық талшық-жіп (жила) (core) деп аталатын өте жіңішке шыны цилиндр, қабық деп аталатын жіптен өзгеше сыну коэффициенті бар шыны қабатымен жабылған.Кейде оптикалық талшықты пластикадан жасайды. Пластикті пайдалану оңай, бірақ ол шыны оптикалық талшықпен салыстырғанда жарық импульстарын аз қашықтыққа береді. Оптикалық талшықты кабельмен беру электрлік бөгеуілдерге ұшырамайды және өте жоғары жылдамдықта жүргізіледі (осы уақытта 100 Мбит/с дейін, теориалылық мүмкін жылдамдық – 200 Мбит/с). Онымен жарық импульстерін көптеген километрлерге беруге болады.

Бірмодалы талшық өзекшесі өте жіңішке-диаметрі 10 мкм немесе одан да кіші оптикалық талшық. Оны өте алые қашықтықтарға жоғары жылдамдықпен сигналдар тарату үшін қолданады. Өзекшенің диаметрі кіші, сондықтан жарық сөулесі өзекше бетінен өте сирек шағылады, нәтижесінде дисперсия аз болады. Атынан көрініп тұргандай, нәзік талшық бір ғана моданы немесе тасымалдаушы жарық сигналын таратады: Бірмодалы талшықтың өткізу қабілеті шамамен 5 Гбит/с құрайды.

Көп модалы оптикалық талшық (multimode fiber) - екі немесе одан көп модалардың электромагниттік импульстері көмегімен ақпарат таратуды қамтамасыз ететін оптикалық талшық.

Көпмодалы талшықты (кең жолақты талшықта) өзектің және қабықтың сыну көрсеткіштері 1-1,5 пайызға (мысалы 1,515: 1,50) айырмашылығы бар. Сонымен қатар апертура NA-0,2-0,3, және жарық өткізгіш енетін бұрыш остен 12-18° асырмайды. Бірмодалы талшықта сыну көрсеткіштері бұдан да төмен (1,505:1,50), апертура NA-0,122 және бұрыш остен 7°-қа аспайды. Апертура көп болған сайын талшықтағы сәуле жеңілдене түседі, бірақ сонымен қатар модалық дисперсия үлкейіп, өткізу жолағы тарылады.

 

6-сурет.Оптикалық талшықты кабель






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных