Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалақы және еңбекті нормалау




Қызметкерлердің еңбегіне ақы мына жүйелер бойынша төленеді:

1. Мезгілдік

2. Келісімді түрде т.б.

Ақы төлеу еңбектің жеке және ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.

Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерден кем төленбейді. Мереке және демалыс күндері жұмыс ақысы екі еседен төмен болмауы керек және бұл күндердегі жұмыстар қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күндерімен (ақылы) ауыстырылуы мүмкін. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына бір жарым есе төленеді.

Еңбек нормалары еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, өндірістің, еңбекті ұйымдастырудың деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормаларын енгізуді ауыстыруды және қайта қарауда жұмыс беруші жүргізеді. Еңбектің жаңа нормаларының енгізілетіні туралы қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарланады.

Жалақы бір айда кем дегенде бір реттен төленеді. Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы кешіктірілсе және қызметкерлермен еңбек шарты бұзылған жағдайда оған тиесілі төлем белгіленген мерзімнен кешіктірілсе, жұмыс беруші қызметкерлерге берешек пен өсім ақы төленеді.

Қызметкерлерге жалақы төлеу олардың жқмысын орындайтын жерінде жүргізілуі тиіс.

Еңбек туралы заңның және өзге де нормативтік актілердің орындалуын бақылау еңбек жөніндегі уәкілеті мемлекеттік органның инспекторлары жүзеге асырады.

Жеке еңбек және ұжымдық шарттар таплаптарының орындалуын қоғамдық жағынан бақылауды қызметкерлердің мүдделерін білдіретін (қорғайтын) олардың өкілдері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен

қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Еңбек заң Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қатынастарын реттейді.

ДӘРІС 12






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных