Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




112. Өзіне өзі қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-беру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Кірді қабылдау-беру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олардың үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігі және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлары болуы тиіс.
113. Кір жуу орындарының сәулеттендіру - жоспарлау шешімі технологиялық үдеріс ағындылығының сақталуын көздеуі және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейтіндей болуы тиіс.
114. Жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сонымен қатар кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымындағы жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсий градус (бұдан әрі – 0C), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етуі тиіс.
115. Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.
116. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
117. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді. Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс. Төсек жабдықтарын ауыстырған сайын стеллаждар мен жабдықтардың үсті дезинфекцияланады.
118. Инфекция жұқтырылған киім-кешектер, заттар өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) инфекция жұқтырылған киім-кешектерді, төсек әбзелдерін қабылдауға арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;
2) киім-кешекті қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
3) инфекция жұқтырылған киім-кешектерді суға малып қою киім-кешекті іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
4) жуылар алдында және жуу кезінде киім-кешектер зарарсыздандырылады.
119. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жекелеген легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
120. Тұтынушыға беру кезінде бұйым оралады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных