Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыстық іс жүргізу құқығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері




Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері

2. Қылмыстық істер бойынша соттылық. Алдын ала тергеу

3. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері

4. Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Қосымша

 

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

ылмыстық іс жүргізу құқығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері

Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылардың (сотталушылардың) құқықтық қорғау мәселелерінің үлкен маңызы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың психикасы мен жасының ерекшеліктерін ескеріп, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы «Пекиндік Ереже» деген атпен белгілі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандартты Ережелерін» бекітті, ол әрбір елдің заңдарында ескерілуі тиіс және осы санаттағы істерді тергеу және сот талқылауы барысында қолданылуы керек.

Осы Ережелерде мазмұндалған ұсыныстарға байланысты, қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу тәртібінде мұндай тұлғалардың жас ерекшеліктері мен құқықтық жағдайы ескерілген. ҚР ҚІЖК 11-бөлімінің нормалары кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін корғауға, сотта жүргізудің тәрбиелік ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталған және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізуде қолданылатын ерекше ережелерді көздейді. Оларда кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қосымша кепілдіктер мазмұндалған, сондықтан іс жүргізу әрекеттерін реттейтін жалпы нормаларды ауыстырмайды, тек толықтырады. Бұл нормалар қылмыс жасаған сәтте 18 жасқа толмаған адамдардың істеріне қолданылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 307 бабымен қарастырылған келесі қылмыстық әрекеттер жатады:

1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (екінші бөлігінің 11) тармағында), 107 (екінші бөлігінің 8) тармағында), 122(бірінші және екінші бөліктерінде), 124 (бірінші және екінші бөліктерінде), 132 (бірінші және екінші бөліктерінде), 133, 134, 135(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 136, 137, 138, 139(балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бөлігінде), 140, 141, 142, 143 және 144-баптарындакөзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істержатады.
Үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша ҚПК-нің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных