Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Базистік оқу жоспарының модулін түсіндіру әдісі.




Оқу жоспарының базистік модулі – кәсіптік білім мазмұнының негізгі инвариантты құрылымды құрамдастықтарды көрсете алатын құжат екенін сипаттаймыз.

ҚР Білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылы №20 бұйрығымен бекітілген КР БМ кәсіптік-техникалық білім басқармасы жасаған оқу жоспары модулі мүмкіндігінше лайықты екенін түсіндіру қажет. Себебі сол кездегі ҚР кәсіптік-техникалық училищелердің кәсіптік-техникалық мектептеріне айналуына байланысты және ҚР Президентінің 27 қаңтар 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының білім мәселелері бойынша» кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жарлығына» сәйкес, сондай-ақ кәсіптер мен мамандықтар тізімін енгізуге орай жасалған болатын.

КТМ үшін жаңа оқу жоспарлары модельдері үш циклден тұрады: кәсіби-техникалық жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық; екі топтана таңдауы бойынша пәндер мен факультативтер.

Кәсіптік-техникалық циклге енетіндер: жалпы кәсіби курс – сызу, электротехника, информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері, нарықтық экономика негіздері;

Кәсіби курс – арнайы технология, материалтану, еңбек қорғау, экология, кәсіп бойынша т.б. пәндер өндірістік оқыту–оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, кәсіпорындарында және кез келген меншік түріндегі мекемелерде, сонымен бірге өз ықтиярында пайдалануға жататын уақыт қоры беріледі.

Кәсіптік мектептер үшін базистік оқу жоспарларын кәсіптік білімнің әлемдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнін мемлекеттік стандартын ескере отырып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жасаған. Базистік оқу жоспарларының модельдерінің есептеулері аптасына 39 сағатпен шектелген оқу жүктемесі шеңберінде, ал оқудың қорытынды кезеңіндегі аяққы кәсіптік практика 41 сағатпен жүзеге асырылған. Жылдық оқу уақыты 40 аптадан тұрады.

Кәсіптік оқу мекемелерінің жаңа оқу жоспарларының модельдері үш циклдан тұрады: бағдарлы, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық және екі топтан тұрады: арнаулы кәсіптік пәндерге берілген уақыт қоры және таңдауы бойынша жалпы білімдік курстар мен бағдарлы пәндер.

Кәсіптік циклға енетіндер: жалпы кәсіптік курс – сызу, электротехника, өндірісті ақпараттандыру және автоматизациялау негіздері, нарықтық экономика негіздері; кәсіптік курс – арнаулы технология, материалтану, еңбек қорғау, ЖЖЕ, кәсіп бойынша т.б. пәндер; өндірістік оқу және оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, меншік түрлеріндегі кәсіпорындарын мен ұйымдардарғы өндірістік практика.

Кәсіптік даярлық – базистік оқу жоспарларының моделінің вариативті бөлігі. Оның мазмұны кәсіптік оқудың молдығына қойылатын талаптарды ескере отырып, кәсіптер мен мамандықтар бойынша сипаттамалардың негізінде түзіледі, онда кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері үшін дайындалатын біліктілікті еңбек қызметкерлері (жұмысшылар мен қызметшілер) ұсыныстары ескеріледі.

Жаңа техника мен өндіріс технологияларын және азаматтарға қызмет көрсетуді оқу үшін, сондай-ақ басқадай кәсіпорындар мен мамандықтар үшін оқу жоспарларын 250 оқу сағаттарына дейінгі көлемде арнаулы кәсіптік пәндерге уақыт беріледі. Ең жаңа жабдықтарды өндірістің және халыққа қызмет көрсетудің тиімді технологияларын оқыту үшін сабақ жүргізуге тиісті сәйкес келетін өндіріс пен қызмет көрсету салаларының, соның ішінде шетел мемлекеттерімен және техника мен жабдықтарды жасаушы заводтардан, банк саласы қызметкерлерінен, салық қызметінен т.б. тарту қажет. Осы мақсаттарда келісім шарт негізінде өндірістік оқу және кәсіптік практика негізінде нұсқаулар жүргізу үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан тәжірибелі мамандар шақырылады. «Нарық экономикасы негіздері» курсына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Тігінші – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылық беретін кәсіптер бойынша біліктілік алу үшін арнаулы пәндерге уақыт қор есебінен 200 сағатқа дейін бөлуге болады.

«Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері» пәні тиісті қызмет түрінен бағдарламалық өнімдер негізінде оқылады.

Сызу мен электроника сияқты жалпыкәсіптік пәндер техникалық, құрылыстық, көп бағдарлы бағыттағы жалпы техникалық білімдерді алу қажеттілігін байланысты кәсіптер бойынша енгізіледі. Ал басқа кәсіптер бұл сағаттар арнаулы пәндерден білімдерін тереңдетуге пайдаланылуы мүмкін.

Жаратылыстану-ғылыми цикл ҚР жалпы орта білім мемлекеттік стандарты белгілеген бағдарлы базалық құрамдас болып табылады. Ол математика, физика, химия, биология сияқты пәндерден тұрады. Бұл пәндер кәсіптер бойынша тірек, білімдер болғандықтан, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, кәсіптер үшін биология мен химия, электро-радио, электронды есептеуіш және прибор жасау өнідірістері үшін математика мен физика сағаттарын бағдарлы пәндер үшін уақыт есебінен көбейтуге болады.

Отбасы өмір этикасы және психологиясы, жағрапия, тарих, астрономия т.б. үшін таңдаулы бойынша жалпы білім беретін курс сағаттары пайдаланылады.

Гуманитарлы циклге 3-4 жылдық оқу мерзімі үшін 840 сағат беріледі, оларды оқу міндетті. Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты кәсіптер бойынша мемлекеттік тіл курсы және шетел тілдерінің бірі тапсырыстарды алу және орындау барысында тапсырушылармен қатынас жасарлық шеңберде оқылады, басқа кәсіптер үшін бұл сағаттар арнаулы пәндерді оқуға беріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных