Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып №6.Сотталған адамдардың еңбек қызметімен байланысты емес жазаларды орындауы




Жоспары:

1. Айыппұл түріндегі жазаны атқару

2. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару

3. Қосымша жазаларды атқару

Айыппұл түріндегі жазаны атқару. Айыппұл ҚР қылмыстық заңында көрсетілген реттерде және жаза тағайындау кезінде қолданылып жүрген айлық есеп көрсеткіштің белгілі бір мөлшерінде, не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезеңдегі басқа да табыстары көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады.

Ол заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25-тен 20 мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының екі аптадан бір жылға дейінгі кезендегі табысы және өзге де табысы мөлшерінде тағайындалады.

Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындала алады. Бұл жаза әскери жазалардан басқа, барлық негізгі жазаларға қосылып, қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

Айыппұл жазалардың қосымша түрі ретінде, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Айыппұлдың мөлшері айыпталушының мүліктік жағдайына және жасаған қылмысының сипаты мен дәрежесіне қарай анықталады.

Сот айыппұлмен жазалау туралы үкімді жариялағаннан кейін сотталушы адамға 1 айдан кешіктірмей айыппұлды төлеуге міндет екені және айыппұлды ерікті түрде төлемеген жағдайда, ол мәжбүрлі түрде өндірілетіні жөнінде ескерту жасайды.

Сотталушы адам өз еркімен айыппұлды соттың шығарған үкімі заңды күшіне енгенге дейін де, заңды күшіне енгеннен кейін де төлей алады.

Сотталушы айыппұлды өз еркімен бір ай ішінде төлемеген жағдайда, сот атқару қағазының негізінде мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Айыппұл сотталушының мүлкінен, соның ішінде оның сотта анықталған ортақ меншіктегі үлесінен өндіріліп алынады.

Айыппұлды өндіріп алу кезінде, қылмыстық-атқару кодексінің қосымшасында белгіленген тәркілеуге жатпайтын мүлікті алуға болмайды.

Сотталған адамның айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, сотталушының өтініші бойынша, сот төлем мерзімін ұзартады немесе алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге мүмкіншілік береді.

Ұзарту -бұл сот белгіленген белгілі - бір айдан аспайтын уақыт ішінде айыппұлды толық төлеуге мүмкіндік беру. Ал бөліп төлеу - айыппұлды белгілі бір уақыт ішінде бөліп-бөліп телеу болып табылады. Бөліп-бөліп төлеуде, сот әрбір айыппұл бөлігін төлеудің нақты уақытын белгілейді. Сотталушы адам айыппұлдың ең соңғы бөлігін соттың белгілеген уақытының ішінде төлеуі керек.

Сотталушының айыппұлды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініші, мынандай жағдайларда қанағаттандырылуға жатады: егер мүліктік жағдайы ауыр болса, не өзі қатты сырқат болса, жүкті болса, асырауында жасөспірім балалары бар болса, өрт немесе басқа да бақытсыздық жағдайға ұшыраса. Сотталған адам айыппұлды жедел төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайын жақын туысының қайтыс болуымен, ауру болуымен және тағы басқа жағдайлармен байланыстыра алады.

Сот орындаушысының үкімді орындауды немесе бөліп-бөліп төлеу туралы мәселені өз бетімен шешуге құқы жоқ.

Айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе, үкім шығарушы сот үкім қағазының негізінде мәжбүрлі орындау шарасы жүргізілетінің хабарлайды.

Сот орындаушысы айыппұлды өндіріп алу үшін қажет мүліктердің тізімін жасайды, оған арест салып мүліктердің тізімін сотқа береді.

Сот орындаушысы сотталған адамның ақшасына, қымбат бағалы заттарына, банктегі және басқа да несиелік мекемелердегі тауда жатқан салымдарына, мүлкіне айыппұл сомасының мөлшерінде арест салуға құқылы.

Сотталған адамның еңбек ақысынан немесе зейнетақысынан, басқа да табыс көзінен өндіру, оның мүлкі болмаған жағдайда немесе айыппұлды толық өндіріп алуға бұл мүлік жеткіліксіз болғанда жүргізіледі.

Бірнеше атқару істері болғанда, ең алдымен алимент өндіріп алушының, денсаулыққа зиян және басқа да келтірілген зақымды өтеу талабы, сонымен қатар асыраушысының өліміне байлайысты еңбек құқық қатынасынан туындайтын талаптар қанағаттандырылады.

Егер сотталушы адамның мүлкі айыппұлдың сомасын өндіріп алуға жеткіліксіз болса, онда сотталған адамның ортақ мүлкі өндірілетін мүмкіндіктердің қатарына қосылады. Сот орындаушысы мұндай жағдайда, сотталушы адамның үлесіндегі мүлікті анықтап беру туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

Тізімдегі заттар сүргіштеледі, мөр басылады және сақталуға беріледі.

Сотталған адамның мүліктік жағдайы немесе басқа да табыс көздері айыппұл сомасын өтеуге толық жетпесе, айлық табысынан немесе соған теңестірілген табыстарынан 50 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Мұндай жағдайда сотталушы адам, айыппұлдан басқа да міндетті төлемдер (мысалы: алимент, келтірілген зардаптың орнын толтыруға міндеттелуі, т.б.) төлеуге міндеттеген болса, айыппұл осы 50 пайыздан аспайтын алымның ішінде өндіріледі.

Айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатында, сотталған адамның немесе басқа да адамдардың (туыстары, достары, көршілерінің үйлері) тұратын үйіне тексеру жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сот орындаушысымен бірге айғақтар болуы керек.

Сотталған адам үйінде болмаған жағдайда, кәмелеттік жасқа толған жанұя мүшесінің, заңды өкілінің, ал олар болмағанда айғақтардың қатысуымен үй-жай тексеріледі.

Сотталушы адамның және асырауындағы адамдардың күнделікті қажетті заттары, мүліктері алынуға жатпайды.

Айыппұл түріндегі жазаны атқару сотталған адамның тұрып жатқан жерінде жүргізіледі. Сотталушының тұратын жері өзгерсе, сот орындаушысы атқару қағазын сотталған адамның тұрып жатқан жеріндегі немесе мүлік тұрған жердегі сот орындаушысына жібереді.

Егер сотталған адам жұмыс істемейтін болса, онда сот орындаушысы айыппұлды өндіру үшін сотталушының мүлкі тұрған жерлерді табуға шаралар, әрекеттер жасайды.

Атқару қызметі мынандай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін: сотталушы адам кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылғанда, ұзақ мерзімдік жол сапарда болған жағдайда, емдеу мекемелерінде ауырып жатқанда, сотталған адамның өзі мен мүлкі іздеуде болған жағдайларда және осы тәріздес айыппұлды өндіру мүмкін болмаған т.б. жағдайларда.

Айыппұл жазасын атқару сотталушы адамның қайтыс болуына, үкімнің талап мерзімінің өтуіне байланысты қысқартылады.

Қылмыстық-атқару заңы, айыппұлды төлеуден қасақана бас тартудың салдарын қарастырады.

Айыппұлды белгілеген мерзімде төлемеген және өзінің кірістері мен мүлкін өндіріп алудан жасырған адам, айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп танылады.

Сотталушының айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамай төлемесе, оны айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп тану керек. Мысалы, сотталушының мүлікті тізімге тіркеуден жасыруы, жұмыстан шығып кетуі, тізімге алынған мүліктерін немесе белгілі үлестерін жасыруы тәрізді, т.б. әрекеттер.

Айыппұл жазаның негізгі түрі ретінде тағайындалып оны төлеуден әдейі жалтарған жағдайда, қылмыстық заңда көзделген ережелерге сәйкес, айлық есеп көрсеткіштің үш еселенген мөлшерімен немесе, айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарына немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 10 күнге қамаумен ауыстырылады.

Сотталушының қасақана жалтарғаны үшін, сот айыппұлды басқа жазалармен ауыстырса, айыппұл төлеу орындалуға жатпайды.

Айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін түзеу жұмыстарына сотталған адам, егер түзеу жұмысын өтеуденде жалтарса, онда сот түзеу жұмысының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру, қамауға алу немесе бас бостандығын шектеу жазаларымен ауыстыра алады.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару. Белгілі-бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында немесе басқа да қызметтерде жұмыс істейтін адамдарға тағайындалады. Бұл жаза негізгі және қосымша жазаретінде тағайындала алады.

Негізгі жаза ретінде 1 жылдан 5 жылға дейін тағайындалса, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалады.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға қосымша жаза ретінде тағайындалса немесе негізгі жаза ретінде тағайындалса, ол қылмыстық-атқару инспекцияларымен атқарылады. Егер бұл жаза бас бостандығынан айыру жазасына қосымша жаза ретінде тағайындалса, онда ол сотталған адам жаза өтеп жүрген түзеу мекемесі әкімшілігінің бақылауымен атқарылады.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бақылау жүргізу түрінде атқарылады. Қарастырып отырған жаза, екі саладағы қызмет түрімен айналысуға тыйым салады:

- мемлекеттік қызметте немесе жергілікті басқару органдарында лауазым иеленуге тыйым салу;

- белгілі бір мамандықпен немесе өзге кәсіп түрлерімен айналысуға тыйым салу. Бұл тыйым салу түрі мекеме, кәсіпорындарда белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге тыйым салуды немесе жұмыс орнын пайдалану (мысалы, автотранспорт құралдарын айдау құқығы) аталған жаза құқығынан айыруды білдіреді.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жаза қосымша жаза ретінде тағайындалғанда, сотталушының тұрғылықты жері бойынша бақылау түрінде атқарылады.

Бұл жаза қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына, сондай-ақ шартты түрде босатуға қосымша жаза ретінде тағайыңдалғанда, оның мерзімі сот үкімінің заңды күшіне енген кезінен бастап есептеледі. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру, тәртіптік-әскери бөлімдерде ұстау тәрізді жазаларға қосымша жаза ретінде тағайындағанда, ол жазаны өтеудің бүкіл уақытында қолданылады. Бұл орайда қосымша жазаны өтеу мерзімі негізгі жазаны өтеу уақытынан басталады. Мысалы, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру жазаларына сотталған адам қосымша жаза ретінде, аспазшы мамандығымен айналысу құқығынан айрылса, онда ол негізгі жазаны өтеу кезінде асхана жұмыстарына жіберілмейді.

Қосымша жазаның мерзімі, негізгі жазаның мерзімінен аз болып тағайындалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда, сотталушы бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру тәрізді жаза мерзімдерін өтеп болғанша, қосымша жазаның мерзімін де өтеп болған болып есептеледі.

Негізгі жаза шартты түрде тағайындалған жағдайда, қосымша аза да тағайындаса, онда қосымша жазаның мерзімі есептеле береді. Егер негізгі жазаға шартты түрде сотталған адам сол мерзім ішінде қайтадан қылмыс жасаса, онда сот шартты соттаудың күшін жойып, ол адамды жазаны өтеуге міндеттейді, бірақ қосымша жазаның мерзімі өтіп кетсе, онда қосымша жаза есептелмейді.

Қосымша жазаларды атқару. Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасын атқару.

Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасы, тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстар бойынша тағайындалады.

Бұл жаза қосымша жаза ретінде тағайындалады және қылмыстық заң нормаларының санкцияларында көрсетілмейді. Аталған жазаны тағайындағанда, қылмыстың ауыр немесе аса ауыр санатқа сай келуінен ғана емес, негізінен осы атақты алып жүру, иелену шектен шыққандық, ол адамға мұндай атақты қалдыруға болмайды деген тұжырым сотта пайда болғанда ғана тағайындалады. Демек, бұл жазаны тағайындау үшін сотталушы жасаған қылмыстың түрі, ниеті, қылмыс жасау жағдайлары ауырлататын жағдайға жат керек.

Арнаулы атақтар, сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптар мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және осындай атақтар, шендер берілетін мемлекеттік қызметшілерде болады. Бұл атақтар мемлекеттік органдарда жоғарғы қызмет жасауды немесе ерекше өкілеттілікті білдіреді.

Әскери атақтар «Әскери қызмет пен әскери міндеттіліктер туралы» заңда көрсетілген атақтар бола алады. Бұл жазадағы әскери атақтарға әскери атақтардың ең жоғарғы түрлері де жатады.

Құрметті атақтар еңбек көрсеткіштеріне, жетістіктеріне, еңбегі сіңуіне байланысгы беріледі. Құрметті атақтар әр саладағы қызметтер бойынша беріледі. Мысалы, еңбегі сіңген заңгер, халық артисі, т.б.

Мемлекеттік наградалар қоғамның әр саласындағы қызметшілерге ерліктері үшін мемлекеттің ең жоғарғы марапаттауы ретінде беріледі. Бұл наградалардың түрлері «Мемлекеттік наградалар туралы» ережеде келтірілген.

Мемлекеттік наградаларға құрметті атақтар да жатады. Негізінен мемлекеттік наградалар ордендер, медальдар түрінде беріледі.

Жоғарыда аталған атақтарды, дәрежелерді Қазақстан Республикасының Президенті және мемлекеттің белгілі бір сала бойынша ең жоғарғы органдары береді. Мысалы, қорғаныс министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, т.б.

Арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру жазасын қолдану үшін, жаза тағайындалу кезінде сотталушының тиісті салада жұмыс істеп жүруі міндетті емес. Жаза отставкада немесе демалыста жүрген адамдарға да қолданылады.

Бұл жазаның объектісіне ғылыми атақтар мен дәрежелер кірмейді, соттың ғылыми атақ пен дәрежелерден айыруға құқысы жоқ.

Сот атақтардан айыру туралы жазаны тағайындағанда, сотталушыға атақты, дәрежені жоғарғы ведомстволар берсе, оны сол ведомстволардың келісімінсіз-ақ, өз үкімімен алып тастай алады. Үкім шығарған сот, үкім заңды күшіне енген соң, оның көшірмесін сотталушыға атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежесі, біліктіліктік сыныпты берген немесе мемлекеттік наградамен марапаттаған жоғарғы ведомствоға жібереді. Ол орган құрметті, әскери арнаулы немесе басқа да атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден айыру туралы құжаттарына жазба жасайды және осындай атақтарды иеленген адамдар тізімінен өшіреді. Сонымен бірге, сотталған адамды осындай атақтар мен дәрежелер үшін, көзделген құқықтар мен жеңілдіктерден айыру туралы шаралар қолданылады.

Лауазымды адам үкімнің көшірмесін алған күннен бастап, бір айдың ішінде үкімді шығарған сотқа атақтан, дәрежеден айырудың орындалғаны туралы хабарлайды.

Егер құрметті атақты, жоғарғы дәрежені, мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Президенті берсе, соттың бұл атақтардан, наградалардан тікелей айыруға құқы жоқ. Атақтан, дәрежеден, наградадан айыру туралы сот үкім шығарар алдында, ҚР Президенті аппаратына тиісті сотталушыны атақтан, дәрежеден, наградадан айыру туралы ұсыныс жасайды. Мұндай жағдайда түпкілікті шешімді Президент жасайды. Сот ұсынысымен бірге, атақ-награданың құжаттары қосылып жіберіледі.

Запастағы әскери қызметші туралы сот үкімінің көшірмесі, сотталушыны әскери есепке алған әскери комиссариатқа жіберіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных