Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кезектес (чередующиеся) салалас




Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін кұрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.

Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген шылаулармен

байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлем (сложноподчиненное предложение)

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы тиянақсыз болып, соңғы сөйлемге бағына байланысатын құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады. Бұл кұрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені ол тиянақсыз. Мұндай тнянақсыз сөйлемдерді бағыныңкы сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің екінші сыңары тиянақты, олар өз бетінше сөйлем құра алады. Мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз.

Сабақтас сөйлемнің беретін мағынасы бағыныңқы сыңарға тікелей байланысты. Мұндай мағыналардың өзі әр түрлі болады. Құрамындағы бағыныңқы сыңарының мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақтас құрмалас сөйлемдер алты түрге бөлінеді:

1.Шартты (условные) бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

2.Қарсылықты (противительные) бағыныңқы сабақтас

3.Себеп (причинные)бағыныңқылы сабақтас

4.Мезгіл (времени)бағыныңқы сабақтас

5.Амал(сын-қимыл)(действие и степень) бағыныңқы сабақтас

6.Мақсат (цель) бағыныңқы сабақтас

Шартты бағыныңқылы сабақтас

Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой мен іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқы сабақтас дейміз. Жасалу жолы:

Бағыныңқылы баяндауыш Тұлғалық белгісі Сұрауы Сызбасы
Шартты рай -са, -се қайтсе? не етсе? /………./тыңдаса, /………./
Көсемше -ма+ й, -ме+ й, -ма+ й +ынша, -ме+ й +інше + жіктік жалғау ІІІ жағы арқылы қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше? /………./ таппай, /………./ /………./үйренбейінше,/………./
Есімше -ған +да -ген +де + жіктік жалғау ІІІ жағы арқылы қайткенде? не еткенде? /………./ болмағанда, /………./  

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары бір- біріне қарсы мағынада айтылады.

Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі Сұрауы Сызбасы
1.Шартты рай -са да, -се де Қайтсе де? /............ / шаршаса да,/........ /
2. Көсемше -ған+мен, -ген+мен, -ған+ша, -ген+ше, -ған+ы болмаса, -ген+і -ған+ына қарамастан - -ген+іне қарамай Қайткенмен? қайткенше? қайткені болмаса? қайткеніне қарамастан? /............... / естігенмен, /.......... / /........../ ұрысқанша, /........../ /........../ шаршағаны болмаса,/.......... / /........../ шаршағанына қарамастан, /........ /
3. Есімше -а, -е, -й тұра Қайте тұра? /.......... /көре тұра, /.......... /

 

 

Себеп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңары басыңқыдағы қимылдың себебін білдіреді.

Бағыныңқының баяндауышы Тұлғалық белгісі сұрағы Сызбасы
1.Есімше -ған+дықтан, ген+діктен неліктен? неге? /..../ келгендіктен,/.../
2.Есімше -ған соң, -ген соң не себепті? /..../ әкелген соң,/.../
3.Көсемше -ма+й, -ме+й неге? не себепті? /.../ қаражаты болмай,/.../
4.Ашық рай ашық рай + деп не деп? /.../қалды деп,/.../

Жасалу жолы:

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары басыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіреді.

Жасалу жолы

1. -ғанша, -генше; Тоқта дегенше, Бәтес жылжып ала жөнелді. Бәтес қашан

жылжып ала жөнелді?

2.-ғанда,-генде, Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, кең қонысқа

созылып жатқан ауылды көрді. Ауылды қашан көрді?

3.-ған, -ген + соң, кейін, сайын, бері, шейін; Қайыққа көкжал толқын соққан

сайын, Мальфа бір жоғары, бір төмен теңселеді. Мальфа қай уақытта теңселеді?

4. -ған, -ген + кезед, уақытта, шақта; Үйіне барған кезде, ол үйінде жоқ болып

шықты. Ол қашан жоқ болып шықты?

5.-ғалы,-гелі; Бұлар жеке үй болғалы, қонақ шақырып, жеке көзге түсе қойған жоқ

еді. Бұлар қашан қонақ шақырып, жеке көзге түсе қойған жок еді?

6.-са,-се; Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен. Таң қашан аппақ болып атқан екен?

7.-ысымен, -ісімен; Дәрмен сол сапарынан оралысымен, жас педагог деп Анардың назарын осы жайға аударып еді. Анардың назарын қашан осы жайға аударды?

Сын-қимыл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқысы басыңқы сыңарда айтылған қимылдың орындалу тәсілін, амалын білдіретін сабақтастың түрін сын- қимыл сабақтас дейміз.

Сын-қимыл сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолы:

-ып, -iп, -п, -а,-е,-й көсемшенің жұрнағы арқылы жасалады; қайтіп? қалай? деген

сұрақтарына жауап береді; /........../ қосылып, /........../. /........../ жарыспай, /........../

-ған+дай,-ген+дейболып

-ған, -кен күйі қалпында

-ма+с+тан, -ме+с+тен, -па+с+тан, -бе+с+тен деген есімшенің жұрнақтары арқылы

жасалады да қалай? деген сұраққа жауап береді. /........../ танығандай болып,

/.......... /. /........../ ұстаған күйі, /........../. /........../ талмастан, /........../.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары басыңқыда айтылған қимылдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауыштарының жасалу жолы:

1. -у үшін, -ме+с үшін; Қар қалың түскендіктен, мал қораларына пішен тасу үшін, жеткізу сияқты жұмыстардың ауыр салмағы тракторларға түседі.

2. -мақ болып, -мек болып; Іргештің осы жаман әдетін қойғызбақ болып, балалар оған істемегенді істеуші едідеп көмекші етістігіне аяқталған тіркестен жасалады да не үшін? не мақсатпен?

3. не деп? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Солармен қабаттаспайын деп, тұрып қалдым.

 


Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат

v Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған.

Шекарасы Ұзындығы
Жалпы ұзындығы 13331 км-ден астам
Құрлықпен Каспий теңізі арқылы Ресеймен (батыс-солтүстігінде) Қытаймен (оңтүстік -шығысында) Қырғызстанмен (оңтүстігінде) Өзбекстанмен (оңтүстігінде) Түркіменстанмен (оңтүстігінде)   12 711 км 600 км 6467 км 1460 км 980 км 2300 км 380 км

v Аумағы - 2 724 900 шаршы шақырым.

v Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін,солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейіг созылып жатыр.Жерінің көлемі жөнінен дүниежүзінде 9-орында тұр.

v Халқы- 16млн-нан астам адам.Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Қосымша мәлімет: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары төмендегідей:

  Халық саны (Мың адам) Пайыздық көрсеткіш
1999 ж. 2009 ж. 1999 ж 2009 ж
Барлық адам 14981,9 16004,8 100,0 100,0
Қазақ 8011,5 10098,6 53,5 63,1
Орыс 4481,1 3797,0 29,9 23,7
Өзбек 370,8 457,2 2,5 2,8
Украин 547,1 333,2 3,6 2,1
Ұйғыр 210,4 223,1 1,4 1,4
Татар 249,1 203,3 1,7 1,3
Неміс 353,5 178,2 2,4 1,1
Басқа ұлттар 758,4 714,2 5,0 4,5

 

v Астанасы - Астана қаласы

v Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.Одан басқа Қазақстанда 85 қала,160 аудан,176 кент,2237 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекендер бар.

Қазақстан облыстары Орталығы
  Ақмола Көкшетау
  Ақтөбе Ақтөбе
  Алматы Талдықорған
  Атырау Атырау
  Батыс Қазақстан Орал
  Жамбыл Тараз
  Қарағанды Қарағанды
  Қостанай Қостанай
  Қызылорда Қызылорда
  Маңғыстау Ақтау
  Оңтүстік Қазақстан Шымкент
  Павлодар Павлодар
  Солтүстік Қазақстан Петропавл
  Ш ығыс Қазақстан Өскемен

 

v Республикалық маңызы бар қалалар:Астана,Алматы.

v 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні.

v Қазақстанның тәуелсіздігін әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып Түркия Республикасы таныды.

v Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

v Ұлттық валютасы - теңге.

v 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған конституция бойынша,Қазақстан демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады.

v Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.Республиканың ең жоғарғы өкілді органы-Парламент.Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.Парламент екі Палатадан:Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

v Қ.Р. мемлекеттік туы

v Қ.Р. Мемлекеттік туы - Қ.Р. мемлекеттік рәмізі.

v Қ.Р. Президентінің "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

v 1992 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік Туы қабылданды.

v ҚР мемлекеттік Туының авторы:суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

v Мемлекеттік Ту - көгілдір түсті тікбұрышты кездеме.Оның ортасында шұғылалы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.

v Күн,шұғыла,қыран және ою-өрнек алтын түсті.

v Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қосымша мәлімет:

v Көгілдір түс - бұлтсыз ашық аспанның және бейбітшіліктің,тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс - түркі халықтары үшін қасиетті ұғым.

v Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн-қозғалыс,даму,өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі.Күн-уақыт,замана бейнесі.

v Қыран құс - билік,еркіндік бейнесі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

v ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы - ҚР мелекеттік рәмізі.ҚР Президентінің "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

v 1992 жылы 4 маусымда ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы қабылданды.

v ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының автролары:Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков пен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.

v Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,шаңырақты айнала,күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған,оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.

v ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының түсі-алтын және көгілдір түсті.

Қосымша мәлімет:

v Шаңырақ - Елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ - мемлекеттің түп-негізі,отбасының бейнесі.

v Тұлпар - дала дүлдүлі,ер - азаматтың сәйгүлігі.Ол - жеңіске,тәуелсіздікке,бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

v Қанатты тұлпар - талмас талаптың,асыл мұраттың,жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол-өлмес өмірдің бейнесі.

v Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

v 2006 жылы 7 қаңтарда ҚР Мемлекеттің Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні ҚР Мемлекеттік Әнұран деп жарияланды.

v Жұмакен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біршама түзетулер енгізілді

v 2006 жылдың 10 қаңтары - ресми жариялау күні - еліміздің жаңа әнұранының туған күні.

ҚР Мемелекеттік Әнұраны

сөзі: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев

әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын аспаны,күн

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының Президенті

v Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

v Елбасы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

v 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.Экономика ғылымдарының докторы.

v Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдаракадемиясының академігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемелекеттікұлттық университетінің құрметті профессоры.беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

v 1960-1969 ж.ж. Қарағанды металлгурия зауытында жұмыс істеді.

v 1969 - 1973 ж.ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия -комсомол жұмыстарында жауапты қызыметтер атқарды.

v 1973-1977 ж.ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

v 1977 - 1979 ж.ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-хатшысы.

v 1979 - 1984 ж.ж Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

v 1984 - 1989 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы.

v 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

v 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

v 1995 жылы 29 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

v 1999 жылы 10 қаңтарда өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесинде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.

v 2005 жылдың 4желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып кайта сайланды.

v 2010 жылғы 14 маусымда “Қазақстан Республикасының кейбір конститутциялық зандарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетылдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы” №298-IV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

v Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

v Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.

v Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.

v Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева.

v Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

v Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия-бизнеспен айналысады, “Элитстрой” құрлыс компаниясын басқарады

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАЛАРЫ

§ Жалпы қазақ жерінде болған мемлекеттердің астаналарын төмендегі кестеден көруге болады

Астана Мемлекеті Мезгілі
Суяб Батыс-түрік қағанаты 603-659 жж
Баласағұн Қарахан мемлекеті 942-1213жж
Қойлық (Суяб) Қарлұқ қағанаты 955-1222жж
Янгикент Оғыз мемлекеті 756-955жж
Сығанақ Қыпшақ хандығы 955-1219жж
Сығанақ Ақорда мемлекеті 1227-1428жж
Сығанақ Әбілқайыр мемлекеті Қазақ хандығы 1446ж бастап XVII ғ
Түркістан Қазақстанның рухани астанасы  
Семей Алаш орда 1917-1920жж
Орынбор КазАКСР 1920-1924жж
Қызылорда КазАКСР 1924-1929жж
Алматы КазКСР кейін Қазақстан Республикасы 1929-1991жж

 

§ XX ғасырда Қазақстанның астанасы болған қалалар:

-Орынбор (1920-1924жж)

-Ақмешіт (Қызылорда) (1924-1929жж)

-Алматы (1929-1997жж)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫ

§ 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола-ресми астана болып белгіленді

§ 1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын “Ақмола” деп атауға жарлық шығарды

§ 1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың халықаралық ресми тұсаукесері өтті

§ 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның “Әлем қаласы” сыйлығына ие болды

§ Астана қаласы жайлы жалпы мәліметтер:

- Құрылған жылы - 1832жыл

- Темір жол бекетінің атауы – Астана станциясы

- 1961жылға дейін – Ақмола қаласы

- 1961жылдан 1992жылға дейін – Целиноград қаласы

- 1993жылдан 1998жылға дейін – Ақмола қаласы

- 1997жылғы 20қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды

- 1998жылғы 6мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді

- Астана – қасиетті Сарыарка жерінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан әсем қала

- 2008жылгы 25маусымда “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізіліп, “6шілде-Астана күні” болып өзгертілді

ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ

Қазақстан жері Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді

Батыс Қазақстанға – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады.

Атырау – мұнай қоры мол аймақ. Ол – Еуропа мен Азияны түйіскен жерінде орын тепкен.

Каспи теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы және Ноғай хандығының астанасы болган көне Сарайшық қаласы осы аймақта.

Бұл жерде Әйтеке Би, Сырым батыр, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы мен Дина, Әлия мен Мәншүк дүниеге келген

Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке. Ол- Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар сияқты солтүстік аудандар. Бұл жерде темір, асбест кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Атақты сұлу жерлері:Көкшетау, Баянауыл.

Орталық Қазақстан – бұл негізінен Сарыарқа деп аталатын аймақ. Ол – Қарағанды мен Жезқазғанды және Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды.

Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Мұнда алтын, мыс, қорғасын, вольфрам, молибден, марганец т.с.с метелдар көп

Қазақстанның мәдени ескерткштерінің бірі – Алаша хан күмбі Қарағанды облысынағы Қаракеңгір өзенінің оң жағында. Ол – X-XI ғ.ғ сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған күмбез.

Шығыс Қазақстан – Семей және Өскемен өңірін қамтиды. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер бар

Марқакөл көлі Алтай тауының арасында орналасқан. Ол – Қазақстанда суы ең тұщы көл. Марқакөлдің солтүстігінде – Күршім тауы, оңтүстігінде Азутау қоршап жатыр

Алакөл көлі (Шұбар көл) Қазақстаннның ішкі бөгендері арасындағы көлемі жағынан екінші және республиканың ағынсыз өзендерінің арасындағы жалғыз терең көл болып табылады

Мұнда қазақтар үшін сондай қасиетті мекен – Шыңғыстау бар. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер ақын – жазушысы өмірге келген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар.

Оңтүстік Қазақстан – Қызылорда, Жамбыл, Онтүстік Қазақстан, Алматы облысы жатады. Мұнда Алатау, Қаратау таулары, Сырдария, Іле секілді ірі өзендері бар. Ол Арал теңізінен Жоңғар тауларына Балқаш көлінен Алатау және Қаратауға, Сарыарқаға дейін созылып жатыр

Бұл өлке – мақта, көкөніс, жеміс-жидек өсірілірін аймақ. Қызылорда – күріштін, қауын мен қарбыздың отаны. Мақта тек оңтүстікте ғана өседі. Қаратау тауының ұзындығы – 420 шақырым. Ең биік жері 2176 метр. Алматы, Талдықорған өңірі ежелден бері Жетісу деп аталады. Жетісудің жеті өзені мыналар: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратал, Іле, Шу.

Қазақстанның мәдени ескерткіштері: Арыстанбаб, Х.А.Яссауи – Оңтүстік Қазақстанда, Айша бибі, Қарахан кесенесі – Жамбыл облысында, Қорқыт ата кесенесі, Қызылорда облысында.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕН – СУЛАРЫ

ӨЗЕНДЕР

§ Қазақстанда ұзындығы мың км-ден асатын жеті өзен бар, олар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу

§ Республикамыздың өзендері негізгі екі алапқа жатады:

1. Солтүстік Мұзды мұхит алабы

2. Ішкі тұйық көлдер алабы

§ Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер: Ертіс (Есіл, Тобыл салалрымен).

§ Ішкі тұйық көлдер алабына ішкі көлдерге құятын өзендер жатады.

Каспий теңізі алабына жататын өзендер: Жайық. Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен

Арал теңізі алабына жататын өзендер: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.

Балқаш – Алакөл алабына жататын өзендер: Қаратау, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, т.б

§ Қазақстан өзендерінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.

§ Қазақстан аумағындағы ең ұзын және ең суық мол өзен – Ертіс өзені.

Ертіс өзенінің ұзындығы – 4248 км

Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1700км

Ертіс өзені Қытай жерінен басталып, Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен кіріп, Зайсан көліне құяды.

Ертіс өзенінің деңгейі – сәуір, мамыр айларында көтеріледі

Ертіс өзені Қазақстан жеріндегі кеме жүзуге ең қолайлы өзен болып саналады

Ертіс өзені – Ресей жеріндегі Обь өзенінің сол жақ ірі саласы болып табылады

Ертіс өзені оң жақ ірі саласы – Бұқтырма өзені

Ертіс өзенінің бойында – Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен СЭС-тары (су электр стансиялары) салынған

Орталық қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынды

§ Қазақстандағыең лайлы өзен – Сырдария өзені. Сырдария өзені – орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Сырдария өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1400км. Сырдария өзені бойында Шардара СЭС-і орналасқан

§ Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-і орналасқан

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖАЙЛЫ

§ Түркі тілдері тіл туыстығына қарай 6 топқа бөлінеді:

  Қыпшақ бұтағы қазақ,қарақалпақ, құмық, қарашай, мақар, қарайым, қырышақ, ұрым
  Оғыз бұтағы әзірбайжан, түркімен, гагауыз, балқан түріктері, түрік
  Қарлұқ бұтағы өзбек, ұйғыр
  Аралық (Алтай) бұтақ қырғыз, алтайық, хақасы, тува, салар, сары ұйғыр, шор, тофа, шұлым
  Чуваш  
  Саха  

§ Түркі тілдері орналасу аймағына қарай 6 топқа бөлінеді:

  Оңтүстік тобы түрік, гагауыз, әзірбайжан, түркімен
  Батыс тобы қарайым, қарашай, құмық, татар, башқұрт
  Орталық тобы қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз
  Шығыс тобы өзбек, ұйғыр, сары, салар
  Солтүстік тобы алтай,шор, хақас,туфа, сақа

 

ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ

§ Қазақ халқы төмендегідей жазу түрлерін қолданды:

- V-VII ғ.ғ. қазақ рулары туысқан түркі халықтарына ортақ Орхон-Енисей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған;

- 1929 жылға дейін араб жазуы қолданылды;

- 1929-1940 ж.ж. арасында латын жазуы қолданылды;

- 1940 жылдан бастап кириллица (орыс) жазуы қолданылып келеді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯСЫ

§ 1993 жыл, 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданған күн. Бұл заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

§ 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

АТАУЛЫ ЖЫЛДАР

§ 1991жыл-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жыл.

§ 1992жыл-Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы.

§ 1993жыл-Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

§ 1994жыл-Халықаралық отбасы жылы.

§ 1995жыл-Ұлы Абайдың 150 жылдығы.

§ 1996жыл-Бейбітшілік пен рухани татулық жылы.

§ 1997жыл-Бердібек Баян туылды.

§ 1998жыл-Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

§ 1999жыл-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

§ 2000жыл-Мәдениетті қолдау жылы.

§ 2001жыл-Қазақстан Республикасының 10 жылдық мерейтойы.

§ 2002жыл-Денсаулық сақтау жылы.

§ 2003-2005ж.ж.-Ауылды қолдау жылдары.

АТАУЛЫ ЖЫЛДАР (жалғасы)

§ 1996жыл-Жамбыл жылы.

§ 1997жыл-Мұхтар Әуезовтің 100жылдығы.

§ 1997жылғы 29 маусым-Түркістан қаласының 1500 жылдығы.

§ 1999 жылғы сәуір-Ғалым Қ.И.Сәтпаевтің 100 жылдығы.

§ 2000жыл-ЮНЕСКО деңгейінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді.

§ 2004жыл-Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы.

МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР

1 қаңтар - Жаңа жыл.

8 наурыз - Баянның туған күні.

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі.

1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күні.

9 мамыр - Жеңіс күні.

6 шілде - Астана күні.

30 тамыз - Конституция күні.

25 қазан - Республика күні.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Құрбан айт пен Рождество - Діни мерекелер.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Қазақ хандары

§ Керей хан(1456-1473) мен Жәнібек хан(1473-1480ж.ж.)-қазақ хандығының негізін салушылар.

§ Бұрындық хан(1480-1511ж.ж.)

§ Қасым хан(1511-1521ж.ж.) (Қасым ханның қасқа жолы заңдар жиыны)

§ Тақыр хан(1523-1533ж.ж.)

§ Хақназар хан (Қасымның баласы,1538-1582ж.ж.)

§ Тәуекел хан (1582-1598ж.ж.)

§ Есім хан (Шығайдың баласы,1598-1628ж.ж.) (Есім ханның ескі жолы заңдар жинағы)

§ Жәңгір хан (Есімнің ұлы,1629-1652ж.ж.)

§ Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы,1680-1718/1713ж.ж.) (Жеті жарғы заңдар жинағы)

§ Жолбарыс хан(1720-1740ж.ж.)

§ Сәмеке хан (1724-1738ж.ж.)

§ Әбілхайыр хан (1723-1748ж.ж.)

§ Абылай хан (1771-1781ж.ж.)

Абылай (Әбілмансұр) хан (711-1781ж.ж.)

ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ БАТЫРЛАРЫ

XV-XVII ғ.ғ. батырлар

Қара Қыпшақ Қобыланды батыр

Қарға бойлы Қазтуған батыр

Қаржас Қалқаман батыр

Шапырашты Қарасай батыр

Алшын Жалаңтөс батыр және т.б.

XVIIIғ.ғ. батырлар

Қаракерей Қабанбай (1691-1769ж.ж.)

Қанжығалы Бөгенбай (1691-1775ж.ж.)

Шақшақұлы Жәнібек (1693-1751ж.ж.)

Шапырашты Наурызбай (1706-1781ж.ж.) және т.б.

Ұлы Отан соғысының батырлары

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерден 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алған.

Талғат Бигелдинов Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген.Ол екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған.Ол жауға қарсы 305 рет ұшып,оның сегіз жүзден астам техникасын істен шығарды.

Мәншүк Мәметова Батыс Қазақстан облысы,Орал ауданында дүниеге келді.Кеңес Одағының батыры.

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы,Қобда ауданында туылды.Ол-құралайды көзге атқан мерген,Кеңес Одағының батыры.

Мәншүк пен Әлия-Шығыс қыздары арасынан алғаш рет Кеңес Одағының батыры атағын алған арулар.

Тоқтар Әубәкіров - қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер,ұшқыш,Кеңес Одағының батыры,Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы,қоғам қайраткері.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ

(Жыраулар әдебиеті)

XV-XVIIIғ.ғ.

Сыпыра жырау(XIV-XV)

Марғасқа жырау(туған,өлген жылы белгісіз)

Асан қайғы Сәбитұлы(XIV-XV)

Қазтуған жырау Сүйінішұлы(XV)

Доспамбет жырау(XVI)

Жиембет жырау Бортоғашұлы(XVII)

Қожаберген жырау Толыбайұлы(1663-1763)

Бұқар жырау Қалқаманұлы(1668-1781)

Шалкиіз жырау Тіленшіұлы(1465-1560)

Ақтамберді жырау Сарыұлы(1675-1768)

Үмбетей жырау Тілеуұлы(1706-1778)

Шал ақын(1748-1819)

XIX-XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Дулат Бабатайұлы(1802-1871-=)

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867)

Сүйінбай Аронұлы(1815-1898)

Шортанбай Қанайұлы(1818-1881)

Біржан сал Қожағұлұлы(1834-1897)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы(1835-1898)

Жаяу Мұса Байжанұлы(1835-1929)

Шоқан Уәлиханов(1835-1865)

Базар жырау Оңдасұлы(1839-1911)

Ыбырай Алтынсарин(1841-1889)

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906)

Ақан сері Қорамсаұлы(1843-1913)

Абай Құнанбайұлы(1845-1904)

Жамбыл Жабаев(1846-1945)

Шәңкерей Бөкеев(1847-1920)

Мұса молда Байзақов (1849-1932)

Сара Тастанбекқызы(1853-1907)

Шәді Жәңгіров(1855-1933)

Әріп Тәңірбергенов(1856-1924)

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы(1856-1932)

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы(1853-1907)

Шәкәрім Құдайбердіұлы(1855-1933)

Әбубәкір Шоқанов(1856-1924)

Нұржан Наушабаев(1856-1932)

Нарманбет Орманбетұлы(1857-1931)

Балуан Шолақ Баймырзаұлы(1857-1931)

Әлихан Бөкейханов(1866-1938)

Әсет Найманбаев(1867-1922)

Ахмет Байтұрсынов(1872-1929)

Ғұмар Қарашев(1872-1937)

Спандияр Көбеев(1876-1921)

Тұрмағамбет Ізтілеуов(1878-1956)

Кенен Әзірбаев(1882-1939)

Міржақып Дулатов(1885-1935)

Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)

Мағжан Жұмабаев(1893-1938)

Сұлтанмахмұт Торайғыров(1893-1920)

Сәбит Дөнентайұлы(1894-1933)

Ілияс Жансүгіров(1894-1938)

Бейімбет Майлин(1894-1938)

Сәкен Сейфуллин(1894-1938)

Сапарғали Бегалин(18951983)

Мұхтар Әуезов(1897-1961)

Бернияз Күлеев(1899-1923)

Иса Байзақов(1900-1946)

Сәбит Мұқанов(1900-1973)

Ғабит Мүсірепов(1902-1985)

Ғабиден Мұстафин(1902-1985)

Әбу Сәрсенбаев(1905-1995)

Әлжаппар Әбішев(1907-2001)

Хамза Есенжанов(1908-1974)

Әбділда Тәжібаев(1909-1998)

Бауыржан Момышұлы(1910-1982)

Қасым Аманжолов (1911-1955)

Жұмағали Саин(1912-1961)

Қалижан Бекхожин(1913-1990)

Саттар Ерубаев(1914-1937)

Баубек Бұлқышев(1916-1944)

Хамит Ерғалиев(1916-1999)

Қасым Қайсенов(1918)

Жұбан Молдағалиев(1920-1987)

Сырбай Мәуленов(1922-1993)

Тахауи Ахтанов(1923-1994)

Мұзафар Әлімбаев(1923)

Бердібек Соқпақбаев(1924-1992)

Зейнолла Қабдолов(1927-2006)

Ғафу Қайырбеков(1928-1994)

Әнуар Әлімжанов(1930-1993)

Мұқағали Мақатаев(1931-1976)

Шерхан Мұртаза(1932)

Сәкен Жүнісов(1934-2006)

Қалихан Ысқақ(1935)

Жұмекен Нәжімеденов(1935-1983)

Қадыр Мырза Әли(1935)

Тұманбай Молдағалиев(1935)

Қабдеш Жұмаділов(1936)

Олжас Сүлейменов(1936)

Сайын Мұратбеков(1936)

Төлеген Айбергенов(1937-1967)

Фариза Оңғарсынова(1939)

Әбіш Кекілбаев(1939)

Қарауылбек Қазиев(1939-1984)

Мұхтар Мағауин(1940)

Мұхтар Шаханов(1942)

Дулат Исабеков(1942)

Төлен Әбдіков(1942)

Оралхан Бөкеев(1943-1993)

ӘДЕБИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Қорқыт ата

(VIII-IХғ.)

Туған, өмір сүрген жері: Сыр бойындағы Жанкент қаласы мен Сарыарқа алабы.

Қызметі: қобыз атасы,күйші,композитор,жыршы,ақын,музыкант,қазақтың алғашқы ақыны.

«Қорқыт ата кітабы»

Бұл шығарма-ХV ғасырда жазылған Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек.Қорқыт ата кітабын тұңғыш зерттеуші-неміс ғалымы Н.Ф.Диц.

«Қорқыт ата кітабының» екі нұсқасы сақталған:

1.Дрезден нұсқасы 12 жырдан тұрады.

2.Ватикан нұсқасы 6 жырдан тұрады.

1999 жылы Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.

Әбу Насыр Әл-Фараби

1870-950

Туған жері: Отырар қаласы

Бұхар мен Шашта,Бағдатта білім алған.

Қызметі: энциклопедист ғалым,ақын,әдебиетші.Шығыстың Аристотелі.

Еңбектері:

«Ғылымдар энциклопедиясы»

«Ғылымдардың шығуы»

«Өлең өнерінің қағидалары»

«Жұлдыз бойынша болжаулар»

«Ваккум туралы трактат»

«Риторика»

«Поэзия өнері туралы»

«Китаб аш-шеер»

«Музыканың ұлы кітабы»

«Ақылдың мәні туралы» т.б.

Әбу Райхан Әл-Бируни

1973-1050

Қызметі: астроном,математик,геогроф,геолог.философ,тарихшы,дәрігер,ақын

Еңбектері:

«Ежелгі халықтардың хронологиясы»

«Астрономияның кілті» т.б.

Жүсіп Баласағұн

(1050(16)-?)

Туған жері: Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.

Қызметі: ойшыл,ғалым,білімпаз,ақын.

Махмұт Қашқари

Туған жері: Ыстықкөл маңайындағы Барысхан қаласы.Қашқарда өмір сүрген.

Қызметі: түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы,энциклопедист-ғалым,атақты Диуанилұғат ат-түрік еңбегінің авторы.

 

Қожа Ахмет Яссауи

Туған жері: қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы.Яссыда өмір сүрген.

Қызметі: ұлы ақын,пәлсапашы,ойшыл,ұстаз,түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы,сопылардың пірі.

Ахмет Иүгнеки(Әдіб Ахмет Махмудұлы)

Туған жері: Яссы маңындағы Иүгнек деген қыстақ.

Араб,парсы тілдерін меңгерген.Хибатул-хақайқ дастаны 1985ж. қазақ тіліне аударылып,жарық көрді.

Рабғузи(ХІVғ.) «Қисасул-әнбия» кітабы 1370ж. Түркі тілінде жазылған.

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

(1499-1551)

Қызметі: әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргеліс елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ

§ Б.Адамбаевтың зерттеуінде қазақтың шешендік өнері 5 кезеңге бөлінеді:

Кезеңдер уақыты би-шешендер
1-кезең XI-XIIIғ.ғ. Майқы би,Аяз би
2-кезең XIV-XVIғ.ғ. Асан қайғы,Жиренше шешен
3-кезең XVIIIғ Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би
4-кезең XVIII-XIXғ.ғ. Хан-сұлтандарға қарсы шыққандар:Байдалы би, Тіленші би,Тарақты тұяқ,Шалқар шешен
5-кезең XVIII-XIXғ.ғ. Бек-болыстарға қарсы шыққандар: Сырым Датұлы,Досбол шешен.т.б.

ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ ҮШ БИІ

Төле би Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы,Шу ауданы,Жайсаң жайлауында дүниеге келген.Ол – қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руы.

Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1763) Сырдария өңірінде туған. Ол – қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руы.

Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы (1689-1766) Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша мекенінде туылған. Ол – қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлімұлы руы.

ҮШ АҒАРТУШЫ

Шоқан Әлиханов

(1835-1865)

Туған жері: қазіргі Қостанай облысы,Құсмұрын бекеті.

Қызметі: тарихшы,этнограф,географ,саяхатшы,ағартушы-демократ,әдебиетші,заңгер.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

Туған жері: қазіргі Қостанай облысы,Алтынсарин ауданында.

Қызметі: аудармашы,жазушы,ақын,ағартушы-ұстаз,қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы,қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы.Тұңғыш қазақ мектебін ашты,тұңғыш қыздар мектебін ашты.Балалар әдебиетінің негізін салушы.

Абай Құнанбайұлы

(1845-1904)

Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданына қарасты Қасқабұлақ деегн жер.

Қызметі: қазақ халқының данышпаны,ұлы ақын,кемеңгер ойшыл,жазба әдебиетінің негізін салушы,аудармашы,ағартушы-ұстаз,әділ би,заңгер,қоғам қайраткері.

БЕС АРЫС

Шәкәрім Құдайбердиев

(1858-1931)

Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы,Шыңғыстау бөктері.

Қызметі: әрі лирик,әрі эпик ақын,сазгер,әнші,прозашы,аудармашы,тарихшы,философ,ғалым-зерттеуші,мәдениет қайраткері,терең ойшыл.

Еңбектері:

1. «Түркі,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» (Орынбор,1911ж.)

2. «Қазақ айнасы»

3. «Қалқаман-Мамыр»

4. «Еңлік -Кебек»

5. «Ләйлі-Мәжнүн»

6. «Мұсылмандық кітабы»

7. «Үш анық»

 

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1937)

Туған жері: Торғай облысы,Торғай уезі,Тосын болысы,Сарытүбек қыстағы.

Қызметі: аса көрнекті ғалым,ақын,түркітанушы,көсемсөзші,ағартушы,аудармашы-ұстаз,қоғам қайраткері,публист-журналист,этнограф,қазақ тілі білімі,алфавиті,баспасөзі және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы,қазақ әліппесін жасаушы,алғашқы оқу құралын жазған.

Еңбектері:

1. «Қырық мысал» (мысалдар жинағы,Петербург,1909 ж.).

2. «Маса» (өлеңдер жинағы,Орынбор,1911).

3. «Тіл құрал» (3 бөлімнен тұрады)

4. Әдебиет танытқыш

5. Баяншы (Методикалық жазбалар,Қазан,1920ж.).

6. Тіл жұмсар (2бөлімнен тұрады)

7. Оқу құралы (Балалар әліппесі).

8. Әліппе (Орынбор,1912ж.).

9. Сауат ашқыш(Ересектер әліппесі, Орынбор,1914ж.).

10. Әліппе-астар (методикалық нұсқау).

11. Оқу құрал (хрестоматия).

12. «Ер Сайын» жыры.

13. «23жоқтау» (Москва,1926ж.).

 

Міржақып Дулатов

(1885-1935)

Туған жері: бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы.

Қызметі: қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері,ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері.

Еңбектері:

1. «Оян,қазақ» өлең жинағы.

2. «Азамат» өлең жинағы.

3. «Бақытсыз Жамал» романы.

4. «Оқу құралы» оқу кітабы.

5. «Қирағат».

6. «Балқия».

 

Жүсіпбек Аймауытов

(1890-1931)

Туған жері: Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Қызметі: зазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,прозашы,ақын,драматург,аудармашы,ғалым,журналист,педагог-ұстаз,жазушы,сыншы,әнші,музыкант.

Еңбектері:

1. «Қартқожа» романы.

2. «Ақбілек» романы.

3. «Күнекейдің жазығы» повесі.

4. «Комплекспен оқыту жолдары».

5. «Тәрбиеге жетекші» кітабы.

6. «Психология» оқулығы.

7. «Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбегі.

8. «Рабиға» пьесасы.

9. «Мансапқорлық» пьесасы

10. «Сылаң қыз» пьесасы

11.«Ел қорғаны» пьесасы

12.«Қанапия-Шәрбану» пьесасы

13.«Шернияз» пьесасы

14.«Терме» жинағы

15.«Тау еліндегі оқиға» аударма роман

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

Туған жері: Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы.

Қызметі: қазақ өлеңінің дүлдүлі,лирик,эпик ақын.

Еңбектері:

1. «Шолпан» өлеңдер кітабы.

2. «Өлеңдер жинағы» кітабы.

3. «Педагогика».

4. «Батыр Баян» поэмасы.

5. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы.

6. «Қорқыт» поэмасы.

ҮШ БӘЙТЕРЕК

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) қазіргі Талдықорған облысы,Ақсу ауданында дүниеге келді.Ол -ақын,жазушы,драматург,публицист,аудармашы,өнер зерттеушісі, қоғам қайраткері.Шығармалары: «Күй», «Күйші», «Құлагер».

Бейімбет Майлин (1894-1938) қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданы,Майлин кеңшарында дүниеге келді.Ол-ақын,жазушы,драматург,қоғам қайраткері.

Шығармалары: «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Азамат Азаматыч» т.б.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных