Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жағдаймен емдеу.




Жағдаймен емдеуді жиі функциональды әдіс деп атайды, бірақ ол дұрыс емес.Функциональды әдіс емдеудің толық кезеңінде зақымданған сегментінің функциясын толық немесе жартылай сақталуын қамтамасыз етеді.Жағдаймен емдегенде сыртқы немесе батырмалы фиксаторлардың көмегінсіз иммобилизация жүзеге асырылады.Мысал ретінде, жамбас сүйектерінің тұрақты сынуы кезінде “бақа жағдайында” емдеу, омыртқаның бел аймағының тұрақты компрессионды сынуы кезінде валикпен қатаң төсектік тәртіпті сақтаумен емдеу.Осы әдістің артықшылығы – фиксациялаушы байлауды қажет етпейтіндігі, кемшілігі – ұзақ уақытты қозғалыссыз жату, бұл жағдай қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға жағымсыз әсер көрсетеді.Бұл әдістің қолдану сферасы сынықтың нақты локализациясымен, ұзақ қозғалыссыз жатумен байланысты кері көрсеткіштермен шектелген.

Жұмсақ таңу.

Жұмсақ таңу емдеудің жеке және қосымша әдісі ретінде қолданады.Емдік иммобилизация мақсатымен дәкелі бинт немесе дәкелі мата қолданылады.Кейбір кең таралған жұмсақ байлау түрлерін фабрикада жасайды(қолға арналған косынкалы байлау,тізе, шынтақ, шынтақ- білек буынына арналған эластикалық матадан жасалған).

Жұмсақ таңудың жеке иммобилизация әдісі ретінде негізгі артықшылықтары – науқас үшін ыңғайлығы(таңудың минимальды қосымша массасы,жұмсақ тіндердің қысылуының болмауы)және байлау астындағы тіндерді үнемі бақылау мүмкіншілігі.

Кемшіліктері- қатты иммобилизацияның жеткіліксіздігі,үнемі коррекцияның қажеттілігі,фиксацияның әлсіреуі кезінде немесе бинтің кірлеуі кезінде оны ауыстыру керектігі.Сондықтан да жұмсақ таңуды қолданудың шектелген көрсеткіштері бар.

Дәкелі таңу үнемі қадағалауды қажет етеді және адекватты емес науқастарда емдік имобилизация мақсатымен қолданыла алмайды.

Кең таралған таңу түрлері Дезо,Вельпо, Дельбе сақиналары,8- тәрізді,косынкалы.(12 – сурет.)


Сур. 12. Жұмсақ бинтті таңғыштар:

а — Дезо; б — Вельпо; в — «змейка»; г — орамалдық; д — Дельбе сақиналары; е — 8-тәрізді

Гипстік таңу.


Гипс- сусызданған кальций сульфаты,егер оған су қосса ботқа тәрізді массаға айналып тез қатады.Альтернативті әдістердің пайда болуына қарамастан,100 жылдан астам гипс зақымданулардың сыртқы мобилизациясы үшін оптимальды материалы болып табылады.Таңу үшін гипстік бинттер мен лонгеталар қолданылады.Гипстік бинтті немесе лонгетаны жылы суға салып, көпіршіктердің шығуының тоқтауын тосады,судан алып шығып,сығады. Гипстің қатуы кезінде экзотермиялық реакция болады да таңу біршама қызиды.Гипстің қатуы мен оның толық кебуінен ажырату керек.Гипстің қатуы үшін бірнеше минут жеткілікті.НЕғұрлым гипс салған су суық болса, соғұрлым оның қатуы ұзақ болады.Судың температурасы жоғарлаған сайы бұл процесс жылдамдайды.Судың температурасы 15 С болғанда гипс 10 минут ішінде ал 40 С- та 4 минут ішінде қатады.Ал гипсті өте ыстық суға салу оның мүлде қатпауына әкелуі мүмкін.Гипстің толық кебу үшін оның қалыңдығына байланысты бірнеше сағаттардан – 1-2 тәулікке дейін уақыт қажет, бірақ бұл процессті таңуды арнайы лампалармен немесе фенмен өңдеу арқылы жылдамдатуға болады.Гипс толық кепкенше буындардығы аздаған қозғалысты да болдырмау керек, кері жағдайда бүккіш бетте қатпарлар мен жарықтардың пайда болуы мүмкін және иммобилизацияның дұрыс болмауы мен жұмсақ тіндердің қысылуын,ойылуды шақырады.

Сур.13.Гипстік таңғыш түрлері:

а — лонгеттік; б — лонгетті-циркулярлы; в — циркулярлы рассеченная; г — окончатая; д — мостовидная; е — шарнирная; ж — торакобрахиальная; з — торакокраниальная; и — кокситная; к — корсетная

Гипстік таңуды қолмен немесе аппаратпен бір сәтті репозициядан кейін және арнайы гипстік таңу бөлімінде салады.

Гипстік фиксациялаудың артықшылықтарына жатады:

1.Жеңіл моделденеді

2.Тез қатады.

3.Жеңіл шешіледі.

4.Кез келген жағдайларда қолданыла алады.

5.Аяққа немесе қолға жақсы тыныштық береді.

6.Науқастар транстабельді және амбулаторлы емделе алады.

Кемшіліктерге жатады:

1.Сынықтың толық қозғалмауын қамтамасыз ете алмайды.

2.Таңуды салған уақытта және ісіну кеткеннен кейін сынықшалардың екіншілік ығысуы жиі кездеседі, әсіресе бұл жағдай диафизарлы бөліктегі сынықтарда:винт тәрізді,жарықшақты, сегментарлы, көлденең сынықтарда болады.

3.Аяқты немесе қолды ұзақ фиксациялау буындардағы қозғалыстың шектелуіне, бұлшықет аппаратының атрофиясына әкеледі.

4.Науқас үшін ыңғайсыздығы.

Гипстік таңумен емдеуге көрсеткіштер:

1.Аяқ және қол сүйектердің орнынан таймаған сынықтарында.

2.Буын ішілік және буын айналасындағы бір сәтті репозициядан кейінгі сынулар.

3.Бір сәтті репозициядан кейінгі диафизарлы бөліміндегі сынулар.

4.Буын байламдарының зақымдалуы.

5.БХТ кейінгі ашық стабильды сынулар.

6.Буындардың соғылуы.

Гипстік таңудың лонгетті және циркулярлы түрлерін ажыратады.

Лонгетті гипстік таңу алдын- ала дайындалған 6-12 гипстік бинттен тұратын пластан жасайды.Сонымен қатар фабрикалық әдіспен жасалған нақты размерлі лонгеталар қолданылады.Эффективті иммобилизация үшін лонгетті таңу қол немесе аяқтың көлемінен 2/3 аз болмау керек(.13 –сурет).

Лонгетті таңудың артықшылықтарына жатады:

· Гипстік таңумен жабылмаған жердегі терінің жағдайын бақылау мүмкіндігі;

· Таңуды кезеңді түрде шешу мүмкіндігі:

· Тіндердің ісінуі ұлғайған кезде жұмсақ тіндер ишемиясы даму қаупінің төмендеуі.

Қажет болған жағдайда лонгетті таңу гипстік бинттердің бірнеше турлар көмегімен циркулярлы таңуға ауысуы мүмкін.

Циркулярлы гипстік таңу толық иммобилизацияны қамтамасыз етеді.Таңудың “классикалық’’ вариантында бинтті суға салып сықаннан кейін шеттен ортаға қарай таңу салады.Бинттің әрбір келесі туры алдындағысын 2/3 бөлігіне жабу керек.Әрбір 2-3 турдан кейін таңуды модельдейді.Таңудың жоғары шетіне жеткенде, таңуды дистальды бөліктен бастап қайталайды,солай бірнеше рет жасайды.

Ісінудің ұлғаюы кезінде циркулярлы таңу ишемиялық контрактура мен аяқ- қолдың некрозына дейін әкелетін ишемиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.

Ісінудің ұлғаю қаупі жоғары болған жағдайда(жаңа травмада,операциядан кейін) циркулярлы гипстік таңу салынбау керек.

Егер ісінудің ұлғаю қаупі жоқ болса да циркулярлы гипстік таңуды салғаннан кейін,иммобилизацияланған сегмент 1 тәулік бойы стационарлы бақылауда болу керек.

Гипсті циркулярлы таңудың бірнеше нұсқасы бар, олардың әрқайсысында өзінің ерекшеліктері мен қолдануға көрсеткіштері бар.(13 суретті қара).

Гипстік таңуды салудағы асқыну:

Циркулярлық таңуды салғаннан кейін ісіну кезінде магистральды тамырлардың ишемиысы болуы мүмкін(Фолькман контрактурасы).

1. Қатты таңуда ойылу.

2. Ұзын түтікті сүйектердің сегментарлық, жарықшақты, винт тәріздес және қиғаш сынуы кезінде екіншілік орнынан таюы.

3. Буындар контрактурасы.

4. Бұлшықет аппаратының атрофиясы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных