Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




Quot;Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын cанитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығын қараңыз.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жыл 17 қаңтардағы
№ 94 қаулысымен
бекітілген

Quot;Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

Негізгі ережелер

1. Осы "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі – объектілер) – бұл әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақүйлер, жатақханалар, моншалар, сауналар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық қызметтер, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру, өткізу және сақтау объектілері, сондай-ақ зираттар және жерлеу мақсатындағы объектілер;
2) парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі – ПКӨ) – адамның сыртқы денесіне немесе тісіне және ауыз қуысының шырышты қабығына олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иістендіру немесе оларды тазалау, күту мақсатында тікелей жағуға арналған заттар немесе заттар қоспасы;
3) ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі – АҚГҚ) – тазалау, иіс кетіру және профилактика мақсатында тіспен және ауыз қуысының шырышты қабығымен жанастыруға арналған құралдар;
4) зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
5) зираттық кезең – мәйіттердің минералдану үдерістері аяқталатын уақыт;
6) мәйіт сүйегі – мәйіттің шірімеген қалдығы;
7) көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (мәйіт сүйегін) жерге (зиратқа, сағанаға) жерлеу немесе отқа жағу (кремациялау) арқылы сүйегі (күлі) бар урнаны зиратқа, сағанаға жерлеуді ғұрып бойынша рәсімдеу әрекеті;
8) жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер - азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарларды өткізу жөніндегі қызмет көрсету объектілері.

Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4. Орналастыруға және құрылысқа жер учаскелерін бөлуге және беруге, сондай-ақ құрылыс үшін жобалау құжаттамасын қарауға аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі.
5. Объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы болуы тиіс.
6. Объектінің аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, адамдар жүретін немесе көліктер қозғалатын орындарға жылдың жылы кезеңінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.
Зираттардың аумағын қоспағанда, көлікпен кіру жолдары мен жаяу жүретін сүрлеулердің атмосфералық жауын-шашындарды суағарларға бұратын қатты жабыны болуы тиіс.
7. Жобалау кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер) үшін құрылғылар көзделеді.
8. Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету, ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті санитариялық қағидаларға сәйкес судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етуі тиіс. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар және аспаптар жарамды күйде болуы тиіс.
9. Кәрізделмеген аудандарда ауладағы дәретханалар ғимараттан 25 метрден (бұдан әрі – м) алыс қашықтықта су өтпейтін шұңқырымен қоса орналастырылады. Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, дер кезінде тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады.
10. Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейлері, сондай-ақ жұмыс орындарының ауасындағы зиянды заттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес келуі тиіс.
11. Адамдар тұрақты болатын үй-жайларда табиғи желдету және табиғи жарықтандыру болуы тиіс. Үй-жайларды және баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын терезе және есік ойықтары арқылы, табиғи жарықтандыру терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарықтандырылуы тиіс.
Жарықтандыру аспаптары ластанудан дер кезінде тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен тұмшаланып жабылады.
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.
13. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға тыйым салынады.
14. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады. Дәретханаларға арналған жинау мүкәммалы басқа жинау мүкәммалынан бөлек сақталады.
15. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе ыстық және суық су келтірілген, бөлінген үй-жай, арнайы жабдық болған жағдайда тікелей объектілерде жүргізіледі. Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін, жуу технологиялық үдерісінің тізбектілігі (ағындылығы) көзделеді.
16. Дезинфекциялау ерітінділері заттың атауы, ерітіндінің қоюлануы мен дайындау мерзімі көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақталады. Дайындалған дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгіленген шоғырлануға сәйкес болуы тиіс.
17. Дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шараларды осы қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар жүргізеді. Дератизациялау және дезинсекциялауды жүргізу мерзімі, қолданылатын құралдардың атауы мен мөлшері объектілердің есепке алу құжаттамасында тіркеледі.
18. Объектілерде жұмыскерлерге арналған демалу және ас ішу бөлмелері (орындар), жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар, себезгі бөлмесі мен дәретхана болуы тиіс.
19. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
20. Ғимаратқа кіре берісте қоқысқа арналған урналар орнатылады.
21. Қоқыс жинау үшін үш жағынан қоршалған, қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Қоршаудың биіктігі орнатылған контейнердің биіктігінен аласа болмауы тиіс. Алаң ғимараттардан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылады.
22. Үй-жайларды, аумақты жинаумен айналысатын жұмыскерлер жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі және жұмыс киімімен жұмыс істеуге міндетті.
23. Объект басшылығы декреттелген топтың жұмысқа орналасу алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтулерін қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысқа жіберілгені туралы белгі қойылған жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады.
24. Жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынатындығы туралы белгі орнатылуы тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных