Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кесте-5. Сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар




 

Ұйымдастырушылық Дидактикалық Тәрбиелік
· Сабақты өткізудің нақты жоспарының болуы; · Сабақты өткізуді нақты ұйымдастырудың, балалар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндетін айқын қоюдың дұрыс жолға қойылуы; · Оқытудың құрал-жабдықтары мен көрнекілігін, техникалық құралдарын ұтымды таңдап алып, тиімді қолданылуы; · Сабақ үстінде балалар тәртібі мен ұйымшылдығының сақталуы. · Сабақтың білімдік мақсаты нақты анықтау; · Сабақтың дидактикалық қағидалардың бәрін бірлікте, шығарма-шылықпен жүзеге асыру; · Оқу бағдарламасы мен балалар даярлығына сәйкес тиімді сабақтың мазмұнын айқындау; · Оқытудың, ынталандыру мен бақылаудың неғұрлым тиімді әдіс, тәсілдерін, құралын таңдап алу; · Сабақты балалардың танымдық белсенділігін оятып, оқытудың сөз жүзіндегі, көрнекілік, іс-тәжірибелік әдістерін тиімді ұйымдастыру. · Сабақтың тәрбиелік мақсатын дұрыс анықтап, оның мақсат бағыныңқы өткізілуін қамтамасыз ету; · Ғылыми білімдер негізінде балалардың дүниетанымын, жоғары адамгершілік, имандылық, әдептілік қасиеттерін, көркемдік, әсемдік сезімдерін қалыптастыру; · Балалардың танымдық қызығушылығын, оқу-білімге деген жағымды қатынасы мен өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру; · Мұғалімінің жеке басының үлгісімен балаларға ықпал етуі, ұстаздық әдеп сақтауы.

 

Барлық сабақтар талданады және сабақты талдаудың мақсаты:

- Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.

- Мұғалімге нұсқаулар беру.

- Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.

- Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.

- Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Сабақтарды өткізу деңгейлеріне қарай төмендегідей бағалар беріледі:

а) жақсы: мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі;

ә ) өте жақсы: мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі;

б ) орташа: оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы;

в) нашар: оқушылардан өткен тақырыпты сұрау, жаңа материалды жоспармен түсіндіру жүзеге асады. Бұл деңгейде оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен белсенділіктері төмен болады.

Мұғалімдердің кәсіби біліктерін шыңдау үшін педагогикалық жиындарда оларға панорамалық сабақтар бергізеді. Панорамалық сабақтыөткізудегі негізгі мақсат жаңашыл мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату.

Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезінуі керек.

Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных