Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Атырау қаласының экологиясы

Климаты
Жайық өзенінің экологиясы
Бекіре балығы
Жарылыстан көз ашпаған тағы бір жер - "Тайсойған" полигоны
Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз,табиғи ылғалдылық жеткіліксіз,шаңды, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.
"Азғыр" ядролық полигоны
Бекіре - бүйрек еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар. Сырттай ұрықтанады.
Бұл балықтар Қазақстандағы бағалы балықтар қатарына жатқызылады. Қаяз балығы өсуі, дамуы, дәмділігі мен құндылығы жағынан Қазақстан бойынша І орынға ие болса, ІІ орынды осындай аталмыш ерекшеліктерімен бекіре балығы иеленеді.Қазақстандағы жалғыз ғана бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіретін Атырау бекіре өсіру зауыты жыл сайын балықтың қортпа, бекіре, шоқыр түрлерінен 7 млн шабақты Жайық өзеніне жібереді. Биыл да сол жұмыстар жалғасын тапты. Мемлекеттік тапсырысты жүз пайыз орындап отырған бекіре өсіру зауыты жуырда 3,5 млн қортпа балығының шабақтарын ақ айдынға шығарды.
Экологиясы
Мұнайлы өлке – Атыраудың экологиялық ахуалы жыл өткен сайын күрделеніп келеді. «Оған өңірде ашылып жатқан өндіріс орындарының көбеюі бірден-бір себеп»Қазіргі таңда он бес жылдан астам уақыттан бері мұнай өндіріліп жатқан «Теңіз» кеніші орналасқан Жылыой ауданын айтпағанның өзінде, Атырау қаласындағы экологиялық жағдай онша мәз емес. Қала ішіндегі және облыс орталығына жақын маңдағы ірі өндірістен шығатын қалдықтар ауаны ластап, тұрғындардың таза ауамен тыныс алуына кедергі келтіруде.
Орналасқан жері
Атырау облысының экологиясы

Атырау облысы Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Сонымен қатар бұрынғы Каспий теңізінің орнында,шөл шөлейтті белдеуінде орналасқан.
Өз бастауын Башқұртстан жерінен алатын Ақжайық Қазақстан мен Ресейдің трансше­каралық өзені болып табылады. Жыл өткен сайын оның жағдайы тіптен күрделенуде. Өзен суының таяздану процесі әлі де жалғасуда, жағалауы да күннен-күнге тарылған. Ол аздай, қазір өзеннің жоғарғы жағынан гидротехникалық ғимараттарды салу құрылысы да өзеннің жағалауындағы таудай үйiндiлердің пайда болуына алып келді. Сонымен қатар ластанған суда балықтың да саны азайған.Өзен бойында тұрып жатқан халықтың да өз кезегінде суды бей-берекет пайдалануы мен табиғатты аялай білмеуінен Жайық өзені қоқыстың астында көміліп барады. Осының барлығы өзеннің өзі мен жағалауына теріс әсер беруде. Соған қарамастан Жайық өзені әлі күнге дейін қатаң бақылаудағы табиғи орындардың қатарына енгізілмей келеді, қоқыстардан тазалау және арнасын кеңейту секілді жұмыстар тиесілі түрде істелмей отыр. 2001 жылдың қарашасынан бастап Каспий теңізінің жағалауындағы су түбінде Жайықтан теңізге және кері жүруіне кедергі келтіріп, әзірбайжандық «Сарынский рыбак» кемесі жатыр. Әлі күнге дейін Атырау өзен айлағының аумағында үш жыл бұрын суға батқан 6 кеме су бетіне шығарылған жоқ. «Атырауөзенпорты» АҚ айлағының қожайыны қаржының жоқтығына сілтеп, оларды судан шығармай отыр. Бұл процедураның өзі де тосын сыйға толы болуы мүмкін. Өйткені суға батқан кемелердің бортында қаншама жанар-жағармай болуы мүмкін. Жайық өзенінің суы бүгінгі күні орташа ластанған деп сипатталады. Өзеннің негізгі ластану көздері оның жоғарғы ағысында орналасқан. Бұл Магнитогорск металлургиялық комбинаты, Орск өнеркәсіп торабы (мұнай-химия, түсті металлдар өндірісі, машина жасау), Ақтөбе хромды қоспа зауыты. Aналитикалық бақылау зертханасы Жайықтан 10 мәрте су сынамасын алған. Барлық сынамада жалпы темір, хлорид, сульфат пен фенол концентрациясы мөлшерінің асып кеткендігі белгіленген.


Мұнай өңдеу зауыттарының экологияға кері әсері
Атыраудың маңайындағы мұнай өңдеуші зауыттың өндіріс қалдықтары қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Заманауи мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады..Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады.Мысалға алсақ,Атырау облысының Исатай ауданында «Потенциал ойл» компаниясына тиесілі мұнай құбырында апат орын алды. Бірнеше сағат бойына аққан мұнай құбыр жүріп өтетін ауыз су каналына төгілген. Жергілікті халық ең алдымен суды тазартуды талап етіп отыр. Олардың айтуынша соның кесірінен малдар қырыла бастаған.Құбырдан аққан мұнай 2 км созылғандығын айтады.
Мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Ауданы — 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы көкектен 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991—92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды. Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “Азғыр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстарғанда 2-2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мысалы, 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі қараның 40-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген.
«Тайсойған» полигоны - бұрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы. Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери-әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымырандар сыналды. Зымырандардан қалған аса қауіпті деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сынықтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 - жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе күштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл жерлердегі әскери техниканың сынықтары 2000 т-дай және зымырандардан қалған аса қауіпті жанармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, жануарлар мен су құбырларын ластады. Су құрамындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс және темірдің мөлшері шектеулі деңгейден 10-15 есе жоғары болған. Сонымен қатар зымырандар түскен жерлердегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің (қалайы, магний, кальций, марганец, хром, сынап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай жоғарылаған. Қызылқоға ауданындағы қоршаған ортаның ластануынан жергілікті түрғындар арасында өкпе, жүрек, қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелердің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарылағанТайсойған полигонының жергілікті жұртқа әсері жайлы сөз болса, бес жасында 70-тегі қарияның кейпіне енген Нұржан Өркешбаевтың тағдыры айтылмай қалмайды. Еліміздің дәрігерлері өмірге деген сүйіспеншілігі зор жас үшін қолдан келгеннің барлығын жасады, тіпті отандық хирург Байыровтар Нұржанға пластикалық ота жасап, жас жігіттің өмірін өзгертуге көмектесті.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Процеси змін в культурі. Взаємодія культур. | Особенности гостиничных услуг


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных