Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқытуды ұйымдастыру формалары –тұтас жүйенің элементі




Форма деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәніңде «форма» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Демек, оқыту формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы әдіс, амал, құралдар, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады.

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

Осыған қарап оқытудың формалары төмендегідей бөлінеді:

- жеке: мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- жеке-жұптық: оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жеке не жұптық оқыту жұмысы; қазіргі жағдайда мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік процесіндегі қызметімен айқындалады;

- жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған);

- өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-Белль-Ланкастер жүйесі);

- саралап оқыту: оқушылардың қабілетіне қарай оқыту (Мангейм жүйесі);

- бригадалық оқыту: тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

- Американдық «Винетка-жоспар», «Трамп -жоспар», т.б.

- Оқытудың микротоптық жүйесі: фронтальді, ұжымдық жұмыс, т.б.

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту формалары пайда болып, нәтижесінде оларды жіктеудің өлшемдері де әр түрлі болды (57-сурет).

Оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлері зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топтық, ұжымдық оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды. Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.

 

 


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных