Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасы Парламент депутаттарын сайлауын ұйымдастыру және өткізу




Парламентке депутат болып сайлану үшін Республика Конституциясымен бірнеше талаптар белгіленген. Оларды үшке бөліп қарастыруға болады:

 

1. Парламент депутаты болу үшін қойылатын жалпы талаптар. Бұл талаптар Сенат пен Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге бірдей қатысты. Оған жататындар: ҚР азаматы болу және ҚР аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұру.

 

2. Сенат депутаттығына қойылатын қосымша талаптар. Сенат депутаты болу үшін жоғарыда аталғаннан бөлек келесідей қосымша талаптар қойылады:

 

- жасы 30-ға толуы;

 

- жоғары білімінің болуы;

 

- кемінде 5 жыл жұмыс стажының болуы;

 

- тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы.

 

3. Мәжіліс депутаттығына қойылатын қосымша талаптар. Мәжіліс депутаты болу үшін қойылатын қосымша талап біреу, ол – үміткердің 25 жасқа толуы.

 

Парламент депутаты болу үшін қойылатын жалпы талаптың ішінде ҚР аумағында тұруға қатысты талап 2007 жылы 21 мамырда Республика Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес өзгеріске ұшырады, яғни Парламент депутаты болу үшін ҚР аумағында кемінде 10 жыл тұру талабы соңғы 10 жыл тұру талабымен ауыстырылды. ҚР Парламент депутаты болып сайлану үшін Қазақстанда кемінде 10 жыл емес, соңғы 10 жыл тұру талабы Парламентке сайланатын адамның соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда болып жатқан түрлі жағдайлардан хабардар болуын, басқаша айтқанда соңғы 10 жыл бойы халықпен бір қазанда қайнап бір болуын мүмкін етеді.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Mәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен

айқындалады. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады. Ал, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных