Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ




2.1 Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы
Дербестік таным әрекетін талдауда ғалымдар оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударады. Ол шынында да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетті элементтерін немесе тыңдаушының тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Ғалымдар өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет «жеке жұмыс» деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. «Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды тыңдаушылар тек өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші рөл атқарады». Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т.б. сияқты езіндік формаларын ұсынады. Тыңдаушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі – тасқынды ақпаратгарды іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. [16]

Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты – жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін, әлеуметтік бағалы белсенділігін дамыту; сонымен бірге өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету. Сонда білім беруді ізгілендіру және демократияландыру жеке бастың өзін-өзі дамытуын, өздігінен жеке шешім ала білуді қалыптастыруды көздейді.
Дербестік таным – тыңдаушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш топта оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – тыңдаушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
Дербестік таным нәтижелі болуы үшін алдымен «дербестік таным» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс тыңдаушылардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары болып табылады. Мұндай жұмыстар тыңдаушыларды ұқыптылыққа, тәртіп-тілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.[6]
Ғалымдардың анықтамасы бойынша дербестік танымды ұйымдастыру дегеніміз – өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру-психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне канағаттанбау сезімі болуы қажет.

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара эпекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекерке көшу үшін жағжайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.[8]

Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар сабақта орындайтын, өздігінен ойлауды талап ететін алуан түрлі әрекеттерді қамтымайды. Екінші жағынан, кез-келген өзіндік жұмыс оқушылардан танымдық пекет пен дербестіктің жоғары деңгейін талап етпейтіні анықталуда. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушалар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптасьыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс. Осындай жұмыстар формасы бойынша дербес болып табылып, мәнділігі бойынша дербес емес болып табылмайды. Себебі олар оқушылардың дербес әрекетін ұйымдастырмайды.
Көрсетілген фактілерге байланысты өзіндік жұмыс деген ұғыммен қатар оқушылардың дербестік әрекеті деген ұғымды пайдалану, өзіндік жұмыстың және дербес әрекеттің ерекшелігі оларды, арасындағы байланыстылықты айқындау /белгілеу/ қажеттілігі туады. Сонымен қатар өзіндік жұмыстары екіжақты мәнділік және ұйымдастыру жағынан қарауға қажеттілік байқалады.[8]

Өзіндік жұмысты және дербестік әрекетті дидактикалық категория ретінде талдау П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде орын алған /2/ Автор құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарды.

а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет шартты түрде деп аталатын әрекет мазмұнын қарастыратын әрекеттер;

ә) оқушының дербестік әрекет әлементтері болып табылатын әрекеттер.
Бірінші топтағы әрекеттерге тән сипат - олар әрекеттің жалпы құрылысына кіріп, оқушының тікелей мақсаты ретінде әрекетті жүзеге асыру пәні болмайтыны. Оқушының әрекеті оған мұғалімнен өзіне не керек екені және кез-келген шешімді жүзеге асыру үшін бүған іс-әрекеттің қандай тәсілдері қажет екені туралы қанша қажетті ақпарат түсіп тұрса, сонша әрекет жүзеге асырылады. Бұл топтың іс-әрекетінің әрқайсысы оқушы әрекетінің бұдан былайғы әрекеті мен себеп мақсатына қатыссыз орындалады. Бұл әрекет атқарушы іс-әрекеттер бақылау әрекеттерінен басым, бағдарлы әрекеттер мүлдаем жоқ. Әрекеттің құрастыру тәсілін оқушы жасамайды. Себебі ол қолынан келетін операцияларды жүзеге асыруда. Сырттай бұл әрекеттер тыңдау, үғыну, жазып алу, жаңғырту, салыстыру, материалды жүйелеп беру, жинақтау, талдап корыту, құбылыстың жеке жақтарын айқындап білу, үқсастық бойынша үлгілер, кестелер және т.б. арқылы байқалады. Бұл әрекеттер мыналардан түрады:

-меңгергенді жаңғыртудан және түсіндіруден;

-ондағы тұрақты байланысты есептеуден;

-алгоритмді орналастырудан;

-меңгерген тақырыптың мазмұнын ұғынып, бере алудан;

-оны тәжірибеде қолданудан.

Бірінші топтың іс-әрекеттері дербестік әрекеттің әлементтері болып табылады. Олар оқытуда пәндерді және олармен жасалған әрекеттерді бейнелеуде, осы әрекеттерді орындау тәсілдерін оларды жүзеге асырудың шарттарымен қабыстыруда алға шығады. Мұндай іс-әрекетті оқушылар әрқашанда саналы бақылайды, себебі оларды орындауды оқушылар саналы түрде меңгереді. Әрекеттер себептерден туындайды, себептер оқушы үшін аса маңызды болып табылады. Осы оптын әрекеттерін орындаған кезде оқушы жоспарланған нәтиженің жоспарланған әрекеттермен арақатынасын белгілейді. Ойша күтілген нәтиже эоекеттерге қатысты жетекші қызметтер атқарады. Нақты алынған нәтиже (таным әрекеттерінің өнімі) жаңа білім әрекеттің жаңа тәсілі ретінде орындалады.[3]

Оқушылардың әрекеттері мыналардан тұрады:

-жаңа фактіні, қүбылысты табудан және олардың сипаттамасынан;

-фактілерді жүйелеуден;

-жақсы таныс пәнде басқалар көрмегенді көруден;

-фактілер арасында байланыс орнатудан және олардың міндеттік
сипаттамасынан;
-олардың тәжірибелік әрекет саласына шығу жолдарын табудан;

-құбылыстың, оқиғаның дамуында мәнді байланыс пен заңдылығын
орнатудан, фактілерді қарама-қарсы қою негізінде олардың мәнін белгілеуден;
-жаңа оқиғаларды табуда жалпының нақты көрінуінен;

-өзгертілген жағдаяттарда тапсырмаларды шешуден;

-мәселені қалыптастырудан;

-құбылыстардың құнды мағынасын белгілеуден және басқалар; [18]

П.И.Пидкасистый бірінші топтың әрекеттері оқушыларды екінші топтың әрекеттерін жүзеге асыруына дайындау үшін қажетті сатысы мен шарты болып табылатынын айтады. Бірақ та олардың барлық ерекшеліктеріне қарамастан, әрекеттің осы екі тобы бірлікте ғана оқу құрылысын қүрады және оқыту үрдісін ең жоғары деңгейде ойдағыдай ұйымдастыру үшін тең дәреже де қажет.[10]

Бұдан түсінетініміз: оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекеттер де, дербес әрекет әлементтерін құрастыратын әрекеттер де әртүрлі сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындау кезінде орын алады: репродуктивтік, құрастырулық-варианттық, эвристикалық және шығармашылық. Бірақ өзіндік жұмыстар түрлерінің әрқайсысында бұл әрекеттердің әлементтері әртүрлі арақатынаста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Егерде репродуктивтік өзіндік жұмыстарды орындау оарысында бірінші топтың әрекеттері басым болса, онда эвристикалык өзіндік жұмыстарды орындау кезінде алғы шепке дербестік әрекет әлементтері шығады. [16]

Дербестік таным әрекетін талдауы П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударды. Олшынында да дербестік оның құрылымының барлық қажетті әлементтерін мақсатты бөліп алу, пәнді анықтау, әрекет құралдарын таңдау енгізетін әрекетті оқушы жеке өзі немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Р.И.Щамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: Мысалы, мұғалімнің әңгімесін тыңдау кезінде мұғалім оқушыларға салыстыру, теңестіру мақсатында іске асырылатын әрекетті қайда жатқызуы керек? Мұнда өзіндік жұмыс бар ма? Біздіңше, жоқ, бірақ дербестік әрекет бар. Біз дербестік әрекет пен өзіндік жұмыс ұғымдарын айырып алуды маңызды жағдай деп есептейміз. Айтылған түсініктерді сараптау қажеттілігі туралы сұрақ қоя отырып, Т.И. Шамова дербестік таным әрекетінің мәнін ашпайды. Ал өзіндік жұмыс орындауда Б.П. Есиповтың өзіндік жұмыс оқу орындарының формалар міндетін өзіне жүктейтін туралы көзқарасты жақтайды. Ол өзіндік жұмыс жалпысыныптық жан-жақты жұмыс жағдайларында және жеке тапсырмалар орындау ретінде жүзеге асырылытынын көрсетеді. Т.И.Шамова ұйымдастыру формасы ретінде өзіндік жұмысты сипаттайтын нышандарға мынаны жатқызады:

1.өзіндік жұмыс мақсатының болуы;

2.нақты тапсырманың болуы;

3.өзіндік жұмыстың нәтижесін тексеру формаларын айқындау;

4.тапсырма алған әр оқушы жұмысты міндетті түрде орындау міндеттілігі;
Бұл нышанның мақсаты оқушының міндетті түрде қабылдау керектігіне меңзейді және өз күшімен сол мақсатқа қол жеткізу біліктілігінің болуын көрсетеді.[9]

Мәнділік пен ұйымдастыру аспектісінің өзара байланысы өзіндік жұмысты дербестік әрекеттің ұйымдастыру формасының бірі ретінде қарауға мүмкіндігін береді, оның өзгешілігі - мұғалімнің көмегінсіз дербес орындалатындығында..Сонымен дербестік әрекет деген ұғым өзіндік жұмыс ұғымына қарағанда кеңірек ұғым болып табылады және онымен шектелмейді. Дербестік әрекет, сондай-ақ ұжымдық және жан-жақты жұмыс барысында орын алуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оны оқушылардың өзіндік жұмысы деп атауға болмайды.[19]

Өзіндік жұмысты дербестік әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қарауға байланысты белгілеу қажеттілігі туындайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет арасындағы байланыстылық мынадан байқалады:
- оқушылар өзіндік жұмысты орындауға ұжымдықпен орындалатын
дербестік әрекет барысында дайындалады. Оқушылар ұйымдастырудың
¥жымдық тәсіл барысында қол жеткізетін дербестік әрекет деңгейі сол
деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындау мүмкіншілігін белгілейді.
- өзіндік жұмыстарды орындау оқушылар мұғалімнің басшылығымен, оқушыларының іске асыратын дербестік әрекет барысында қол жететін дербестілік пен белсенділіктің деңгейін бекіту мен дамытуға қажетті шарты болып табылады. Оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін - білім жүйесін оқыту және оқушылардың таным белсенділігі мен дербестігін дамыту -оқулықпен ғана емес, өзіндік жұмыстарды орындау үрдісіне жүзеге сыратын дербестік әрекетті ұйымдастыру қажет.

Осы ережені негіздеу дәлелдеу үшін біз кеңестік психолог Л.С.Выготскийдің оқушылардың ақыл-ой әрекетіне екі даму аймағытән пеген сілтемесіне сүйенеміз: өзекті даму деңгейі және таяу даму аймағы. Белілі болғандай өзекті даму деңнейі баланың дамуына қалыптасып болған психикалық үрдістерді көрсетіп білдіреді және ол жат көмегінсіз орындауға қабілетті жұмыста байқалады.[11]

Егер педагог дамудың қалыптасқан психикалық үрдістерге ғана сүйенбей, қалыптасу кезеңінде тұрған даму циклдеріне де бағдар алса, білім мен дамудың өзара байланыс мәселесін шешу ойдағыдай болуы мүмкін. Демек, оқыту үрдісінде ересектердің басшылығымен міндеттерді шешу деңгейі мен өзіндік жұмыста қол жеткізген міндетті шешу деңгейі арасында ыдырауды құрастыратын таяу даму аймағын да есепке алған өте маңызды. Л.С.Выготскиийдің ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетке бала әжептәуір көбірек және саналы ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетте бала әжептәуір көбірек және саналы, түсінікпен істеуге қабілетті деген сілтемесі /нұсқауы/ маңызды болып табылады.[4]

Таяу даму аймағын өзекті даму аймағына айналдыру үрдісі үзіліссіз болып табылады, себебі әр кез сайын жақындықта дамудың жаңа аймағы пайда болады.

Қорыта айтар болсақ, дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы — оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің үдемелі алға басқан дамуының маңызды шарты. Оқушыларды ұжымдықпен жүзеге асырылып жатқан өз деңгейі бойынша дербестік әрекетке сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қосу таяу аймақтан өзекті даму аймағына оқушылардың өте маңызды біліктілігінің тез арада көшуіне ықпал жасайды. Бұл дегеніңіз әр оқушының таным қабілетінің дамуын басқаруға, осы дамуды бақылауға мүмкіндік береді.[6]

Дербестік танымды ұйымдастыру – сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені жұмысты тыңдаушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасы мен оқытушылардың жеке басының кабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін оқытушы оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда оқытушылар жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Тыңдаушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, оқытушылардың берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмаларды орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін оқытушының өзі айтып береді, ал тыңдаушы – тек орындаушы ғана. Ал егер оқытушы тыңдаушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде тыңдаушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан оқытушы тыңдаушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін оқытушының көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.[8]Тыңдаушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); оқытушы тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі. Оқытушы тапсырманың дұрыстығын, тыңдаушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: демек, оқытушы бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, тыңдаушының өздік жұмысын тексеруші де. Тыңдаушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді бағдарлайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Тыңдаушылардың оқу жұмысының, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу тәсілдерін меңгеруіне байланысты.[14]

2.2Дүниетану оқулығы өз бетінше жұмысты ұйымдастыру құралы
Мұғалімдердің жұмыс практикасында қолданылып жүрген бастауыш кластардың дүниетану оқулығы өз бетінше жұмысты ұйымдастырудың бірден-бір құралы болып табылады. Оқушылардың өз беттерінше тапсырмаларды орындауына, жаттығу жұмыстарын әртүрлі қосымша дидактикалық материалдардан таңдаумен бірге, бастауыш кластардың дүниетану оқулықтарының барлық мүмкіндіктерін ескергені жөн, сонымен бірге срамандық жұмыс бөлімінен өзбеттерінше орындай –тын тапсырмаларды беруге болады. Мұғалімнің білімді ауызша баяндауы әрдайым оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеуімен үйлестіріле жүргізіледі. Қазіргі оқушыларды класта да, сондай-ақ үйде де оқулықтардың алуан түрлерінің көмегімен өздігінше білім беру іскерлігімен және дағдысымен қаруландыру міндеті қойылып отыр.

Кітаппен тиімді жұмыс істеу үшін оқушының тиісті іскерлігі мен дағдылыры болуы тиіс.Оқушы кітаппен жұмыс істегенде өздігінше жаңа білім алуға немесе мұғалім баяндаған білімді бекітуге және оны өзбетінше практикада қолдануға болады.[17]

Оқу процесінде мектеп оқушысы ең алдымен оқулықтармен жұмыс істейді. Оқулықпен жұмыс істегенде түрліше әдістер қолданылады. Мұғалім жылдың басында оқулықтың бұдан бұрынғы кластың оқулығымен ұқсастығын атап көрсетеді, айырмашылықтарына көңіл аударады. Оқушылар оқулықты мұғалім сабақта түсіндіретін матераиалды үйде неғүрлым жақсырақ анықтап алу үшін де, сондай-ақ жаңа матераиалдың белгілі бір бөлігін өздігінше талдау үшін де қолдануға тура келетінін түсінуі тиіс. Оқушыны оқулықпен өздігінше жұмыс істеуге мейлінше ертерек дағдыландыру керек. Бұған үйретуді мұғалім ұсынатын жоспар мен сұрақтардан бастауға болады.

Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.

Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.[20]
Табиғаттан бабамыз ала берген секiлдi;

Дархандықты қазаққа дала берген секiлдi;

Еркелiктi ерiктi желден алған секiлдi;

Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.

Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.

Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.[18]

Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.

Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.

Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.

Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.[6]

Табиғат — адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.

Төменгi сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.[8]

Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуi керек [16].

Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.

Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол — табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.

Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.

Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.

Мәселен, халық ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.

Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.

Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.
Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [18]

Қорытынды:
«Білім негізі - бастауышта» - деп, тегін айтылмаған.Бұл ұзақ жылдар бойы қиыны мен қызығы қатар жүретін педогогикалық мол тәжірибеден алынған сөз. Ия білімнің берік негізі бастауышта қаланады, яғни болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушының дүние танымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтана түседі.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам – бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді.

Дамыта оқыту идеясына негізделген жаңа буын оқулықтарында бастауыштан бастап, өз бетінше оқытуды үйрету көзделеді. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Бастауыш мектептер ерекше көңіл аударатын оқу-тәрбие жұмысының бір саласы, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Яғни,бастауыш мектептерде білімнің негізі қаланумен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктерді қалыптасуға қажеттілігі жоғары.

Қорытындылай келе:

1.Оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыс теория практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

2.Оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыс білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға игі әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.

3.Оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыс балалардың логикалық ой-өрісін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, - ал бұл бүгінгі күннің басты талабы.

4.Оқушылармен дүниетану сабағында оқып үйренетін, машықтанатын және тексеретін өзбетінші жұмыс түрлерін ұйымдастыруда олардың шығармашылық іскерліктері дамиды.

5.Оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйретудің нәтижелі болуы мұғалімнің сол пәнді қолданатын әдіс тәсіліне, ұсынылатын материалдардың мазмұнына, балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, материалды оның ой-өрісін дамытарлық дәрежеде іріктеп бере білуіне байланысты, ал бұл балалардың қоршаған дүние туралы ойлауын дамытады, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін дамытады.

Дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы — оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің үдемелі алға басқан дамуының маңызды шарты. Оқушыларды ұжымдықпен жүзеге асырылып жатқан өз деңгейі бойынша дербестік әрекетке сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қосу таяу аймақтан өзекті даму аймағына оқушылардың өте маңызды біліктілігінің тез арада көшуіне ықпал жасайды.

Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.

Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.

Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімнің жиынтығы ол таным процесі. Дүниетануды оқытудың мәні осында жатыр.

“Дүниетану” сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні өте зор. Оқушылар бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану қажет.

Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Дүниетану сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.“Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. Алматы, 1998.

2. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Алматы, 1998.

3.“Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. Алматы, 1998.

4. бастауыш мектеп. Қоршаған ортаны тікелей табиғатта жүргізілетін іс әрекеттері арқылы тану. 3-4, 2014
5.Білім көкжиегі. 3.2013
6.Исползьзования учебника в самостоятельной работе школьника.(Проблемы школьного ученика.(Сборник)). Вып. 2.- М.: Просвещение,1974-66-77с.
7.Білім көкжиегі. 8.2013
8.Самостоятельная работа учащихся. Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1984.
9.Қазақстан мектебі 2003, №9 (өзіндік жұмыс - кәсіби біліктілік көзі)
10.Теория и методика воспитательной работы Под рук.Л.В.Байбородовой, А.Э.Мельников, Ярославль 2000.
11.Әдіскер мұғалім 2005, № 3 (өзбетінше жұмыстарды
ұйымдастыру)
12. Научная организация педагогического процесса на основе его интенсификации и оптимитизации. Бабанский Ю. К. Москва. Педагогика. 1988 г.

13. Бастауыш мектеп. Оқушылардың өзіндік жұмыс ұйымдастыруның маңызы. 4,2012
14. Алматы. Дәуір. Универсал-фото. 2004-2008 жылдар.
15. Самостоятельная работа учащихся на уроке. Есипов Б. П. Москва. Педагогика. 1961г.
16. Оқыту процесін технологияландыру. Кобдикова Ж. У. Алматы. Ақжелкен. 2000ж.
17.Қазақстан мектебі. Алматы. Дәуір. 2004-2006 ж
18 Технология организаторской деятельности школьников. Ушанский Л. И. Москва. 1980 г.

19. Жаратылыстану негіздер және дүниетануды оқыту әдістемесі. М.К. Естұрсынова, Ш.С.Набиолдина

20. Бастауыш мектеп. Бастауыш мектеп оқушыларына сапалы білім берудің негізгі бағыттары. 2,2014

21.Класс жетекшісінің жұмысы. Р.Капралов, Алматы 1983

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных