Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дагаев М.М., и д.р., Астрономия, Москва, Просвещение, 1983г .




Ж.И. Сабралиева

«___»_____________2007ж.

«АСТРОНОМИЯ»

ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН

ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра: “Физика және ФОӘ”

Оқу жылы: 2007-2008

Кредит саны: 2

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3

Триместр: 9

Барлығы: 90 сағ

Лекция: 15 сағ

Лабораториялық сабақ: 15 сағ

СОӨЖ: 30 сағ

СӨЖ: 30 сағ

Емтихан: 9 - триместр

Оқытушының аты-жөні: Б. Ж. Көшкімбаева

Қосымша сабақ: кесте бойынша

Тараз 2008 ж

Жұмысшы бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 289 11.05.2005ж типтік бағдарламасы негізінде жасалынды

Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.м.ғ.к., доцент Көшкімбаева Б.Ж.

Жұмысшы оқу бағдарламасы “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«___»_____________2008ж. №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі Б.Ж.Көшкімбаева

Жұмысшы оқу бағдарламасын Жаратылыстану ғылымдары факультетінің жұмысшы бағдарламалар комитеті мақұлдады.

№ ____ хаттама «___» ______________200 ж.

Комитет төрайымы: ———————

Оқытушы туралы мәлімет: Көшкімбаева Бибара Жайлаубайқызы ф.м.ғ.к., доцент.

Оқитын пәндері: Жалпы физика, Астрономия; Астрономияны оқыту әдістемесі, Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің негіздері.

Оқу құралдарының саны: әдістемелік нұсқаулар «Астрономия лабораториялық жұмыстары», «Жұлдыздардың ішкі құрылысы және дамуы».

Біліктілігі туралы мағлұмат: Магистратурада арнайы курстардан дәріс беремін, магистрантар мен білімгерлерге жетекшілік етемін.

Байланыс: «Физика және ФОӘ» кафедрасы

Мекен-жай: Жамбыл даңғылы 16а.

Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.

Консультация уақыты: консультация кестесі бойынша.

1. Пәнді оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

Адамзат баласының көзқарасын қалыптастыруда астрономия ілімінің ықпалы күшті болды. Астронмоия табиғат аясында туындайтын – күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдері мен ай фазаларының алмасуы, теңіздер деңгейінің көтерілуі мен төмендеуі, әр ендіктегі тәулік уақытының өзгерісі, аспан денелерінің қозғалысы, кометалар мен метеорлар шоғырының пайда болуы, аспан денелерінің физикалық табиғаты секілді сұрақтарға жауап береді.

Ғарыштық зерттеу әдістерін молынан пайдалану арқылы, қазіргі кезеңдегі Астрономия әлем туралы біздің білімімізді кеңейтіп, тереңдете түсуде. Ғалымның байқауға оңтайлы кеңістігінде табиғат құбылыстарын түгелімен зерделей отырып, Астронмоия бүкіл әлемнің келбетін оның дамуымен қоса суреттеп бере алады. Астрофизикалық зерттеулер саласындағы ғылыми мағлұматтың мөлшері мен құндылығы жылдан-жылға арта түсуде. Сондықтан адамзат өркениетінің дәуірі болып табылатын бұл процестердің барлығының жоғарғы оқу орындары деңгейінде оқылатын астрономия курсында орын алуы, яғни пәннің бағдарламасының астрофизикалық бағытты ұстануы заңды үрдіс.

Физика, математика және астрономия пәндерінің мұғалімдері соңғы кездері жүргізілген астрономиялық зерттеулердің басты принциптері мен маңызды нәтижелері, зерттеу әдістері мен техникалық жабдықтары туралы хабардар болуы тиіс.

2. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті

Пәнді оқыту мақсаты: Аспан денелерінің құрылымы, қозғалысы және дамуы жөнінде жалпы түсініктерді қалыптастыру. Студенттерді Ғаламның дамымалы модельімен таныстыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру;

космостық объектілерді зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістері мен құралдары туралы терең білім беру;

орасан зор кеңістік пен уақыт сиятын өлшемдерді пайдалану, бақылау нәтижелерін талдау және астрофизикалық құбылыстардың кұрделі табиғатын түсіну;

көптеген ғалымдардың еңбексүйгіштігі мен ерлігінің, мақсатқа жетудегі табандылығының куәсі болып келетін, тарихи тағылымдарға толы Астрономия ілімін жастарды ғылымға тәрбиелеудің негізгі құралына айналдыру;

студенттердің эстетикалық және тәлімдік тәрбиесін жетілдіру;

курсты оқыту студенттерге физика мен астрономияның тұпкілікті мәселелерінен терең білім алудың арқауы болуы тиіс.

3. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді игеріп шығады:

-Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істеу;

-Өз бетінше астрономиялық бақылаулар жүргізу;

-Күннің аспан сферасындағы қозғалыс заңдылығын және Жердің климаттық белдеулерінің астрономиялық себептерін түсіну;

-Уақытты өлшеудің негізгі принциптерін, сағаттарға (жұлдыздық және күндік) түзету енгізу;

-Планеталардың конфигурациясын, Айдың фазасын, Кеплер заңдарын толық игеру;

-Жердің жасанды серіктері мен зымырандардың қозғалысын есептеу үшін Кеплердің және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын қолдана білу;

-Күн жүйесінің құрылымы және аспан денелерінің табиғаты туралы нақты түсініктің болуы;

-Ғарыштық денелерді зерттеудің соңғы әдістері туралы мағлұматтың болуы;

-Жұлдыздық каталог пен атластармен жұмыс істей білу;

-Кеңейе беретін Ғалам жөніндегі ғылымның соңғы жетістіктерінен хабардар болу.

4. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: математика, физика, философия, стреометрия, ядролық және элементар бөлшектер физикасы

Постреквизиттер: астрономияны оқыту әдістемесі, қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары.

Курстың сипаттамасы.

«Астрономия» бөлімі бойынша 15 сағ.лек., 15 лаб., жұмыс жүргізіледі. Лекция сабағы басталудан бұрын өтілетін тақырыпқа тиісті лекцияның қысқа жазылған негізгі мазмұны білімгерлерге таратылады.

Кіріспе. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Астрономия пәні. Сфералы және тәжірибелі астрономияның негіздері, әлемнің құрылымы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы, аспан механикасының негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңдары. Астрофизика және радиоастрономияның құралдары мен әдістері, күн жүйесінің физикасы, жұлдыздар физикасы, біздің галактикасы, галактикадан тыс астрономияның негіздері, космогонияның негіздері және космология мәселелері.

«Астрономия» бөлімі бойынша 15 сағ. лекция, 15 сағ. лабораториялық сабақ өткізіледі.


6. Курстың мазмұны

6 .1. Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Апта Лекция нөмірі және тақырыбы Сағат саны Лекцияны өту формасы Танымдық қабілетті активациялау әдісі және ТОҚ Білімгерлерде қалыптасатын білім мен дағдылар
             
1 модуль. Сфералық астрономия және Күн жүйесі
    Кіріспе.Астрономия пәні. Астрономия тараулары. Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы. Аспан сферасындағы нүктелер мен сызықтар. Астрономиялық координаталар: 1,5 Проблемалық баяндау Аспан сферасының моделі, аспан жұлдыздарының картасы, астрономиялық әдістемелер. Астрономиялық координаталар системасы мен аспан сферасының кейбір элементтерінің негіздері жайлы мағлұматтарды меңгеру.
    Кульминация. Аспан сферасының әр ендіктегі айналуы. Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы. Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптиканың координаталар жүйесі. Тропикалық жыл. 1,5 Проблемалық баяндау Аспан сферасының моделі, аспан жұлдыздарының картасы, астрономиялық анықтамалар. Аспан жұлдыздарының жылжымалы картасы. Жердің әр түрлі географиялық ендіктерінен аспан сферасындағы жұлдыздардың көрінерлік қозғалысы туралы оқып үйрену.
    Уақытты өлшеу проблемасы. Күндік және жұлдыздық уақыт. Нақты және орташа күндік уақыт. Уақыттың теңдеуі.Поястық және декреттік уақыт. Бүкіләлемдік уақыт. Уақыттың атомдық стандарты. 1,5 Иллюстративтік баяндау Аспан сферасының моделі, аспан жұлдыздарының картасы, астрономиялық анықтамалар мен күнтізбелері. Уақытты өлшеу әдістері және түрлерімен танысу. Уақытты түзете білуге үйрену
    Астрономия ілімінің туындауы. Ежелгі халықтардың әлем туралы көзқарасы. Планеталардың көзге көрінер қозғалысы. Ежелгі Грециядағы және Орта Азиядағы астрономияның дамуы. Планеталардың конфигурациясы. Коперник және әлемнің Гелиоцентрлік жүйесі. 1,5 Проблемалық баяндау Плакаттар, дидактикалық материалдар. Астрономисия ілімінің тарихи даму кезеңдері мен оның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысу. Әлем құрылысы туралы түсінік.
    Айдың жұлдыздарға және Күнге байланысты көрінетін салыстырмалы қозғалысы. Ай фазаларының алмасу кезегі. Сидерикалық және синодикалық айлар. Күннің және айдың тұтылуы. Тұтылудың шарттары мен жиілігі. Сарос. 1,5 Иллюстративті баяндау Плакаттар, Күн және Ай тұтылуының моделі. Диспут. Айдың қозғалыс заңдылықтарымен танысу. Күн, Ай тұтылуы болуы шарттарын оқып үйрену.
2 модуль. Жұлдыздар физикасы және космология
    Планеталық орбиталардың элементтері. Тартылыс заңының әмбебаптығы. Кеплердің жалпылама заңдары. Ауытқу (возмущение) теориясының элементтері. Плутон және Нептун планеталарының ашылуы. Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдарлары. Нутация. Су деңгейінің көтерілуі (прилив) мен төмендеуі (отлив). 1,5 Проблемалық баяндау Плакаттар, проблемалық баяндамалар. Аспан механикасы заңдылықтарын қарастырып, аспан денелерінің траекториясын, көрінерлік орнын, жаңа планеталардың ашылу әдістері мен танысу. Тасу және қайту құбылыстарын оқып үйрену.
    Күн. Өлшемі, массасы, тығыздығы. Күннің температурасы. Күннің магнит өрісі. Күннің ішкі құрылымының моделі. Күн атмосферасы. 1,5 Проблемалық баяндау Плакаттар, дидактикалық материалдар. Күннің сипаттамалары мен құрылысы, атмосферасы құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.
    Жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтаудың тригонометриялық әдісі. Парсек. Жарық жылы. Жұлдыздардың негізгі көрсеткіштері: температурасы, радиустары, жарықтылығы. Жұлдыздардың спектрі және спектрлік классификациясы. Герцшпрунг-Рессель диаграммасы. 1,5 Проблемалық баяндау Плакаттар, Герцшпрунг-Рессель диаграммасы. Жұлдыздарға дейінгі арақашықтықты анықтау әдістері мен, астрономиялық қашықтық бірліктерімен, жұлдыздардың негізгі сипаттамаларын анықтау әдістерін үйрену.
    Біздің галактика. Галактикадан тыс астрономияның негіздері. Хаббл бойынша галактикалардың классификациясы. Галактикалар спектріндегі қызыл ығысу. Хаббл заңы. Метогалактика. 1,5 Проблемалық баяндау Плакаттар, проблемалық баяндамалар. Галактиканың түрлерін, топтарға бөліну ерекшеліктерін білу.
    Күн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары. Кеңейе түсетін Ғалам проблемасы. Критикалық тығыздық. Хаббл тұрақтысы. Ыстық Ғалам және рэликтивтік сәуле жайында түсінік. 1,5 Проблемалық баяндау Проблемалық баяндамалар Қазіргі кездегі астрофизикалық зерттеулер нәтижесі бойынша Күн жүйесі және бүкіл Әлемнің құрылысы және дамуы туралы түсінік қалыптастыру.
                     

6.2. Лабораториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

Зертханалық жұмыстар Сағат саны Сабақты өту формасы Танымдық қабілеттілік әдісі Білімгерлерде қалыптасатын білім мен дағды
Модуль №1
  Аспан сферасы және астрономиялық координаталар жүйесі. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Астрономиялық координаталар системасы мен аспан сферасының кейбір элементтерінің негіздері жайлы мағлұматтарды меңгеру.
  Кіші жұлдыздар атласы. Астрономиялық календарь мен анықтамалар. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Жұлдыздық атластар және астрономиялық анықтамалар мен күнтізбелермен жұмыс істей білуге үйрену
  Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Жұлдыз аспанының жылжымалы картасымен жұмыс істей білуге үйрену.
  Әр түрлі географиялық ендіктердегі жұлдыздардың көріну қозғалысы. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Жұлдыздардың көріну қозғалыстарын зерттей білуге үйрену.
  Уақыт және оны өлшеу. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Уақытты есептеу жүйелерін практикада қолдана білу.
Модуль №2
  Күн мен айдың тұтылуы. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау Күн мен Айдың тұтылу шарттарын оқып үйрену.
  Жұлдыздық астрономия негіздері. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Жұлдыздарды зерттеу әдістері мен танысу.
  Күн мен жұлдыздардың қозғалысы. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Күн мен жұлдыздардың қозғалыс заңдылықтарын оқып үйрену.
  Астрофизика негіздері. 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау. Астрофизикалық зерттеу әдістерін меңгеру.
  Күн белсенділігін анықтау 1,5 Лабораториялық практикум Жұмысты қорғау Телескоппен бақылау арқылы Күндегі болып жатқан құбылыстарды оқып үйрену.

6.3. СӨЖ тапсырмалары.

СӨЖ берілетін тақырыптар Ұсынылатын әдебиеттер Қабылдау түрі Өткізу уақыты
         
  Күнтізбектің пайда болу және даму тарихы. Жаңа және ескі стильдегі күнтізбек. §1,2,4 Баяндама 2 апта
  Гелиоцентризм үшін күрес. Бруно, Галилей, Ломоносов.тәуліктік паралакс. Күннің паралакс. §1,2,4,8 Реферат 4 апта
  Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдары. Нутация. Космонавтика элементтері. ЖЖС, ИНТ орбитасын есептеудің қарапайым тәсілдері. §1,2,4,8 Ауызша, түсініктеме 6 апта
  Спектралдық анализ негіздері. Сәуле шығару заңдары. Доплер принципі. § 1,4,5 Реферат 8 апта
  Жұлдыз аралық орта. Жарықтың тозаңды ортамеен жұтылуы. Галактикалық спиралдың құрылымы. Квазарлар. § 1,4 Реферат 10 апта

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

Дагаев М.М., и д.р., Астрономия, Москва, Просвещение, 1983г.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных