Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






З БЕТІНШЕ ЖҰМЫСТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1.1 Өз бетінше жұмыстың педагогика ғылымындағы түсінігі




Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге байланысты, мұғалім ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде өз бетінше жұмыстың орны ерекше. Сондықтан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру мәселесін көптеген педагогтар кең көлемде зерттеген.[2;4]

Оқушының өз бетінше ізденіп оқуын жетілдіріп отыру бағытында Л.С.Выготский, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Н.А.Менчинская, А.А. Люблинская т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау жасай отырып, қысқаша түсінік берсек:

Л. В. Занков. Оқытудағы өз бетінше жұмыстың жетекші ролін көрсетеді. Ақыл – ой қызметінің көрсеткіші өз бетінше жұмысты істеуді іске асырады: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білуі, практикалық іс — әрекеттер атқара білу қабілетінің артатынын көрсетеді.

Г. Я. Мор. Өз тәжірибесін жүргізу арқылы жеткен нәтижесі: бала өз бетінше жұмыс арқылы білімді игереді, басқаға үйретеді, өзін тексереді, нәтижесін өз бетінше тексеріп қанағаттанады.

А. Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек деген пікірге сүйенеді.

Р. Г. Лемберг өз бетінше жұмысты ұйымдастыру шарттарына тоқталған. Олар:

нақты тапсырма беру;

— тапсырманы орындау, аяқтау уақытын белгілеу;

— мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігінің байланысы;

— жұмысты өз еркімен, қалауымен істеуі.

Я. А. Каменский. Оқушының өз бетінше әрекеттенуінің кезеңдерін белгілеген:
— автопсия (өзіндік бақылау)

— автопрасия (практикалық жүзеге асыру)

— автохресия (алған білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда қолдану)

— автолексия (өз іс — әрекеті нәтижелерін өз бетінше баяндауы)

М. Бельферд оқыту үрдісінде пайда болатын тура жауаптарды бермеу, соңғы нәтижеге оқушының өз бетінше жетуі керек деп тұжырымдайды.
К. Д. Ушинский өз бетінше жұмыстың ұйымдастыру туралы еңбегінің дидактикалық маңызы ерекше. Оқушының жас және жеке ерекшелігін ескеруді ұсынады. Ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісіндегі өз бетінше жұмыста ғана бала белсенді дамиды: саналы мақсатқа ұмтылады, білім игеруге талпынады, білімді пайдалана біледі.[1]

Е. Я. Голант өз бетінше жұмыстың негізгі 3 элементін ажыратты:
—ұйымдастыру техникалық дербестік (оқушының жоспарлауы, уақыт бөлуі, жұмыс орынын ұйымдастыруы т.б.)

—ойдың дербестігі (материалды іріктеуі, жүйелеу, салыстыру, қорытынды тексеру, оны жаңа мәліметпен бекіту, тұжырым жасау)

—іс — әрекеттің, қимылдың дербестігі.

Б. П. Есипов теориялық – қолданбалы сипаттағы дидактикалық міндеттерді ажырата білді:

—оқушының меңгерген білімінің беріктілігі мен саналылығын арттыру;
—бағдарлама талабына сай іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
—меңгерген білім, білік, дағдыны пайдалана білуге оқушыны үйрету;
— ақыл – ой және дене еңбегі мәдениетіне баулу;

—өз бетінше мәселені шешуге, еңбек етуге үйрету;

— болашақта өз бетінше өз білімін көтеру үшін тиімді еңбек етуге оқушыны даярлау.
Өз бетінше жұмыстың белгілі бір түрлерін ажыратты:

— жаңа тапсырманы қабылдау және түсіну ұғымы;

— білімдерді бекіту және жетілдіру;

— білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру, бекіту, жетілдіру;

— білімдерді шығармашылықпен қолдану, іскерлікті дамыту;

— білім, іскерлік, дағдыны тексеру.

А. Н. Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендіктен, қырағылыққа балайды; ақылдың алғырлығы, әрекетті сынай – бақылай білу қабілетін, болжай іздене білу қабілеттерін атайды. M

Соңғы уақыттары өз бетінше жұмыс туралы Ж. Махимова, М. Мұсабеков, А. Мүбараков, Ж.Сардарова, С. Қаңтарбаев, А. Арымова т.б. педагогтардың мақалалары жарық көруде. Бұл мақалаларға, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, өз бетінше жұмыс жасау шарттарын теориялық тұрғыдан меңгере келе оқушыларға өз бетінше жұмысты орындатуда бастауыш сынып пәндерінің мүмкіндігі бар екендігі анықталған.
Бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетінше жұмысты жасау дағдысын қалыптастыруды үш бағытқа топтадым:
-Өз бетінше жұмысты ұйымдастыру технологиясын енгізу.

-Сол технология негізінде ӨБЖ жасауға бағытталған өзіндік жұмыстар ұйымдастыру.
-Өз бетінше жұмыс жасаудың нәтижелі болуына оқытудың түрлі формаларын енгізу.

Бірінші бағытты іске асыруда В. Т. Беспалько, В. В. Фирсов, В. М. Монахов,Ж. А. Қараев еңбектерінде зерттелген деңгейлік саралап оқыту технологиясын басшылыққа алдым, өйткені бұл технологияның өзіндік ерекшеліктері бар:

* оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырады; оның жас, жеке ерекшелігі, қабілеті, сұранысы ескеріледі;

* оқушыны өз бетінше мақсат қойып, өз бетінше білім алуына ыңғайлы жағдай туғызады;

* оқушының ашылмаған қабілетін ашуға мүмкіндік жасалады;

* дамыта оқыту деңгейлік саралап оқыту негізінде жүргізілсе, оқушы білім алу жолында ізденеді, табады, негіздейді, анықтайды, өмірге енгізеді;

* оқулықтағы материалды оқушыға дайын күйінде ұсынбай, оқулықты әңгімелесуші, бағыттаушы құралға айналдырудың тиімді тәсілін ұсынады;

* тілектің іске асырылуын бекітетін мотивтері қозғаушы күшті оятады.
Бұл технология деңгейлік тапсырмаға ерекше мән береді. Деңгейлік тапсырма беру – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушы біліміне, мүмкіндігіне, сұранысына, қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

І деңгей – үлгі бойынша ӨБЖ ұйымдастыру (бағдарламаға сай)
ІІ деңгей – алгоритмдік (бірте-бірте күрделенген)
ІІІ деңгей – жаңалық ашатын (жаңа ұғым қалыптастыру)

Оқушылардың тапсырмаларды орындау дәрежесін диагностикалау негізінде оқытудың түрлі формаларын тиімді пайдалануға болады. Ол үшін оқытудың жеке, топтық, жұптық, ұжымдық формалары тиімді. Топтық жүйедегі жұмысты үш әдіспен жүргізуге болады:
-оқушының білім дәрежесіне қарай араластыра бөлу;

-білім деңгейлеріне қарай бөлу;

-қабілетіне, жеке ерекшелігіне қарай бөлу.

Тиімділігі: бір-біріне достық қатынасы нығаяды; бір-біріне көмектесуге бейім болады, үйрете жүріп, өзі үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті артады, өз бетінше ізденіс туындайды, өзінің және жолдасының білімін саралайды, бағалайды.[9]

Бұдан басқа оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым сапалы нәтижесіне жету үшін мынадай басты қағидаларды, шарттарды, әдістерді басшылыққа аламын.

Басты қағидалар:

-мадақтауға таршылық жасамау;

-оқушы арасындағы пікірталаста мәселе шешімін өзім айта салмау;

-сатылы мәселе тудырып отыру (ойлан, ізден, үйрен);

-сабақта оқушы қызығушылығын артырып, алға талпынуын көздеу;

-барлық оқушының бір пікірге сүйеніп қалмай, басқаша ойлауға баулу;

-оқушының әр ойын назардан тыс қалдырмау;

-оқушы ойын «қате» деп тыйып тастамау;

-оқушының асығыс берген жауабына бірден келіспеу, дәлелдеуді талап ету.
Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда басты назарда болатын негізгі, қажетті шарттарды мұғалім үшін және оқушы үшін деп екіге топтауға болады.
Мұғалім үшін:

-оқушыға нақты тапсырма беру;

-оны орындауға уақыт белгілеу;

-мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігі арасындағы байланыс;

-өз бетінше жұмыстарды орындауға жағдай жасау;

-ұйымдастырылған оқу — тәрбие үрдісінің болуын қамту;

-қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беру;

-жас ерекшелігіне сәйкес оқушының өзіндік ерекшелігін ескеру;

-білім алудың, білудің қажеттілігін ұғындыру;

-оқушы еңбегін мадақтау, марапаттау;

-орындалуын қадағалау;

-пәнішілік, пәнаралық байланыстың болуын есте сақтау;

-нәтижені уақытында тексеру, әділ бағалау, қатені өзіне жөндету, өзін-өзі бағалануына жағдай жасау.

Оқушы үшін:

-алдымен берілген тапсырмаға талдау жасау;

-мақсатты айқын түсіну;

-өткенді еске түсіру, әдіс-тәсілдерді анықтау;

-орындауға жоспар жасау (білімін, іскерлігін, дағдысын жаңа жағдайда қолдану);
-жоспар бойынша тапсырманы орындау;

-өзін-өзі тексеру, өзіндік бақылау;

-өз еңбегін бағалау;

-өз әрекетінің саналы, жүйелі орындалуын ой елегінен өткізу;

Оқушының өз бетінше жұмысының сапасы ол орындаған оқу жұмысының тегіне, түріне, мазмұнына, көлеміне байланысты сапалылығы оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, ақыл-ой операцияларын тиімді пайдалануға да байланысты. Осы тұрғыда өз тәжірибемде басты назарда ұстайтын әдістер жиынтығы төмендегідей:

-ойын (ұлттық, дидактикалық, танымдық т.б.);

-салыстыру (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау);

-дәлелдеу (өз ойының дұрыстығына өзгенің көзін жеткізу);

-талдау (тұтасты бөлшектеу);

-жинақтау (бөлшектерді біріктіру);

-бағалау (өзін, досын, топты, сыңарын т.б.);

-эврестикалық (жаңалық ашу, іздену, зерттеу);

-көрнекілік (сызба, сурет, альбом, кеспе қағаз, видео т.б.);

-сұрақ-жауап;
-ой шақыру.[9]

Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Осыған байланысты өз тәжірибемде қолданып жүрген ӨБЖ әр түрлі жіктеулерін келтіруге болады.[8]
Оқушының ізденімпаздық дәрежелеріне байланысты жұмыстар.
Білім материалы бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, шешу және салыстыру; лабораториялық және графиктік жұмыстар.
Дидактикалық мақсат бойынша жұмыстар: оқып — үйренетін, тексеретін, алған білімді баянды ететін.

Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; мазмұны әр түрлі және әр түрлі тәсілмен орындалатын.
Осы жіктеуге байланысты оқу процесінде өзіндік жұмыс түрін төрт топқа топтауға болады:

-үлгі бойынша орындалатын (орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады; тапсырманы нұсқау тәртіп бойынша орындайды);

-реконструктивті – вариативтік (оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, білімі тереңдей түседі);

-жаңалық ашатын;

-шығармашылық өзіндік жұмыстар (оқушы ойын кеңейтеді, өзіндік қолтаңба қалдырады).

-caбақтың барлық процесінде іске асыруға болады. Тек оны ұйымдастыру кезінде мұғалім алдына айқын мақсат қоя білуі керек.

Мысалы:
-өткенді қайталау (еске түсіру, есте сақтау қабілетін тексеру);

-меңгеру деңгейіне қарай топтау (топішілік пікірталасты дамыту);

-үй жұмысын орындау (сыныпта алған білімді өз бетінше қолдану);

-шығармашылық ізденіс (әр еңбекке өзіндік қолтаңба қалдыру);
-жаңа тақырыпты бекіту;

-жаңа тақырыпты игеру (жаңа тақырып мазмұныны ашу);

-топта, ұжымда жеке жұмыс жасай білу қабілетін арттыру;

-өткенді бекіту.[4]

Осы негізде жүйелі жұмыс жүргізу барысында мына нәтижелерді көруге болады:

-оқушыда өз бетінше білім алу қажеттілігі пайда болады;

-оқушы өз деңгейін өзі аңғарады;

-оқушы алдына мақсат-міндет қоя біледі;

-алған білім,білік, дағдыны іс-тәжірибеде қолдана біледі;

-нәтижені талдай алады, өзін-өзі бағалайды;

-өз ісін жоспарлай алады;

-мәселелік сұрақтар арқылы белсенділігі артады;

-оқушы іздену үстінде жаңа ұғымды меңгереді;

-оқытуды дербестендіру, деңгейлік дифференциалдау ерекше орын алады;

-әр түрлі бейнелермен операциялар жасап, тапсыраманы орындауда оны көрнекі түрде елестете алады.[21]

Қорыта келгенде, дамыта оқыту идеясына негізделген жаңа буын оқулықтарында бастауыштан бастап, ӨБЖ жасауды үйрету көзделеді. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

1.2Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудағы өз бетінше жұмыстың маңызы.
Өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық тапсырмаларды орындауы талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өзіндік бақылауды үйреніп, оларда жауапкершілік, оқу еңбегіне қатынас, жолдастық көмек қалыптасады

Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.[11]

Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу жатады.

Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті бекіту және қалыптастыруда орын алады.

Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді.

Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады. Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу жұмыстары және т.б.[13]

Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Дүниетану сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс.

Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдарламасының «Түсінік хатында» дүниетануды оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты көздейтіндігі айтылған, яғни:

1.Білімділік - бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;

2.Тәрбиелік - шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді, еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру;

3.Дамытушылық — логикалық құрылымдар мен ойлаудың
стилін дамыта түсу;

4.Практикалық меңгерген білімдерін нақтылы жағдайларды практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға байланысты.[15]

“Дүниетану” сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні өте зор. Оқушылар бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану қажет.
“Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам” бірлестіретін пән болып табылады. Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.[13]
Дүниетану сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналары:

-сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы қажет;

-жаңа буын оқулығы, хрестоматиялары, “Бақылау дәптері” мазмұнын талдау, білімді сыни тұрғыдан ойлау арқылы мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;

-оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау, яғни мұғалім – бағыттаушы, ал оқушы – ізденуші, зерттеуші іс-әрекеттері орындалуын қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастырудың бірнеше әдіс-тәсілдері зерттелген. Бұл әдіс-тәсілдер дүниетану сабағының ұтымды да қызықты өтуіне ықпал етеді.
Негізгі белгісі – оқушылардың оқу мәселелерін шешу барысында меңгерілетін жаңа білімдерді өздігінен табуы, сын тұрғысынан ойлау негіздерінің, шығармашылық ойлауының және оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына мүмкіншілік тудырады.

Дүниетану сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту олардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытып отырады.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.[12]

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өздік жұмыстарына сабақ үстінде меңгерген оқу материалын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар түрлерін жатқызуға болады.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше.Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.[17]

Оқушылардың дүниетану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды. [14]

Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде өтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.

Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді. [9]

Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.

Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.[16]

Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Бұл екеуі де адамның ішкі сезімін жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой – қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығару күйі, түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін көруге болады. Бір затты не құбылысты танық білуге олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүгниетаным қалыптасады.

Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.

Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.

Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімніңғ жиынтығы ол таным процесі. Дүние тануды оқытудың мәні осында жатыр.

Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш сыныпқа оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені белгілі. Сол даму кезеңінің әр қайсысына бір жетекші әрекеттің басым болуы тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде комуникативті әрекет, яғни қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасының нәтижесінде тілі дамиды. Тілдің дамуы оның маңайы мен қатынасын күшейтеді де, енді басқа ірекеттерді меңгере бастайды. Осыдан кейінгі екінші кезең үш жастан басталады. Бұрын маңайы мен қарым-қатынас әрекетін меңгерген бала енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттерімен қабысқан ерекше түріне көшеді. Бала ойын арқылы маңайы мен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге оның таным әрекеті қатар жүреді. А.Н. Леонтевтің пікірінше, бұл ерекше жаңа типті көркем шығармашылық әркет деп аталады. Үшінші кезең мектеп өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттің ішіндегі жетекшісі – таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы жүйелілігі және оны меңгеруге оқушылардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі.[20]

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных