Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар




144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары қайта жаңарту-пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, косметологиялық, массаж кабинеттеріне және денсаулық сақтау объектілері құрамындағы солярий объектілеріне қолданылмайды.
145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және цокольді қабаттарына орналастырылады.
Жертөле қабаттарды қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде қолдануға жол беріледі.
146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер тiзбесі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды стерилдеу алдында тазартуға және стерилдеуге арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.
147. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараздық залдарда қосымша 6 м2аудан бар болған жағдайда маникюр үшін бiр жұмыс орнын орналастыруға жол берiледi. Объектілердің үй-жай ауданы осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес болуы тиiс.
148. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға тыйым салынады. Солярийлер техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылады.
149. Солярийдің жалпы ауданы техникалық сипаттамаға сәйкес аппарат алатын орыннан және ауданы 3,0 м2 кем емес шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылатын жағдайда, операторға арналған кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.
150. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету жүйесімен жабдықталған үлгілерді орнатқан жағдайда үй-жайға ауаның табиғи ағынының келуі ұйымдастырылады.
151. Солярий шамдары журналда міндетті түрде белгілей отырып, шамдардың техникалық паспортында көрсетілген сағаттың нормативті орындалуы жағдайында ауыстырылады. Істен шыққан шамдар қауіпсіз кәдеге жаратылады.
152. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
153. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.
154. Солярий персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден:
1) электромагниттік өрістің кернеуі 25 вольтметрден артық болмауы;
2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – 0,5 киловольтметрден артық болмауы тиіс.
155. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспауы қажет. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.
156. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге тыйым салынады.
157. ПКӨ-ні және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары, құралдардың мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлігі болған жағдайда жүргізіледі.
158. 3 жұмыс орнына дейiн желкөз және фрамуга көмегiмен табиғи желдету, 3-тен жоғары жұмыс орындарында жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдеткiші көзделеді. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін.
Тырнақты ұзарту шеберінің жұмыс орны жергілікті ықтиярсыз сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
159. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
160. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға арналған раковина жабдықталады.
161. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес келуі тиiс.
162. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қолды және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
163. Бір ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан аспайтын жағдайда персоналға арналған ас ішу бөлмесі мен киім ілетін орынды біріктіруге жол беріледі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын біріктіруге жол беріледі.
164. Таза киім және порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттар үшін қақпағы бар сыйымдылықтармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға тыйым салынады.
165. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізілуі тиіс, оның алаңы және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып, бір жұмыс орны 4,5 м2 кем болмауы көзделеді.
166. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режімі мен уақыты қатаң есепке алынуы тиіс.
167. Физиотерапиялық аппаратура кабинетке кемінде бiр аппараттан деген есеппен арнайы жабдықталған кабинеттерде орналастырылады. Кабинет алаңы 1 кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.
168. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылуы мүмкін. Қауiптiлiгi 3 және 4-сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын "Қауiптi, лазер iске қосулы!" деген жарық таблосы iлiнедi.
Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi.
3-ші және 4-сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға тыйым салынады.
169. Келушiлерге қызмет көрсету үшiн тек таза заттар қолданылады. Таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) әрбiр келушi үшiн жеке қолдануды қамтамасыз етуi тиiс. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.
Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
170. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жай бар болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталуы тиіс.
171. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
172. Қиылған шаштарды кресло жанынан жабылатын қалақпен жинайды және оларды тұмшаланған сыйымдылыққа салады, кейін оны тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.
173. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.
Шаш бояу және химиялық бұйралау кезiнде шашты сулау әрбiр келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.
174. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.
175. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар стерилизаторларға немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
176. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
177. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
178. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.
179. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және стерилденген жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.
180. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі.
Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіз болуы тиіс. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
181. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе стерилдеудің химиялық әдісімен стерилдегеннен кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды.
Бір рет қолданылатын стерилденген тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп, олар кейін кәдеге жаратылады.
182. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар стерилдеу алды тазалауға және стерилдеуге жатады.
Құралдарды стерилдеу алды тазалау, дезинфекциялау және стерилдеу осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай "лас аймаққа" және "таза аймаққа" функционалды бөлiнедi. "Лас аймақта" құралдарды алдын ала тазалау, "таза аймақта" құралдарды дезинфекциялау және стерилдеу жүргiзiледi.
183. Құралдарды стерилдеу үшін пайдаланылатын жабдықтардың, аппаратуралардың және материалдардың оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары болуы тиіс.
184. Эпидемияға қарсы режімді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау және стерилдеу режімін күн сайын бақылау объект әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
185. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
186. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
187. Жұмыскерлер жеке бас гигиенасының мына:
1) клиентке қызмет көрсетер алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптармен жұмыс жасау;
3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
5) арнайы киіммен жұмыс жасау;
6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидаларын сақтауы тиіс.
188. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, соңынан дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.

Парфюмерлiк-косметикалық өнiмдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндiруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

189. Өндіруші және сатушы шығарылатын ПКӨ өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және олардың осы санитариялық қағидалардың талаптарына және қолданыстағы нормативтік және/немесе техникалық құжаттамаларға сәйкес келуіне кепілдік береді.
190. Өндірістік үй-жайлардың ішінде орналасқан үй-жай ауасына зиянды немесе қатты иісті заттар бөліп шығаратын бастапқы өнімдердің, жартылай өнімдердің ауысымдық қорларын жинау орындары желдеткішпен жабдықталады. Желдету жүйесінің жұмыстарын бақылау кәсіпорын қызметімен және жылына кемінде 1 рет мамандандырылған ұйымдармен жүргізіледі.
191. Қабырға, еден, төбе жууға немесе басқа да жинау жұмыстарын жүргізуге жеңіл, зиянды және қатты иісі бар заттарды сіңірмейтін материалдардан жасалуы тиіс.
192. Өндірістік үй-жайлар ауаны тазалау және зарарсыздандыру жабдығымен қамтамасыз етіледі.
193. Өндірістік үй-жайлар санитариялық-тұрмыстық, қызметтік, әкімшілік үй-жайлардан оқшау болуы тиіс. Өндірістік үй-жайларда ас ішуге тыйым салынады.
194. Шикізатты, дайын өнімдерді және қаптамалау материалдарын сақтауға арналған үй-жайлар, микроклимат параметрлері өнім сапасына қолайсыз әсер етпеуі тиіс.
195. ПКӨ өндіруге арналған жабдықтар:
1) ампулалы өнімдерді өндіруде стерилділік жағдайына кепілдік беруі;
2) шаң мен кірдің жинақталуының алдын алу үшін тиімді жинауға жол беруі тиіс.
196. Жабдықтардың элементтері тотығуға, сілтіленуге ұшырамауы тиіс, олардың құрамында жұмыс аймағының ауасына бөлінуі мүмкін немесе ПКӨ құрамына сіңуі мүмкін заттар болмауы тиіс.
197. Үй-жайларды сығымдалған ауамен жинауға тыйым салынады.
198. Үй-жайларды және жұмыс жасайтын үстіңгі беттерді жуу үшін органикалық еріткіштерді қолдануға тыйым салынады. Жинауды жеңіл-белсенді заттардың сулы ерітінділерін қолдану арқылы жүргізген дұрыс.
199. ПКӨ өнімін өндіруші-кәсіпорынның әр шикізат, қосалқы материал түрлеріне және реактивтерге бекітілген нормативтік немесе техникалық құжаттамалары болуы тиіс.
200. Кәсіпорын алатын шикізаттардың, материалдардың, реактивтердің әрбір партиясы қаптаманың бүтіндігін, таңбасын және сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуын тексеру арқылы кіре берісте бақылануы тиіс.
201. Шикізаттар, материалдар, реактивтер олардың регламенттелген сақтау мерзімі бойына бүтіндігін қамтамасыз ететін және араласуының және ластануының алдын алу жағдайларын сақтау арқылы негізгі өндірістен оқшауланған арнайы үй-жайларда сақталуы тиіс.
202. Шикізаттардың, материалдар мен реактивтердің жарамсыз деп танылған партиялары таңбалануы тиіс және олардың өндірістік үдеріске кездейсоқ түсіп кетуінің алдын алу үшін бөлек сақталуы тиіс.
203. Қойма үй-жайларының шығарылатын өнім, қосалқы материал және шикізат номенклатурасына сәйкес келетін қуаты болуы тиіс. Көлемі, құрылысы және орналасуы өнімді ұтымды орналастыруға, жинау жұмыстарын жүргізуге және басқа да қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс. Дайын өнім стеллаждарда және/немесе тұғырықтарда сақталуы тиіс.
204. Шикізаттарды, жарамсыз деп танылған шикізаттарды қабылдау және орналастыру, дайын өнімді тұтынушыға жібергенге дейін сақтау үшін бөлек үй-жайларды (немесе аймақтарды) көздеген жөн.
205. Қоймада уытты және тез тұтанғыш заттарды сақтауға арналған бөлек үй-жайлар (аймақтар) көзделуі тиіс.
206. Өндіріс аймағына кірушілердің барлығы, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс істейтін жұмыскерлер, кәсіпорында жұмыс істемейтіндер жеке гигиена қағидаларын сақтауы тиіс.
207. Өндірістік үй-жайларда санитариялық немесе арнайы киімдерді киіп жүру керек. Санитариялық киімдерді, арнайы киімдерді, үй киімдерін бірге сақтауға тыйым салынады.
208. ПКӨ өнімді, АҚГҚ-ны өткізу өткізілетін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда мамандандырылған сауда объектілері немесе бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
209. ПКӨ өнімді және АҚГҚ-ны қоймада және өткізу нүктелерінде сақтау және тасымалдау кезінде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар сақталуы тиіс.
210. ПКӨ өнімді және АҚГҚ-ны сақтау және өткізу тағам өнімдерінен, құрылыс және әрлеу материалдарынан, автобөлшектерден, жанар-жағар май материалдарынан бөлек жүзеге асырылады.
211. ПКӨ және АҚГҚ белгіленген жарамдылық мерзімі бойына дайын өнім қасиетінің сақталуын қамтамасыз ететін тұтынушылық ыдысы болған жағдайда өткізіледі.
212. Жарамдылық мерзімі өткен, тұтынушылық ыдысында ақауы бар және сақтау жағдайлары бұзылған ПКӨ мен АҚГҚ-ны өткізуге тыйым салынады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных