Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 5 страница




2) белгілі бір кезенде ауыл шаруашылығы дақылдарының бір гектарына пайдаланылған судың орташа мөлшері. Ол л/секпен белгіленеді. Гидромодуль екі түрлі: су пайдалану (арық-атыз жүйесінде сіңген суды есептемегенде 1 га жерге жұмсалған су) және суды жіберу (арық-атыз жүйесінде сіңтен суды қоса есептегенде егістікке жұмсалған су). Бір не үш дақылды бірден суарғанда олардың гидромодулі мен жұмсалатын суы қосып есептеледі. Суармалы жердегі каналдар мен құбырларды есептемегенде, бүкіл суару кезеңінде бұл телімге жұмсалатын судың мөлшерін де анықтайды. Бұл үшін барлық суарудың гидромодулін есептеп, суару қалыбы, суару мерзімі белгіленеді, суармалы жердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының не бүкіл суару жүйесінің пайыздық (%) арақатынасы анықталады. Гидромодуль кестесі не суды пайдалану жоспары жасалады. Кестеде әр дақыл бойынша суарудың гидромодуль мөлшері көрсетіледі. Шаруашылық ішінде су: әр дақылды егіп-өсіру жоспары, суару тәсілі мен мерзімі, тәулік сайын суарылатын жер аумағы, дақылдардың күйі ескеріліп, бөлінеді. Жаңа суару жүйесін есептегенде кестедегі гидромодульдің ең көп және аз мөлшері ескеріледі. Қуаңшылық аудандарда гидромодуль мөлшері жоғары болады. Гидромодульдің ең аз мөлшері 0,4 л/сек-тан кем болмағаны жөн.

Суару нормасы - 1) бір гектар жерді бір рет суаруға қажетті судың көлемдік мөлшері. Әдетте, суару нормасы бір гектар жерге бір текше метр мөлшерімен өлшенеді. Шаруашылыққа жіберілетін судың жалпы мөлшерін анықтау үшін ондағы барлық ауыспалы егістіктерге арналған гидромодульдің үйлестірілген (жинақталған) жалпы графигі (суарылу) уақыт және әр дақылға қажетті су көлемі аркылы құрылады. Бүл жағдайда шаруашылықтардағы суарылатын барлық егістік көлемі бірге тең деп есептесек, әрбір жеке ауыспалы егістік көлемі соның үлесі болып саналады. Үйлестірілген жалпы графикте ауыспалы егістің гидромодульдері кезекпен ауысып келіп тұрады. Ол үшін ординаталары алдын ала, жалпы шамасының тиісті мөлшеріне көбейтіледі. Осылай қүрылған график шаруашылықтағы барлық дақылдардың суару режімін сипаттайды. 2) бір гектар егістікке бір рет суарғанда берілетін судың мөлшері (м3/га). Суару нормасының өлшемді саны топырақтың сулы-физикалық қасиетіне, жер бедеріне, дақылға, суару тәсілі мен технологиясына байланысты болады. Суару нормасын анықтау кезінде топырақтың есепті қабатындағы ең төменгі ылғал сыйымдылығы негізге алынады.

Суару саны және судың шығыны.Суару саны- дақылдарды маусым ішінде неше рет суаратынын көрсететін анықтаушы сан. Дақылдың өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару санын суармалау және суландыру нормасының өлшемімен анықтайды: n= М/m, мүндағы n — өсіп-өну, даму кезеңіндегі суару саны; М — суармалау нормасы; m — орташа суару нормасы. Суаруға арналған судың шығыны—жер суаруға арналған судың біраз бөлігінің суарылатын жерге жетпей жолда жоғалуы (сүзілу процесі мен булану). Судың пайдасыз жоғалу мөлшері гектарына миллиметр қабат, текше метр немесе жалпы көлемінің шығынымен өлшенеді. Қажетті су көлемін есептеу барысында шаруашылықтағы су шығыны (судың шаруашылықта тиімді пайдаланылмауынан болатын шығындар), судың табиғи шығыны (булану, өте терең жер қабатында өтетін сүзілу және т.б.) тәрізді шығындарды ескере отырып, суды пайдалану жоспарының теңдестігін есептеп шығарады.

 

2.4 Суару техникасы мен тамшылатып суару әдісі

 

Суару техникасы — суару жұмысын іске асыратын техникалық әдістер. Оларға: жүйекпен, тақтамен, мөлтекпен, жаңбырлатқышпен, тамшылатқышпен, құбырлармен суарғанда пайдаланылатын қондырғылардың суару элементтері жатады. Ауыл шаруашылығы саласының дамуын тежеп тұрған негізгі мәселелердің қатарында су және жер тапшылығы жиі аталады. Жалпы, ауылшаруашылық дақылдарын көл-көсір етіп өсіріп, ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспортқа да жүздеген мың тонна өнім шығаруға Қазақстанның суы да, жері де жетеді. Бір ғана Израильді алып қарасақ жеткілікті. Сарқырап ағып жатқан суы, шұрайлы жері де жоқ. Сөйте тұра таулы және шөлейтті аймаққа қоныс тепкен мемлекет шетелге ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруда алдына жан салмайды. Мұның бар сыры – көкөніс өсіруде тиімді тәсілдерді қолдануда. Егісті тамшылатып суару әдісі арқылы өсіруге болатынын дәлелдеп, жүзеге асыра білді. Қарапайым тәсілмен егілген көкөністен тамшылатып суаруда өнім екі-үш есеге дейін артық жиналады. Әлбетте, жаңа технологияны кеңі­нен қолданысқа енгізу арқылы қазақ­стандық агросектор да осындай жетіс­тіктерге жете алады. Қолдағы барды бағалап, суды үнеммен қажетке жарата ал­сақ отандық аграрлық секторды жаңа деңгейге шығаруға болатыны анық. Өкінішке қарай бізде су мен жерді игерудегі стандартымыз басқа. Ал осы саладағы кемшіліктерді толық жоймайынша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Суару техникасының элементтеріне қойылатын талаптар.Суару техникасының элементтеріне бороздалардың ұзындығы мен оның көлденең кесіндісі, жұмсалатын су мен оны бороздаға жіберу мерзімі жатады. Суару техникасының элементтері шамамен талдау, немесе графикалық талдау есептерін жүргізу және арнаулы тәжірибелер жүргізу нәтижелері арқылы анықталады. Суару техникасының элементтерін есептеу.Суару учаскесінің белгілі жағдайында борозданың көлденең қимасының нақтылы көлемі мен судың ағу жылдамдығы және оған жіберілетін судың мөлшері мен оның топыраққа сіңу мерзімі анықталады. Дана халқымыз «судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Қазақстанның су ресурстарына деген тәуелділігі күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бірі. Транс­шекаралық өзендерді бірлесе пайдалану бағытында тиісті іс-шара­лар қолға алынып жатқанымен, Қыр­ғызстан мен Өзбекстан тарапынан оқтын-оқтын келісімдерді бұзу, ағын су жіберуді шектеу секілді әрекеттер орын алып тұрады. Соңғы үш жылда оңтүстіктегі су тапшылығының түйіні тарқатылмай әбден шиеленісе түскен мәселеге айналғаны соншалық, Үкімет диқандарға ылғалды көп қажет ет­пей­тін дақылдарды егіңдер деген талап қоюға көшті. Әсіресе мақта алқапта­рын азайтуға айрықша назар аударыл­ғандықтан Мақтаарал ауданында бұ­рын 120 мың гектарға ақ алтын өсіріліп келсе, енді оның көлемі 30-40 мың гектарға дейін кеміп кетті.
Мұндайда біз үшін ең тиімді жол қандай болмақ? Көрші елдерге деген тәуелділіктен қалай құтыламыз? Бұл сұраққа мамандар бірауыздан «жаңа технологияларды енгізіп, суды үнемдеу жолдарына көңіл бөлу қажет» деп жауап береді. Шындығында елімізде су ресурстарын үнемдеуге деген ұмтылыс тым аз, кеңестік дәурде қалыптасқан ескі көзқарастан әлі де арыла алмай келе жатырмыз. Ерте ме, кеш пе Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласы су үнемдеу технологияларын толық енгізетіні анық. Дегенмен, мұнда жай­басарлыққа салынудың қажеті жоқ. Сарапшылардың айтуынша, тамшы­латып суару әдісін кеңінен қолданған жағдайда қазіргі су мөлшері бар­лық қажеттілікті өтеуге жетеді, тіпті артылып қалуы да ғажап емес. Бас­ты мәселе – су ресурстарын тиімді түр­де пайдалану. Тамшылатып суару жүйесінің ар­тық­шылықтарын дәлелдеп жатудың өзі артық. Рас, оны орнатып, іске қосуға қомақты қаражат қажет. Дегенмен, есептеулер көрсеткендей, бірнеше жыл ішінде жұмсалған шығын толы­ғымен өтеліп, кейінгі жылдарда өнім­нің өзіндік құны анағұрлым төмен­дейді. Жұмсалатын су шығыны үш есе аз болатыны өз алдына, бұл технология тыңайтқыштарды да екі есе үнемдеуге жол береді. Сондай-ақ жұмысшы күшке деген қажеттілік төмендейді. Ең бастысы өнімнің өнімділігі анағұрлым арта түседі. Соған қарамастан жаңа технологиялар күні бүгінге дейін қанатын кеңге жая алмай отыр. Елімізде бір гектар алқапқа жұм­салатын су мөлшері қалыпты деңгейден артық. Суды пайдалану коэффициенті өте төмен. Айталық, республика бойынша су пайдалану коэффициенті 0,72 текше метрді құрайды. Бұл олқылық – негізінен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән жағдай. Атап айт­қанда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында су пайдалану коэффициенті 0,6 текше метрді шамалайды. Сондықтан бұл деңгейді көтеруді ұмыт қалдыруға болмайды. Өркениетті елдерде 1 текше метр суға 2,5-6 келі ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Ал бізде оның көлемі небәрі 0,4-0,8 келіні құрайды. Бір сөзбен айт­қанда, өнімді алты-жеті есеге аз жинай­мыз. Жаңа аграрлық технологияларға басымдық берген саясаттың арқасында соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару әдісіне жүгінген шаруалардың саны көбейіп келеді. Қазіргі таңда тамшылатып суару әдісін енгізуді 50 пайызға дейін субсидияландырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағытта облыс әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп жұмыс істеуде. Оңтүстіктегі ауылшаруашылық мақ­саттағы жердің мелиоративтік жағ­дайын жақсартуға мемлекеттік бюджеттен 1,8 миллиард теңге қаралған болатын. Оның шамамен жарты миллиард теңгесі күні бүгінге дейін игеріліп қойған. Осы тұста қаржының қалған бөлігі тамшылатып суару әдісін енгізуге жұмсалса деген ұсыныс түсті. Мамандардың есебінше осы қаржының көмегімен облыста тамшылатып суаруға кемі 10 мың гектарды өткізуге мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде бірқатар ірі шаруа қожалықтары жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге құлшынып отыр. Субсидия мәселесінің оңтайлы шешілуі Оңтүстіктің ауыл­шаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек. Соңғы дерекке жүгінсек, облыстағы тамшылатып суару әдісі 12 мың гектар жерге енгізіліп үлгерген. Субсидия бөлінетін болса екі жыл ішінде бұл көрсеткішті 50 мың гектарға жеткізудің мүмкіндігі бар.
Оңтүстіктегі ауылшаруашы­лығы­ның дамуына ықпал жасайтын және бір қадам жер қорын тиімді түрде пайдалана білу. Шыны керек, елімізді аралаған шетелдіктер бос жатқан жерлерді көріп таңданысын жасыра алмай кетеді. Біраздан бері облыстағы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді анықтау ісі қолға алынды. Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі бос жатқан жерді тиімді түрде игеріп, осы арқылы мемлекетке кіріс әкелетін пайданы арттыру жайлы тапсырма берген болатын. Мәселен, мыңдаған гектар жерін игермей жатқан агроқұрылымдар бар. Мұндайлар жерді не жалға беріп күн көреді, немесе тіптен шөптің басын да сындырмайды. Жалға берудің құны тым жоғары болғандықтан оған сұраныс та болмай, нәтижесінде мыңдаған гектар жер бос жатыр. Бұл жағ­дайды ретке келтірудің бірнеше жолы бар. Қазіргі таңда көрсетілген мақсатта пайдаланылмай жатқан немесе мүлдем пайдаланусыз жатқан 265 мың гектар жер анықталған. Оның 32 мыңы егістік жерлер. Жыл басынан бері мемлекетке 90 мыңнан астам гектар қайтарылып үлгерді. 4300-ден астам гектар егесіз жат­қан мүлік ретінде танылып, есепке алынды. Сондай-ақ, 57 мың гектар жер­ге қатысты әкімшілік шара қолдану үшін тиісті құжаттар әзірленуде. Бұл жер қоры регламентке сәйкес егістік жә­не жайылым жерлерге деген қа­жеттілігі бар агроқұрылымдарға бай­қау ұйымдастырылатын болады. Тамшылатып суару әдісі арықпен суару және жаңбырлатып суару әдістеріне қарағанда тиімді. Бұл жаңа технологияның агрономдық, агротехникалық, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан артықшылығы жоғары. Арықпен суару өнімділігі 20-35 пайыз, жаңбырлатып суару 50-75 пайыз, ал, тамшылатып суару 85-98 пайызға дейін өнім бере алады. Кәсібімде қолданамын деген шаруашылықтар мемлекеттік субсидия арқылы қол жеткізе алады «Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жемшөп, техникалық және май дақылдарын өндіру» инвестициялық бағыты бойынша ықтимал қарыз алушы келесі талаптарға сәйкес келуге тиісті:

- құқықтық қабілетті және төлеуге шамасы келетін болуға;
- үш айдан асқан салық берешегі болмауға;
- қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау сатысына жатпауға;
- кәсіпкерлік қызметте ресми-құқықтық шектеуліктері болмауға;
- мерзімі өткен несие берешектері болмауға;
- жағымсыз несие тарихы болмауға;
- инвестицияланған қаражаттардың қайтарылмау тәуекелдіктерін барынша азайту үшін және қоғамнан алған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолында жеткілікті кепілдікті базасы немесе басқа да ресурстары болуға;
- инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін білікті қызметкерлер құрамы болуға;
- ықтимал қарыз алушылардың тиісті басқару органдарының инвестициялық жобаны іске асыру туралы өз еркін білдіруін растауға;
- ортақ қаржыландыру үшін инвестициялық жобаның жалпы құнынан 15% кем емес көлемінде меншікті және/немесе басқа көздерден тартылатын қаражаттары болуға;
- су ресурстарына мүмкіндігі болуға.
Инвестициялық жобаларға қойылатын талаптар

 

Инвестициялық жобаларға келесі талаптар қойылады:

-өндірілетін өнім көлемін көбейте отырып, жаңа өндірістің құрылуын немесе қолданыстағысының ұлғайтылуын және/немесе модернизациялануын қамтамасыз ету;
- инвестициялық жобаның техника-экономикалық негіздемесінің болуы (бизнес-жоспар);
- өтімділігі және жобаның өтімділік мерзімінің қаржыландыру мерзіміне барабарлығы;
- қазіргі заман технологияларының қолданылуы;
- жергілікті өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін басым пайдалану мүмкіндігі;
- оң таза келтірінді құн есебінің (NPV) болуы және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштерінің тиімділігі (WACC және т.б.);
- жаңа өндіріс құрылатын (салынатын) немесе ұлғайтылатын және/немесе модернизацияланатын жер телімдеріне, сонымен қатар пайдаланылатын жемшөптік жерлерге және инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде пайдалануға және оларды қоғамнан алынған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қоғамға кепілдікке табыстауға жоспарланған басқа жерлерге ауыртпалықтардың болмауы;
- ауыл шаруашылығы, технологиялық жабдықтардың және басқа да жылжымалы мүліктің (арнаулы техника мен жабдықтар, асыл тұқымды мал және т.б.) жеткізушілерін таңдау мәселелерінің пысықталғандығы, жеткізушілермен жабдықтың жеткізілу және монтаж жасалу мерзімдерінің, оның техникалық спецификациясының, сондай-ақ, басқа да шарттардың келіскендігі;
-экологиялық қауіпсіздігі.

Инвестициялық жоба қамтуға тиісті:

- қазіргі заман тамшылатып суару технологиясының ашық жерде енгізілуін.
-жеткізушінің жобаны агрономиялық және техникалық сүйемелдеу уақыты 1 жылдан кем емес.

 

2.5 Облыстағы тамшылатып суару әдісінің кеңінен қолданылуы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қор қаражаты есебінен тамшылатып суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру бағыты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ықтимал қарыз алушыларды конкурс негізінде іріктеу қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді қолдау саласындағы жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету аясында келесі жобалар қаржыландыруға мақұлданған. Соның ішіндегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Иіржар Агро» ЖШС атап өтсек болады. ОЛ тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдаланып мақта өндірісін дамытып отыр.

 

«Иіржар Агро» ЖШС(Оңтүстік Қазақстан облысы)

Жобаның мақсаты: алаңы 339 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, мақта өндіру

Жобалық қуаты: жылына 1 695 тоннаға дейін шитті мақта

Жұмыс орындарының саны: пайдалану барысында – 40

Жобаның жалпы құны: 361,7 млн. теңге

Объект 2012 жылдың желтоқсан айында іске қосылған.

  Кесте 5. Оңтүстік Қазақстан облысының тамшылатып суару технологиясы жайлы 2012 жылғы мәліметтері  
       
Аудандар мен калалар атаулары 2012 жылғы тамшылатып суару., га  
жоспар орындалуы %  
 
1. Бәйдібек     10.7  
2. Қазығұрт   143.6 14.4  
3. Мақтарал     17.4  
4. Ордабасы   354.7 42.2  
5. Отырар   17.3 1.9  
6. Сайрам     2.8  
7. Сарыағаш   360.4 45.1  
8. Созақ   10.0 2.5  
9. Төлеби   231.1 25.7  
10. Түлкібас     48.8  
11. Шардара     101.0  
12. Арыс қ.     123.8  
13. Кентау     22.4  
14. Түркістан қ.     100.9  
15. Шымкент қ.   161.5 55.7  
Барлық облыс бойынша   3855.8 36.5  

 

Кесте 6. Оңтүстік Қазақстан облысының тамшылатып суару технологиясы жайлы

2013 жылғы мәліметтері

   
       
Аудандар мен калалар атаулары 2013 жылғы тамшылатып суару., га  
    Жоспар 4 айдағы орындалуы %  
 
1. Бәйдібек 1,250.0 90.4 7.2  
2. Қазығұрт 1,548.0 91.0 5.9  
3. Мақтарал 813.0 108.0 13.3  
4. Ордабасы 1,047.0 215.0 20.5  
5. Отырар 1,383.0 49.0 3.5  
6. Сайрам 800.0 0.0 0.0  
7. Сарыағаш 700.0 195.8 28.0  
8. Созақ 416.0 154.5 37.1  
9. Төлеби 970.0 156.4 16.1  
  .Түлкібас 700.0 132.0 18.9  
  .Шардара 600.0 160.0 26.7  
  .Арыс қ. 600.0 0.0 0.0  
  .Кентау қ. 250.0 65.0 26.0  
  .Түркістан қ. 700.0 410.0 58.6  
  .Шымкент қ. 93.0 25.7 27.6  
Барлық облыс бойынша 11,870.0 1,853 15.6  

 

 

 

Түркістан қаласы. Тамшылатып суару технологиясы бірінші кезекте мақтаны бақылауда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Жердегі ылғал бірқалыпты сақталады. Тыңайтқыш өсімдік тамырына өз мөлшерінде жеткізіледі. Соның арқасында өнімділік те жоғары болады. Түркістандық шаруалар болашақта мақтаны полиэтиленді кленка астына егуді қолға алмақшы. Ол өсімдік бойына ыстықты дер кезінде жинауына көмектеседі екен. Мақта шаруашылығының қыр-сырын толық меңгерген диқандар әрдайым ғылым мен өндірісті ұштастырып отырамыз дейді. Өнім 15 центнерден аспайтын. Осы жерге екі ұңғыма қазып, арнайы технологияны қолданғаннан кейін 42 центнерге жетті. Гектар бойынша тамшылатып суаруды аз пайдаланғанымызбен екі есе өнім аламыз. Соның есебінен су да, минералды тыңайтқыш та, басқа кететін шығын үнемделеді – дейді, «Тұран ата» шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла Азимов. Бұрын-соңды шаруалар егістік алқабына 10 шақырым жерден ағын суды жеткізе алмайтын. Мақта қанып су ішпеген соң, өнім де ойдағыдай болмаған. Қазір тамшылатып суару әдісінің арқасында шабық та шабылмайды. Өйткені арам шөптерге қарсы химикаттар суға қосылып беріледі. Тіпті күзде барлық өнімді бір сәтте жиып алуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 40 гектар алқапты бар жоғы 5 адам қарайды. Тамшылатып суару технологиясына қажетті қосалқы бөлшектерді шаруа қожалығы өздері шығарады. Мұның алдын сүзгілер мен шлангаларды Израиль мен Қытайдан тасымалдайтын. Қондырғыларды басқа да диқандарға да күзге дейін қарызға береді. Бүгінде Түркістан қаласында 1700 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Десек те, әзірге егін алқабының басым бөлігі баяғысынша арық-атызбен суарылады. Тамшылатып суару әдісінің тиімділігін ұғынған диқандар біртіндеп осы тәсілге көшіп жатқанға ұқсайды. Тамшылатып суару әдісін ендірген аудандар арасында Түркістан қаласы көш бастап тұр. Жылы жай салудан озат аудан- Сарыағаш ауданы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуден озат аудан болып Сайрам ауданы танылды.

Отырар ауданы.Отырар аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырхан Сыздықовтың айтуына қарағанда, жергілікті шаруалар биыл жеті мың гектарға жүгері егуді жоспарлап, оны он екі гектарға асыра орындаған. Ауданда былтырғы жылы 280 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданған болса, биыл оның көлемі төрт есеге дейін артып, 1204 гектарға жеткен екен.Тамшылатып суару әдісін аудандағы «Отырарагроөнімдері» ЖШС-і де кәдеге жарата бастаған. Шаруа қожалығы биыл 400 гектар алқапқа жүгері егіп, әр гектардан қырық центнерден түсім алыпты. Жалпы алғанда, аудан бойынша 400-ден астам диқан жүгері егіп, нәпәқасын айырып отыр деседі. Отырардың тағы бiр басты жаңалығы, жуырда ғана ауданда он мың тонна дән қабылдауға дайын «Отырар-дән» жүгерi кептiру және сақтау зауыты iске қосылды. Енді жергілікті жүгері өндірушілер өнiмдерiн өткiзетiн жер iздеп сабылмайтын болады, яғни олар зауытпен тікелей жұмыс жасап, өз уақыттарын біршама үнемдемекші.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных