Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ОБЛИТЕРАЦИЯЛАУШЫ АТЕРОСКЛЕРОЗ 1 страница




ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ

1.Ұйқы безінің анатомиялық орналасуы.

а. іш қуысында, бауырдың артында, омыртқа жотасының оң жағында,

б. іш қуысында, талақтың артында, омыртқа жотасының сол жағында,

в. іш пердесінен тыс, бауыр артында,

г. іш передсінен тыс, талақ артында,

д. +іш пердесінен тыс, омыртқа жотасының алдында, қарынның артында.

2.Ұйқы безі мынадай бөліктерден тұрады.

а. басы, мойыны, денесі, құйрығы,

б. оң жақ бөлік, сол жақ бөлік,

в. +басы, денесі, құйрығы,

г. басы, денесі, мойыны,

д. ұшы, денесі, құйрығы.

3.Ұйқы безінің өзектері қайсысы.

а. өт өзегі, Вирсунги өзегі,

б. өт өзегі, Санторини өзегі, Вирсунги өзегі,

в. Винслов өзегі, Санторини өзегі,

г. +Вирсунги өзегі, Санторини өзегі,

д.Вирсунги өзегі, Санторини өзегі, Винслов өзегі.

4.Өт және ұйқы өзектерінің 12-елі ішекпен байланысы.

а. +екі өзек ішекке бірге ашылады, жалпы ампула түзейді,

б. екі өзек 12 –елі ішек маңында қосылады, жалпы ампула түзілмейді,

в. жалпы өт және ұйқы безінің өзектері 12-елі ішекке бір-бірімен 3-4 мм қашықтықта ашылады.

г. жоғарыда көрсетілген жауаптардың қосындысы,

д. жоғарыда көрсетілген жауаптардың қосындысы + екі өзек те Фатеров емізікшесінен үлкен қашықтықта қосылады.

5.Ұйқы безінің қанмен қамтамасыз етілу көздері.

а. +бауыр артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы, талақ артериясы,

б. бауыр артериясы, сол жақ қарын артериясы, талақ артериясы,

в. бауыр артериясы, оң жақ қарын артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы,

г. сол жақ бүйрек артериясы, жоғарғы шажырқай артериясы, талақ артериясы,

д. бауыр артериясы, сол жақ бүйрек артериясы, талақ артериясы, жоғары шажырқай артериясы.

6.Панкреатикалық сөл құрамына кіретін ферменттер.

а. амилаза, липаза, трипсин, пепсин,

б. амилаза, гастрин, пепсин, трипсин,

в. гастрин, пепсин, трипсин, липаза,

г. +трипсин, липаза, амилаза,

д. липаза, амилаза, рибонуклеаза.

7.Вольгемут әдісі бойынша диастазаның қалыпты мөлшері.

а. зәрде – 16-64 бірлік, қанда – 1-2 бірлік,

б. -// – 1-3 -// -, -// 1-2 -//-

в. -//- 1-3 -//-, -//- 32-64 -//-

г. -// 64-25 -//-, -//- 64-18 -//-

д.+ -//- 16-64 -//-, -//- 8-32 -//.

8.Ұйқы безінен тәулігіне бөлінетін панкреатикалық сөл көлемі.

а. 200-300 мл

б. 8-10 л

в. +1000-12000 мл,

г. 1,5 – 2 л,

д. 4-5 л.

9.Жедел панкреатиттің патологоанатомиялық жіктелуі

а. +1.ұйқы безінің жедел ісігі, 2.геморрагиялық панкреатит, 3.іріңді панкреатит,

б. 1.ұйқы безінің ісінуі, 2.флегмонозды панкреатит, 3.гангренозды панкреатит

в.1. ұйқы безінің ісінуі, 2. флегмонозды панкреатит, 3. гангренозды панкреатит 4.шіріген панкреатит

г.1.ұйқы безінің ісінуі, 2.іріңді панкреатит д.1.геморрагиялық панкреатит, 2.іріңді панкреатит, 3.шіріген панкреатит

10.Жедел панкреатитке әкелетін себептер.

а. химиялық заттармен, инфекциялық –токсикалық заттармен, алкогольмен улану, жүктілік,

б. аллергендер, жарақат, ішімдікті шектен тыс қабылдау,

в. артық мөлшерде тамақтану, ұйқы безінің қан айналысының бұзылуы, қарын және 12-елі ішек аурулары,

г. өт жолдарының аурулары, артық мөлшерде тамақтану, ішімдікті шектен тыс қабылдау,

д. +жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

11.Жедел панкреатитке тән белгілер үштігі қандай?

а.1. қарындағы ауырғандық 2. құсық 3.іштің өтуі.

б.1. іштегі ауырғандық, 2. жиі кіші дәретке отыру, 3. іштің өтуі.

в.+1. іштегі ауырғандық, 2. құсық, 3. іштің кебуі.

г.1. құсық, 2. жиі кіші дәретке отыру, 3. периодикалық қалтырау

д.1. құсық 2. іштің кебуі, 3. қара нәжіс.

12.Жедел панкреатитті қандай аурулардан ажыратамыз.

а. +аппендицит, тағаммен улану, миокард инфарктісі, мезентериальды тамырлар тромбозы, ішектің механикалық түйілуі, қарынның тесілген жарасы, жедел холецистит.

б. аппендицит, тағаммен улану, миокард инфарктісі, мезентериальды тамырлар тромбозы, ішектің механикалық түйілуі, қарынның тесілген жарасы, жедел пиелонефрит,

в. аппендицит, холецистит, ішектің механикалық түйілуі, жедел қарын-ішектен қан кету,

г. холецистит, аппендицит, миокард инфарктісі, қарынның тесілген жарасы, жедел гломерулонефрит,

д. холецистит, қарын –ішектен қан кету, жедел гломерулонефрит, қарын мен 12-елі ішектің тесілген жарасы, миокард инфарктісі.

13.Диастазаның қан және зәрде артық мөлшерде болуы панкреатиттің деструктивті түріне тән бе?

а. иә, б. +жоқ, в. міндетті емес,

14.Қандай ауру көп жағдайда жедел панкреатитпен қатар жүреді.

а. жедел аппендицит, б. ұйқы безінің кистасы в. +жедел холецистит, г. миокард инфарктісі, д. гепатит.

15.Жедел панкреатит клиникасында қандай сатыларды ажыратады.

а.+1.аурысыну, 2. динамикалық илеус, 3. перитонит сатысы

б.1. көп мөлшерде құсу, 2. іш пердеден тыс флегмона, 3. перитонит сатысы.

в.1. гипоинсуллинизм, 2. ауырсыну, 3. динамикалық илеус сатысы.

г.1. ауырғандық, шок, 2. іріңді бурсит, 3. перитонит сатысы

д.1. динамикалық илеус, 2. іріңді бурсит, 3. перитонит сатысы.

16.Жедел панкреатиттің қандай түрінде оперативті ем қолданылады.

а. ұйқы безінің жедел ісінуі,

б. ұйқы безінің жедел ісінуі, геморрагиялық панкреатит,

в. +геморрагиялық панкреатит + іріңді панкреатит,

г. геморрагиялық панкреатит,

д. іріңді панкреатит.

17.Жедел панкреатитке қандай белгілер тән?

а. Воскресенский, Образцов, Михельсон-Бартомье белгісі,

б. +Воскресенский, Керте, Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Холстед, Грюнвальд белгісі,

в. Керте, Мейо-Робсон, Ровзинг, Ортнер белгісі,

г. Грей-Тернер, Грюнвальд, Мейо-Робсон, Пастернацкий белгісі,

д. Воскресенский,Мейо-Робсон, Ситковский, Грей-Тернер, Грюнвальд белгісі

18.Жедел панкреатит үшін қандай лабораториялық зерттеу нәтижелері сәйкес келеді.

а. +нейтрофильді лейкоцитоз солға ығысқан, ЭТЖ жоғарылаған,

б. лейкопения, ЭТЖ жоғарылаған,

в. лейкоциттер қалыпты, ЭТЖ жоғарыламаған,

г. лейкопения, ЭТЖ жоғарыламаған,

д. лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарыламаған.

19.Жедел панкреатит кезінде қандай биохимиялық өзгерістер болады.

а. хлоридтер көлемі 20 ммоль/л (№ -100 ммоль/л) дейін төмендейді, гипокальциемия (№-2,5 ммоль/л), гиперкалиемия (№ -4,5 ммоль/л),

б. хлоридтер мөлшері жоғарғы, гипокальциемия, гипокалиемия,

в. +хлоридтер көлемі 30 ммоль/л дейін төмендейді, гипокальциемия, гипокалиемия.

г. хлоридтер көлемі 30 ммоль/л дейін төмендейді, гиперкальциемия, гиперкалиемия,

д. хлоридтер көлемі жоғарлайды, гиперкальциемия, гиперкалиемия.

20.Жедел панкреатит кезінде қан құрамындағы кальций және белоктың қандай көрсеткіштері нашар болжам белгісі болып табылады.?

а. гипокальциемия, а- глобулиндердің төмендеуі (№-35 г/л), альбуминдердің (№-55 г/л) көбеюі,

б. гиперкальциемия, а- глобулиндердің көбеюі, альбуминдердің азаюы,

в. кальций мөлшері қалыпты, а- глобулин және альбумин көрсеткіштері қалыпта,

г. +гипокальциемия, а- глобулиннің көбеюі, альбуминдердің төмендеуі,

д. гипокальциемия, белок құрамы қалыпты жағдайда.

21.Жедел панкреатитпен ауыратын науқастың қанында қант мөлшері қалай өзгеруі мүмкін?

а. қалыпты жағдайда, б. тұрақты гипергликемия, в. +ауыспалы гипергликемия,

г. тұрақты гипогликемия, д. ауыспалы гипогликемия

22.Жедел панкреатитте қандай рентгенологиялық өзгерістер болады?

а. көкет күмбезінің биік тұруі, ұлтабардың кебуі немесе «айналуы», паралитикалық ішектің түйілуі,

б. көкеттің оң жақ күмбезінің биік тұруы және оң жақ плевралды қуыста сұйықтықтың болуы, айқын дуоденоспазм,

в. құрсақ қуысы мүшелері жағынан және кеуде клеткасы жағынан өзгерістер жоқ,

г. +көкеттің сол жақ күмбезінің биік тұруы, сол жақ плевралды қуыста сұйықтықтың болуы, көбінесе сұйықтықтың іш қуысына жиналуы, қарын және ұлтабардың кілегей қабығының ісіңкілігі, айқын білінген дуоденоспазм, паралитикалық илеус құбылыстары.

д. кеуде қуысы жағынан өзгерістер жоқ, іш қуысына сұйықтық жиналған, айқын білінген дуоденоспазм.

23.Жедел панкреатиттің қандай асқынуларын білесіз?

а. перитонит, іш пердеден тыс флегмона, қарын-ішектен қан кету, қатерлі ісікке айналу,

б. +перитонит, іш пердеден тыс флегмона, іріңнің іш және кеуде қуысына ағуы, қарын-ішектік жыланкөздер, ұйқы безі кистасы,

в. перитонит, пиелонефрит, іш пердеден тыс флегмона,

г. перитонит, медиастенит, іш қуысының абсцестері,

д. ферментативті жедел холецистит, ішектің түйілуі, бауыр абсцессі.

24.Жедел панкреатитті ұйқы безінің кистасынан ажырату үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?

а. ЭРХПГ, торакоскопия, лапароскопия,

б. +лапароскопия, УДЗ, ретроперитониалды пневмография, компьютерлік томография,

в. фиброгастроскопия, торакоскопия, лапароскопия,

г. қарын-ішек трактысының рентгеноскопиясы, УДЗ, кеуде клеткасының рентгеноскопиясы,

д. УДЗ, ЭРХПГ, лапароскопия.

25.Ұйқы безінің жедел ісінуінің ерте және көбінесе тұрақты белгілерін атаңыз?

а. іштің ауырғандығы, Мейо-Робсон белгісі,

б. +іштің ауырғандығы, несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы,

в. іштің ауырғандығы, Воскресенский белгісі,

г. несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы, Воскресенский белгісі,

д. несеп пен қанда диастазаның жоғарлауы, Керте белгісі.

26.Шок пен коллапс жағдайы ұйқы безінің қандай ауруына тән?

а. ұйқы безінің жедел ісінуі, б. ұйқы безінің кистасы, в. +геморрагиялық панкреатит,

г. ұйқы безінің қатерлі ісігі, д. созылмалы панкреатит.

27.Жедел панкреатит пен жедел холециститтің жалпы белгілері қандай?

а. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, Мюссе-Георгиевский белгісінің оң мәнді болуы,

б. оң жақ қабырға астында ауырғандық, Ортнер белгісі, терінің сарғаюы,

в. +іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, сарғаюы,

г. сарғаю, дене қызуының көтерілуі, гипергликемия, глюкозурия,

д. сол жақ қабырға астында ауырғандық, Мейо-Робсон белгісі, гипергликемия, глюкозурия.

28.Жедел панкреатиттің тесілген жарадан ерекшелігі?

а. коллапс, құсу сирек жағдайда, көкеттің оң жақ күмбезі астында рентгенологиялық ауаның анықталуы, көкеттің сол жақ күмбезінің биік тұруы,

б. +анамнезінде жара ауруына тән ауырғандықтың болуы, науқастың мәжбүр қалпы, құсу сирек, перкуторлы-тимпандық дыбыстың бауыр үстінен естілуі, рентгенологиялық –көкеттің оң жақ күмбезінің астында ауаның анықталуы, аурудың бастамасында брадикардия.

в. коллапс, тахикардия, іш кебу,

г. коллапс, тақтай тәрізді құрсақ, брадикардия, рентгенологиялық сол жақ плевральды қуыста сұйықтықтың анықталуы,

д. мәжбүр қалып-қозғалыссыз, іштің кебуі, бауыр үстінде перкуссияда тимпандық дыбыстың естілуі.

29.Жедел панкреатит пен ішектің механикалық түйілуіне ортақ белгілер.

а. іштегі ауырғандық, нәжісті құсу, Валь белгісі, науқастың мазасыздануы,

б. іштің ауырғандығы, желмен нәжістің кідіруі, кейде сифонды клизмадан кейін де байқалады. Клойбер тостағаншаларының болуы,

в. +іштің ауырғандығы, айқын метеоризм, науқастың мазасыздануы,

г. іштің тұрақты ауруы, айқын метеоризм, несеп пен қанда диастазаның мөлшерінің жоғарылауы,

д. іштің толғақ тәрізді ауыруы, жиі құсу, айқын метеоризм, Клойбер тостағаншаларының болуы.

30.Механикалық ішек түйілуінің жедел панкератиттен айырмашылық ерекшелігі қандай?

а. +толғақ тәрізді ауырғандық, пайда болуында кезеңділіктің байқалуы, нәжісті құсық болуы мүмкін, Валь белгісі, рентгенограммада Клойбер тостағаншаларының болуы, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің қалыпты болуы,

б. іштің кебуі, іште желдің кідіруі, бірнеше рет құсу, оң мәнді Скляров белгісі, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарлауы,

в. ішінің ауруы, жиі құсу, Валь белгісі, Клойбер тостағаншаларының болуы жалпы шолу рентгенограммада, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарлауы,

г. нәжіс пен газдың кідіруі, нәжісті құсық, іштегі ауырғандық паранефральды новокаин блокадасынан кейін де басылмайды, науқастың мазасыздануы,

д. жиі құсу, газ бен нәжістің кідіруі сифондық клизманы қолданғаннан кейін қояды, оң мәнді Валь белгісі, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғары болуы.

31.Жедел холециститтің жедел панкреатиттен қандай айырмашылық ерекшеліктері бар.

а. сарғаю, тұрақты белдеме тәрізді ауырғандық Ортнер, Мейо-Робсон белгілерінің оң мәнді болуы, бұлшық ет кернеуі,

б. +оң жақ қабырға астында ауырғандық, Ортнер, Мюссе-Георгиевский белгілерінің оң мәнді болуы, бұлшық ет кернеуі және оң жақ қабырға астында ауырғандық,

в. сол жақ жауырында, арқаға берілетін төс астындағы ауырғандық, дене қызуының көтерілуі, сарғаю, Ортнер, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң мәнді болуы,

г. оң жақ қабырға астында ауырғандық, ол оң жақ жауырынға, иыққа беріледі, қызудың көтерілуі, Ортнер, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң мәнді болуы, қан мен несепте диастаза мөлшерінің көбеюі,

д. оң жақ қабырға астындағы ауырғандық, жиі құсу, Ортнер, Воскресенский, Грей-Тернер белгілерінің оң мәнді болуы.

32.Жедел панкреатит пен қарынның тесілген жарасының арасында қандай ортақ белгілері бар?

а. +іштің жоғары бөлігінде жедел ауырғандық, кейде шок, коллапс құбылыстары байқалуы мүмкін,

б. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, «тақтай тәрізді» құрсақ, пульстің сирексуі,

в. коллапс пен шоктың дамуы, көкеттің оң жақ күмбезінің астында ауаның болуы,

г. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, төсектегі қозғалыссыз мәжбүр қалып, Мейо-Робсон оң белгісі,

д. іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, Воскресенский, Мейо-Робсон, Керте белгілерінің оң болуы.

33.Мезентериальды тамырлар тромбозы мен жедел панкреатитке тән қандай ортақ белгілер?

а. іштің қатты ауыруы, қайта-қайта құсу, қан араласқан нәжіс,

б. іштің қатты ауыруы, нәжіс пен желдің кідіруі, несеп пен қанда диастазаның мөлшерінің көбеюі,

в. іштің жоғарғы бөлігінде белдеме тәрізді ауырғандық, қайта-қайта құсу, Воскресенский оң белгісі,

г. +жедел басталу, іштің қатты ауыруы, көбінесе естен тану жағдайының болуы, метеоризм,

д. іштегі ауырғандық болуы, метеоризм, қан араласқан нәжіс, Керте оң белгісі.

34.Тамақтық токсикоинфекциясының жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылығы бар.

а. толғақ тәрізді ауырғандық, қайта-қайта құсу, Воскресенский оң белгісі,

б. +анамнезінде-сапасыз тамақты қабылдау, ешқайда берілмейтін толғақ тәрізді ауырғандық, құсқанда жағдайы жеңілдейді, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарыламауы, жиі іш өту,

в. тұрақты ауырғандық, сол жақ жауырынға, арқаға ауырғандықтың берілуі, құсқанда жағдайы жеңілдейді, Керте оң белгісі,

г. толғақ тәрізді ауырғандық, құсқанда жағдайы жеңілдейді, метеоризм, нәжіс пен газдың кідіруі,

д. толғақ тәрізді ауырғандық, қан араласқан құсық, метеоризм, іш өту.

35.Миокард инфарктісі мен жедел панкреатиттің клиникалық белгілерінің ұқсастығы.

а. төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, іш кебу, газ бен нәжістің кідіруі,

б. іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырғандық, қайта-қайта құсу, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарылауы,

в. +төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, шок немесе коллапс, ЭКГ-да өзгерістер,

г. төс шеміршегі астында ауырғандық, диастазаның жоғарылауы, төсекте мәжбүр жағдай,

д. төс шеміршегі астында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, Керте оң белгісі.

 

36.Мезентериалды тамырлар тромбозының жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылық белгілері бар?

а. +көбінесе жүрек-тамыр ауруларымен қатар дамиды, іштің орта бөлігінде ауырғандық, құсықтың болмауы, қан араласқан нәжіс, аурудың бастамасында кенеттен ауырғандық, құрсақ қабырғасының тартылуы жоқ,

б. кенеттен белдеме тәрізді ауырғандық, Мейо-Робсон, Воскресенский белгілерінің оң болуы, несеп пен қанда диастаз мөлшерінің жоғарылауы,

в. іштің орта бөлігінде ауырғандық көбінесе коллапс, жиі қан аралсақан нәжіс, құсық жоқ, несепте диастазаның жоғарылауы

г. іштің орта бөлігінде ауырғандық, жиі қан араласқан нәжіс, перитонит құбылысы, Керте оң белгісі,

д. белдеме тәрізді ауырғандық, құсық жоқ, қан араласқан нәжіс, Мейо-Робсон оң белгісі.

37.Геморрагиялық панкреатитте лапаротомия және лапароскопия жасағанда не табасыз?

а. ірің, өт, серозды сұйықтық, б. өт, геморрагиялық экссудат, в. ірің, геморрагиялық экссудат, г. қан және өт, д.+ геморрагиялық экссудат, стеариндік дақтар (Грюнвальд белгісі)

38.Панкреатиттің түрлерінің пайыздық ара қатынасы қандай?

а. ұйқы безінің ісінуі - 78 %

геморрагиялық панкреатит – 2 %

іріңді панкреатит - 20 %

б.. ұйқы безінің ісінуі -20 %

геморрагиялық панкреатит – 25 %

іріңді панкреатит - 25 %

в. ұйқы безінің ісінуі - 10 %

геморрагиялық панкреатит – 60%

іріңді панкреатит - 30 %

г. +ұйқы безінің ісінуі - 78 %

геморрагиялық панкреатит – 12 %

іріңді панкреатит - 10 %

д. ұйқы безінің ісінуі - 60 %

геморрагиялық панкреатит – 20%

іріңді панкреатит - 20 %

39.Миокард инфарктісінің жедел панкреатиттен қандай ерекше айырмашылық белгілері бар?

а. анамнезінде – стенокардияның болуы, іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарылауы,

б. төс шеміршегі артында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, ауру кейде коллапс немесе шокпен қатар жүреді,

в. төс шеміршегі артында қатты ауырғандық, ЭКГ-да өзгерістер, науқастың мәжбүр қалпы, коллапс немесе шок,

г. +анамнезінде –стенокардияның, инфаркт алдындағы жағдайының болуы ауырғандықты морфинмен басу, несеп пен қанда диастаза мөлшерінің жоғарыламауы,

д. анамнезінде –стенокардияның, инфаркт алдындағы жағдайының болуы, ЭКГ-да өзгерістер, коллапс немесе шок.

40.Ауруханаға 35 жастағы ер адам келесі шағымдармен түсті: көп ретте тоқталмайтын құсу, кенеттен белдеме тәрізді құрсақтың жоғарғы бөлігінде ауырғандық. Ауырғандық арақ ішкеннен кейін пайда болған. Науқастың пульсі-120 соққы 1 мин., Артериалдық қан қысымы 90/60 мм. С.б. Пальпацияда құрсақтың жоғарғы бөлігінде ауырғандық, перкуссияда – іш қуысында сұйықтың аускультацияда – ішек перистальтикасы өте нашар. Науқасқа қандай алғашқы диагноз қоясыз?

а. асқазанның тесілген жарасы, перитонит, б. жедел ішек түйілу, в. мезентериальды тамырлар тромбозы, г. асқазан –ішектен қан кету, д. +жедел геморрагиялық панкреатит.

41.Қандай емдеу тәсілдерімен ұйқы безінің секреторлық қызметін басуға және энзиматикалық белсенділігін тежеуге болады.

а. үлкен көлемде сұйықтық енгізу, б. викасолды пероральды енгізу, в. сакроспиналды блокада, г. +антиферменттерді енгізу, д. но-шпаны көп мөлшерде енгізу.

42.Науқаста жедел панкреатит фонында ішектің салдануы дамыды. Сіздің тактикаңыз?

а. оперативті емдеу, б. науқасты динамикалық бақылау, зәрдің диастазасын қадағалау,

в.+ интенсивті консервативті емдеу, г. лапароскопия, д. қанды амилазаға зерттеу.

43.Қандай ауруда қандағы амилазаның құрамы жоғарылайды.

а. асқазанның перфоративті жарасында, б. бауыр шамасыздығында, в. нефритте,

г. +панкреатитте, д. ішек өткізгіштігінің бұзылысында.

44.Қандай аурулар жедел панкреатиттің дамуына әкелуі мүмкін?

а. дуоденостаз, б. гастродуоденит, в. асқазанның, ұлтабардың пенетрациялаушы жаралары, г. бауырдың және ұйқы безінің жарақаттары, д. +жоғарыдағы аталған барлық аурулар.

45.Егер жедел панкреатиті бар науқастарда жалпы жағдайы жақсармай, зәрдегі диастаза тез азайса, қандай болжам жасауға болады.

а. жақсы болжамдық белгісі, б. өте жақсы болжам, в. +ауру ағымының жаман көрсеткіші,

г. науқас жазылып келеді, д. барлығы дұрыс.

46.Қандай механикалық факторлар панкреатиттің дамуына әкеледі, мынадан басқа:

а. сақина тәрізді ұйқы безі, б. ұлтабардың стеноздаушы ісіктері,

в. дуоденалды жолдың тыртықты тарылуы және жоғарғы шажырқай тамырларымен басылуы. г. дуоденостаз, д. +Трейц байламасының жарығы.

47.Қандай оперативті емдеуде панкреатиттің ауыр түрлері байқалмайды.

а. асқазанға, б. өт қабына және жалпы өт жолдарына, в. ұлтабарға, г. Фатер емізігіне,

д. +құрт тәрізді өсіндіге

48.Жедел панкреатиттің қандай түрінде іш қуысында «стеаринді дақтар» жиірек пайда болады.

а. ісінулік, б. геморрагиялық, в. +майлы, г. іріңді панкреонекроз, д. холецистопанкреатит.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных