Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көлеміндегі ауызша қосу жэне азайту




Сандардың пайда болуы

Санды цифрмен белгілеу және цифрларды жазу

Санын оқып білу

Көлеміндегі сандарды оқыту эдістсмесі

көлеміндегі ауызша қосу жэне азайту

1, 2, 3, 4, 5 сандарын оқыту ерекшеліктері. Жаңа бағдарлама бойынша 1- ші сыныпта 1- ден 5- ке дейін сандар оқытылады.

Әр санның оқытылуы белгілі бір жүйе бойынша өтеді. Бірінші сабақта сан мен цифр туоалы түсінік беріледі. Бүл сабақтың мақсаты - санның пайда болу жолымен таныстыру (алдағы өткен санға бірді қосу амалымен) санды атау, цифрмен белгілеу, цифрды жазуды үйрету, сандар ретіндегі санның орнын көрсету сан мен цифрдың ара қатынасымен таныстыру, есептік жэне реттік сандар туралы түсінік беру. Екінші сабақта осы санның сандар ретіндегі орны туралы түсінік беріледі, алдағы өткен санның пайда болу жолының екінші тэсілімен танысады тура жэне кері санау үйретіледі. Келесі сабақтарда оқушылар бір топ затты салыстырады, өткен сандарды қайталайды, өткен сан көлемінде қосу және азайту амалдарымен есептер шығарады жэне санның қүрамымен танысады, есептік жэне реттік сандар туралы түсінік беріледі. Әр санға берілетін сабақтар саны санның мөлшеріне байланысты беріледі.

Сандардың пайда болуы. Мысалы, 4 санның пайда болуы. Мүғалім оқушыларға ағаш жапырақтарын санатады. 3 сары жапырақты көрсетіп: «Мүнда қанша сары жапырақ?» - деп сүрайды. (Оқушылар санап: «Мүнда 3 сары жапырақ», - деп жауап береді. «Ағаштан тағы да 1 қызыл жапырақ түсті. Санайық, қанша жапырақ болды? Қалай 4 жапырақ болды? Неше сары жапырақ болды? Неше қызыл жапырақ түсті? Барлық жапырақ нешеу болды?». Осындай жүмыс тағы да басқа қүралдармен өтеді. Есепшот, таяқшалар, асықтар т.б. «Төрт болу үшін қай санға бірді қосамыз?» деген сұрақпен мұғалім оқушыларды келесі қорытындыға келтіреді: «4 саны болу үшін үшке бірді қосамыз». Одан кейін мүғалім оқушыларды 3 санның пайда болуының екінші тэсілімен таныстырады: «4 жапырақтың біреуі үшып кетсе қанша жапырақ қалады? 4 жапырақтың біреуі үшып кетсе 3 жапырақ қалады». 5 санын оқыған кезде мүғалім оқушыларды 4 санының пайда болуының екінші тэсілімен таныстырады: 5- тен бірді алу амалымен. Санның пайда болу тэсілдері әр түрлі жаттығулар арқылы бекітіледі. Мысалы, «Партаға 3 асық салыңдар. 4 асық болу үшін енді неше асық саламыз?»

Санды цифрмен белгілеу жэне цифрларды жазу. Санның пайда болу жолымен таныстырған соң мүғалім санды цифрмен белгілеуді үйретеді. Цифрдың элементтерін атап көрсетеді, цифрға үқсайтын заттар алады. Мұғалім цифрды сәйкес санды заттар тобының астына қояды (мысалы 3 дөңгелектің астына 3 цифры қойылады, немесе 3 қоян салынған суреттің астына қояды). Одан кейін мүғалім оқушыларға цифрды жазуды үйретеді. Пропедевдикалық кезеңде мүғалім эр баланың жазу қабілетінің ерекшеліктерін анықтайды. Жазу қабілеті нашар балаларға мүғалім қосымша қүралдар дайындап қолданғаны жөн. Цифрды жазуды үйрету төмендегідей жүйеде өтеді: 1. Цифрдың қолжазба үлгісін көрсету, цифрдың элементтерін көрсету, жазу.

2. Мүғалімнің тақтаға цифрды жазып көрсетуі.

3. Цифрдың үлгісін саусақпен, таяқшамен айналдыра сызу.

4. Цифрды ауада жазу.

5. Бірнеше оқушының цифрды тақтаға жазу.

6. Цифрды дәптерге үлгі бойынша жазу.

Мүғалім эр баланың дэптерше цифрдың үлгілерш жазып дайындайды. Жеке оқушыларға мүғалім пунктирмен немесе жіңішке сызықпен цифрды жазып береді, ал оқушылар тек үстінен басып жазады. Саусақтарының қимылы нашар оқушылар цифрларды бір торға сыйғызып жаза алмайды. Оларға цифрларды екі торға жазғызуға болады. Мүғалім оқушылардың қолынан үстап жазғызады. Оқушылар цифрларды жазып отырып, цифрды атап отырғаны жөн болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных