Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КЖ жүйелерін монтаждауға қойылатын талаптар.




Жұмыс орнының шағын жүйесі:

Жұмыс орны мыналарды қамтуы тиіс: RJ 45 типтес екі ақпараттық коннектордан тұратын шаңға қарсы пердешелері бар қосарлы розетка.

Әрбір розетканың маркері болуы тиіс, ол ақпараттық коннеткор үстінде мынадай ақпараттан тұруы тиіс: -XX-YY, мұнда XX шкафтағы коммуникациялық панел нөмірі, YY – кабельдің екінші ұшы тартылған коммуникациялық панельдегі порт нөмірі. Бұл маркер қағазға басылған немесе басқа тәсілмен орындалған және розеткаға сенімді бекітілген болуы тиіс. Розеткаға жазу үшін сия немесе шарик қалам пайдалануға рұқсат етілмейді.

RJ 45 ақпараттық розеткада маркер болуы тиіс. Әрбір ақпараттық коннектор компьютерді, сондай-ақ телефонды жалғау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ақпараттық розеткалар кабель-каналда монтаждалған болуы тиіс. Жұмыс орнында еден деңгейінен биіктігі бойынша розеткалардың орналасуы қолданыстағы электр қорегі розеткасының орналасуын және пайдалану ыңғайлылығын ескере отырып шешілуі тиіс.

 

Көлбеу шағын жүйе:

Жұмыс орнында кростық жабдық пен ақпараттық розетка арасындағы қосылысты қамтамасыз етуі тиіс. Ол фурнитурасының кабель-каналы мен кабелінен тұруы тиіс. Кабель тарту әкімшілік шағын жүйеде орналасқан ортасымен және жұмыс орнында шашыранды сәулесімен «жұлдыз» типтес топологияға сәйкес болуы тиіс. Әрбір тартылған кабельдің ұзындығы әкімшілік шағын жүйеден жұмыс орнына дейін 90 м-ден аспауы тиіс. Әрбір тартылған кабель кабельдің бір кесіндісінен тұруы тиіс және бүкіл ұзақтығында ешқандай жалғау болмауы тиіс. Кабель пластик кабель-арналарға 95 градустан аз бүгілмей және ілмексіз, түзу салынуы тиіс. Кабель-каналдың қимасы кабель тартқаннан кейін кабель-каналда 30% бос кеңістікті қамтамасыз ететіндей есептелуі тиіс. Ақпараттық кабельдер мен ғимарат қабырғаларынан өтетін электр қорегі кабельдері арасында өзара әсер ету немесе интерференция болмауы тиіс.

 

Әкімшілік шағын жүйе:

Барлық шағын жүйелерді бірге біріктіруі тиіс. Ол 1-кестеге сәйкес мөлшерде коммуникациялық шкафтардан, коммуникациялық панельдерден, коммуникациялық бау-сымдардан тұруы тиіс. Коммуникациялық бау-сымдар коммуникациялық панелдер мен коммутаторды жалғастыруы тиіс.

Жалғастырғыш бау-сымдардың бір жағынан белсенді жабдық интерфейсіне сәйкес ажыратқыштары және екінші жағынан коммуникациялық панель интерфейсіне сәйкес ажыратқышы болуы тиіс. Коммуникациялық панельдің жақсылап бекітілген маркері болуы тиіс, ол мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: XX-YY, мұнда ХX кабинет нөмірі, YY – розетка нөмірі. Розетка нөмірін санау сағат тілі бағытында барлық периметрді бойымен кіретін жеріне қатысты кабинеттің сол жақ алыс бұрышынан жасалуы тиіс. Коммуникациялық шкаф есіктеріне сәйкестендіргішті және ақпараттық розеткалардың орналасуы көрсетілген ғимараттың жоспары орналастырылған болуы тиіс.

 

Монтаждағанда пайдаланылатын жабдық

1-кесте

Жабдық атауы Саны
  Коммуникациялық шкаф 19" 42U 1 дана
  Коммутацялық панель 5е UTP 19", 24хRJ45 10 дана
  1U биіктіктегі органайзер 10 дана
  Кабельдік канал 40x25 250 мет
  2-портты, 5e cat, ақпараттық розетка, сыртқы монтаждау үшін 115 дана
  5е UTP кабелі, 4 жұп, қорабы 305 м 13800 метр
  Бекіткіш материалдар 25000 дана

8-сурет. КҚЖ нәтижесін компьютермен тестілеу

Орытынды

«Техникалық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ мекемесінде өндірістік және диплом алды практикасынан өтіп өзіме керекті көп мағлұматтар алдым. Дипломдық жұмысымның мақсаты «Абзал и К» ТС-ның машина жөндеу шеберханасына қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті қызметтерді ұсыну болып табылады,яғни құрылымдалған кабель жүйесін жүргізу.

Қазіргі таңда қалалық байланыс желілерінде оптикалық кабель көп қолдануда. Себебі оптикалы-талшықты кабель арқылы байланыс ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағытының бірі болып табылады. Оптикалық кабельдер мен жүйелер тек қалалық және қалааралық байланысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар кабельді телевидения, видеотелефония, радиотарату, есептеуіш техникада, корпоративті желілердің технологиялық байланысында қолданылады.

Мен осы өндірістік және диплом алды практикасыны өту кезінде ҚКЖ жайлы толықтай мәліметтер жинап,есеп беру жұмысында қарастырдым.Алдымен ҚКЖ негізгі кабель типтері, оны жобалау мен кезеңдерін, магистральды жүйесін қарастырдым.

ҚКЖ монтаждауға арналған техникалық сипаттама,өнім берушіге және орындалатын жұмыс регламентін толықтай қарастырып алған теориялық және тәжірибелік білімімді алдағы диплом жұмысымда қолдана аламын деген нық сенімдемін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных