Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Теңдеуді оқыту әдістемесі




Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Ал бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу үрдісінде үздіксіз пайдаланып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алгебра элементтерін оқытудың маңызы зор.

Бастауыш математика курсы бағдарламасында алгебра элементтерінің ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда аса маңыздысы – теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып, үйрету, сондай-ақ есепті алгебралық тәсілмен (теңдеудің көмегімен) шешудің мән-мағынасын ашу болып табылады.

Алгебралық материал 1 - сыныптан бастап арифметикалық және геометриялық материалдармен тығыз байланыста оқытылады. Алгебра элементтерін енгізу сан, арифметикалық амалдар, математикалық катынастар туралы ұғымдарды жалпылауға көмектеседі, сонымен қатар балаларды келесі сыныптарда оқуға дайындайды.

Мұнда оқушылар алгебра элементтері математикалық өрнектер, сандық теңдіктер мен теңсіздіктер жайлы алғашқы мағлматтар алуы тиіс, айнымалысы бар өрнекпен танысуы керек, қиын емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді үйрену, теңдеулер құруда жай және күрделі есептерді шығару дағдысын игерулері керек және санды теңдік, санды теңсіздік, санды өрнек, әріпті өрнек, теңдеу сияқты ұғымдардың мәнді белгілерін еске түсіру және оларды бір-бірінен ажыратуға машықтандырудың қажеттігі ескерілуі тиіс, себебі, ілгеріде осы ұғымдарымен байланысты мәселелер жиірек қарастырыла бастайды және біртіндеп күрделене түседі. Сондықтан өрнекті кұру, оқу, жазу, оның мәнін табу, оларды бір-бірімен салыстыру, қарапайым теңдеулері сияқты — мәселелерді пысықытауға мән беріледі.

Алгебралық тәсілде есеп сұрағының жауабы теңдеу құру және оны шешу нәтижесінде алынады. Әріппен (әріптермен) белгілеу үшін белгісізді (белгісіздерді) таңдауға, талқылаудың бағытына және бағдарына қарай бір ғана есепке сәйкес келетін әртүрлі теңдеу құруға болады.

Негізгі алгебралық ұғымдарға курста «санды теңсіздік және теңдік», «өрнек», «санды өрнектің мәні», «қосындының мәні», «айырманың мәні», «әріпті өрнек», «әріпті өрнектің мәні», «әріптің әрбір мәніне өрнектің бір ғана мәнінің сәйкес болатыны», «қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері», «алгебралық тәсілмен есептер шығару» және тағы басқалары жатады. Бұл ұғымдарға бастауыш сыныптарда анықтама берілмейді, олар көрнекілік, жаттығулар арқылы қалыптастырылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных