Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Статиканың негізгі ұғымдары




ТМ зерттеу объектілері ретінде материялық денелердің модельдері алынады, олар материялық нүкте (МН), МН жүейсі және абсолют қатты дене (АҚД).

МН деп қарастырылатын жағдайда өлшемдерін ескермеуге болатын материялық денені айтамыз, оның массасы нуктеде жинақталыды деп есептеледі. МН жүйесі деп орындары мен қозғалыстары өзара байланысқан МН жиынтығын айтамыз (мысалы, механизм). АҚД - кез келген нүктелері арасындағы қашықтықтары өзгермейтін дене. Шынында барлық денелер күштер әсерінің нәтижесінде өз өлшемдерін және формасын өзгертеді (дефомацияланады). Көбінесе сол деформациялар аз болғандықтан, денені абсолют қатты дене деп деформацияларды есепке алмауға болады.

Дененің тепе-теңдік немесе қозғалыс қалпы оның басқа денелермен өзара механикалық әрекеттенуіне тәуелді, өзара әрекеттенудің өлшемі ретінде күш келеді. Күш – вектор, ол сан шамасымен (модулімен), бағытымен және түсу нүктесімен сипатталады. Графикалық түрде күш бағытталған түзу кесіндісімен көрсетіледі. Күш бағыты бойындағы түзу күштің әсер ету сызығы деп аталады. Күшті үстіне сызық қойып, латын әліппесінің үлкен әрпімен белгілейміз, мысалы, , сонда ‌ F= -‌‌ күштің модулі болады. Қатты денеге немесе нүктеге түсетін күштер жиынтығы күштер жүйесі (КЖ) деп аталады. Оны арқылы белгілейміз.

Егер қатты денеге әсер ететін КЖ-н дененің тыныштық немесе қозғалыс қалпын өзгертпей, басқа КЖ-не ауыстыруға болса, олар баламалы күштер жүйелері деп аталады ~ .

Егер берілген КЖ бір ғана күшке баламалы болса, сол күш қарастырылып отырған КЖ-нің тең әсерлі күші (тең әсерлісі) деп аталады. Оны * деп белгілесек, сонда *~ . Кез келген КЖ-нің тең әсерлі күші бола бермейді.

КЖ денеге түскенде, ол дененің тыныштық немесе қозғалыс қалпын өзгертпейтін болса, КЖ теңгерілген деп аталады. Теңгерілген КЖ-нің әсері нөлге баламалы, яғни ~0. Егер күшті КЖ-не қосқанда, ол сонымен бірге нөлге баламалы жаңа КЖ-н құрса, оны КЖ-н теңгеретін күш деп атайды.

Дененің бір нүктесіне түсетін күш қадалған күш деп аталады. Дене көлемінің немесе бетінің бір бөлігінің барлық нүктелеріне түсетін күштер таралған күштер деп аталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных