Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары




Адвокаттар алқасы – адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жəрдемдесу жəне өкілдік ету үшін кəсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес жəне коммерциялық емес құрылым.

Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары əртүрлі заң көмегін корсетуге жəрдемдесу болып табылады. Олар:

♦ шешілімі кəсіби заң білімін талап ететін мəселелер бойынша консультациялар, түсіңцірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

♦ талап қою арыздарын, шагымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

♦ адвокаттардың анықтау жəне алдын-ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың жəне сотталған адамдардың қорғаушылары, жəбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

♦ соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық жəне əкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету;

♦ азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету. Заңды қолдану мəселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мəні -қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбаслық, еңбек, əкімшілік, қылмыстық іс жүргізу жəне басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дəл қолдану бойынша беру.

Консультация:

♦ даудың материалдық-құқықтық астарын;

♦ азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар);

♦ іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін,заңды негіздің бар-жоғын жəне қандай нысанда екендігін (соттық, əкімшітік жəне т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

♦ заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға жəне оны дəл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге жəне т.б.;

♦ мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;

♦ нақты: жалпы құқық жəне оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мəселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;

♦ нəтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс.

Кейбір жағдайларда талап қою өтініштерінің (анықталып қойылған талаптарға сəйкестік), шағымдардың (азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерінің бұзылуы, өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды адамдардың теріс қылықтары туралы) жəне құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың дұрыс жасалуы талап етіледі.

Адвокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы - адвокаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мұнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды (сезіктілерді) қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Оның кəсіби тəжірбиесі мен құқықтық білімі қорғайтын адамына аса білікті көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Қоғам мен мемлекет бірде-бір азаматтың жеткілікгі айғақсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын жəне сотталмауын көздейді. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айыптағылған əрбір адам ұсталған, тұтқындалған немесе айыптағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Заң сезіктілердің жəне қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамғамасыз етеді. Осы құқықты қорғаушы ретінде заңмен қажетті кепілдіктер берілген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық істі жүргізу заңы сот талқысы кезінде (сот талқысы жəне нақты іс бойынша шығарылған үкімдердің зандылығы мен қисындылығын ізінше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын-ала тергеуде немесе анықтауды жүргізу кезінде, сонымен қатар қадағалау тəртібімен істі қарау кезінде адвокатқа (қорғаушыға) берілетін құқықтардың үлкен шеңберін айқындайды.

Адвокаттар (қорғаушылар) іске қатысуға айып тағылған немесе сезікті адам мойындаған сəттен - ұстау жүргізілген я болмаса айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сəттен бастап жіберіледі. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алу түріндеге бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтын адаммен оңаша жүздесе, одан жауап алуға қатыса алады жəне т.б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусіз. Конституцияның 16-бабының 2- тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын береді. Бұл құқықтардың көлемі мен мазмұнын реттеу ұдайы жетіліп отырады.

ҚІЖК - де анықталған көп жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның қорғаушысы болуға міндетті. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкілдері адвокатты шақыруға ынта білдірмесе, адвокат тергеушінің, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиіс. Мұндай адвокат та айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегі толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

Қылмыстық істі қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе оның жауапкершілігін жеңілдететін жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдары мен тəсілдерін пайдалануға жəне айыпталушыға қажетті қорғау мен заң көмегін көрсетуге -міндетті.

Адвокат қылмыстық істі қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жəбірленушінің мүддесін білдіруші, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретінде де қатыса алады.

Адвокат азаматтық істер бойынша талқылауға, сондай-ақ əкімшілік істерге талап қоюшының, жауапкердің жəне үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады. Сотта, процессуалдық əрекетті жасау үшін адвокат-өкілдер көмек сұраған адамның заңды құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік беретін белгіленген өкілеттіктерді (құқықтарды) пайдаланады.

Заңда заң көмегінің, алайда олар адвокаттық қызметтің ауқымды саласы болса да, тек негізгі түрлері ғана көрсетілген. Сондықтан заң шығарушы "заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді" деген жалпы ұғыммен шектеледі.

Атап айтқанда, мына қызмет түрлері меңзеліп отыр:

- талап-қузау жұмыстары;

- құқық бұзушылықпен күрес жүргізетін еңбек ұжымдары мен органдарға заң көмегін көрсету;

- жарғылар əзірлеу жəне заңды тұлғалар құжаттарын тіркеуге даярлау;

- келісім-шарттар жасау;

- коммерциялық ұйымдарға қызмет көрсету;

- заң кеңесшілері жоқ ұйымдарды заң көмегімен қамсыздандыру жəне заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тиым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.

Қызметтің соңғы түрі ұйымдардың заң консультацияларымен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Ол шарттарда тараптардың құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Ұйымға оның меншік нысанына қарамай қызмет көрсететін адвокат соттарда жəне өзге органдарда құқықтық мəселелерді қарау кезінде белгіленген тəртіппен оның мүддесін білдіреді, басшылыққа қол қоюға берілген бұйрық, нұсқаулық, шарт жəне құқықтық сипаттағы өзге құжаттың заңға сəйкестілігін тексереді, бұл құжаттарға қол қояды жəне талап-шағым жұмыстарын жүргізеді, шаруашылық шарттарын даярлауға қатысады жəне оларға қол қояды. Тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995-жылғы 5-мамырдағы N624 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік басқару органдарының жəне оларға қарасты кəсіпорындардың мекемелердің заң қызметі туралы Ережемен» белгіленеді.

Адвокат ұйымдарға заң қызметін көрсетерден бұрын оның қызметінің ерекшелігімен мұқият танысуға, оның алдында тұрған негізгі мақсат пен міндетті анықтауға жəне соған байланысты өзінің барлық жұмысын жоспарлауға тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных