Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р Интерполдың ұлттық орталық бюросы қызметін жетілдірудің практикалық проблемалары мен болашақтары




 

ҚР ҰОИБ өзінің негізгі қызметтерін жүзге асыра отырып жалпы қылмыстық қылмыстарға қатысты саяси, әскери, діни немесе нәсілдік сипаттағы қылмыстарды қозғамайды. ҰОБ Интерполдың Бас секретариатымен, шетел мемлекеттерінің ҰОИБ, сондай-ақ Интерпол есебін ішкі бақылау және халықаралық ынтымақтастық регламентінің ережелерімен және Халықаралық Қылмыстық Полиция ұйымының жарғысымен анықталған принциптерінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де органдарымен тығыз ынтымақтастықта болады. Қазақстан республикасындағы ҰОИБ тиісті ведомствоаралық келісімдерді жасасу қажеттілігі мен жасасқан жағдайда шетел мемлекеттерінің ҰОИБ-ге тиісті ұлттық полиция қызметтерімен жедел өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін өз өкілдерін жолдай алады.

Қазақстан Республикасындағы ҰОИБ Бас секретариатқа және ұйымға мүше мемлекеттердің ҰОИБ өтініштер және Қазақстан республикасы құқық қорғау органдарын қылмыстар мен қылмыскерлер туралы деректерді, тұлғаларды, заттарды және құжаттарды іздестіру туралы, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу және оны ашу мақсатындағы өзге де ақпараттарды ұсыну туралы хабарландыру жолдайды. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы ҰОИБ Бас секретариаттың және Интерполға мүше мемлекеттердің осыған ұқсас өтініштері мен хабарландыруларын орындауға қабылдайды, тиісті ұлттық құқық қорғау органдары арқылы олардың өтініштері бойынша іздестірілетін тұлғаларды, заттарды және құжаттарды іздеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады, осы туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына ақпарат береді. Қажеттілікке байланысты, Қазақстан Республикасындағы ҰОИБ Бас секретариатқа және мүдделі мемлекеттердің Ұлттық Орталық бюросына Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік азаматтармен жасалған қылмыстар туралы, сондай-ақ қылмыс жасады деген айып бойынша ұсталған немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған және сотталған шетел азаматтары туралы мәліметтер жолдайды.

Сондай-ақ ҰОБ Қазақстан республикасының құқық қорғау және өзге де органдарын Интерпол жүйесіндегі халықаралық қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық талаптары мен жағдайлары туралы, қылмыстарды алдын ала ескерту мен ашу бойынша өзара қарым-қатынас практикасы туралы ақпарат береді және оны алдағы уақытта жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды. ҰОБ қылмыстылықпен күрес проблемалары бойынша Интерполдың Бас Ассамблеясының шешімдері мен ұсыныстарын іске асыруға өз құзыры шегінде жәрдемдесуге міндетті (2.7.14). Осы бөлімшеде айыптыларды іздестіру бойынша Қазақстан Республикасындағы Ұлттық орталық интерпол бюросының қызметінен де ақпарат беріледі.

Халықаралық іздестіру бөлімі Интерпол жүйесін пайдаланумен шетелдік әріптестердің көптеген тапсырмалары орындалды. Қазақстандық құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша 2000-2004 жылдарда оның каналдары бойынша Қазақстан аумағында және басқа мемлекеттерде 73 тұлғаның табылды және орналасқан орны анықталды: Қазақстанның құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша – 16, Ресей және Украина құқық қорғау органдары – 4, Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдары – 27, Әзербайжанның құқық қорғау органдары – 1. Республиканың төрт азаматына Лион қаласындағы (Франция) Интерполдың бас секретариаты арқылы экономика саласында қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздестіруге жарияланды /30/.

Бұрынырақ Интерполдың осы жүйесін пайдаланумен республика аумағында қылмыс жасаған және шетелдерде жасырынып жүрген Қазақстан Республикасының 8 азаматына халықаралық іздеу жарияланды (оның ішінде «Смагулов И К» сенім компаниясының иесі Смагулов та бар) /31/. Көбінесе басқалардан қарағанда есірткі бизнесімен және автокөлікті ұрлаумен, экономия және несиелеу саласындағы, жеке адамға қарсы әрекеттерге байланысты қылмыстар жасауға қатысқан тұлғалар іздестірілді. Интерполға барлық мүше мемлекеттердің бірлескен күштері белгісіз ауруларды, балаларды және белгісіз мүрделерді идентификациялауға бағытталуы мүмкін. Қазіргі уақытта халықаралық сипаттағы қылмыстарды тергеудің көптеген міндеттерінің шешімі Ұлтты орталық интерпол бюросының мүмкіндіктерін пайдаланбау мүмкін емес. Мысалы,Интерпол каналдары арқылы бірлескен әрекеттердің нәтижесінде адам өлтіру қылмыстарының ашылу деңгейі 1999 жылға дейін 70 пайызды құрады, ал 2004 жылы 90-92 пайыз деңгейінде тіркелді /31/. «Лас ақшалардың жылыстауымен» күресте табысқа жету тікелей құқық қорғау органдарының банктердің қызметіне, әсіресе шетелде орналасқан (оффшорлы аймақтарда) банктердің қызметіне қол жетімділігігі деңгейіне байланысты. Банк туралы, клиент туралы, оның шоттарындағы сомасы туралы, оның ішінде «лас» ақшалар туралы нақты ақпарат алуда Ұлттық орталық интерпол бюросының мүмкіндіктерін пайдаланбау мүмкін емес. Ол мұқият тексеру үшін кез келген мемлекеттің қаржы мекемесінің ашықтығы олардың халықаралық нарықтағы орнының бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін.Көбінесе ұйымдасқан қылмыстылық әрекеттері экономикаға зиян келтіреді, ал қылмыстық жолмен келген кірістер салық салудан жалтарған ақша орналастырылған каналдарға орналастырылады. Осыған байланысты, ҚР ҰОИБ ІІМ-ҰҚК-АФП мүдделі қызметтерімен өзара қарым-қатынаста сезікті ақша аударымдары, салымдар мен өзге де қаржы операцияларын жүзеге асыруда тергеу органдарына жәрдемдесу қажет.

ҚР ІІМ шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық негіздері осы мәселеде қазіргі уақытта тек қалыптасып келеді. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен жиналған заңсыз шығарылған ақша қаражаты мен мүліктерді мемлекетке қайтару практикасы да жеткіліксіз. Қазақстан өзге мемлекеттер сияқты лас ақшалардың жылыстауына байланысты қылмыстарды тергеу кезінде айыптыны іздестіруде, қамауда және оның мүлкін алуда, қылмыстық жолмен жиналған мүліктерді, ақшаны және құндылықтарды алуда, қылмыстық әрекеттерден түскен кірістер; қылмыстан зардап шеккен адамға шығынның орнын толтыру; тәркілеуді қамтамасыз ету және жоғарыда аталғандарды қайтарып алуда халықаралық құқықтық көмекке сенім артуға құқылы. Бұл арада Қазақстанның және шетелдік құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіруші және байланыстырушы звено болып табылатын ҚР ҰОИБ көмегі өлшеусіз. Атап айтқанда, Интерпол каналдары бойынша берілетін түрлі шолулар, сұрау салулар мен тапсырмалардың, осындай қылмыс түрлерін жасауға қатысты тұлғаларға берілетін ескертулер («күзет парақтары» сияқты) жоғары тиімділігін атап өту керек.Көбінесе мүлде түсініксіз жағдайларға тап боласыз: адам халықаралық іздеуге жарияланады, яғни оның орналасқан орны белгісіз, ал оның Қазақстан Республикасы аумағынан шыққаны туралы мәліметтер болады, оны жоюдың таңдалған шараларының бірі, бұрынғыша, шетке шықпау туралы қолхат болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл сұрау салуды бастамашысы халықаралық іздестіруге хабарландыруды іздестіріліп жатқан қылмыскердің мүмкін болатын орнын анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізуді айыра алмайды.

Әлемнің түрлі бөлігіндегі геосаяси және экономикалық өзгерістер есірткі өндірудің жаңа көздері және жабдықтау бағыттарын іздеуге ғана емес, оларды өткізудің жаңа нарығына әкеледі. Қазақстандағы Ұлттық Орталық Интерпол бюросының заңсыз наша таратуға қарсы күрес жұмысы бойынша рөлінің артуын көрсете келе, наркобизнеспен күрес бойынша мәлімет алмасу 15 ретке артқанын атап өтуге болады. Республиканың ішкі органдары Интерпол көздерін белсенді қолдана бастады. Қазақстандағы Интерпол орталық бюросының «Тұлғалар» мәліметтер компьютерлік банкінде нашамен байланысты қылмыс жасағандар ретінде негізді күдіктілер және халықаралық қылмыстық байланыстары бар тұлғалар туралы мәліметтер бар (163 адам) /32/.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных