Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік оқытуда тренажерларды пайдалану әдістемесі




Ауылдық кәсіптік мектептегі фермер мамандығын меңгертуге оқушыларды автомобиль және тракторды жүргізуді үйрету үшін арнайы тренажерлар пайдаланылып, сол тренажерлармен жұмыс істеу әдістемесін қарастыралық.

І.Автомобиль жүргізушілерді оқытуға арналған тренажер.

Жүргізіп келе жатқан автомобиль жұмысының барлық уақытта өзгеріп отыруына байланысты, жүргізуші де әртүрлі әрекеттер жасайтыны белгілі. Сондықтан да бұл мамандықты үйретуге арналған тренажер да құбылысты жылжымалы етіп көрсетуі керек.

Көпшілік тренажерларда жүргізушінің жұмыс орнының макеті болады да, онда натуралды басқару органдары мен приборлар орналасады. Қозғалысты көрсетуге арналған құрылғы ретінде тренажерлар пайдаланылады.

Көлеңкелі проекцияны жасаудың екі әдісі бар, оптикалық схемаға кіретін элементтердің орналасуына байланысты және экранның үлгісіне (жарық өткізгіш немесе шағылысатын). Қай жағдайда болмасын жарық көзі тұнық материал жазықтығының үстінде орналасады, ал тұнық материалға «көшелер», «көшелердің түйіскен жері», «алаң» т.с.с. салынады. Мұнан да бөлек, жазықтыққа газондар, ағаштар, жол белгілері салынуы мүмкін (8-сурет).

Тренажерде жаттығу. Кәсіби педагогикада бұл әдіс өндірістік оқытудың практикалық әдісінің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылады. Алдымен,тренажердің техникалық оқыту құралы екендігіне сипаттама беріледі де,оны өндірістің бір қызметтік іс - әрекетіне машықтанудың екендігі айтылады. Өндірістік жағдайда кейбір әрекеттерді бөлімдерімен, кезеңдерімен, салыстырып түрлі жылдамдықта я баяулап көрсету, түсіндіру мүмкіндігі бола бермейді. Ал түрлі тренажерлер бұл бағытта – таптырмас құрал. Әсіресе, жүргізушілерді дайындауда, мұнай – химия өндірісінде аппаратшылар мен оператоаларды үйретуде, токарь – жонғылағыш станоктарын басқаруда, энергетика қондырғылары мен автоматты жүйелеуді басқару мамандарын машықтандыруда кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, оның мүмкіндіктері мынада:

v Еңбек процесін оның тәсілдерін қайталап, тиімді нәтижеге жеткенше атқару мүмкіндігі;

v Тренажерді қажетінше жеке адам өз ерекшелігіне қарай икемдей алады;

v Кейбір қиын сәттерін, ақаулық жағдайда тоқтатып, жайлап меңгеру әдісі;

v «оқушы – тренажер», «оқушы – шебер – тренажер» автоматты жүйелері іске қосылады.

v Процесті ЭЕМ арқылы программалап басқару мүмкіндігі

Дидактикалық талаптар:

v Жұмысшының нақты іс - әрекетіне психикалық жағдайын сәйкестендіреді;

v Түрлі режим мен жағдайларда, ақауларды болдырмауда егжей – тегжейлі үйрену мүмкіндігі;

v Қайталап жаттығу арқылы машықтана білу;

v Жұмыс процесін үзіп те, тоқтатып та, біртұтас модель күйінде кешенді іске асыруда жүзеге асырады.

Техникалық талаптар:

v Нақты еңбек ету процесіне жақындастырып, ұқсатып, тиімді етіп қабылдау, жүзеге асыру шарттары;

v Түрлі кедергілер, ақаулар және апатты жағдайларды қайта жаңғырта орындау;

v өндірістік процесте кейбір байқалмайтын, көзге көрінбейтін жасырын құбылыстарды, іс - әрекеттерді анықтап, жібермеу мүмкіндігі;

v жұмыс барысындағы сыртқы факторлардың әсер етпеуі: (технологиялық, өндірістік шаң - тозаң, әсіресе, жүргізушілерді әзірлеуде жол – көлік оқиғасы т.б.)

v жаңа технологияларға икемдеу мүмкіндігі;

 

Тренажерлердің бұл айтылған технико–педагогикалық талаптары мен сипаттамаларына орай, енді олардың құрылысы мен жұмыс істеу принципіне де тоқталайық.

Тренажерлер (жаттығу құрылғылары) негізгі мына 3 құрылымдық элементтерден тұрады:

I. Жаттығу бөлігі: оқушының жұмыс орны, оның басқару жүйелер: клавиатура, пульт, жарық жүйесі, вентил, рычаг, руль, айырып – қосқыштар, қалқан т.б.

II. Ақпараттық бөлім: құрылғы, оқушының тренаржермен арақатынасын анықтап экран – дисплей, жарық және дыбыс белгілері, телефон т.б.

III. Басқару пульті: жаттығу процесін реттейтін құрылғылар: жылдамдық ауыстыру, түрлі рычагтар, орындау дәлдігі, өлшеу аспаптары, қозғалыс я қимыл үйлесімдігі, жіберілген қателіктер саны т.б.

Соңынан тренажердегі жұмыс қорытындысы тапсырма – нұсқауды талдай – отырып, операциялы – кешенді жұмыстарды қалай орындағаны анықталады. Бұл жұмыс кейін техникалық үйірмелерде де жалғасын табады.

 

Суреттер

 

 

Осы принципте жасалған тренажердің бірі Т-5 болып табылады (9-сурет).

Тренажердің конструкциясына ЗИЛ-ІЗО автомобилінің негізгі бөлімдері кіргізілген: жүргізуші орындағы (13), педальдар (14-16), рульдік басқару, жылдамдықты басқару рычагы (11), қол тежегіші, алдыңғы панель мен прибор қалқаны (5). Осы аталған бөлшектер мен экран, көлеңкелі проекциялы құрылғысы, басқару механизмінің жетекшісі, шуылдай куликасы (двигательдің жұмысын имитациялайтын) арқасында «жүргізуші-автомобиль –қозғалыс ортасы» жүйесі іске қосылады.

Кабинада жарық көрсеткіші (7) арқылы қорап рычагының орнын, ал спидометр арқылы «жүру жылдамдығы» білуге болады.

Егер оқушы «автомобильді» жолмен жүргізіп келе жатса, жарық көзі бар колонка (проекция ортасы) макеттің «жолында» орналасады. Оқушы экрандағы суретке қарап, өзінің «автомобилінің» қайда келе жатқанын көреді (10-сурет).

Сонымен оқушымен экрандағы жылжып отыратын сурет арасында барлық уақытта байланыс болып тұрады.

Оқушы өзгеріп отырған жағдайға байланысты, басқару органдары арқылы керекті әрекеттер жасайды. Сонымен қатар оқушыларға тренажердың приборлар панеліндегі көрсеткіштер арқылы жылдамдық, жылдамдық ауыстыру кезегі, бұрылу сигналының жұмысы т.с.с. беріліп отырады.

Осы айтылған информацияның барлығы тексеру ультіне де келіп түседі.

Өндірістік оқыту шебері оқушылардың жұмыс барысындағы іс-әрекетін тексере отырып, оған өзінің түзетуін енгізе алады, 11-суретте тренажер көмегімен оқыту барысында өндірістік оқыту шебері мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың схемасы көрсетілген.

Орта кәсіптік-техникалық училищелерде оқушылардың кәсіптік шеберлігін арттыру үшін Т-1 тренажер класы (комплексі) пайдаланылады. Т-1 тренажер комплексі құрамына көлеңкелі проекциялы Т-5 тренажерының столымен жалғасады (12-сурет). Мұғалімнің басқару пулльтінде әр кабинаның тексеру пульті де орналасады. Тексеру пульттерінде іліністердің қосылуы, тежеушті, бұрылуды, электрлік спидометрді көрсететін табло, қателікті санағыш, берілістің қосылуын көрсететін табло орналасады.

Ғылыми эксперименттердің негізінде, педагогикалық тәжірибенің көрсетуі бойынша мұндай тренажер комплексін пайдаланғанда барлық оқу циклін 5 сабақта өткен дұрыс.

І-сабақ. Басқару органдарымен және бақылау-өлшеу приборларымен танысу. Жүргізушінің дұрыс отыруын үйрену. Педальдармен, беріліс қорабының рычагтарымен жұмыс істеу (1 сағат).

2-сабақ. Басқару органдарының және бақылау-өлшеу приборларының жұмыс істеу әдістерімен танысу (1 сағат).

3-сабақ. Автомобильді жүргізуге дайындауды үйрету. Орнынан қозғалу, екпін алу, тоқтату (1-2 сағат).

4-сабақ. Әр түрлі жылдамдықта келе жатып, тура жүруді үйрету. Тежеу және тоқтату (1-2 сағат).

5-сабақ. Бұрылуды және артқа жүруді үйрету (1-2 сағат).

Автомобиль жүргізушілерді даярлауда тренажерлардың көп пайдаланылатынына қарамастан, сабақ өту барысында мұғалімдер (өндірістік оқыту шеберлері) кейбір қателіктерді жібереді.

Мұғалімдер тәжірибесінде осы тренажерлардың арнайы, әрі жасанды жасауға болатын шаралары, оқу процесін басқару мүмкіндігі толық пайдаланылмайды. Көбінесе тренажер класында сабақтар былай өтеді. Мұғалім (өндірістік оқу шебері) тақырыпты түсіндіреді, нұсқау береді. оқушылар тыңдай отырып, оны есінде сақтауға тырысады, сонан соң өз әрекеттерімен жұмысқа кіріседі. Әрине, барлық еңбек операциясына қажет қимылды есте сақтап қалу қиын, сондықтан оқушылар көп қателіктер жібереді. Қысқаша айтқанда, көптеген жаттығудың арқасында ғана қажетті дағды, әдет қалыптасады.

Тренажерлар көмегімен оқыту кезінде көбінесе информациялық техникалық оқыту құралдары пайдаланылмайды, ал оқу әрекетінің табысы туралы мәлімет жиналмайды. Егер ішкі және сыртқы қарым-қатынасты дұрыс есепке алмаса, оқушылар қате дағдыға үйренуі мүмкін.

Сондықтан тренажерлар көмегімен сабақ өткізудің маңызын арттыру үшін әрбір мұғалім (өндірістік оқу шебері) алдын-ала жасалған методикалық әдістері кең пайдалануы керек. Мұндай методиканың негізінде оқыту әдісінің мазмұны жазылуы керек, ал өндірістік оқыту шеберінің ұйымдастыру-басқару қызметі арқасында, оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын қарастыру керек.

Өндірістік оқыту шебері оқу информациясын беру жүйесін жасау керек, сонымен қатар бақылау, оқушылардың оқу-орындау қызметіндегі қателіктерін талдауы қажет. Сонда ғана дұрыс нәтиже алуға болады.

2. Тракторларда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын тренажер.

Т-150К тракторында жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылатын тренажердің жұмысымен танысайық. Оқу программасына сай, мұндай күрделі тракторда жұмыс істей білу үшін бірнеше кәсіптік дағдыларды қалыптастыру керек.

Т-150К тракторы бірнеше ауыл шаруашылық жұмыстарын жоғарғы жылдамдықта атқара алады: жер жырту, тырмалау, культиваторлау, тыңайтқыштар енгізу, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау т.с.с. Мұндай тракторлардың жан-жақты жұмыс істеуі, олардың бақылау приборлары мен басқару органдарының көптігі (мысалы, Т-150К тракторында 40-тан астам), еңбек операцияларының қиындығы тракторшы-машинист мамандығын үйретуге айрықша талаптар қояды.

Т-20 тренажерының конструкциясына (13-сурет) Т-150К тракторының кейбір бөліктері, басқару органдары мен приборлары кіргізілген, беріліс шестернясының ажырату рычагы, іске қосу двигателінің редукторларын ажырату муфтасы, рульдік доңғалақ, ілінісу муфтасын басқару мен тежеуіш кранының педалы, тарату қорабының қатарын қосу рычагы, жанармай беруін басқару педалына жанармай беруін қолмен басқару рычагы, тоқтау тежеуішімен алдыңғы белдікті қосу рычагтары, жүргізуші орындығы.

Тренажердың прибор педаліде (14-сурет) орналасқандар: электр желісіне қосу тумбрлері (1), 220 В («газоннан» шығып кетуді және «массаны» көрсететін фотороле (2), «массаны» қосу (18), бұрылуды көрсететін қосқыш (4), бұрылуды көрсететін индикатор (5), стартер қосқыш (7), қосқыш двигательді ажырату кнопкасы (8), двигательдің майлау жүйесінің қысымын көрсеткіш (14), пневматикалық жүйедегі ауа қысымын тексеретін манометр (15), тахоспиларды қосуды көрсеткіш (10) т.с.с.Тренажердың құрамына кіретін көлеңкелі проекциялау құрылғының және де басқа приборлар мен басқару органдарының арқасында тракторшыға қажетті «жұмыстың» жағдайы жасалынады. Тренажердың кабинасында орналасқан өлшеу-бақылау приборларының қалқанындағы таблоға «жұмыс» барысында автоматты режимде мынадай жазулар пайда болуы мүмкін: «стартер», «іске қосу двигателі қосылды», «Беріліс шестернясын қос», «Жанармайды беруді тоқтат», «Редуктор муфтасын қос», «Май қысымы аз», «Тоқтау тежегішін жібер», «Бірінші берілісті қос», «Тракторды тоқтат», «Қатарды ауыстыр», «Маркер сызығына шығып кетті».

Көк түспен белгіленген таблодағы «Стартер» және «Іске қосу двигателі қосылған» жазулары оқушының двигателді жүргізуі үшін жасаған әрекеті тура болған жағдайында іске қосылады.

Қызыл түспен белгіленген «Беріліс шестернясын қос», «Жанар майды беруді тоқтат», «Муфта редукторын қос», «Майдың қысымы аз» жазулары оқушының негізгі двигателді қосу үшін жасаған іс-әрекеттерінің қателіктерін көрсету үшін пайдаланылады. Олар мына жағдайларда жанады: егер беріліс шестернясы қосылмаса; жанар май беруін қолмен басқару рычагы төменгі жағдайда тұрмаса; редуктор муфтасы қосылмаса; жүйедегі май қысымы нормадан төмен болса. Осы сигналдардың арқасында оқушылардың іс-әрекетінің дұыс жасалуына көмек беріледі.

Қызыл түспен белгіленген таблицалар «Тоқтату тежегішін жібер», «Бірінші берілісті қос», «Тракторды тоқтат», «Қатарды ауыстыр», оқушылардың мынадай қателіктерді жібергенінде жанады: егер қозғалыс тоқтату тежегішінің рычагы тартылып тұрған кезінде басталса; қозғалыс бірінші берілістер басталмаса.

Жұмыс барысында оқушылар қателіктер жіберсе, таблодан не жасау керектігі туралы информация беріледі. Сонымен, тренажер көмегімен «еске түсіру» әдісі қолданылады. «Еске түсіру» көмесін пайдалана отырып, оқушылар өздерінің қателіктерін түзетіп, жаттығуларды қайта жасайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных