Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет-73. Мультимедианың құрамды бөліктері




 

Оқу материалын дәстүрлі, яғни, сызықтық түрде ұсынуға қарағанда, гипермәтін түрде ұсыну тақырыпты ауқымды қамтуды жүзеге асырады.

Мультимедиада қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:

Ø Қозғалыссыз бейне. Бұндай бейнеақпаратқа суреттерді, фотосуреттерді жатқызуға болады. Қозғалыссыз бейне графикалық ақпарат болып есептеледі.

Ø Мәтін – таңбалар мен әріптер мультимедиалық ақпараттың негізгі бөлігі.

Ø Қозғалыстағы кескін немесе бейне. Қозғалыстағы бейне нақты өмірдегі құбылыстарды телехабар немесе бейнемагнитофон арқылы бейнелеу негізінде алынады.

Ø Анимация. Бір қарағанда анимация қозғалыстағы бейнеге ұқсайды. Бірақ, қозғалыстағы бейнеден айырмашылығы ол нақты өмірден алынбаған, жансыз объект болып саналады. Бұл бейнеақпарат түрлері мультимедиада жекелей немесе біріктіріліп пайдаланылады.

Мультимедиалық оқыту құралдарына – теледидар, бейнемагнитофон, компьютер, мультимедиалық, бейнелік, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. кіреді. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады.

Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу процесіне байланысты. Мультимедиа өнімдерінің өзіндік ерекшеліктер- мәтіндік, графикалық, аудио (бейне), ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады.

Мультимедиалық технологияның ерекшелігі ақпарат өте көрнекі түрде ұсынылады. Көрнекілік – мультимедиалық технологияның басты шарттарының бірі. Мультимедиалық оқытуда оқу материалы тығыз әрі жеңіл түрде ұсынылады.

АҚШ ғалымы Д.Клустер “Сыни тұрғыдан ойлау деген не?” деп аталатын еңбегінде сыни ойлаудың 5 негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бірінші сипаттамасы – өз беттілік: “білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек”. Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарасының болу құқығын мойындау.

Клустер бойынша сыни тұрғыдан ойлаудың екінші маңызды сипаттамасы – ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін “бастапқы” ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптасады. Білім алушы өткен ұрпақ тәжірибесінің мағынасын түсінгенде ғана ол тәжірибеге айналады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың үшінші сипаттамасы ретінде Клустер мәселені алға қоя білуді айтады. “... әртүрлі деңгейдегі нағыз таным процесі танушының өзінің қызығушылығымен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу және сұрақтарға жауап іздеудегі ұмтылысымен сипатталады”. Оқушы іштей әрдайым өзіне төмендегідей сауалдарды қою керек: Бұл мен үшін қаншалықты маңызды? Маған қандай өмірлік мәселелерді шешуге тура келеді және бұл не үшін қажет?

Сыни ойлаудың төртінші сипаттамасы тәжірибені игерудің өзбеттілік процесі әртекті ақпараттарға, білімге, өзгенің тәжірибесіне салмақты, саналы қарап, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді. Д.Клустер осыған байланысты былай жазады: “Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам мәселені шешуде өз шешімін табып, оны дәлелдермен негіздейді. Ол сонымен қатар, мәселені шешудің басқа жолдары бар екендігін дәлелдеуге тырысады”.

Сыни ойлаудың бесінші сипаттамасының негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп қабылданады. Осы тектес жағдаятта оқушылар аудиториясында байқауға болады. Сондықтан Д.Клустер сыни ойлаудың әлеуметтік құбылыс екендігін айтады. Осыдан шығатын қорытынды, талқы-таласта адам өзінің, өзгенің көзқарасын бағалап, сол арқылы сыни ойлай білуді үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау кез-келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау процесі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шыңдалған ойлауды қолдану қажет. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз - мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың ойлау икемділігі мен шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуын мақсат тұтады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму 2 бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей 2 аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды:

1. Бала дамуының жақын аймағы -баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ішкі құрылымының өзіндік ерекшелігі бар: білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады; көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді, бірнеше стратегиядан тұрады.

Ойлауға тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта", «Т» кестесі" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр- жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой- толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға,оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Топтастыру – оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушылардың еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі төмендегідей: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Берілген уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

“Бесжолдық өлең” стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданғанын және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап етеді.

“Кубизм” стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. “Кубизм” стратегиясында ойлау, оқу, жазу, әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі - 15-20 см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар:

1-бетінде - суреттеңіз: Түсі, формасы, көлемі,

2-бетінде - салыстырыңыз: Неге ұқсас? Айырмашылықтары неде?

3-бетінде - зерттеңіз: Қандай? Қалай? Неден жасалынған? Шығу тегі, тарихы.

4-беті - пайда болған ойлар: Ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді?

Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар?

5-бетінде - қолданыңыз: Онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек?

6-бетінде - талқылаңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.

Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды не оны мадақтайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1. Қызығушылық ояту.

2. Мағынаны ажырату.

3. Ой - толғаныс.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту кезеңінде әрекеттің танымдық түрлері орын алады. Бұл оқушыны өз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсендіреді. Мағынаны ажырату кезеңінде оқушының іс-әрекетінің барлық түрлері қамтылады. Ой - толғаныс кезеңінде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін топтайды, белсенді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады (74-сурет).

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных