Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бүлінген жерлерді қалпына келтіру мәселелері....................................71-75 8 страница




Күнбағыс және картоп егістерінде бір жылдық дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидін пайдалану тиімді. Прометринді күнбағысты сепкенге дейінгі, себумен бірге немесе сепкеннен кейін, егін көгі пайда болғанға дейін топыраққа бірдей сіңіру арқылы жүргізеді (2,0-6,0 кг/га). Картопты отырғызған соң бірден прометринді шашып топыраққа тырмамен сіңіреді.

Сүрі танаптарда гербицид кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде сүрі танапта арамшөптерді әсіресе атпатамырлы және кіндік тамырлы арамшөатерді құртатын, жаппай және талғап әсер ететін гербицидтер бар. Жаппай әсер ететіндер тобынан Ураган гербицидін 2-6 кг/га мөлшерінде қолдануға болады.

Арамшөптермен күрестің биологиялық шаралары. Көптеген елдерде арамшөптермен күрестің биологиялық тәсілдерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеулердің негізгі мақсаты арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) анықтау, басқа жақтан әкелу және қыстандыру болып табылады. Атап айтқанда, АҚШ-та, Канадада түйтікенмен күресте Rһіnо-соIIus conicus біз тұмсығын және басқа жәндіктерді пайдаланады.

Биологиялық тәсілдің тиімділігінің ең жақсы мысалы ретінде кактус опункциясына қарсы Австралияда кактус көбелегін пайдалануын айтуға болады. Он жылда (1925-1934) опукциядан 24 млн гектар жайылым тазартылған.

Қазіргі уақытта арамшөптермен күресте электр тоғын пайдаланудың мүмкіндігі зерттелуде. Зерттеулер, арамшөптердің тұқымдарын жою үшін өте жоғары жиілікте электромагниттік өрістің қуатын, ал өсіп тұрған арам-шөптермен күресте жоғарғы қуатты электр тоғын пайдалану бағыттарында жүргізілуде.

 

3.2 Суармалы егіншілік жерлерін тыңайту пайдалану мәселелері

 

Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды, кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар. Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.

Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.

Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Алнегізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.

Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі - жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфорбактерин т.б. енгізеді.

Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу мөселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық облыстарда, аудандарда арнайы химияландыру басқармаларын ұйымдастырған. Мәселе осылардың қолқабысын тиімді пайдалану.

 

3.3Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау

 

Топырақтану ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты кең болғанмен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан жыртылған, егістікке айналған жердің әрбір гектарын тиімді пайдалану - бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану - оның әр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол өнім алу үшін егістік жерлерге жыл сайын негізгі ғылыми негізделген егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барынша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы қолдану қажет.

Ауыл шаруашылық жерлерінің азып – тозуы көпшілік жерлерде табиғи ортаның сапасының нашарлауының басты себептерінің біріне айналды. Облыста бұл мәселе территориямыздың көп бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасуымен, судың тапшылығымен байланысты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы көптеген өзгерістерден, адамдардың әрекеттерінен зардап шегеді. Ашық әдіспен кен өндіру және тасымалдау және өңдеу, өндіріс пен қалалардың қалдықтары ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерді ластайды.

Көпжылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық астық егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға қарағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танапты бір жылдай қара пар етіп өңдеп, «тынықтырсаң, арамшөптерден арылып, ылғалдың қажетті қоры жиналады да, микробиологиялық құбылыстардың нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім беруіне себеп болады.

Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті жойылып кетеді.

Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары екі тоннаған дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен (Жанпейісов Р.Д., 1977). Республикамыздың солтүстігінде тың игеру жұмыстарын жаппай жүргізген кезде жыртуға жарамды жер таңдауда жіберілген қателіктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі. Мұндай жерлер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген түбегейлі зерттейлердің нәтижесінде, солтүстіктегі аудандарда жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн гектар егістікке жарамай, ол жерлерге әр түрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апатымен күресуде Шортанды астық шаруашылығы институтының академик А.И.Бараев басқарған ұжымы кезінде жақсы жетістіктерге жетті (Бараев А.И., 1972).

Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясынан қорғап, ауадан түсетін ылғалдан топырақ қабатында сақтау мен арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізілуде. Топырақты кәдімгі соқамен (плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен қопсытып, егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел күшін бәсеңдету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастырады, яғни пар танаптарының араларына биік сабақты өсімдіктерді жолақтатып егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы - парлы-астықты ауыспалы жүйесін қолданады, әдетте үш жыл астық егіп, төртінші жылы пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясына ұшыраған облыстарда, Сібір және Алтай өлкесінің кейбір аудандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар тұрақты өнім бере бастады.

Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланысты болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь, тіпті Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қолдануда.

Егіншіліктің терістік облыстарында негізінен қолданылып келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі жоқ емес. Жалпы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егістік жүйесіне жатқызу күмәнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ. Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға да кесірін тигізуде. Парлы танапты да тиімді пайдалану қажет сияқты. Міне осы бағыттарда Қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі, Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы директоры М.Сүлейменовтің жетекшілігімен жүргізілген соңғы жылдарғы зерттеулер жақсы нәтижелерге меңзейді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарды негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл - беде (люцерна). Сонымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына, шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыспалы егістерде алатын орны әр түрлі (әдетте, 30%-тен 50%-ке дейін). 1961-1962 жылдары академик В.Р.Вильямстің шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы «шабуыл» басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облыстарымыз да беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы қажет.

Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптарында су эрозиясы орын алған.

Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып-шайылып, жыралар мен сай-салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан (лесс-типтес) құралуы септігін тигізеді.

Су эрозиясының негізінен екі түрі болады: топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте, топырақтың құнарлы қабатының біразы шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.

Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлерде әуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осындай арықтардың табаны бірте-бірте шайылып, жер бетінен тереңдеп кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысымен айналадағы жерді суару мүмкін болмай қалды. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.

Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар.

Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.

Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.

Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттармен (плита, латоктар, полиэтилен т.б.) қаптау.

Осы шараларды ұқыпты қолданған жағдайда топырақтың су эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі Р.Жанпейісовтің мәліметі бойынша, 70 млн гектардан асады, яғни республика территориясының 26%-ті топырақ эрозиясына, оның 52 млн гектардан астамы жел эрозиясына бейім болса, 18 млн га астам су эрозиясына ұшыраған. Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эрозиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді.

Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті апатты түрі екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын болдырмау үшін Кіші және Үлкен Алматы өзен бойларында салынған тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі аласа таулар мен Ақсай трассасы бойындағы, негізінен тас басқан тау етектеріндегі жерлерді көгалдандыру арқылы бау-бақша отырғызып, қала халқының демалыс аймақтарына айналдырып, қала тұрғындарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте ұтымды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосалқы шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, әсіресе жеміспен, көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. Дәл осындай жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі басқа да облыстарда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген әдіспен бұл жерлерді де тиімді пайдалану құптарлық мәселе.

Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арттырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші саласы - мал шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы - миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы суландырылмай келеді.

Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру - кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай «тұяқтесті» жайылымдар республикамызда миллиондаған гектарды алып жатыр. Мұндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных