Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының мемлекеттік органдары




Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

— мемлекеттік билік органдары;

— мемлекеттік атқару органдары;

— сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды.

Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган.

Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных