Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокатура жəне оның міндеттері




Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде "Адвокатура" термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.

Заңи əдебиетте жəне қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20- бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра жəне осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігі-мізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кəсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.

Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осы адвокаттар алқасы болып табылады жəне сондықтан "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңында адвокаттар алқасының адвокаттардың түбегейлі ұйымы екендігі айтылған. Алайда бұл адвокатураның Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағы, Адвокаттар халықаралық одағы (достастығы) Қазақ филиалы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жоққа шығармайды. Ал болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына қоятын басқа да адвокаттар бірлестігінің құрылуы мүмкін.

Адвокаттар алқасы заңды жəне жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді атқару үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тəуелсіз, кəсіби, өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі каржыландыратын ұйымы болып табылады.

Заңда адвокаттар алқасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған; Алайда оның нақ осы қоғамдық ұйымға тəн белгілері бар. Бұл:

1. Кəсіби ұйымды құрған тұлғалардың теңдігіне негізделген, тиісті ретпен рəсімделген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғары заң білімі бар жəне біліктілік емтиханын тапсырған жəне адвокаттық қызмет жүргізу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан құрылады. Алқа мүшелігіне қабылдау жəне одан шығаруды сайланбалы алқа органы - адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді. Əрбір адвокат -алқаның толық мүшесі жəне "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 14 жəне 15-баптарында қарастырылған құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.

2. Қоғамдық ұйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру жəне мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді. Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома жəне адвокат кеңселері азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен құралады.

Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан; демеушілік жəне қайырымдылық көмектен; заңда тиым салынбаған өзге түсімдерден құралады.

3. Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы - осының барлығы тəуелсіз жəне өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.

Жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын-ала тергеу, сот, мемлекеттік жəне басқа органдар мен ұйымдарда жəне азаматтармен қарым-қатынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар ақы алады, оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жұмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет -коммерциялық əрекет емес.

Сөйтіп, адвокаттар алқасы құрылу жəне жұмыс істеу əдісі бойынша мемлекеттік органдарға тəуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кəсіби бірлестікке тəнемес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың əділет органдары мен қарым-қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда ҚР Əділет министрлігінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық жəне азаматтар істерді қарау ксзіңде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайын, адвокатты тəртіптік жауапкершілікке тартуды жəне т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс жəне жағдай жасау жөніндегі бөлімнің болуы. Сонымен қатар, əділет органдары адвокаттық қызметпен шұғылдану құқық үшін лицензия беруге тиіс.

Алайда, бұл адвокаттардың тиісті лауазымдық, міндеттемесін атқаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.

Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.

Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттемені орындайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан жəне тапсырмасы бойынша əрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бұл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді жəне азаматтар мен мемлекеттік органдарға қатысты - мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.

Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік -қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен ұйымдардан адвокаттар кеңсесіне жəне заң консультациясына түскен қаражаттан еңбекақы алады (Заңның 5-бабы). Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консулътациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мəнін өзгерте алмайды.

"Адвокаттық қызмет туралы" 1997-жылгы 5- желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 1-бабына сəйкес адвокатураның негізгі міндеті азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету болып табылады, ал ҚР Конституциясының 13-бабы əрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік береді. Бұл көмекті көрсетудің сан алуан түрлері бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных