Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 3 страница




Суарудың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суару үш түрге бөлінеді:

1.Беткейлеп, немесе беткі жағынан суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суару бороздалары,алқаптары және атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған.

Бороздамен суару әдісі.Қолдану шараттары: Әдетте бороздалармен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін (мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек, орман алқаптары), ал кейде дәнді дақылдары (себілген бороздалар) суару үшін де қолданылады.

Бороздаламен суару егістік мөлшері 0,02....0,03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі.Суды бороздалар бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін лоарды еңңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады.Суарудың бұл әддісін сорланған топырақтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін бороздалар жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян, еріген тұздар көтеріледі.

Бороздаладың классификациясы.Бороздалар өздерінің тереңдігіне қарай тайыз - 8...12см, орташа - 12....18см және терең- 18...22 см болып үшке бөлінеді, ал су ағызу жағдайына карай суды үздіксіз ағызып тұратын (су тлотырылмайтын) және доғал (сумен толтырылған); көрінісіне қарай - парабола, трапеция тәрізді; бермалы, террасты және саңылаулы бороздалар, ұзындығы жағынан - ұзын және қысқа бороздаларға бөлінеді. Суару бороздаларын жерге орналастыру.Суару бороздаларын КОН-2,3; КОН-2,8;КОН-2,8-П; КРН-4,2 аспалы культиватор - қопсытқыштары арқылы тіледі. Жоғарыда көрсетілген бороздалар өзінің көрінісіне қарай трапеция, немесе парабола тәрізді болады, лоардың түбінің ені 10см болып терендігі 12....22см болады және олардың баурай қатынасы 1:1 болады. Суармалы көкөніс шаруашылығында көшет отырғызатын машиналамен сепкіштерді пайдалану үшін террасты бороздалар мен бермалы бороздаларды қолданады. Бұл бороздалады тілу үшін культиваторлаға қопсытқыштар орналастылады. Сіңіру суару жұмыстарын ұйымдастырғанда сушылардың жұмыс өнімін арттыру үшін кейбір жағдайларда тереңдігі 35-40см саңылаулы-борздалар тілінеді.Оны тілу үшін арнаулы-саңылаулы-борозда жасаушылар қолданылады. Сулану нұсқасының бірігу шарттарына сәйкес жеңіл топырақтар үшін бороздалардың білік аралыға 0,5....0,6м орташа топырақтар- 0.8....1,1 м болады. Еңістің мөлшері і-0,0005 болғанда бороздалардың ұзындығы 50...80м-ге тең деп саналып, ал ол і-0,001 болғанда 40....60м және еңіс і-0,002 болғанда борозданың ұзындығы 30....40 м-ге тең болады. Суды үздіксіз ағызып тұратын (сумен толтырылмайтын) бороздаламен суару.Бұндай бороздалар шаршы-ұзлап және қатарлап себілген барлық отамалы дақылдарды бетіс, еңістігі і-0,002....0,02 мөлшеріндегі учаскелерді суару үшін кеңінен қолданылады.Тайыз және орташа бороздалар арқылы суару дақылдардың қатар аралықтарын баптауға және өнімді жинау жұмыстарын механикаландыруға кедергі жасамайды.Сондай-ақ бұндай бороздалармен суарғанда лоарға жіберілетін су мөлшері тұрақты және құбылмалы болады.Борозда соңындағы артық су төменге ағызылып жіберіледі.Бороздаларға жіберілетін су мөлшері тұрақты болған жағдайда су оның ұзындығының 85...90% тең бөлігіне жеткеннен кейін оған су жіберу тоқтатылады.Борозданың қалған бөлігі судың өздігінен ағып баруы арқылы дымқылданады.Бұл бороздалардың кемшілігі-олар біркелкі дымқылданбай, бас жағы мол, ал соңғы жағы аз дымқылданады. Еңістің мөлшері үлкен және топырақ ауыр болған жағдайда су борозданың аяғына жеткенде топырақ қабаты толығынан дымқылданып үлгермейді, сондықтан артық су төменге ағызылып жіберіледі.

2.Жаңбыралатып суару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлтқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып,онда тамшыларға бөлініп жер бетіне табиғи жуын тәрізді жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатын, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта суарудың бұл әдісі шаруашылықтарда өте көп тараған.

3. Егісті астыңғы жағынан суару әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі.Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде.

Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.Суару микроклиматқа, сондай-ақ топырақ қабатында болатып физикалық, химиялық, биохимиялық және биологиялық процестерге өте күрделі және әр түрлі ықпал тигізеді. Суарудың топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін ықпалы өте күрделі: топырақтың дымқылдығын, температурасын, жылу сыйымдылығын,механикалық құрамын,борпылдақтылығын, құрылымын,су өткізгіштігін,ылғал сыйымдылығын,топырақ бөлшектерінің тіркесу күшін,әр қабатындағы химиялық элементтер мен қосындылардың мөлшерін және бөлінуін,жер асты суларының деңгейін,минералдығын өзгертеді. Құрған топырақтың жылу сыйымдылығы сумен салыстырғанда бірсыпыра кем болады.Жаздық ыстық айларында су ауа мен топырақтан суығырақ болады.оған керісінше, жазғытұрым және күзді күндері су ауа мен топырақтан жылы болады.Ал дымқылды топырақ, құрған топырақпен салыстырғанда күндіз жылулықты көбірек сіңіріп,ал түнде ауаның жер бетіне жақын жатқан қабатының ылғалдануының салдарынан жылылықты кемірек таратады.Осыған байланысты жазды күндері дымқылды топырақ құрғақ топырақпен салыстырғанда суығырақ,ал суық айларда жылырақ болады. Дымқылданған топырақтың бөлшектереінің тіркесу күшінің кемуімен бірге, сазды және саздақ топырақтардың беріктілгі кемиді, ал бұған керісінше, дымқылданған құмды топырақ қатая түседі.Бетіне су жайылған топырақтың түйіртпектері ыдырап, тіпті жойылып та кетеді.Құрғағаннан кейін сазды топырақтардың бетіне қатты қабықтар пайда болып, оларды мезгілінде қопсыту қажет болады. Суаруға пайдаланатын судың құрамында кездесетін асылмалы таспалардың топырақ бетіне шөгілуінің және тереңгі қабатына өтіп кетуінің салдарынан оның механикалық құрамы өзгереді. Суаруға пайдаланылатын судың бойында ерітілген минералдық және органикалық қоспарлар болады.Суаруға пайдаланылатыныза суының минералдығы жоғары болады да, өзен суаларының минералдығы кемірек болады.Топыраққа сумен бірге кіретін азот,калий және фосфор қышқылы ондағы керекті заттардың қорын молайтады. Сонымен қатар суаруға пайдаланылатын су топырақ бойында кездесетін химиялық коспаларды жақсы еріткіш болып саналады.Сондықтан жеңіл еритін калий, азот және басқа тұздар сумен бірге топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына ауысады.Ал суару нормасының мөлшері өте жоғары болған және топырақты шайып суарғанда олар топырақтың өсімдіктердің тамыры орналасқан негізгі қабаттарынан төмен өтіп кетіп, топырақтың сапасы төмендейді. Дегенмен,пайдалы тұздармен бірге зиянды тұздары да шайылып кетіп,топырақтың сапасы жақсарады.Кезекті суару аралығында су өзінің құрамындағы ерітінді тұздармен бірге топырақтың қыл түтіктері арқылы жоғары көтеріліп буланады да, ол тұздар топырақтың жоғарғы қабатында қалып қояды.Сөйтіп, өсімдіктердің өсу дәуірі кезінде жүргізілетін суару жұмыстары су мен минералды тұздардың үнемі қозғалыста болуына себебін тигізеді.Осының салдарынан уақ топырақпен тұздар төменгі қабатқа түсуімен бірге ерітінділердеп ажырап, су мен ауаны өте аз өткізетін қатты қабат жасайды.Осы қабаттан өсімдік тамырлары төмен өте алмайды және суарған кезде топырақтың онда төмен жатқан қабатын дымқылдандыру қиындап, жоғары жатқан қабатының дымқылдығы мөлшердеп артып кетеді. Топырақтың төменгі қабатынан судың қайтуы қамтамасыз етілмеген жағдайда жерді мол суарған ыза судың деңгейі көтеріліп, суармалы жердің батпақтанып кету қаупі туады.Сондай-ақ ыза судың құрамындағы тұздар зиянды болған судын жер бетінен көп мөлшерде буланының салдарынан оның жоғарғы қабатында тұздар шөгіліп, топырақ қайтадан сорланып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Жер суару топырақтағы микробиологиялық процестерге пайдалы ықпалып тигізеді.Ол анаэробтық микробтардың әрекетін жылдаидатып,өсімдік қалдықтарының минералдануын бәсеңдетеді және қарашіріктердің жиналуына ықпалып тигізіп, нитрификациялық процестерді күшейтеді.Дегенмен, дымқылдығының белгілі мөлшердеп артып кетуі оның жоғарғы қабаттарында нитраттарды азайтады.Жер суару жауын құрттарының өсіп-өнуіне қолайлы ықпалын тигізіп, топырақ құрылысын жақсартады. Соңғы ек-үш жыл ішінде жол картасы бағдарламасы бойынша су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын қолға алудың нәтижесінде 103,0 мың га суармалы жерлер қайта айналымға қосылып 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Оның ішінде 20011 жылы 44,3 мың га, 2010 жылы 32,2 мың га, ағымдағы жылы 26,5 мың га суармалы жерлер айналымға қосылды.

Суармалы жерлерді жақсарту және қалпына келтіру:

- 189,5 мың га пайдаланылмайтын жерлер анықталған, оның шінде 103,3 мың га тәлімі жер және 86,2 суармалы жерлер;

- 44,6 мың га жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 1196 км су жүйелері;

- қалпына келтіріледі. Аталған жұмыстарға 2,7 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді;

- осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 86,7 мың га суармалы жерлер кепілді түрде;

- ағын сумен қамтамасыз етіледі. Қосымша 30 мың жұмыс орны ашылатын болады;

- 11 320 км каналдардың түгендеу жұмыстары өткізілді. Анықталғаны: 526 км апатты;

- жағдайда, 162 км иесіз, 235,8 км республикалық меншікте, 2574 км жеке меншікте;

- каналдарды коммуналдық меншікке және аппатты каналдарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылады [31].

 

Кесте 1. Егін шаруашылығының инфрақұрылымын дамыту

 

  2011ж. 2012ж. 2013ж.
Тамшылатып суғару әдісін енгізу, га      
Жылыжай салу, га     -
Көкөніс қоймаларын салу, мың тонна      

 

Жылыжай, тамшылатып суару әдісі. Негізгі мәселенің бірі - республика халқын көкөніс-жеміс өнімдерінің барлық сапалы түрлерімен қамтамасыз ету. Ерте пісетін көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуға жылыжайлардың қосатын үлесі мол.
Бүгінгі күні жылыжайлар көлемі 151 пайызға ұлғайып, 315 га жетті. Жыл соңына дейін 370 га жеткізілетін болады.
2012 жылдың тапсырмасына сәйкес, тамшылатып суару технологиясы аудан мен қалаларда қосымша 4852 гектар жерге ендіріліп, тапсырма 40,1 % орындалды, жыл соңына дейін тамшылатып суару әдісін 19,0 мың гектарға жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

 

2.1 Облыстың ауыл шаруашылығы жерлеріндегі аграрлық сектордың жағдайы.

Аграрлық сектор қай кезден де күрделі сала болып табылады. Ел реформасын жаңғыртудағы аграрлық саланың реформалары әрдайым қйындықпен келеді. Мұндай реформаның негізгі мақсаты, жалпы экономикадағы сияқты, отандық өнідірістің тиімділігін көтеру, оның көлемін өсіру, өнім сапасын жақсарту және өзіндік құнын әлемдік рыноктағы бәсекелестік дәрежесіне дейін төмендету.

Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығының болашағы фермерлердің қолында екендігі белгілі және олар барынша ірі әрі материалды- техникалы қ ресурсы мықты, бәсекеге жарайтын өнім шығаратын фермерлер болуы керек. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту және оның тиімділігін көтеруде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді ұйымдастырудың маңызы зор. Облыс бойынша 2009 жылдың қаңтар айының 1 жүлдызына 67,1 мың шаруа (фермерлер) қожалығы тіркелген, оның 89,6%- белсенді шаруашылықтар қатяуына жатады. Шаруа қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлык шаруашылықтың 33,0%); Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қ.ә. (10,6%о) тіркелген.

2013 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарынында 159,8 мың адам жүмыс істеді, оның 49,7%- Мақтаарал, 9,3%- Шардара аудандарының қожалықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.

Ауылшаруашылығы дақылдарын және мал өсіретін жерлерді қамтамасыз етіп қана қоймай, оны экспортқа шығару мүмкіндігін де иелене алады. Бірақ бұл бағыттағы мүмкіндіктер толық игеріленуде. Яғни, бұл саладағы жұмыстың негізгі рыноктық күштерді дамыту мен бәсекелестікті жетілдірудің нақты заңға сәйкес болуына және мемлекет тарапынан қолдауға негізделуі керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы егіншілікпен және дамыған мал шаруашылығымен айналысатын ірі өңір болып табылады. 2014 жылдың қаңтар-наурызында облысты тұтас алғанда ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі, республиканың ағымдағы орташа бағасымен, 8500,4 млн.теңгені құрады, бүл 2009 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4% артық.

Ағымдағы жылдың үш айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 61,9 % мал мен құс етінің өндірісіне, 28,8%- сүт, 4,5%- жұмыртқа және 4,8% басқа да өнім өндірісіне тиесілі.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Сарыағаш 16,8%, немесе 1425,5 млн.теңге. Сайрам-тиісінше-14,6% немесе 1240,6 млн.теңге және Түлкібас аудандарыында- 10,9%немесе 922,6 млн.теңге.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша егістік алқабы 762,8 мың гектарды құрады. Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының басым бөлігіне техникалық дақылдар (40,2%), дәнді және дәнді бүршақты дақылдар (29,7%) және жемдік дақылдар (23,4%) егілді.

 

 

2.3 Оңтүстіктегі ауыл шаруашылығындағы егістіктер

Биыл облыста ауылшаруашылық дақылдары 739,4 мың гектар алқапқа орналастырылды, бұл Агро азық-түлік бағдарламасынан 14,4 мың га артық және өткен жылға деңгейден 7,1 мың га-ға.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымында егіндік жерлердің (876,4 мың га) көлеміне қарағанда жайылым жерлердің (9095,8 мың га) аумағы үлкен.

Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы Қазақстандағы барлық жер көлемінің 11724,9 мың гектарын алып жатыр, немесе 4,3%.

Жер санаттары бойынша:

- ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6 мың гектар;

- елді мекендердің жерлері 693,9 мың га;

- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 61,4 мың га;

- ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 311,1 мың га;

- орман қорының жерлері 3133,7 мың га;

- су қорының жерлері 134,2 мың га;

- босалқы жерлер 2755,9 мың гектар;

Барлық жер: 11724,9 мың гектар.

Ауылшаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6 мың га, оның ішінде (сурет 6):

- егістік жер 860,8 мың га, ал суармалы егістік жері – 450,7 мың гектар;

- көп жылдық екпе ағаштары- 27,3 мың га;

- тыңайған жер – 161,9 мың га;

- шабындық – 140,5 мың га;

- жайылым – 3316,1 мың га(сурет 9);

- басқа да жерлер – 129,0 мың гектар.

 

 

 

Сурет 6. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына жарамды жерлері

 

Жылдар            
             
Бүкіл егістік көлемі 206 557 221 743 235 973 238 930 247 408 247 761
Дәнді және дәнді–бұршақты дақылдар   110 969 117 436 96 457    
          115 449 121 770
оның ішінде:            
бидай (күздік және жаздық) 96 305 101 145 104 443 77 731 96 672 90 936
арпа (күздік және жаздық 7 194 5 497 7 238 13 670 13 752 22 249
жүгері 2 422 3 335 4 948 4 125 3 736 7 819
күріш            
дәнді - бұршақ дақылдары            
Техникалық дақылдар 51 765 66 343 69 335 82 068 67 674 58 887
оның ішінде:            
мақта 7 282 7 102 8 373 6 444 6 595 6 521
дән алуға арналған күнбағыс 1 442 1 002     1 169 1 597
Картоп, көкөніс-бақша дақылдары, барлығы 6 149 7 041 8 800 10 554    
          8 606 9 488
оның ішінде:            
картоп     1 168 1 087   1 096
көкөніс 2 504 2 493 3 432 2 985 2 864 2 324
бақша дақылдары 3 147 3 636 4 186 6 482 4 852 6 068
Мал азықтық дақылдар 42 371 37 377 40 303 49 742 55 438 57 584
Жеміс-жидек екпелердің (көшеттердің) барлығы 2 521 2 535 2 959 3 448    
          3 278 3 112
Жүзімдік, барлығы 1 821 2 120 2 643 3 044 2 561 3 077
Таза парлардың көлемі 23 135 - - -    
(тыңайтылғаң ықтырмалы, сонымен қатар қара парлар енгізіледі)            

 

 

Дәнді дақылдар алқабы 231,7 мың га құрады немесе бағдарламадан 16,7 мың гектарға артық. Оның ішінде 182,2 мың гектар бидай егілген (бағдарлама бойынша — 180 мың га.).

Мақтаның рентабельдігінің жоғарылығы, кепілдік өткізудің мүмкіндігі, ауыл шаруашылық саласында сұранысқа басымдылығы мол болып анықталды. Сол себебті нақта егілгені 199 мың гектар, бұл бағдарламадан 29,0 мың га-ға артық және өткен жылдан 28,8 мың га-ға. Көктемгі ауа-райының қолайсыздығына байланысты, барлық егілген мақта көлемінің 45,1 мың гектары қайта себілді. Қазіргі кезде егістікке агротехникалық іс-шаралар жүргізілуде және мақтаның жағдайы жалпы қанағаттанарлық.

Қырғы жерлерді қолайлы пайдалану мақсары егісінің алқабын ұлғайтуға әсерін тигізді, ол өсімдік май өндірісі үшін негізгі шикізат ресурсы болып табылады.Бұл дақыл үшін 59,6 мың га алқап жіберілді, бағдарламадан 11,6 мың га-ға артық және 2009 жыл деңгейінен 21,8 мың га.

Облыс республикадағы ең үлкен көкөніс жөне бақша енімімен жабдықтаушы болып табылады. Биыл көкөніс-бақша дақылдары 41,1 мың гектарда бапталуда (бағдарлама бойынша 40,0 мың. га.). Барлық егілген дәнді дақылдардың ішінде арпа, бидайы 203 мың га құрайды. Оның 2,5 мың га орылымға жатпайды. Қазіргі кезде облыс тауар өндірушілері орым қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңга 101,7 мың гектар орылды немесе орылым алқабының 51%. Орташа өнімділігі гектарына 17,4 центнер жалпы 177,4 мың тонна дән алынды.

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардагы № 70 қаулысына сәйкес көктемгі дала жұмысын жүргізу үшін облыстағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне республика бюджетінен 120 млн. теңге бөлінді. 2003 жылғы жарты жылдықта облыс әкімінің «Харрикейн ойл Продактс» ААҚ басшыларымен келісімі бойынша көктемгі дала жұмысына ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілді. Тағы да, орылым кезінде 10 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілуіне жұмыс жүргізілуде. Бұл қаржылар көктемгі дала жұмыстары үшін және қазіргі орылым кезінде агроқұрылымдарға үлкен көмегін тигізуде.

Дақылдардың өнімділігін арттырудың ең бірінші факторы, ауылшаруашылық өндірісінде тыңайтқышты тиімды пайдалану болып табылады. Бірақ, тауар өндірушілердің қаржы қабілеттігінің жоқтығынан, минералды тыңайтқыштардың сату бағасының жоғарылығынан қажетті көлемде тыңайтқыштар жерге қажет мөлшерінде берілмейді. Өткен жылы минералды тыңайтқыштар алуға субсидия берілгендіктен тауар өндірушілердің жерге тыңайтқыш беру көлемін өсіруге себебін тигізді.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 3,5 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидиялануға жатады. Оның ішінде бүгінге 2,4 мың тонна алуға кілісім шарт жасалған, бұл көзделгеннің 68 пайызын құрайды. Кептеген тауар өндірушілірдің келісім шарттан бас тарту себебі, әлі де болса тыңайтқыш бағасының жоғарылығы (аммофос тоннасына 13236 тенге). Ағымдағы жылы бағдарламамен элиталық тұқым шаруашылығын дамытуға 43,3 млн. теңге сибсидия болу қарастырылған. Бұл қаржы республика бюджетінен элиталық тұқымды сату шамасы бойынша бөлінеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных