Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туристік және рекреациялық қызметтен түсетін түсімдердің анализі мен болжамы




Аумақты рекреациялық мақсатта пайдалану кезінде маңызды рөлді осы аумақтың мүмкінді рекреациялық жүктемесі мен рекреациялық сыйымдылығы атқарады.

Рекреациялық жүктеме - есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны;

Әдетте рекреациялық жүктеме аумақтық анықталады. Жоғары жүктемелері бар аумақтың құрылысы МҰТП аумағының рекреациялық сыйымдылығын кеңейте алады.

Әрбір табиғи комплекстердің тұрақтылығы экологиялық факторларға байланысты болып келеді:

– топырақтың ылғалдылығы;

– топырақтың механикалық құрамы және т.б.

– табиғат орманы жасандыға қарағанда жоғары тұрақтылықты иеленеді және т.б.

Осыған байланысты рекреациялық жүктеме әр ландшафт түріне жеке анықталуы тиіс.

Ең сыйымды болып жағажайлар саналады. Жағажайлар рекреациялық құндылығына байланысты бөлінеді:

– қолайлы (құмды, ені 30 м. кем емес, суға түсу мезгілі 3 ай шамасында);

– шектеулі - қолайлы (шөпті, құмды, ені 10-30 м аралығында, шомылу орнына дейінгі аралық 1 км)

– қолайсыз (глиналы)

– Жағажайлардың келесідей жүктеме критерилері бар:

– технологиялық - ландшафтқа деген физикалық және гигиеналық міндеттер (1000-1700ад/га);

– психологиялық - психологиялық ыңғайлыққа рекреациялық сабақ міндетінде негізделеді(100-200 ад/га).

МҰТП - де орташа есеппен рекреациялық жүктеме біркүндік 1 маршрутқа - 1-3 топ туристер болып табылады. Туристік маршруттардың басты элементі - жол. Осы жол арқылы өтетін туристер саны өскен сайын жол да кеңейіп отырады.

 

Кесте Рекреация және туризм облысында «Көкшетау» МҰТП іс - әрекеті және одан түсетін түсім

 

Іс - шара атауы Айыртау Арықбалық Зеренді Шалқар Дубрава Дирекция Барлығы МҰТП бойынша
Аумаққа келушілер - барлық адам саны              
Соның ішінде ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлегендер,тг.              
Стационарлық мекеме бөлімдері              
Маршрутта қызмет көрсетілген адам саны, барлығы              
Оның ішінде: атпен              
жаяу              
көлікпен              
өзге де (суда)              
Кемпингтер, қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар(орын саны)   д/б «Имантау» (43) д/б «Восточ-ная» (24) Орман-шы үйі(4) д/б «Тұрпан» (207) Аңшы-лар үйі (6) д/б «Ақ қайын» (18)  
Қоғамдық тамақтану объектілері бар(саны/орын)   1 (24)   1 (32)     2 (56)
Бақылау - өткізу пунктілері   мобилді топ          
Туристік және рекреациялық қызметтен түскен түсім, барлығы млн.тг     1089,6 2299,4   2792,2 6568,2
Соның ішінде: - ЕҚТА пайдаланғаны үшін (бюджетке аударылады)   143,9 378,3 1691,5   44,5 2258,2
- ақылы қызмет көрсету есебіне   243,1 711,3 607,9   2747,7 4310,0

 

Кесте бойынша ұлттық паркке келушілердің саны 22339 адам, осыдан ұлттық паркке түскен түсімді туристік және рекреациялық қызметтен түскен түсім (6568,2) және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін (2258,2), ақылы қызмет көрсетуден түскен түсім (4310,0) құрайды.

Парк аумағында басқа да шаруашылық субъектілер бар, олардың клиенттері МҰТП – нің келушілері болып табылады. Олар: демалу үйлері, санатории–профилакториилер,турбазалар, балалар сауықтыру орталықтары, сауықтыру кешендері, сонымен қатар жеке сектордегі қонақ үйлер. ЕҚТА – тың ережесіне сәйкес оның шекарасында болушылар әр күн сайын төлем төлейді. Яғни, осы ұйымның аумағын арендаға алған пансионаттарда, санаториилерде және т.б. демалушы туристер оның шегінен шықса төлем алынады. Аумаққа келген туристерден үсетін қаражат мемлекеттік бюджетке түседі.

МҰТП – де өзіндік инфрақұрылым жеткілікті түрде дамымаған, штатта гид және проводник қызметі қарастырылмаған, туризммен айналысу үшін және спорттың активті түрлеріне деген құрал–жабдықтар жетпейді. Осыған байланысты селетебті қызметтерге деген төлем, гид – проводник және аудармашыға деген төлем, ақпараттық басымдылық және видеоматериалдар өндірісінен алынатын пайда алу мүмкіндігінен айырылуда.

МҰТП аумағындағы туристерге деген бақылаудың жетіспеушілігі жеке секторда немесе өз көлігінде келетін туристерден табиғат жидектерін жинауға деген лицензияны сатудан түсетін кірістен айырылуда.

МҰТП – нің өзіндік потенциалын қалыптастыру үшін күшейтілген бюджеттік қаржыландыру шартында мүмкін. Сауықтыру және туристерді орналастыру үшін қосымша инфрақұрылымның қалыптасуынан кейін, қосымша маршруттардың енгізілуінен кейін, көрсетілетін қызмет спектрінің кеңейуінен туристік және рекреациялық қызметтерден түсетін кірістің кеңейуіне әкелуі мүмкін. Түрлі кәсіпкерлік қызмет және адамның өмірлік әрекеті МҰТП экожүйесіне қосымша ауыртпалық тудырады. Осындай шартта МҰТП әкімшілігіне МҰТП аумағының дамуы үшін ұзақ мерзімді бағдарламаны иеленуі қажет.

Бас жоспарда бекітілген туристік және рекреациялық қызмет көлемі мен спектрді кеңейту тапсырмаларын есепке алып МҰТП әкімшілігі келесі жұмыстарды атқаруы қажет:

– демалушылар құрамын анализдеу(жынысы, жасы, жеке немесе отбасы демалысы, ыңғайлылық деңгейі, қызығушылық ортасы, жылдың түрлі мезгіліндегі демалушылар саны, шетелдіктер және т.б)

– нарық сегментациясын өткізу.

– туристер қажет ететін қызметтерді құру және оларды жүзеге асыру үшін жүйе қалыптастыру.

– МҰТП әкімшілігі жеткіліксіз ресурстар мен бөлімшелерді қалыптастыру.

– Экскурсиялық маршруттарды құру, тұрақты маршруттарға дәріс мәтінін өңдеу.

– МҰТП аумағында қызмет көрсетуге дайын туристік фирма және басқа да ұйымдардың мәлімет базасын қалыптастыру(маманды кадрлармен қамтамасыз ету, сенімділік, ЕҚТА жұмысының спецификасын түсіне білу және т.б.) Конкурстық негізде МҰТП жоспары бойынша қызмет көрсете алатын серіктестіктерді таңдау, ұзақмерзімді немесе мезгілдік серіктестік жөнінде келісім жасау. Келісімде МҰТП аумағында тәртіп бұзғаны үшін санкцияны қарастыру қажет.

– Тұрғылықты қоғам өкілдерімен түрлі қызметтер көрсетулеріне деген келісім жасау (ат, автокөлік, қайық және т.б. ұсыну).

– әкімшіліктің шақыруы бойынша туристермен МҰТП аумағында жұмыс істейтін мамандар жөнінде мәлімет базасын құру.

– МҰТП ақпараты бар сайтты қолдап тұру, әсіресебірнеше тілде.

– Ақпаратты арнайы танымал басылымдарға енгізу (журналдар, газеттер)

– Флора мен фауна инвентаризациясын жүргізу.

Реттелмелі туризм мен рекреацияны қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарына сәйкес жалға алу шартының негізінде туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында жеке және заңды тұлғаларға қазіргі инфрақұрылымымен де, сондай-ақ жаңасының құрылысын салу үшін де жер учаскелерін бере алады.

Жер учаскесін жалға алу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.

Сонымен қатар туристік және рекреациялық мақсатта Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан «Көкшетау» МҰТП-не жыл сайын түсім түседі.

 

3. Зеренді филиалы

Кірістер:

2007 жылы рекреациялық және туристік қызметті жүзеге асыру бойынша 992,4 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді, ол жоспардың 100%-ын құрады.

2006 жылмен салыстырғанда ақылы қызметтен түскен түсім 221,1мың теңгені немесе 40%-ды құрады (2006 жыл – 771,3 мың теңге).

Туристік маршруттарды ұсыну бойынша қызмет (334,4 мың теңге) және туристік маршруттарды тазалау (325 мың теңге) тек Зеренді филиалында тжүзеге асырылған.

Шығындар:

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ақылы қызмет бойынша түсім 992,4 мың теңгені құрайды.

Шығындардың негізгі бөлігі «Восточная» демалу базасының күзет және қызмет көрсетуші жұмысшыларының жалақыларына жұмсалады, ол 501,7 мың теңгені немесе жалпы шығынның 50%-ын құрайды. Жазғы үйлердің және «Восточная» бақылау өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына 270,4 мың тенге немесе жалпы шығынның 27%-ы жұмсалады, 187,8 мың теңге (20%) «Восточная» демалу базасына төсек жабдықтарына жұмсалады.

 

4.Шалқар филиалы

Кірістер:

2007 жылы туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде 741 мың теңге пайда түсті, ол жоспардың 100%-ын құрады.

Жалпы соммадан 720 мың теңге «Тұрпан» демалу базасын пайдалану бойынша «Жолымбет» туристік фирмасымен бірігіп қызмет ету келісімі бойынша түсім түсті, 21 мың теңге палаткаларды орналастыру үшін орын ұсынудан түскен түсім.

2006 жылмен салыстырғанда ақылы қызмет көрсетуден түскен түсім 134,8 мың теңгені немесе 22%-ды құрады (2006 жыл – 606,2 мың теңге). Түсімнің көбейуі «Тұрпан» демалу базасымен бірігіп қызмет ету келісімшарты бойынша төлемнің көбейуімен түсіндіріледі (120 мың тенге). 2006 жылмен салыстырғанда палаткаларды орналастыру орындарын ұсынудан түскен түсім 3,5 есеге көбейген.

«Тұрпан» демалу базасымен бірігіп қызмет ету келісімшартының 2004 жылы аяқталуынан кейін Шалқар филиалында туристік және рекреациялық қызмет палаткаларды орналастыру үшін орын ұсынудан түсетін түсіммен жүзеге асырылады. Экологиялық туризмді дамыту бойынша сұрақтарға және туристік маршрут қызметтерін ұсынуға көңіл бөлінбеген.

Шығындар:

2007 жылы рекреациялық және туристік қызметті жүзеге асыру кезінде ақылы қызмет көрсету бойынша іс-шараларға 741 мың теңге жоспарынан 512,8 мың теңге жұмсалынды және ол түскен қаражаттың 69%-ын құрады.

Шығындардың негізгі бөлігі 249 мың теңгені немесе жалпы шығынның 49%-ын құрайтын тауарларды алуға (құтқару жилеттері, төсек жабдықтары және т.б.), жолдамалық шығындарға 102,4 мың теңге (20%) және автокөлік жөндеуіне 50 мың теңге жұмсалуда.

5.МУ «Орманды бұлақ»

Кірістер:

Туристік және рекреациялық қызметтен кірістер мен шығындар жоқ. Рекреациялық және Туристік қызметтер жоқ.

Жаз мезгілдерінде сарқырамаға 5 мың адамға дейін туристер келеді, бірақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін міндетті төлем алынбайды.

Филиалдардың бюджет қаражатын игеруді ақшалай қаражаттан ауыстыру болды, бұдан басқа ұлттық парктің онжылдығына пайдаланған 139, 146, 149, 159 ерекшеліктер бойынша филиалдарға бөлінген де берілген де жоқ. Осылай ғылыми бөлімнің өсімдіктер флорасына 800 мың теңге, 730 мың теңгеге мультивидеовизиткалар дайындауға, 600 мың теңге көлдердің фитомелиорациясына бөлінбей қалды.

Төлемақы қызметі бойынша шығыс және кіріс жоспарына сай 65064 мың теңге кіріс алуға қарастырылған, нақты 39365,3 мың теңге алынған, жоспардың 60,5%-ын құрайды, соның ішінде Айыртау филиалы 7984 мың теңге жоспар бойынша 6634,6 мың теңгеге орындады, Арықбалық филиалы - 8770 мың теңге жоспар бойынша 7345 мың теңге орындады. «Орманды-бұлақ» Молықтыру Учаскесі 6660 мың теңге жоспар бойынша 5449,2 мың теңге немесе 81,8 % орындалды, Шалқар филиалы 9567 мың теңге жоспар бойынша 6792,3 мың теңге немесе 71% орындады, Зеренді филиалы 20883 мың теңге жоспар бойынша 3609,3 мың теңге немесе 45,6% орындалды.

Екпе материалдарды және көгалдандыру материалдары бойынша 19147 мың теңге кірісі қарастырылды, ал орындалғаны 5178 мың теңге немесе 27%, соның ішінде «Орманды-бұлақ» МУ - 84,5%, Зеренді филиалы - 18,5%, Шалқар - 5%, Арықбалық филиалы - 0,6% және Айыртау филиалы - 0%.

 

 

 

 

Көрсетіліп отырған диаграммадан келесіні байқауға болады,ұлттық парк аумағында ағаш отырғызу бойынша 1996-2007 жылдар арлығындағы ағаш отырғызудың жоғары көлемі 2002 жылдан (166 га) байқалады.

Жалпы ұлттық парк бойынша ағаш өнімін жүзеге асырудан (күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу және ағашты өңдеу) кірісі 551 теңге 1 куб.м. мөлшерінде орташа бағасы, соның ішінде Арықбалық филиалы-394 теңге, «Орманды-бұлақ» МУ-496 теңге, Шалқар филиалы-522 теңге, Айыртау филиалы-539 теңге, Зернеді филиалы - 950 теңге.

Баланс бойынша негізгі қаражат 9008 мың теңгеге көбейді. 2007 жылы 01.01. балансы бойынша сомасы 1793 мың теңге дебиторлық қарыз бар, 1116 мың теңгеге көбейді, соның ішінде дирекцияның 348 мың теңге, Шалқар филиалы - 204 мың теңге, Арықбалық филиалы - 345 мың теңге, Айыртау филиалы - 153 мың тенге, несиелік қарыз жылдың соңында 799 мың теңгені құрады, өткен жылға қарағанда 499 мың теңгеге азайды, соның ішінде несиелік қарызды дирекция 514 мың теңгеге, Арықбалық филиалы 330 мың теңгеге, Айыртау филиалы 62 мың теңгеге және Шалқар филиалы 84 мың теңгеге азайтты, ал Зеренді филиалы 148 мың теңгеге көбейтті.

Ағаш отырғызумен қатар орман өрті шығын тудырады. «Көкшетау» МҰТП бойынша 1996-2007 жылдар арлығында өрт болған аудан көлемдерін келесі диаграммадан көруге болады.

 

 

 

 

Диаграммада көрсетілгендей өрт болған ауданы жағынан үлкен көрсеткіш 1998 жылдан (2479 га) байқауға болады. Ал өрт аз болған жыл 2005 жылы (0га) болып саналады. Соңғы 3 жылда орман өрті көп болғаны 2002 жыл, ол 418 га құраған, ал ең азы 2003 жылда - 32,2 га. Орман өртінің саны мен ауданы жылмен және аймен қарағанда мамыр мен қыркүйек айларында өрт көп болатындығын көрсетеді. 2002-2004 жылдар аралығында ұлттық парктің орман қоры жерлерінде 96 орман өрті тіркелген, ол 639,2 га құрады, осының салдарынан болған шығын 1844,277 тенге құраған.

 

Кесте 10 – «Көкшетау» МҰТП-нің аймақтық бөлімдерінің пирологиялық көрсеткіштері (2002-2004 жж.)

Аймақтық бөлімдердің атауы Өрт саны Өрт болған аудан, га Шығын, мың тенге
жалпы Соның ішіндегі орман жамылғысы
         
2002 жыл
Зеренді   5,625 5,625 -
Арықбалық   330,0 217,0 275,100
Шалқар   3,0 1,0 -
Айыртау   80,1 60,1 344,477
Дубрава -      
Қорытынды   418,725 283,725 619,577
2003 жыл
Зеренді   8,5 8,5 46,0
Арықбалық   4,21 4,21 11,1
Шалқар   10,62 10,62 -
Айыртау   8,9 8,9 43,0
Дубрава   0,01 0,01 -
Қорытынды   32,24 32,24 100,1
 
         
2004 жыл
Зеренді   71,81 23,91 444,0
Арықбалық   27,5 27,5 305,5
Шалқар   29,55 15,85 -
Айыртау   57,03 57,03 375,1
Дубрава   2,4 2,4 -
Қорытынды   188,29 126,69 1124,6
МҰТП бойынша 3 жылғы қорытынды   639,255 442,655 1844,277
             

 

Осы кестеде көрсетілгендей, 2002 жылғы өрттің 28,6%, 2003 жыл - 69,2%, 2004 ж-100% не сабепті болғандығы анықталмаған. Осыдан келесі қорытындыға келуге болады, яғни орман өртінің не себептен болғанын анықтау төменгі деңгейде екенін байқауға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных