Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Б) F,O атомдары мен молекулалары




Бос орбиталдар.

14-билет.П және σ байланыстар. бай/с ұзындығы мен энергиясы.

Түзілетін электрондық бұлттағы симметриясымен орбитальдардың бүркесу тәсіліне қарай

П және σ бай/сты ажыратады.П жәнеσ байланыс ол әрекеттесуші атомдардың центірін қосатын ось бойымен электрондық бұлттардың қайта жабылуы кезінде түзіледі.П байланыс ол атомдармен перпендикулярлық центірін қосатын осьтің бойымен электрондық бұлттардң бүйірден қайта жабылуы тұсында түзіледі.П байланыс,p-d,d-d,f-f орбитальдарының қайта жабылуы кезінде түзіледі. σ байланыс s-p,p-p,d-s орбитальдарының қайта жабылуы кезінде түзіледі..П жәнеσ байланыс түйіскенде қос байланыс түзіледі.Жай ж\е қос байланыстың ұзындығымен энергиясын салыстырғанда,үш байланыстың энергиясы жоғары,ал ұзындығы қысқа.Байланыс энергиясы деп хим-қ байланысты үзуге жұмсалатынэнергияны айтады.Байланыс ұзындығы-ол атом ядроларының арақашықтығы.

15-билет. Иондық байланыс.

Иондық байланыс иондардыің электорстатикалық тартылу күштері арқылы жүзеге асатын хим/қ бай/с.Иондық байланыс электртерістіліктері әртүрлі болатын атомдардың арасында ғана түзіледі.Коссельдің теориясы бойынша металмен бейметалдың атомдары әрекеттескенде, электрнейтрал қосылыс түзіледі,яғни иондардың зарядтары қарама қарсы және олардың атомдарының электр терістіктерінде үлкен айырмашылық болуы керек.Иондық қосылыстарда бір атомның басқаға толық ауысуы болмайды.Иондылық өлшем деп қосылыстарды түзетін элеменнт атомдарының электртерістіліктері арасындағы айырманы айтады.∆х=2 болса иондық байланыс.∆х үлкен болған сайын полярлығыда үлкен болады.

16-билет.Металдық байланыс.

Металдық байланыс-электрстатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланыстс айтады.Металдық байланыс тек қана бірінші текті өткізгіштерде болады.

Металдық байланыс металдағы атомнан электрондар тұрақты күйде бөлінгенде пайда болады.Электрондарын берген металл атомдары оң зарядталған иондарға түрленеді,ал олар тұрақты қозғалыстағы электронды өзіне тартуға ұмтылады.Бос электрондар металдың барлық атомдарын өзара берік байланыстырады да металл торының беріктігін қамтамасыз етеді. Металдық байланыста электрондарды ортақтастыруға барлық атомдар қатысады.Металдық байланыс энергиясы коваленттіктен 3-4 есе аз.

17-билет. Сутектік байланыс.Оның түзілу механизмі.

Сутектік байланыс құрамына сутегі мен электртерістігі күшті элемент-O,N,S,F,кіретін молекулалар арасында пайда болады.Сутектік байланыс әртүрлі молекулалар арасында ж\е бір молекула ішіндегі әртүрлі топтар арасында пайда болады.Сутек атомының ішкі электрондық қауызы болмағандықтан,теріс полюстенген атомның электрондық қауызының ішіне еніп кете алады.Сутектік байланыс суда ғана емес,полимерлерде,белокта,сан алуан кристалдық заттарда түзіледі.

18-билет. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакциялары деп электрондардың бір бөлшектерден екіншіге ауысуымен байланысты жүретін реакцияларды айтады,яғни әрекеттесуші молекулалар құрамына енетін элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгеру.Тотығу процесі– атомның электрондарды беріп тотығу дәрежесінің өсуі.Тотықсыздану процесі-атомның электронды қосып алып тотығу дәрежесінің кемуі.Тотығу-тотықсыздану реакциялары 4 бөлінеді:

1)молекула ішілік-тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың ролін иондағы элемент атомдары атқарады.Бұл реакция температуралық қыздырумен альфа бөлшекпен атқылау кезінде жүреді.

2)молекулааралық-жайж\е күрделі заттармен иондардың қатысуымен жүреді.Бір заттағы екі элемент атомы бірден тотығуға да тотықсыздануғада қатыса алады.

3)дисмутация-элемент атомдарының тотығу дәрежесінің бірден жоғарылауымен төмендеуңі арқылы жүреді.

4)конпропорциялану-реакцияда атомдардың тотығу дәрежесі теңеседі.

Қасиеттеріне қарай элементтері 3 топқа бөлінеді1)тотықтырғыш а) қосылыстарда ең жоғары тотығу дәрежесін көрсететін элем атомы.

б) F,O атомдары мен молекулалары

2. тотықсыздандырғыштара)s,p,d,f ұяшықтарының металдың бос атомдары

б) қосылыстарда ең теріс тотықсыздану дәрежесін көрсететін элем атомдары

3. тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та жатады.а)4-6 топшалардың бейметал молекулалары

б) қосысылғыштар аралығында оң тотығу дәрежесін көрсететін элем атомдары

в) асқын тотық қосылыстар

19-билет.Типтік тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.

Тотығу тотықсыздану реакцияларын химиялық және электрохимиялық деп деп бөледі.Олардың негізгі айырмашылығы - электрохимиялық поцесстің тотығуы мен тотықсыздануы кеңістікте жеке жеке бөлінгенімен, әрқайсысы өзінің электродтық кеңістігінде жүруі.

Химиялық тотығу тотықсыздану реакцияларын торт түрге бөлуге болады.

1.молекула ішілік - тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш функциясн сол молекула немесе сол йон құрамында болаынәртүрлі элемент атомдары атқарады.

2.Молекулааралық - тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш функцияларын әртүрлі заттарда болатын түрлі элементтер атомдары атқарады.

3.Диспрапорциялану реакциялары. - немсе дисмутация - бір және сол сияқты әртүрлі молекуланың құрамында болатын әртүрлі аралық тотығу дәрежесіндегі элемент атомдарының тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың қызметін атқарады.

4.конпропорциялану реакциялары - молекула ішілік тотығу-тотықсыздану реакциялары жүру барысында бірдей және атомдардың тотығу дәрежесәнәі теңелуі жүеді.

20-билет.Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тенестыру әдістері: Электрондық баланс және ионды-электрондық

әдіс,

Электрондық баланс әдісі реакцияға қатысқан және түзілген заттардағы элементтердің

тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген.

Мысалы

3+ 7+ 5+ 2+

KNO2+NaMnO4+H2SO4 KNO3+MnSO4+Na2SO4+H2O

N3+-2e=N5+

5 тотығу пр зат тот-сыз-ғыш

Mn0+5e=Mn2+ 2 тотықсыздану пр зат тот-р-ғыш

5KNO2+2NaMnO4+H2SO4=5KNO3+2MnSO4+Na2SO4+H2O

Ионды-электрондық әдіс тотықсыздандырғыштың тотығуының,тотықтырғыштың тотықсыздануының иондық теңдеулерін жеке-жеке құрып,содан соң оларды жаолпы иондық теңдеуге біріктіруге негізделген.

Мысылы Na2CO3+HOH NaHCO3+NaOH

2Na++CO32-+HOH Na++HCO3-+Na++OH-

CO32-+HOH HCO3-+OH-

21-билет. Әр түрлі топтар мен периодтар элемент атомдарының валенттік мүмкіндіктері.

Элементтің валенттілігі – элемент атомның химиялық байланыс түзе келіп, басқа атомдардың белгіі санын қосып алу қабілеттілігі.

Валенттілік сандық тұрғыдан алғанда, атомдардың түзетін химиялық байланыстарынң санымен анықталады. Сондықтанда элемент валенттілігінің таңбасы болмайды, өйткені байланыстарыдң санын «ноль» немесе теріс сан арқылы өрнектеуге болмайды.Элемент валенттілігін рим цифрімен белгілейді: I II III IV V … VIII.

22-билет. Ерітінділер, анықтамасы, жіктелуі. Ерітінділердің концентрациялары туралы түсінік,оларды өрнектеу жолдары. Ерітінділер деп еріген зат пен ерікіштен және олардың әрекеттесу өнімдерінен тұратын гомогенді физикалық-химиялық жүйелерді айтады.Ерітіндіні құрайтын заттар компоненттер деп аталады.Еріген зат – ерітіндіде аз мөлшерде болатын зат.Агрегаттық күйі бойынша ерітінділер сұйық,қатты және газ ерітінділеріне бөлінеді.Еріткіштің табиғатына қарай сұйық ерітінділерді сулы және сулы еместерге жіктеуге болады.Еріткіштік –заттың еріткіште еруге қабілеттілігі.Ерітіндінің концентрациясы – ол көлем н/е масса бірлігіне зат н/е масса санының қатынасын көрсететін шама.Ерітінділердің концентрацияларының 5түрі болады:

еріген заттың массалық үлесі (пайыздық концентрация) ─ еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы:ω═mз\m

1.молярлы концентрация ─ 1 л ерітіндідегі еріген заттың моль саны,С=n/V[моль/л]

2.эквиваленттік молярлы концентрация (нормальдік) ─ еріген зат мөлшері эквивалентінің ерітінді көлеміне қатынасы,C=n/V [моль/л]

3.моляльді концентрация ─ еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы,b(x)=n/m [моль/кг]

4.ерітіндінің титрі ─ грамдап алынған зат массасының ерітіндінің 1 миллилимріне қатынасы,T=m/V [г/мл].

23-билет.Химиялық реакцияның жылдамдығы. Реакция жылдамдығына температураның әсері.

Химиялық реакцияның жылдамдығы - деп заттар концентрациясының уақытқа байланысты өзгеруін айтады.

Реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігі Вант–Гофф ережесімен анықталынады:температураны әрбір 10º көтергенде көптеген реакциялардың жылдамдығы 2 –4 есе артады.Бұл тәуелділікті математикалық тұрғыдан алғанда келесідей қатынаспен өрнектейдіv(t2)=v(t1)*γ(t2-t1)/10 мұндағы Vt2 және Vt1 ─ бастапқы (t1) және соңғы (t2) температуралар кезіндегі тиісті реакция жылдамдықтары:γ─ реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті,ол температураны он градусқа көтергендегі реакция жылдамдығының қанша есе артатындығын көрсетеді

24-билет. Вант–Гофф ережесі.

Реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігі Вант–Гофф ережесімен анықталынады:температураны әрбір 10º көтергенде көптеген реакциялардың жылдамдығы 2 –4 есе артады.Бұл тәуелділікті математикалық тұрғыдан алғанда келесідей қатынаспен өрнектейдіv(t2)=v(t1)*γ(t2-t1)/10 мұндағы Vt2 және Vt1 ─ бастапқы (t1) және соңғы (t2) температуралар кезіндегі тиісті реакция жылдамдықтары:γ─ реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті,ол температураны он градусқа көтергендегі реакция жылдамдығының қанша есе артатындығын көрсетеді.

25-билет.Аррениус теңдеуі.

Реакция жылдамдығы тұрақтысының белсенділеу энергиясы мен температурадан тәуелділігі Аррениус теңдеуімен өрнектеледі:

-Ea/RT

k=A·e мұндағы А ─ пропорционалдылық коэффициенті, е ─ натуралдық логарифмдер негізі.Берілген реакция жүрген кезде әрбір қарапайым актіге қатысатын молекулалар санын сол реакцияның молекулалығы д.а.Егер қарапайым актқа бір молекула қатысса оны мономолекулалық реакция,2-у бимолекула д.а.

26-билет.Активтендіру энергиясы. Оның физикалық мағынасы.

Реакцияға түсуші заттардың бір моліндегі молекулалардың балығын активті молекулаға айналдыру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы деп атайлы.

Химиялық рекцияның жүруі үшін активті молекулалардың кездесуі керек. Қозғалыстағы бөлшектердің бәрінің жылдамдығы бідей емес.Соқтығысулардың бәрі емес, тек активті соқтығысулар ғана реакцияның жүруіне себеп болады Осындай активті деп аталатын молекулалардың жылдамдығы орташа жылдамдықтан жоғары, сол себепті олардың энергиясы да мол болуы тиіс.

Аррениюс теңдеуі -

k=k0e-Eак/RT

27-билет.Реакция жылдамдығына реагенттер концентрацияларының әсері.Әрекеттесуші массалар заңы.Химиялық реакция жылдамдығының тұрақтысы,оның физикалық мағынасы.Химиялық реакция тездеу үшін,реакциялаушы заттардың молекулалары жиі түйісуі қажет.Түйісуді жиілендіру үшін алдымен реакцияласушы молекуланың санын демек,концентрациясын өсіру керек.Химиялық реакцияның жылдамдығы реакциялаушы заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.Мұны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды.V=k·[A] ·[B] k ─ пропорционалдық коэффициенті деп аталады.1867ж Гульдбергпен Вааге әрекеттесуші:Берілген температурадағы хим-қ реакцияның жылдамдығы реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэфицеттерге тең болатын көрсеткіш дәрежесіндегі әрекеттесуші заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорцияналды.Әрекеттесуші заттардың концентрациялары 1моль\л тең болса реакция жылдамдығы жылдамдық тұрақтысына тең болады.

28-билет.катализатор.Өзі реакцияға түспейтін және өнім құрамына енбейтін бірақ химиялық реакцияның жылдамдығын өзгер-н затты катализатор деп атайды.Бір қатар кат-рлар реакцияны күшті тездетеді-оң катализ дейді.Басқалары реакцияны баяулатады.Бұл теріс катализ.Теріс катализді жиі ингеберлеу деп ал реакция жылдам-н төмендететін катализаторларды-ингибитор деп атайды.Катализатордың қатынасуымен жүретін химиялық реакцияларды -каталиттік дейді.Катализдің 2 түрі бар:гомогенді ж/е гетерогенді.Гомогенді катализ кезінде әрекеттесуші заттар мен катализатор бір фазалы жүйені түзеді-газды н/се сұйық,катализатормен әрекеттесуші заттардың арасында жанасу беті жоқ..Мысалы: SO2+1/2*O2NO=SO3

Гомогенді катализ үшін химиялық реакция жылдам/ң катализатор концентрацияларына пропорцианалды екендігі айқындалған.Гетерогенді катализ кезінде әрекеттесуші заттар мен катализатор әртүрлі фазадан тұратын жүйені түзеді.Мұндай жағдайда катализатор мен әрекеттесуші заттар арасында беттік жанасу шегі болады.Әдетте, катализатор қатты түрдегі зат,ал әрекеттесуші заттар газдар немесе сұйықтық.SO2(г)+1/2*O2(г) = SO3(г)

Гетерогенді катализ кезіндегі барлық реакциялар катализатордың беттік ауданында жүреді.Сондықтан қатты катализатордың белсенділігі беттік аудан/ң қасиеттеріне тәуелді.Тек бір бағытта жүретін реакцияларды қайтымсыз,тура ж\е кері бағытта жүре алатын реакцияны қайтымды д.а.

29-билет. Химиялық реакциялардың қайтымдылығы.

Химиялық реакциялар қайтымды ж/е қайтымсыз болады.Қайтымды реакциялар деп тура ж/е кері бағытта жүретін реакцияларды айтады. Мұндай реакция теңдеуін жалпы түрде былай өрнектейді: aA+bB cC Қайтымды реакцияларда тура ж/е кері реакциялардың жылдамдықтары теңескн күйді химиялық тепе-теңдік дейді. Заттардың конц. Температурасы, қысымы өзгергенкезде химиялық тепе-теңдіктің бағыты ығысады, бұл бағытты Ле-Шателье принципі анықтайды.хим-қ тепе-теңдікте тұрған жүйенің жағдайының біреуін өзгерту,тепе-теңдікті солөзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.:а)конц. әсері: бастапқы заттың концен. арттырса теңдік оң жаққа ығысады,реак өнімдерінің концен артса сол жаққа ығысады.б) реакцияға қатсатын заттардың біреуі газ болса, онда тепе-теңдікке қысым әсер етеді, қысым артқанда теңдеудің сол жғындағы молекулалар саны оң жағынан көбірекболса, тепе-теңдік оңға,қысымды азайтса солға ығысады.в)Темп.(эндотермиялық) әсері:темп.жоғарлату теңдікті оң жаққа ығыстырады,темп.азайту- сол жаққа ығыстырады.

30-билет.Электрохимиялық процестердің анықтамалары мен жіктелуі.Электродтық потенциалдар туралы түсінік.Стандартты электродтық потенциалдар.Металл электродының потенциалын есептейтін Нернст теңдеуі.Химиялық және электрлік түрдегі энергияның өзара бірінің- біріне айналуымен шұғылданатын ғылым саласын электрохимия,ал процестің өзін–электрохимиялық процесс д.а.Электрохимиялық процестердің түрлері: гальваникалық элемент және электролиз.Гальваникалық элемент дегеніміз – химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын қондырғы.Гальваникалық элемент өз тұздарының ерітіндісіне батырылған екі электродтан тұрады.Электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты ток өткенде электродтарда жүретін тотығу- тотықсыздану реакцияларын электролиз деп атайды.Электродтық потенциал дегеніміз—қос электрлі қабаттағы потенциалдар айырымын айтамыз

31-билет. Стандартты электрондық потенциал.Металл электродының потенциалын есептейтін Нернст теңдеуі.

Металдың химиялық белсенділігін сипаттайтын шама – стандартты электродтық потенциал деп атайды.

Нернст теңдеуі:

32-билет. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші. Гальваникалық элемент дегеніміз–химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын қондырғы.Гальваникалық элемент өз тұздарының ерітіндісіне батырылған екі электродтан тұрады. Гальваникалық элемент жұмыс істегенде электрод потенциалдарының ең максимальды айырмасы элементтің электр қозғаушы күші (Е) деп аталады.

Даниель якоби дің гальваникалық элементін қарастырсақ ол CuSO4 ерітіндісіне енгізілген мыс жолақшасынын және Zn SO4 ерітіндісінне енгізілген мырыш жолақшасынан тұрады. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың арасында тікелей байланысты болдырмау үшін арасына кеуекті арабөлгішпен бөледі.

33-билет. Концентрациялық элемент. Концентрациялық элемент-деп әртүрлі концентрациялардағы тұздардың ерітінділеріне батырылған екі бірдей электродтан тұратын жүйені айтады.

34-билет. Газ электродтары.Сутектік және оттектік электрод/ң потенциал/н есептеу.Сутек электрондарының стандарты потенциалы ол 298К температурадағы сутек қысымы 1 атмосфера ж\е ерітіндідегі сутек иондарының белсенділігі бірге тең кездегі потенциалы.Иондану энергия/ң мәні үлкен болған/н асыл метал/р Au, Pt және т.б. ион/ры ерітін/ге беру арқылы потен/р айырма/н түзбейді.Ерітін/де бұл метал/ң иондарының болмауы асыл метал ерітінді шекара/да потенц/р айырмасы түзілуіне маңызды қызметті молекулалар,атомдар және ортадағы иондарды іріктеп (таңдап) жұту арқылы жүргізіледі: стандартты сутектік электрод дег/з сутегі иондары/ң (Н) активтік концен/сы (1 моль/л-ге) тең күкірт қышқылына батырылған беті электролитттік жолмен кеуек платинамен қапталған платина электроды.Платина пластикасы (электроды) арқылы атмосфералық қысыммен сутегі газы жіберіледі, сутегі молекулалары кеуек платинада адсорбцияланады ж/е онда жақсы ериді.Плати/ң катализ/ры ретінде әсер етуінің нәтиж/де сут/і молек/ры аздап атомды/ға ыдыратады.

35-билет. Тотығу-тотығсыздану потенциалдары мұндағы n-электрондар саны.F-Фарадей тұрақтысы. Электроттық потенциалдың пайда болу мәні:егер металл жолағын Me сол метал ионы бар ертіндіге енгізсе онда келесі құбылыс жүреді де металл мен ертінді арасында потенцалдар айырымы пайда болады,оны электроттық потенциалдар деп атайды.Бұл айырма металл табиғатына және ертіндідегі иондардың концентратциасына,сол сиақты температураға тәуелді.Стандартты жағдайда жүретін реакциалар үшін,Гиббс энергиасы мен электодық потенциалы арасындағы байланыс теңдеуімен өрнектеледі: Мұндағы шамасын стандартты электродтық(тотығу-тотықсыздану)потенциалы деп атайды.Яғыни заттың тотыққан және тотықсызданған формалары бар ертіндіге инертті электрод батырылғанда пайда болатын потенциалды тотығу-тотықсыздану потенциалы деп атайды.Потенциалын есептейтін Нернст теңдеуі:

36-билет.Электролиз.Фарадей заңдары.Еритін және ерімейтін анодпен электролиздеу.Ток бойынша шығым.

Электрод/ң ертіндісі н/е балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциаларын электрлиз д.а.Тотықсыздану реакциасы жүретін электрод(катд) токтың сыртқы тізбегінің теріс полюсына, ал тотығу реакциасы жүретін электрод (анод)-оң полюсына қосылады.Натрий хлориді балқымасын электролиздегенде электродтарда өтетін реакциаларды қарастыр/қ.а) теріс заряд/н катодта натрий иондары металдық натрийге дейін тотықсызданады б) оң зарядталған анодта хлорид-иондары газды хлорға дейін тотығады Электролиз процесінің жалпы теңдеуі:

Электролиз өзінен-өзі жүрмейтін реакция, өйткені электрлік ток түріндегі энергияны жұмсауды талап етеді.Электролит/ң сулы ертінді/ң электролизі күрделі сипатта өтеді, өйткені онда су диссоцияға ж/е электролизге түседі.Токтың қаншалықты пайдалы жұмсалғанын сандық мөлшер тұрғысынан сипаттау ток бойынша шығым д.а.

Ағылшын ғалымы М.Фарадей 1833 ж ұсынылған электролиз заңдары:1) электродтарда электрохим/қ түрленуге түскен заттың мөлшері: өткен электр тогының мөлшеріне тура пропорционал Фарадей заңдарын біріктіру мынадай теңдеуге әкеледі: F-Фарадей тұрақ/сы F-96500 2)электр тоғының мөлшері тұрақты болған кезде электродтағы әрекеттескен заттардың массасы бір-біріне олардың эквиваленттерінің молярлық массасы ретінде қатысады.Электрохимиялық процестер таза металл алуда,металды қабатпен қаптауда,қалдықтан тазартуда қолданылады.

37-билет. Коррозия.Коррозияның негізгі түрлері: химиялық, электрохимиялық, каңғыма тоқтарының әсерінен коррозия.

Қоршаған ортаның әсерінен металдың жаңа химиялық қосылыс түзе күйреуін – коррозия дейміз. Коррозияның күнде кездесетін мысалы- темірдің таттануы-темір ауадағы оттекпен тотығып, беті таттанады. Коррозия–металдарды қоршаушы ортаның әсерінен, өздігінен тотығу процесі. Коррозияның бір түрі –химиялық коррозия, ол қышқыл, сілті, тұздардың ерітінділерінің және түрлі газдардың (СО2, НСl т.б.) тікелей әрекеті. Электрохимиялық коррозия- ол болу үшін электрохимиялық процесс өту керек, ондай процесс үшін екі электрод және элекродттар батырылған электролиттер болуы керек.

38-билет.Корозиядан қорғау әдістері.Коррозия ингебаторлары.

Металл таза болса коррозияға ұшырамайды. Көптеген металдардың бетін азот қышқылы тәрізді тотықтырғышпен өңдегенде коррозия күрт баяулайды. Мұндай металл бетінде қорғаушы қабат түзіп тоттануды азайтатын заттарды ПАССИВАТОРЛАР(ингибаторлар) дейді. Керісінше тездететін заттрады АКТИВАТОРЛАР дейді. Коррозиямен күрес – металл бұйымдарын бояу,оксидирлеу(металл бетіне осы металлдың оксидінің тыығыз қабатын алу),анодтау, электролиз арқылы металлмен қаптау, ол катодтық (белсенділігі төмендеу металл қабығы) және анодтық (белсенділеу металл қабығы) болады.,протекторлық қорғау,фосфаттандыру,Ингибаторларды қолдану, олар металл бетіне адсобцияланып оның потенциялын оңды етеді, осы арқылы жемірілу процесін баяулатады.,электрмен қорғау

39-билет.Металдардың физика-химиялық қасиеттері.Металдарды алудың негізгі әдістері.Металдардың жалпы қасиеттеріне кристалл торларының ерекше құрылысы себепші болады. Металдардың барлығына тән қасиет - металдық жылтыр. Металдар сондай- ақ радиотолқынын да шағылыстыра алады. Металдар- электр мен жылуды жақсы өткізгіштер.Металдардың электрөткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі Hg–нан Ag-ға қарай артады: Hg,Pb,Fe,Zn,Mg.Al,Au,Cu,Ag Мыс пен алюминий электрді жақсы өткізетін металдар болғандықтан, оларды электрөткізгіштер ретінде пайдаланады.Металдар атомдарының химиялық реакция кезінде валенттік электрондар беріп, оң зарядты ионға айналуы олардың ең жалпы химиялық қасиеті болып табылады, яғни металдар реакция кезінде тотықсыздандырғыш болып келеді. Металдр электртерістігі күшті галогендермен, оттегімен, күкіртпен қуаттырақ әрекеттеседі. Бұл реакцияларда сәйкес келетін бейметалдар тотықтырғыш болып табылады. Металдар, сондай- ақ сутегі иондарымен де, басқа металдар иондарымен де тотыға алады.Li, K, Ca, Na, Al, Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb, H, Cu, Ag, Pt, Au

Бұл қатар металдар кернеуінің электрохимиялық қатары деп аталады. Мұндай қатардағы ең актив элемент литий екен.Кернеудің электрохимиялық қатарындағы солға қарай тұрған металл оңға қарай орналасқан металл тұзының ерітіндіснен немесе балқымасынан металды ығыстырып шығара алады.Кернеудің электрохимиялық қатарына сондай -ақ сутегі де енеді. Бұл металдардың қайсысы қышқыл ерітіндісінің сутегіні ығыстыра алатынына қорытындыжасауға мүмкіндік береді.

Металдады алу әдістеріАктивтігі жоғары металдар (Na,K, Ca, Mg) электролиз әдісімен алынады.Активігі аз металдарды оладың оксидінен көмірмен, көміртегі оксидімен неме алюминий оксидімен тотықсыздандырады, ал металл сульфидтерін алдымен өртейді.

40-билет.Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.

Металдар таза түрінде сирек пайданылады. Көбінесе металдардан түзілген,бірақ сол металдардың металдардың қасиеті сақталмайтын құймаларды қолданады.

Құймаларды алу балқытылғанметалдардың бірінің бірінде еруіне негізделген.Балқыған металдарда кейбір бейметалдар да ериді, Құймалар құрамы және құрылысы бойынша ажыратылады.Солардың маңыздыларын қарастырып көрейік.

1, балқыманы салқындатқан кезде біртекті кристалдар түзіледі. Олардың кристал торларының түйіндерінде әртүрлі метал атомдары болады. Мұндай жағдайда қатты ерітінді түзіледі.

2. Балқыманы салқындатқан кезде жеке металдардың кішкене кристалдары бөлінеді. Мұндай жағдайда құйма металдардың қарапайым қоспасы ғана болады да қатты ерітінді түзілмейді.

3. Металдар өзара еріген кезде олардың атомдары өзара әрекеттесіп метал аралық қосылыс түзіледі. Балқыған металдарда бейметал еріген кезде химиялық реакция жүруі мүмкін.

Металдардың құймасын араластырғанда түзілетін металдардың өзара химиялық қосылысы интерметаллидтер деп аталады.

 

 

Мазмұны

1-билет. Химия-ң нег-і тусін-і:атом, молекула, атомдық ж/е молеку/қ массалар, жәй ж/е күрделі зат, химия-қ эквивалент, моль.

2-билет.Химияның негізгі заңдары

3-билет. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары: қышқылдар, негіздер, тұздар, оксидтер.

4-билет. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.

5-билет. Атом құрылысының квант-механикалық моделі.

6-билет. Электрондық бұлт туралы түсінік.Кванттық сандар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных