Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасы Папрламентіндегі заң шығару процессі




ҚР Парламентінің заң шығару қызметі 3 түрлі заң шығаруды қарастырады:

1. конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң;

2. конституциялық заң;

3. жай заң.

Бұл заңдарды қабылдау тәртібі бірдей емес. Жай заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдау тәртібі ұқсас болып келеді, олардың екеуі де өз кезегімен алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта қарау арқылы қабылданады. Айырмашылық: қабылдану үшін қажетті дауыс санында. Жай заңдар әр Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Ал, конституциялық заңдар әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.

Заңның келесі түрі - Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң. Бұл заңды қабылдау алдыңғыларға қарағанда ерекше күрделі процесті білдіреді. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң:

біріншіден, тек Республика Президентінің бастамасы бойынша ғана қабылдануы мүмкін;

екіншіден, палаталардың бірлескен отырысында қабылданады;

үшіншіден, мұндай заңды қабылдау үшін әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусы (75%) қажет етіледі;

төртіншіден, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдау үшін кемінде екі оқылым өткізілуі тиіс.

Бұл аталғандар, ҚР Парламентінде заң шығару процесінің біркелкі еместігін көрсетеді. Заң шығару процесі қабылданатын заңның түріне байланысты. Олай болса, Қазақстанда заң шығару процесін екіге бөліп көрсетеміз: 1-сі, конституциялық және жай заң заң шығару процесі

2-сі, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң шығару процесі.

Конституциялық және жай заң шығарудың жоғарыда аталған тәртібі тиісінше заң (конституциялық заң, жай заң) шығару процесі келесідей сатылардан тұратынын көрсетеді:

1. Заң шығару бастамашылығы;

2. Заң жобасын Мәжілісте қарау;

3. Заң жобасын Сенатта қарау;

4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң шығару процесі келесі сатылардан тұрады:

 

1. Заң шығару бастамашылығы;

 

2. Заң жобасын Палаталардың бірлескен отырысында қарау, қабылдау.

 

3. Президенттің заңға қол қоюы, оны жариялау.

 

Парламентте заң шығару процесі заң шығару бастамашылығынан басталады. Заң шығару бастамашылығы дегеніміз тиісті субъектілердің (Республика Президенті, Парламент депутаттары, Республика Үкiметi) Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi. Заң шығару бастамашылығы құқығы көрсетілген субъектілермен тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады.

Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных