Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 8 страница




Тәжірибелік Көру әдісі Сөздік Кітаппен жұмыс Видеодәрістер
Тәжірибе Жаттығу Оқу-өндірістік еңбек Иллюстративті Демонстрациялау Бақылау Түсіндіру Әңгімелеу Әңгіме Инструктаж Дәріс Дискуссия Диспут Оқу Зерттеу Реферат жазу Шолу Цитата жазу Мазмұндау Жоспар құру Конспектілеу Қарастыру Оқу “Электронды мұғалім” бақылауымен жаттығу Бақылау

 

Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Оқыту әдістерін таңдап алу үшін төмендегі критерийлерді басшылыққа алған жөн:1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі;4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес ерекшеліктеріне) сәйкестігі;5. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сәйкестігі (тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы);6. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі.Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл жерде олардың жас дербес ерекшеліктері еске алынады.

 

25. Мектепті басқарудың педагогикалық негіздері. Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару формалары мен әдістері. Педагогикалық менеджмент. Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б. Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.Бақылау әдісі. Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.Байқап көру мен қателер әдісі.

 

25.1. Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.Жобалар әдісі. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. Рейтинг әдісі. Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.Басқару әдісі. Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы. Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар: Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.1. Мектеп басшысының басқару мәдениеті.2. Мектеп басшысының функциялық міндеттері.3. Мектепішілік кең таңдау, оның түрлері мен мазмұны.4. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар.

 

 

26. Шетелдегі білім беру жүйесі: қазіргі жағдайы және даму бағыттары (Лиссабон конвенциясы, Баллон декларациясы). 2010 жылғы Қазақстан Болон декларациясына қол қоюына байланысты, оның жоғарғы білім берудегі Еуропа аймағында бірлесуі біздің мемлекетіміз үшін жоғарғы білім берудің интеграциялық үрдісін және осы мәселені тиімді шешу жолындағы ізденуі маңызды өзектілігін қалыптастырады. Болон декларациясының мақсаты болып: Еуропада жоғары білім кеңістігін құру, азаматтардың жинақтылығын және олардың жұмысқа тұру мүмкіндігін еуропалық еңбек нарқында кеңейту, халықаралық бәсекелестікті және еуропалық жоғары білімінің баулулығын көтеру болып табылады.Қазіргі таңда Болон декларациясы еуропалық жоғары білімнің халықаралық бәсекелестігін жоғарылатуда мына төмендегідей мақсаттарға қол қол жеткізуді қарастыруда:- жоғары білім дәрежелерінің жеңіл түсіну жүйесін енгізу: бакалавр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің бірінші деңгейі үшін; магистр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің екінші деңгейі үшін;- ECTS жүйесінің негізінде, қатысушы-елдер үшін біріңғай академиялық кредиттер жүйесін енгізу;- жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық жинақтылылығын кең көлемде іске асыру;- жоғары білімнің және т.б. сапасын қамсыздандыруда, жоғарғы оқу орындарының және ұлттық жүйелерін құру.Қазақстан Республикасының Болон процесiне қатысудағы мақсаты - еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасының одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның мобильділігін жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.Болон процесiне Қазақстанның кірігуі қазақстандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын және студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін, сонымен қатар отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты. Қазіргі білім беруді жаңғыртудың маңызды бағыты интеграция болып табылады. Қазіргі заманның жаһандануы, жеке адамның қоғам мен мемлекеттің өмірлік қызметі, өндіріс, ғылым, білімнің өзара байланысын күшейту қоғамдық дамудың жетекші факторлары болып табылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных