Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Математика пәні бойынша 4 - сынып оқушыларына арналған Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиада тапсырмалары

1. Жүгіруші (спринтер) 100 метрді 10 секунта жүгіреді.Оның жылдамдығын м/с; м/мин; км/сағ есептеңіз.

2. Тиімді әдіспен шешіңіз:

12 х 171+29 х 9+171+13+29 х 6

3. Егер үштаңбалы санның жанына дәл сондай санды қосып жазса, ол қанша есеге артады?

4. Егер кейбір сөздегі әріпті алфавиттегі сол әріптің рет санымен ауыстырса 14117112016 саны шығады. Бұл қай сөз?

5. Бөтелкеде, стақанда, құмырада және банкіде сүт, лимонад, квас және су бар. Сүт пен судың бөтелкеде емес екені белгілі, ал лимонады бар ыдыс құмыра мен квасы бар ыдыстың ортасында тұр, ал банкідегі су да, лимонад та емес. Стақан банкі және сүті бар ыдыстың жанында тұр. Қандай ыдысқа қай сұйықтық құйылған?

6. Барлық саны әр түрлі сандардан құралған ең кіші он таңбалы санды жазыңыз.

7. Егер қандай да бір екі таңбалы санның оң жағына 0 тіркесе, ол 252 –ге артады. Осы екі таңбалы санды табыңыз.

8. Шешіңіз:

ВДСЕ

+ ВДАЕ

АЕСВЕ

Әріптерді санмен ауыстырыңыз / бірдей әріпке бірей сан /.

 

9. Бір жанұя мүшелерінің жастарының қосындысы 73.

Жанұя ерлі-зайыпты адамдар мен олардың ұл, қызынан тұрады. Күйеуі әйелінен 3 жас үлкен, қызы ұлынан 2 жас үлкен. Осыдан төрт жыл бұрын жанұя адамдарының жастарының қосындысы 58 еді. Жанұя құрамындағы әр адамның жасы қазір қаншада?

10. Шаршы қабырғаларының ұзындығы 1 дм. Бұл шаршыны қабырғалары 1см кішкентай шаршыларға қиып, оларды жолақ етіп бірінен соң бірін қойды. Сонда жолақтың ұзындығы қандай болды?

11. Коллекционерде 4000 марка бар. Барлық марканың жартысы – сүтқоректілер туралы, төрттен бірі- құстар туралы, қалғанының жартысы- балықтар туалы, қалғаны- бауырымен жорғалаушылар туралы. Сонда коллекционердегі бауырымен жорғалаушылар туралы марканың саны қанша?

12. ІІІ класты екі жүз бірліктен, ІІ класты жеті жүз отыз тоғыз бірліктен тұратын санды жаз.

13. Жер телімі тіктөртбұрыш формалы, ені 16м, ал ұзындығы одан 14 метрге артық. Ол сым темірмен 8 қатар етіп қоршалған. Қанша метр сым темір қажет болды?

14. Алғашқы ойлаған сан екіншісінен 2 есе артық. Алғашқы ойлаған санға 16 санын қосып екінші сан алынды. Осы сандарды жаз.

15. Мұздықтар жер бетінде құрлықтың жетіден бір бөлігін, ал, таулар – төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қайсысы үлкенірек ауданды алып жатыр?

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Качество как объект управления. Методы управления качеством. | Испытание на ударную вязкость.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных