Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ауіпсіздік техникасы. Электр қауіпсіздігін оқу кезінде электр тогының адам организміне әсерін және зақымдану факторларын білу керек




Әдістемелік кеңестер. Бұл тақырыпты талдау кезінде машиналардың, механизмдердің, өндіріс жабдықтарының жалпы қауіпсіздік талаптарын; қорғаушы, корғаныс, тежегіш және ажыратқыштарға қойылатын талаптар; қауіпсіздік белгілер мен әр түрлі түстер жүйелеріне көңіл аудару керек.

Электр қауіпсіздігін оқу кезінде электр тогының адам организміне әсерін және зақымдану факторларын білу керек. Одан басқа да жерге тұйықтайтын, нольге қосатын және ажырататын құрылыстарын және олардың жұмыс принциптерін, сонымен бірге тұрақты электр көздерінен қорғануды да білу керек.

Өсімдік шаруашылығындағы кауіпсіздік техникасын оқу кезінде машина-трактор агрегаттарының техникалық күйіне қойылатын талаптарды, егістіктерге, жайылымдарға, жүру маршруттарына, асуларға қойылатын қауіпсіздік талаптарын, өсімдік шаруашылығындағы талаптар негізгі жұмыстарды орындау кезінде дән тоқтарына, астық тазалау мен оларды кептіруге қойылатын қауіпсіздік талаптарын білу керек.

Мал, құс шаруашылығындағы, механикаландырылған және механикаландырмаған жұмыстардың орындалуы кезіндегі қауіпсіздікті, мал шаруашылығы жұмыстарындағы қауіпті факторлар, технологиялық жабдықтарды монтаждаудағы, жем-шөп дайындаудағы, жем-шөп тартып беретін жабдықтар жүйелерінің, қи-тезек жинау, канализация, сауда және салқындату құрылыстарының малға қарау кезіндегі қауіпсіздік шараларын студент білу керек.

Машиналарды күту және монтаждау жұмыстарын қауіпсіздендіруді оку кезінде өндіріс орындарына, жұмыс орындарына, құралдар мен жабдықтарға қойылатын талаптарды оқу керек.

Машиналарды монтаждау, диагностика және техникаларды күту, жуу, бөлшектеу-құрау, слесарлық, газбен дәнекерлеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындауды үйрену керек.

Энергия күшін беретін жабдықтарды пайдалану кезінде болатын жарақаттардың себептері, қауіпсіздік талаптары, жүк көтергіш жабдықтарды сынау және есепке алу тәртібін, қысыммен істейтін баллондар, түтікшелер, қазандарды сынауға қойылатын қауіпсіздік талаптарына көңіл аудару қажет.

Көлік, тиеу-түсіру жұмыстарындағы қауіпсіздікті оқу кезінде тиеу-түсіру алаңдарына, материалдарды жинайтын әсерлердің қауіпсіздік талаптарын және арту-түсіретін көліктерінің жағдайлары, жол жағдайлары, жүрудің қауіпсіздік маршруттарын түзуді білу қажет.

 

Әдебиеттер: 2,3,4,5,6,7.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қауіпті және зиянды факторлардың жұмысшыларға тигізетін әсері қандай?

2. Машина мен механизмдердің қауіпті аймағы дегеніміз не?

3. Электр тоғының адам организміне әсері қандай?

4.Зақымдануды қандай факторлармен анықтауға болады?

5. Электр тоғының нөлмен, жермен тұйықталуын және оның қорғаныс
ажыратқышын қалай есептейді?

6. Жүк көтергіш жабдықтарды пайдалану кезінде болатын
жарақаттардың себептері қандай?

7. Бу қазандарының апатқа және қопарылысқа ұшырау себептері қандай?

8. Бу қазандарын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік әдістері қандай?

9. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдау,
пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік шараларды қолдану керек?

10. Машина-трактор агрегаттарын пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік
шараларды қолдану керек?

11. Көлік пен жүк тиеу-тасымалдау жұмыстарында қандай қауіпсіздік
шараларды іске асыру керек?

12. Машина жөндеу және оны күту кезінде қандай қауіпсіздік шаралар
іске асырылады?

13. Мал шаруашылығындағы машиналарды пайдалану кезінде еңбекті қалай қауіпсіздендіру керек?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных