Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 6 страница




Бәйдібек ауданы.Облысқа қарасты Бәйдібек ауданында тамшылатып суарудың көлемі 106 гектарға ұлғайған. Қазір егіннің қызған шағы, соған орай, дала төсінде тынымсыз еңбек майданы жүріп жатыр. Бақша өнімдері, жеміс-жидектер базарларға шығарылып, сатылуда. Ал олар қалай егіліп, қандай әдіспен өсіріліп жатыр десек, кейбір шаруа қожалықтарының жұмыс барысына қарай оң баға беруге болады. Бұл әдістің тиімділігіне көз жеткізіп, былтырдан бастап қолға алғандардың ішінде Көктерек ауыл округінен «Агро-стандарт» ӨК-і 5 гектар жүзім алқабын, Жамбыл аумағында жеке кәсіпкер Ж.Айнаходжаев 6 гектар жеміс бауын егіп, қолға алған ісін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ тамшылатып суару әдісін алғаш қолданысқа енгізген Алғабас аймағындағы диқаншы, «Қалдан» шаруа шаруашылығының төрағасы Қалдалы Балабиев бүгінде аталған әдісті таңдағанына дән риза. Диқаншының айтуынша, тамшылатып суарудың тиімділігі сол, біріншіден, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Әрине, мол табысының басты себебі де осы тамшылатып суару технологиясында болса керек. Бұл технология бойынша су тек керек жерге ғана қажетті мөлшерде тамшылатып беріледі, артық су жіберілмейді. Сол себепті топырақ құнарлылығын сақтап, күннің қызуын мол алады, арам шөп те көп өспей, кедергі бола алмайды. Нәтижесінде мол өнім алуға мүмкіндік жасалады. Бақшасында қызанақ, қияр, картоп, орамжапырақ, асқабақ, бұрыш секілді дақылдар жайнап тұр. Суды негізінен Арыстанды өзенінен су сорғыш қондырғы арқылы 200 литр бөшкеге жинап, көкөніске береді. Ал атыз қазып, арық бойымен су жіберушілерге қарағанда, тамшылатып суару бойынша су аз жұмсалғанымен бірге, өнімнің шығымын жақсы береді. Былтырдан бастап 70 соттық жерге тамшылатып суару әдісін енгіздік. Әуелі аздан бастап көрейік, пайдасы қандай болады, қиын тұстары бола ма деген оймен. Бірақ, әзірге жаман емес, алға қарай тұтастай осы әдіске көшіп, алқапты 5 гектарға жеткізу жоспарымыз бар. Негізі бұрын егінді арық арқылы су жіберіп, суарып келдік. Онда су көп кетеді, әрі арамшөп мол шығады, оны уақтылы жұлып отыру керек. Ал, мына әдістің тиімділігі сол, су 16 есеге аз шығындалады, арамшөп деген болмайды,– дейді шаруашылық басшысы.

Қазығұрт ауданы.Қазығұрт ауданында тамшылатып суару әдісі 354,6 гектар жерге пайдаланылды. Қазығұрт ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың айтуынша, жалпы аталған суару жүйесін пайдаланған аумақтың жалпы көлемі 1543 гектар. «Жылдың соңына дейін біз тағы 159 гектарға осы әдісті енгіземіз», - деді аудан әкімі. Б.Қыстауовтың мәлімдеуінше, биыл егістік жердің аумағы - 85 300 га. 40 мың гектар жерден шаруалар 70 мыңға жуық дәнді дақылдарды жинап алды. Бұл ретте орташа өнімділік әр гектардан 17,2 центнерге жетті. «Ауданымызда жоспарлап отырғанымыздан 9,64 га жерге көп жылыжай шаруашылықтары салынды және қазіргі кезде жылыжайлар 73,2 гектар жерді қамтиды», - деді Болатбек Қыстауов. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда да мақтан ететін жайттар бар. Нақтырақ айтқанда, шару қожалықтары 3 378 бас ірі қара мал сатып алды.

Түлкібас ауданы. Былтырғы жылы ауданда жалпы өнім көлемі 34 млрд 824 млн. теңгені құрап, 106,2 пайызға артқан. Оның ішінде өнеркәсіп тауар өнімі - 17 млрд 379 млн. теңге, ауыл шаруашылық өнімі - 17 млрд 445 млн. теңгеге жетті. «Бүгінгі таңда ауданда 32 кәсіпорын жұмыс атқарып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5768 болып, осы сектордың өндірілген өнім көлемі 27 млрд 315 млн теңгені құраған. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 222 млн теңгелік 8 жоба іске асқан. Ал Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 1 млрд 955 млн. теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданды. Ауыл шаруашылығында қосымша 700 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы ендірілген. Төле би ауданы. Аудан экономикасын дамытуға бағытталған инвестиция 18 млрд. 728 млн. теңгеге жеткен. Ұзындығы 56 шақырымды құрайтын үш канал жөнделген. Суармалы жер көлемі 12266 га жетіп, 63 мың га егістік жерге әртараптандыру жүргізілген. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 19 млрд. теңгеге жуықтап, өнімнің нақты көлем индексі 98 пайызды құраған. Тамшылатып суару әдісі 500 га енгізілген. «Балапан» бағдарламасы аясында межеленген көрсеткіш 76,4 пайызды құраған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 1604 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздықтың деңгейі 0,5% төмендеп, 4,5 %-ды құраған. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Көксәйек елді мекеніндегі су өткізгіштің құрылысы аяқталып, Қаратөбе, Тасарық ауылдық округтері елді мекендеріне арналған магистралды су аққысының құрылысы жүргізілген [21].

3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ тиімді пайдалану жолдары

3.1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану ерекшеліктері

''Иелі жер - киелі'' деген сөз бар. Ендігі мәселе мекен етіп отырған жерімізді тазалығы одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты екені даусыз. Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруашылығына қажет, шаруашылыққа пайдаланбай, табиғи күйінде сақталатын жеріміз қайсы, осыны білу, оны адам баласының игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпағымызға дұрыс жеткізу де біздің парызымыз. Сонда бұл игілікті істі неден бастау керек деген заңды сұрақ туады. Біздің ойымызша, ең алдымен республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қалпына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді мелиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану құрылымдары бойынша 27,7% шаруа қожалықтарына, 67,4% мемлекеттік емес заңды тұлғалардың үлесіне тиіп отыр. Шаруашылықты басқару реформалары бойынша ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалану бөлінісін аудандар мен қалалар бойынша есептелініп шығарылып тұрады. Іс әрекеттегі мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы мен инжинерлік деңгейі барлық жағдайларда қойылатын талаптар сәйкес келе бермейді. Қазір егістік алқаптарды түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының аса қажеттілігі туындап отыр. Түгендеудің негізгі мақсаттары: егістік жерлердің жалпы көлемі мен пайдалану көлемдерінің шынайы картинасын ашу, оның мелиоративтік жағдайы мен суландыру жүйесінің техникалық мінездемесін анықтау, егістік жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың іс шарасын әзірлеу мен оны іске асыру және суландыру жүйесінің жағдайын жақсарту.

Жер адамзаттың ауыл шаруашылық қызметінің негізі болып табылады. Оларды азық –түлік ресурстарын мақсатында жақсарту бірнеше принциптік жағдайларды сақтауды талап етеді.ауыл шаруашылығындағы техникалық прогресс деп бұрынырақта ауыспалы егісті енгізу минералды тыңайтқыштарды қолдану, күшті техниканы қолдану деп есептелесе, қазір топырақ қабатында химиялық, механикалық және басқалай кері әсер ететін жағдайларды азайта отырып, өнімділікті көбейтетін техника мен технология элементтеріне көп көңіл бөлінеді.Ауыл шаруашылық еңбек бөліндісінің үздіксіз процесі, жеке тауар өндірушілердің мамандану дәрежесі және өндірістің интенсивтілігі өсу жағдайына ауыл шаруашылық жерлерін мақсатты пайдаланудың мәні өсуде. Астық өсірудің өнуі, мақта,күріш, күнбағыс,жүгері және жүзім өсіруге арнайы аймақтардың бөлінуі, табиғи жеміс өсіру аймағын құру, егістікті пайдалану құрылымына, ауыспалы егісті ұйымдас тыруға микроаймақ, кейде тіпті жеке англоландшафты жүйені құруға мақсатты әдісті талап етеді. Ауыл шаруашылық жерін мақсатты пайдалану екі принципті жағдайды қолайлы түрде үйлестіруге мүмкіндік береді:

а) жер және климат қасиеттерін толық және өнімді пайдалану;

б) халық шаруашылығының тұтас қажеттігін, нақты аймақ пен жеке шаруашылықтың ауыл шаруашылық өніміне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Ауыл шаруашылық өндірісі жерді тиімді пайдалануды есепке ала отырып үздіксіз өндірістің балансы мен пропорционалдығын жақсартуды талап ететін елуден аса саламен экономикалық байланыста. Қоғамның қажеттілігін анықтау, білу және есепке алу, аграрлы өндірістің тиімділігін зерттеу барысында ауыл шаруашылық жерін пайдаланудың алғы бағыттары анықталады. Жерді үйлесімді пайдалануға баға механизмі, келісім жүйесі, несиелеу қаржыландыру арқылы әсер ету тікелей декреттеуге қарағанда күрделірек. Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалану барлық өнімді жерді интенсивті пайдаланумен тығыз байланыста: жерді интенсивті пайдалану деңгейін төмендегі тәртіп бойынша бөлуге болады: Суармалы егістік, богара және суарылмайтые егістік, жақсартылған шабындық пен жайылым, табиғи шабындық пен жайылымдар.

Суармалы жер аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты:

а) мелиоративті жүйенің бұзылуынан

б) суару машиналарының ескіруінен

в) жер пайдаланушылардың су беру қызметін төлеу қаражаттарының болмауынан. Суармалы жер құрамындағы негативті процестер деп мелиорациялық жағдайдың нашарлауымен түсіндіріледі. Ауыл шаруашылық су пайдаланушыларының су беру қызметіне үнемі төлем төлемеу және бюджеттік қаржыландырудың тоқтауы салдарынана су шаруашылық жүйесі нашарлайды. Үлкен Келес, Бадам, Арыс, Түркістан, Қызылқұм магистрал каналдарының жеке бөліктері авария жағдайында және суаруға керекті су көлемінен қанағаттандыра алатын жағдайда емес 50% –тен ас там тік дренаж бұрғысы (облыста 1945 бұрғы бар) коллектор торабының істемеуіне байланысты түпкілікті жөндеуді қажет етеді. Облыс көлемінде жаңа су шаруашылық құрылысы жүргізілмейді және бұрын қабылданған суармалы жерлерді дамыту бағдарламасы орындалмайды, өйткені олар қаржыландыру қайнар көздерімен қамтамасыз етілмеген. Совхоздар мен колхоздарды қайта қалыптастыруға, олардың базасында шаруа қожалығын, жеке және ұжымдық кәсіпорындарды ұйымдастыруға, олардың иелігі мен пайдалануға суармалы жер бөліктерін беруіне, су шаруашылық обьектілеріне меншік сұрақтарына шешілмей қалуына байланысты көптеген су шаруашылығы жұмыссыз қалып отыр. Сондықтан оны ешкім тазаламайды. Су торабының көптеген бөліктері де қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Осының бәрі облыстың және тұтасымен республиканың ауыл шаруашылығына кері әсер етеді. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы суармалы жердің үлкен үлесін алады, оның климаттың қолайсыз әсеріне тұрақтылығын кемітеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы табиғат ресурстары мен суармалы жерлердің кең аумағын иелене отырып ерте көкөністі, мақта, жеміс,жидек, жүзімді өсіріп, онымен Қазақстанның басқа аймақтарын жабдықтауы керек.

Суармалы жерлердің жағдайы,оны пайдалану тиімділігі, сонымен қатар суды жұмсау үнемділігі ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсіліне тәуелді болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егіншілігінде мақта, жүгері, картоп, көкөніс, бақ, жүзімдіктер сияқты дақылдарды атыз бойынша үстемелеп суару кең өріс алған. Шөпті, астық дақылдарын суару жолақтарға жіберу арқылы жүргізіледі. Үстемелеп суаруды қолданудың кемшілігіне төмендегілер жатады: суарылатын бөліктің үстіңгі қабатының тегісі ылғалданбайды, ирриггациялық эрозияның пайда болу мүмкіндігі, жер асты су деңгейінің көтерілуі, топырақтың тұздануы т.б.

Жаңбырлатып суару экономиялық және экологиялық мақсаттылығына қарамастан пайдалану шығындарының жоғары болуына байланысты облыста аз аймақтарда ғана қолданылады.

Мақта шаруашылығы бойынша облыстың негізгі егілетін аймағы Мақтарал ауданы. Облыстағы мақтаны өңдеу кәсіпорындары жыл сайын 120 мың тоннаға мақта талшығын қайта өңдейді. Экономикалық тиімділікке байланысты мақта дақылының егіс көлемі жылдан жылға артуда. Негізінен мақтаның жоғарғы өнім беретін «МА–3 031», «МА–3044», «С–4727» сорттары егілуде. Сол сияқты бидайдың «Стекловидная–24», «Красноводская 210», «Безостая –1» сорттары егіліп, жоғарғы өнім алынуда.

Облыс мақта өңдеумен айналысатын бірегей өңір. Соңғы жылдары осы дақыл егілетін жер алқабы көлемінің артуы тұрақталды. егер 1998 жылы 118 мың гектар жерге мақта егілген болса, 2004 жылы егістік 219 мың гектерға жетіп, 466 мың тонна шитті мақта дайындалды. Қазір облыста мақта кластері деп аталатын мақта шикізатын қайта өңдеу жөніндегі технологиялық тізбек жасау мәселесі қаралуда, бұл іске мақта өндірушілермен қатар тоқыма өнеркәсібі орындары да тартылатын болады. Мақта талшығын терең қайта өңдеумен «Меландж» акционерлік қоғамы айналысып келеді.

Мақтаоблыстағы жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің 37 пайызын мақта шаруашылығы құрайды. Егер ОҚО (Қазақстанда негізгі мақта өсірілетін аудан) жыл сайын 300 –400 мың тонна шитті мақта терілетін болса, онда 200 мың тоннасы Мақтарал ауданында жиналады екен. Мақта саласы өндірісін басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін мақтаны қайта өңдеудегі ресурстық шикізат базасын дамытудың ерекше маңызы бар ОҚО Мақтарал ауданында жіп иіру фабрикасының құрылысы басталды. Ол Қытай және Қазақстандық кәсіпкерлердің бірлескен жобасы. Құрылысы 2007 жылдың мамыр айында бітіру жоспарланған болатын. Қазіргі кезде Мақтаралдың мақта алқаптарын шетелдерге негізінен мақта талшығы кетіп жатыр. егер осы талшықтар жергілікті жерде қайта өңделетін болса, онда дайын өнімдер (бұйымдар) сатылатын болады. Мақтарал ауданының Қоңырат ауылындағы қазақ – қытай бірлескен «инада» кәсіпорнының қуаты жылына 5200 тонна жіп шығаруға болжамданған. Зауыттың аумағы –8, 5 гектар өндірістік цехтар көрініс табады. Сонымен қатар «Мақтарал» және «ақ алтын» АҚ – дары, сондай ақ қытай жағынан «инада» компаниясы қатынасады. Осындай қуатты фабрикадан тек Мақтарал ауданы үшін ғана кем дегенде он фабрика керек. Мақтаны тереңдете өңдеу оңтүстік өңірді дамытудың негізгі жолдарының негізі болып табылады. 2004 жылы ОҚО ның шаруалары 466 мың тонна шитті мақта өңдеушілер 150 мың тоннадан көп мақта талшығын шығарады. Бірақ осы талшықтың 3 мың тоннасы ғана жергілікті жердек қайта өңделеді(дайын өнімдерге дейін), қалған бөлігі алыс және жақын шетелдерге сатылды. Ауыл шаруашылығының шикізаттарын қайта өңдеу бойынша отандық кәсіпорындардың бірі «Адал» АҚ, ол бұрынғы кеңестік уақытта ең ірі жіп йіру өндірісі болған. Сондықтан жіп иіру өндірісін дамыту үшін жан жақты зерттеулер мен жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктерді іздестіру қажет. Мақтарал ауданы үшін шетел инвесторлларының аудан тоқыма өнеркәсібі саласына келуі де біржақты орындалмай отыр. Қазақстанның байтақ жерінде бұл үрдісті нығайту мен қолдаушы жақтар кеңестік дәуірдегі уақытты естеріне алады, олар белгілі бір жағдай жасалатын болса сол дәуірді қайтарып әкелуге сенімді.егер 2000 жылға дейін ОҚО мақта мата бұйымдарын шетке шығару 667,6 мың шаршы метр болса, 2003 жылы шетке шығару мүлде тоқтаған. Оның себебі: тоқыма кәсіпорындары қажетті қаражаттың жетіспеуінен кеңейтілген ұдайы өндіріс жүргізуге қабілетсіз болуында. оның үстіне көптеген мақта өңдеуші кәсіпорындар өздерінің шикізаттарын өзіміздің тоқыма кәсірорындарымызға емес, шетке сатып отыр.

Мақта өндірілмей қалу дағдарысына себептер көп, біз солардың ішінде бірқатар негізгілеріне тоқталамыз. Біріншіден, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтап қалуына байланысты ішкі рыноктағы сұраныстық трагедиялық деңгейге дейін жалпылама құлауы. Екіншіден, шитті мақтаның әрбір тоннасын өндіруге шығындардың өте көп дәрежеде болуы тән, соның салдарынан мақта талшығының өзіндік құнының артуы.

Бүгінде Қазақстан мақта өндіруде және оны сыртқы рынокта сатуда көш бастаушы емес. Дегенмен біздің республика үшін мақта өндіру ТМД елдері арасында қажет болып отыр. Біз әлі күнге дейін жіптен жасалатын тоқыма кілемдері және оған қажетті бұйымдарды оларды өндіруге өзіміздің шикізатымызбен қамтамасыз етіп отыру артып отырған кезде де сырттан әкеліп отырғанымызды атап көрсетуіміз керек.

Қазақстандағы мақта талшығының ұдайы өндірісін әлемдік рыноктағы сияқты тиімділікпен кеңейтуді қамтамасыз ету үшін мақтаны және оны қайта өңдеу өнімдерінің қаржы экономикалық рөлін пайдалану керек. Сондай ақ мақта өндірісінің ұлттық экономикада өз уақтысында оң заңдылықтарды пайдаланудың алғы шарттарын жасау және теріс заңдылық тарды жеңе білудің де маңызы зор. Республиканың мақта шаруашылығы кәзірше айтарлықтай рентабельді емес, ол ұдайы өндіріс үшін және жаңа технологияларды енгізуге, техника сатып алуға, тіпті себу жұмыстарын жүргізуге де жетпейді. Ең ірі мақта өндіруші Мақтарал ауданының өзі демеуқаржымен жұмыс жүргізіп отыр. Мақта шаруашылығын қаржылық тұрақтандыру бағытында Қазақстан осы бүгіннен бастап өз бетінше дербес қимылдар жасауы керек. ТМД мақта өндіруші елдерінің ассойияйиясын құру бойынша белсенділік танытуы қажет. ЕО– мен сауда келісімін жасап, АҚШ мысалында мақта зауыттарын ауылшаруашылық кәсіпорындарына – тауар өндірушілерге кооперативтік меншікке беру керек, мақтаны тереңдетілген кешенді қайта өңдеу бойынша отандық өнеркәсіпті дамытуды экономикалық және заңды жолдармен ынталандыруға кірісуі керек. осы мақсатта шикізат өндірушілер мен қайта өңдеушілердің үлестік қатынасуы негізінде мақта өндірушілерді бірлесе отырып, экономикалық өздерін өздері қорғау мақсатында кооперативтік маркетингтік ұйымдарға біріктіруді экономикалық және заңды жолдармен ынталандыру қажет. Стратегиялық алдағы болашақта Қазақстанның мақта шаруашылығын кластерлік негізде дамыту жоспарлануы тиіс. Мақта талшығы – тиімділігі өте жоғары, ресурстық мүмкіндігі көп өнім, одан өнеркәсіптік өнімдердің жүзге тарта түрлерін алуға болады. Ол үшін қайта өңдеу технологиялық процесін тереңдете жүргізу қажет, мақта талшығынан жіптен жасалатын өнім алу керек.

Мақта кластері үздіксіз өндіру және қайта өңдеу процесі, оны дамыту экономикалық тиімділіктің қайнар көзі болып табылады. Осы күнге дейін республикада шитті мақта тек мақта талшығына дейін қайта өңделетін. Жақын уақытта мақта өндіру үшін жіп шығару бағытында екі фабрики іске қосылады. Ол үшін тек ақша салатын ғана емес, сонымен бірге өздерінің сауда маркаларын алып келетін шетелдік инвесторларды белсенді түрде тарту қажет. Осындай жағдайда оңтүстік қазақстандық тоқыма өнімдерінің сапасы да, сату рыногы да арта түседі.

Қазіргі кездемақта бағдарламасын дайындаудың қажеттілігі туындап отыр. Ол ОҚО – дағы шитті мақтаның көп бөлігін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл тек жіп иіру өндірісін ұйымдастырып қана қоймай, әлемдік экономика жүйесінде бәсекеге қабілетті дайын бұйымдарды шығаруды да жолға қояды. 2005 жылы ОҚО мақта егістігі 220 мың шамасында жүргізілді, 2004 жылға қарағанда 30 мың гектарға көп болып табылған, осы алаңнан 402,1 мың тонна шитті мақта жинап алып, талшықты мақтаның көп бөлігі экспортқа шығарылады.

Осындай қалыптасқан қаржылық – экономикалық жағдайында әрқайсысы өз бетінше жұмыс істеп отырған агроқұрылымдар мен қайта өңдеу кәсіпорындары, делдалдық фирмалар мен нарықтық құрылымдар, басқару органдары өндірістік қаржылық және әлеуметтік салдардың қыспағынан шыға алмады.

Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін халық тұтынатын тауарлар өндірудің тұрақты өсіп отыруы, бәсекеге қабілетті өнімдердің үлесінің артуын талап етеді. жоғарғы технологиялар әдетте салааралық сипатта болады, оларды көпсалалық шаруашылық кешенінде (қаржылық агроөнеркәсіптік топтарда) қолдану тиімдірек болады. Бөлшектеніп кеткен үштіктің «ғылыми банктер өндірістің» болашағы болмайды; жеке жеке олар жоғарғы тиімділікті соңғы нәтижеге жете алмайды.

Көптеген аграрлы ғылыми экономистер «корпоративтік құрылымдардың тұрақталуының басталуы нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың негізі» деп санайды. Осы прогрессивтік қайта өзгертулердің мағынасы өеркәсіп, банк, сауда және интелектуалдық капиталдардың бірігуінен туындайтын ғылыми –техникалық экономикалық артықшылықтарды пайдалануда болып отыр агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақтануы мен өсуі үшін ұйымдық экономикалық жағдайлар жасауда және оның бәсекелестік қабілетін халықаралық рынокта арттыруда.

Қаржылық өнеркәсіптік тораптар–ауыл шаруашылығы қайта өңдеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қарржылық банктің және ғылыми институттардың бірігуі. Мұндай бірігу халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуге, өндірістің, ғылымның, капиталдың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған үйлестірілген қызмет түрінде сипатталуы тиіс.

Сондықтан да өңірлік деңгейде мақта агробизнесін құруды қаржылық агроөнеркәсіп топтар түрінде жүргізуді мақсатқа сай деп есептеуге болады. Мұндай топқа бірігу аграрлық өндірістік комерциялық және банк құрылымдарының біріңғай кешені болып табылады.

Қазіргі кезде облыста астық дақылдарының өнімділігі суармалы жерлерде де, богарада да кеміген. Қуаң аймақтарда орналасқан жекеленген аудандарда астықты жинау бес жеті центнер гектардан аспайды, ол қолайсыз жағдайларда тіпті екі есеге дейін төмендеген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных