Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар




а/ анасы жағынан-жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процесстер, бүйрек ауруларының ауыр түрі.

б/ ЖТБ жағынан-асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.

Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.

 

Олдан тамақтандыру

Егер ЖТБ-ның анасының сүті мүлдем жоқ болса, немесе баланы емізуге болмайтын болса, баланы сүт қоспасымен қоректендіреді.

Аралас және қолдан тамақтандырылатын балалар бейімделген сүт қоспасын алса, оларға шырындар, қосымша тамақ уақтында беріледі. Ал егер бейімделмеген қоспамен қоректендірілсе-шырындар, жұмыртқаның сарысы, қосымша тамақтар 2-3 апта ерте беріледі.

Сүт кухнясы

Балаларды сүт тамақтарымен қамтамасыз ету үшін сүт кухнялары жұмыс істейді. Ол аптеканың принципымен жұмыс істейді: тамақты тек дәрігердің рецептімен жібереді. Сүт кухннясына сүт арнайы фермалардан әкелінеді. Ол фермаларда малдың денсаулығы, тазалықтың сақталуы қатты қадағаланады. Фермалардың, сүт кухнясының қызметкерлері медициналық бақылаудан өтіп тұрады. Сүт кухнясында санитарлық-гигиеналық режим қатаң сақталуы қажет.

тен алынған пунктатында дамып жетілмеген жас лейкоциттер – бласты жасушалар – көптен айқындалады.

Балаларда көбіне лимфобласты тез басталып, өршіп дамитын лейкоз кездеседі.

Емдеу: арнайы гематологиялық бөлімде өткізіледі. Жағдайы тартса баланы жиі таза ауаға серуенге шығарып тұру керек, тәбетіне сәйкес тамақтандырылады.

Бұл аурудың емдеуі сәтсіз, емдеген кездегі мақсат-ауру баланың өмірін ұзарту.

1. Дәрімен емдеу әр-түрлі схемалармен өткізіледі: преднизолон, винкристин, меркаптоцурин, винбластин және тағы басқа.

2. Имунды терапия.

3. Сәулемен емдеу.

4. Симптомдық емдеу.

Өте жақсы күтім өткізіп, медициналық этика мен деонтологияны мұқият сақтаған жөн

 

БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУ
Бала жасының кезеңдерінің ішінде ең жедел өсіп-даму кезеңі — бала туылғаннан 1 жасқа дейінгі аралық, баланың дұрыс өсіп дамуы үшін оны дұрыс тамақтандырудың маңызы зор. 1 жасқа дейінгі баланы тамақтандырудың, баланың негізгі тамақ түрімен байланысты 3 түрін анықтай аламыз: табиғи тамақтандыру — баланы тек ана сүтімен қоректендіру; қолдан (жасанды) тамақтандыру — баланы негізінен сүт қоспаларымен қоректендіру жатады. Табиғи тамақтандыру деп 1 жасқа дейінгі баланы негізінен (4/5 бөлігі) ана сүтімен қоректендіріліп, 5-айдан бастап қосалқы және қосымша тамақ енгізу аталады. Әйелдің көкірек бездерінен сүт бөлінуін лактация деп атайды, бұл процеске бірнеше бірнеше факторлардың әсері бар. - Нерв жүйесінің (гипоталамус); - Ішкі секреция бездерінің (гипофиз); - Әйелдің тамақ режимінің; - Емізулі әйелдің ауруларының әсерлері т.б. Ана сүтінің азаюы гипогалактия деп аталады. Оның себептері лактацияға әсер ететін факторларымен тікелей байланысты, сондықтан гипогалактияның алдын алу үшін емізулі ананың денсаулығы жақсы болуын, нерв жүйесі тыныш, ұйқысы қанық, тамағы рациональды және әйел таза ауада көп болуын қадағалау керек. Ана сүтінің құрамы Босанғаннан кейін алғашқы күндері көкірек бездерінен уыз сүт шығады. Уыз — сарғыш түсті, қоймалжың, белоктармен тұздарға және иммунды денелерге өте бай ана сүті. Жаңа туылған бала үшін өте сіңімді және пайдалы. Босанғаннан кейін 4-5 күндері уыз сүті өтпелі (переходное молоко) сүтке, 2 аптадан бастап қалыпты ана сүтіне айналады. Осы сүт түрлерінің құрамы кестеде көрсетілген. Қалыпты ана сүтінің проценттік құрамы: ақ уыздар (белоктар) — 1,5%, майлар — 3,5%, көмірсулар — 7%, тұздар — 0,2%, су — 87%, яғни Б:М:К қатынасы 1:3:6, бала жасының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Ана сүтінің 100 мл бөлінетін энергия 288,7 кДж. Ана сүтінің артықшылықтары 1. Химиялық құрамы бойынша оптимальді: - Белоктар — альбуминдер мен глобулиндер өте майда сүзбе түзіп, тез қорытылады. - Майлар — қанықпаған май қышқылдарынан (олеин қышқылы) тұрады, оңай қорытылады; - Көмірсулар — бета лактоза түрінде, бифидум бактерияларының өсуіне әсер етеді; - Минералды тұздардың құрамы оптимальді; - Витаминдер бұзылмай түгел сіңіріледі. 2. Ана сүті әрдайым стерильді. 3. Әрдайым бір қалыпты температурада шығады. Гормондар мен иммунды денелері бар ана сүті, әсіресе уыз сүті А иммуноглобинге бай. Ана сүтіндегі макрофагтар мен лимфоциттер, лизоцимдер 300 есе көп. Ана сүтінде лактофелициллин деп аталатын антибиотик бар. Эмоциональдық фактор (емізу кезінде анасының мейірімі түсу). Емізу жиілігі Кейінгі жылдары ЮНИСЕФ бағдарламасына сәйкес (бүкіл дүниежүзілік балалардың денсаулығын сақтау ұйымы) жаңа туған баланы анасына алғаші рет емізуге мүмкіндігінше ерте әкелуі қолданылады. Ана мен баланың жағдайлары көтерсе, баланы алғашқы минуттарда емізген абзал. Ерте емізудің артықшылықтары: - Балаға біріншіші болып анасының микрофлорасы енеді, оларға қарсы ана сүті арқылы өтетін антиденелер бар, ауру туындамайды; - Уыз сүтінде белок, иммунды денелердің мөлшері артық; - Анасы емізу кезінде мейірленіп, ертерек мөлшері көбейеді; - Ертерек жатыры жиырылып, қан жоғалту азырақ болады. Шала туылған баланы жағдайына және шалалықтың дәрежесіне қарай, ему рефлекстеріне дамуына қарай әртүрлі мерзімдерде емізуге апарамыз. Ол толығырақ «Шала туылған баланың АФЕ-лері, күтім тамақтандыру жүйелері» тақырыбында айтылады. «Табиғаттың алтын заңы» деп аталатын ЮНИСЕФ бағдарламасына сәйкес, баланы тәбетіне қарай тамақтандыру керек, яғни бала қай уақытта жылап, мазасызданса, сол уақытта емізу керек. Осы ұсынысқа сәйкес, балаға 1 жасқа дейін су берудің қажеті жоқ, өйткені жоғарыда көрсетілгендей, ана сүтінің 87%-ы судан тұрады. ЮНИСЕФ жоспары бойынша табиғи тамақтандыру ережелері 1. Баланы тәбетіне, талап етуіне қарай тамақтандыру. 2. Бірінші рет емізуге мүмкіндігінше ерте беру. 3. Емізу аралығында қосымша сусын бермеу. 4. Баланы емізу уақытын шектемеу. 5. Түнде емізуді шектемеу, түнге қарай пролактин гормоны бөліну жақсарады. 6. Қосалқы және қосымша тамақты 5 айлығынан ерте енгізбеу. 7. Емізулі ананың жеке басының тазалығын қатаң сақтау. 8. Баланы емізер алдында және емізіп болған соң бірнеше тамшы сүтті қысып шығарып, емшек ұшын залалсыздандыру. 9. Ана көкірегін кезекпен емізіп отыру. 10. Емізіп болғаннан кейін, қалған сүтті толық сауып тастау. Аталған «американдықтардың әдісі» барлық бірдей балаға тиімді емес және барлық уақытта бірдей қолдана алмаймыз. Жасанды тамақтанатын бала қарны ашқанша ғана емес, бір жері ауырса да, дәреті бөлініп, асты ылғалданса да жылап білдіреді. Сондықтан бұрыннан қолданып келе жатқан емізу жиілігін де білу керек

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных