Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






САЯСАТ СОЦИОЛОГИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




1. КІРІСПЕ /2 сағат/

Саясат социологиясы пәнінің мақсаты. Пәннің зерттеу объектісі. Пәнде қолданылатын негізгі түсініктер. Саясат социологиясы пәнінде қолданылатын зерттеу әдістері. Саясат социологиясына арналған ғылыми әдебиеттер мен мақалалар тобына сұрыптама.

2.САЯСАТТЫҢ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ /2 сағат/

Саясат түсінігі. Саясат ұғымының ғылыми зерттелуі. Саяси нормалар мен діни ережелер байланысы. Саясат және моральдық-адамгершілік құндылықтар. Н.Макиавелли тұжырымы. М.Ганди тұжырымы. Саясат пен құқық байланысы. Құқықтық мемлекет ұғымы. Саясатты заңдық қамтамасыз ету. Мемлекет саясаты және халықаралық құқық.

3. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕ / 2 сағат/

Демократияның қайнар көздері. Платон, Аристотель көзқарастары. Тікелей демократия. Демократиялық басқару жүйелерінің пайда болуы. Алғашқы конституциялар; АҚШ, Польша. Демократиялық идеялардың теориялық-тұжырымдық және қолданбалы-тәжірибелік дамуы. Негізгі демократиялық құндылықтар. Өкілеттік демократия. Қазіргі саяси ғылымдағы демократия тұжырымдары.

4. АВТОРИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕ / 2 сағат /

Авторитарлық саяси жүйелердің пайда болу себептері. Авторитаризмнің негізгі белгілері. Авторитарлық саяси жүйелердің теориялық-тұжырымдық және қолданбалы-тәжірибелік көрініс табуы. Авторитаризм түрлері. Авторитарлық саяси жүйедегі әскери және олигархиялық топтардың ролі. Авторитарлық жүйедегі саяси құндылықтар.

5. ТОТАЛИТАРЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕ / 2 сағат /

Тоталитаризмнің қайнар көздері. Ф.Ницше еңбектері. Тоталитарлық саяси жүйелердің пайда болуы. Муссолини, Гитлер, Сталин режимдері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тоталитарлық саяси жүйелердің негізгі белгілері. Тоталитаризм пайда болуының алғы шарттары. Тоталитаризмнің саяси ғылымда зерттелуі. К.Шмитт, Ф.Хаек, К. Фридрих, З. Бжезинский еңбектері.

6. САЯСИ БИЛІК / 2 сағат /

Саяси билік түсінігі. Саяси билік анықтамалары.

Саяси билік субъектілері. Саяси билік объектісі. Саяси билік қорлары. Саяси билік құру әдіс-тәсілдері. Саяси билікке діни-моральдық, этникалық құндылықтардың әсері. Саяси биліктің қоғамдағы басқа билік түрлерінен ерекшелігі.

7. САЯСИ ЭЛИТА / 2 сағат /

Саяси элита түсінігі. Саяси элита ұғымының қайнар көздері. Классикалық теориялар; Моска, Парето, Михельс. Саяси элита құрылымы. Саяси элитаның басқа саяси топтармен қарым-қатынасы. Саяси элитаның қоғамның басқа саласындағы элиталық топтармен байланысы. Саяси элитаның құрылымдалу жүйесі. Гильдилік жүйе. Антрепренерлік жүйе.

8. САЯСИ ЛИДЕР / 2 сағат /

Саяси лидер анықтамасы. Саяси басшы туралы Платон, Конфуций ойлары. Ф.Ницше тұжырымы. Гегель тұжырымы. З.Фрейд ойлары. Саяси лидер туралы қазіргі заманғы теориялар. Ю. Дженненгис, К. Эммерсон теориялары. Саяси лидер бейнесін /имидж/ қалыптастыру технологиясы. Саяси лидер танымалдығының көрсеткіші /рейтинг/.

9. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ / 2 сағат/

Мемлекет анықтамасы мен белгілері. Мемлекет шығуы туралы теориялар. Қоғамдық шарт теориясы. Таптық теория. Жаулап алу теориясы. Демографиялық теория. Мемлекет құрылымы. Мемлекеттік басқару нысандары. Мемлекеттік аумақтық-құрылымдық нысандар. Мемлекеттік мүдде ұғымы.

10. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. /2 сағат/

Қазақстан- Орта Азия елдері ішіндегі ең үлкен мемлекет. Қазақ даласы Шыңғыс хан /13ғ.ғ/ және Әмір хан /14 ғ/ империялары құрамында. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ елі Ресей империясы құрамында. Кеңес Одағы кезеңіндегі мемлекеттік Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік құрылымы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттігі, 1991 жыл. 1993 және 1995 жылғы Тәуелсіз Қазақстан Конституциялары.

11. САЯСИ ПАРТИЯЛАР / 2 сағат/

Саяси партия түсінігі. Саяси партиялардың даму жолдары; ақсүйектік топтар, саяси клубтар, бұқаралық саяси партиялар. Саяси ғылымда саяси партиялардың зерттелуі. Саяси партияның атқаратын қызметтері; сыртқы және ішкі қызметтер. Саяси партияның ішкі құрылымы. Саяси партиялардың сайлауға қатысу тетіктері.

12. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР / 2 сағат/

Қоғамдық-саяси қозғалыстар ұғымы. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси партиялардан ерекшеліктері. Қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылымы мен атқаратын қызметтері. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси ғылымда зерттелуі. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың Үкімет пен жоғары саяси басшылыққа әсері.

13. БІРСӘТТІК МҮДДЕЛІК ТОПТАР / 2 сағат/

Бірсәттік мүдделік топтар. Олардың пайда болуының әлеуметтік-экономикалық себептері. Лоббистік топтар. Олардың саяси басшылықпен байланысы. Қысымдық топтар. Олардың Үкіметке қысым көрсету тетіктері. Мүдделес топтар. Белгілі бір нақты саяси мүддені қорғау мен іске асыру тетіктері. Бірсәттік мүдделік топтар және азаматтық бас көтеру акциялары.

14. САЯСИ ӨМІРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР РОЛІ. /2 сағат/

Саяси өмірге әйелдердің араласа бастауы. 1789 ж. Франциядағы "Әйелдер құқығының" декларациясы- әйелдерге саяси құқық берген тұңғыш құжат. Ұлыбританияда 1918 жылғы, АҚШ-та 1920 ж әйелдерге берілген сайлау құқықтары. Ресейде 1917ж. ерлер мен әйелдер құқығы теңдігінің жариялануы. Қазіргі әлемдегі саяси өмірге әйелдер әсері. Атақты саяси қайраткерлер; М.Тэтчер, Б.Бхутто, Т.Чилар, К.Акино және т.б.

15. ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ҮРДІСКЕ АРАЛАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ /2 сағат/

Жастар саясаты. Қоғамның саяси өміріндегі жастар ұйымдарының ролі. Жастардың саяси белсенділігін көтеру мәселелері. Жастарды саяси үрдістерге дұрыс қатысуға тәрбиелеу мәселелері. Бейрәсімдік жастар ұйымдары және олардың саяси өмірге әсері. Жастар ұйымдарын мемлекеттік қолдау мәселелері.

16. ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСТАР ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕ /2 сағат /

Әйелдердің Қазақстан саяси өміріне араласу мәселелері. Қазақстандағы әйелдер ұйымдары. 1995 жылғы Алматыда өткен Лиана бірлестігі халықаралық конференциясы көтерген әйелдер саясаты мәселелері. Қазақстан әйелдері Парламент пен Үкімет құрамында.

17. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ - ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ /2 сағат/

Адам және азамат құқығы идеясының дамуы. БҰҰ 1945 жылы қабылданған "Адам құқықтарының Баршаға ортақ Декларациясы". Адам құқықтарын қорғаудың Американдық және Европалық жүйелері. Адамның жаратылыстық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы мемлекет міндеті мен кепілдіктері.

18. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ НЕГІЗДЕРІ / 2 сағат /

Азаматтық қоғам анықтамасы. Оның заңдылық сақтаудағы ролі. Азаматтық қоғамның демократиялық жүйе дамуындағы ролі. Азаматтық ұғымның пайда болуы мен оның қазіргі жаңа сипатқа ие болуы. Азаматтардың қоғам өміріне қатысуы, оның дамуының басты шарты. Азаматтық қоғам - азаматтар бірлігі мен өзара келісімінің кепілі.

19. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ КОМПОНЕНТТЕРІ / 2 сағат/

Мүдделеріне қарай арнайы біріккен топтар. Үкіметтен тыс ұйымдар ұғымы. 1963 жылғы А.Алмонд пен С.Верба зерттеулері. Қоғамдық ұйымдар-азаматтық қоғам құрылымы. Бұқаралық ақпарат құралдары-азаматтық қоғамның ең басты компоненттерінің бірі. Дін қағидалары мен адамгершілік құндылықтар-азаматтық қоғам қызмет атқаруының негізгі компоненті.

20. САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІК ПЕН САЯСИ ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ /2 сағат/

Саяси белсенділік ұғымы. Дауыс беруге қатынасуға құқық алу және жауапкершілік. Саяси үрдісте өзгелерге және өзіңе көмек көрсету. Адамдарды топтастыра білу жолдары. Саяси қатысу түрлері. Саяси компанияларды өткізуге қатысу. Жергілікті қауымның іс-қызметіне қатысу. Мүдделер бойынша бірігу топтарының іс-қызметіне қатысу.

21. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ / 2 сағат /

Қазақстандағы азаматтық қоғамның тарихы. Қазақстанға таңылған жаңарту үлгілері. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам негіздері мен компоненттері. Қазақстандағы 7000-ға жуық қоғамдық топтардың даму бағыттары. Мәдениет және азаматтық қоғам. Дін және азаматтық қоғам Қазақстандағы 49 діни ағымға жататын 600-дей конференцияның даму бағыттары.

22. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР /2 сағат/

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына негіз болған алғышарттар және олардың даму тарихы. Үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруының негіздері. Азаматтық қоғам ұйымдарының салалығы. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға шолу. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды жіктеу. Әлеуметтік, экономикалық және т.б. бағыттағы ұйымдар.

23. САЯСИ САНА ЖӘНЕ МЕНТАЛИТЕТ / 2 сағат /

Саяси сана ұғымы. Саяси сана қалыптасу кезеңдері. Саяси сана түрлерді қарапайым түсініктерден құрылған саяси сана мен ғылыми ұғымға негізделген саяси сана байланыстары. Менталитет /дін/ ұғымы. Менталитет қалыптасуындағы ұлттық дәстүр мен діни қағидалар ролі. Әрбір ұлттық менталитеттік ерекшеліктері.

 

24. ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БЕЙНЕСІ /социологиялық сұрыптау / / 2 сағат/

Қазақстандағы саяси үрдістер мен оқиғалар туралы қоғамдық пікір. Қоғамдық пікірді зерттеуші агенттіктер мен орталықтар. Қазақстан саяси қайраткерлерінің қоғам алдындағы бейнесі /имидж/. Қазақстан саяси қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған танымалдығының көрсеткіші /рейтинг/. Қазақстан саяси қайраткерлері туралы қоғамдық пікірді зерттеу әдістері мен технологиясы.

25. САЯСИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ / 2 сағат /

Саяси мінез-құлық ұғымы. Саяси мінез-құлық тұжырымдамасының саяси теорияда пайда болуы мен зерттелуі. Даралық саяси мінез-құлқының нысандары. М.Вебер жіктемесі. Девианттық мінез-құлық және оның саяси үрдіске әсері. Макроәлеуметтік қоғамдастықтардың саяси мінез-құлқы ерекшеліктері. Саяси идеология мен саяси мінез-құлық байланыстарының деңгейлері.

26. САЯСИ МӘДЕНИЕТ / 2 сағат/

Саяси мәдениет тұжырымдамасының өмірге келуі. Г.Алмонд пен С.Верба еңбектері. Қоғам мәдениетінің саяси үрдістер мен оқиғаларға әсері туралы тұжырымдар тарихы. Саяси мәдениет дамуына қатысушы тетіктер. Саяси мәдениетінің атқаратын қызметтері. Саяси мәдениетті жіктеу. Шеткерілік саяси мәдениет, бағыныштылық саяси мәдениет, белсенді саяси мәдениет.

27. САЯСИ СОЦИАЛИЗАЦИЯ / 2 сағат /

Саяси социализация ұғымы. Алғашқы саяси түсініктер қалыптасу жолдары. Саяси білім мен саяси тәрбие нысандары. Жастар саяси ұғымдары. Адамның қызметі мен әлеуметтік жағдайының саяси ұғымдары қалыптасуына әсері. Орта жастағылар саяси мәдениетінің ерекшеліктері. Қарт адамдардың саяси үрдістер мен оқиғаларға жолдары.

28. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ /2сағат/

Халықаралық қатынастардың негізгі ұстанымдары. Халықаралық құқық. Г.Глиссэн тұжырымдамасы. Халықаралық қатынастардағы прагматизм тұжырымы. Халықаралық қатынастар субъектілері. Трансұлттық корпорациялар, халықаралық экологиялық ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар. Халықаралық қатынастардағы ұлттық мемлекеттер орны мен ролі.

29. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ АҒЫМДАР / 2 сағат /

Қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастар дамуындағы негізгі ағымдар. Әлемдік күн теңдігі тұжырымы. Халықаралық тәртіп сақтаушы тұжырымы. Үш нүкте теориясы. Халықаралық үрдістерге ірі банктер мен трансұлттық корпорациялар әсері. Халықаралық содырлармен күрес идеясының негіздері. Оның халықаралық қарым-қатынас пен үрдіске әсері.

30. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ / 2 сағат/

Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы. Қазақстан үш әлем қиылысында. Жер байлығы мен инфрақұрылымның сыртқы саяси байланыстарға әсері. Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен байланыстары. Қазақстанның АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен байланыстары. Қазақстанның мұсылман елдерімен байланыстары. Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның халықаралық беделі қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы ролі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных