Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көрнекі тәжірибе технологиясы.




Көрнекі эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар қалыптастыру үшін жүргізіледі. Ол өтілген материалды аз ғана уақыт ішінде қорытындылау немесе маңызды қорытындыларды түсіндіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар ол зертханалық тәжірибелерді және басқа да эксперимент түрлерін, жеке операцияларды жасауды үйретеді.

Көрнекі эксперименттер келесі жағдайларда жүргізіледі:

- тәжірибе жүргізу техникасы оқушылар үшін қиын болған жағдайда;

- тәжірибені кейбір қауіпті заттармен (концентрлі қышқылдармен, сілтілермен, сілтілік металдармен жұмыстар, жоғары кернеулі электр тогымен жұмыстар және т.б.) жүргізу керек болған жағдайда;

- тәжірибе жүргізуге қажет құрал-жабдықтар саны жеткіліксіз болған жағдайда;

- көрнекі экспериментке сабақтың аз уақыты ғана берілетін болғандықтан, жұмысты жылдам жүргізу керек жағдайда.

Әрбір көрнекі эксперименттің бақыланатын құбылыстың сипатына байланысты және сабақтың нақты оқу-тәрбиелік міндеттеріне байланысты өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, химиялық көрнекі эксперимент төмендегі талаптарға сай жүргізілуі керек:

- эксперимент көрнекі жүргізілуі керек (демонстрациялық столда жасалып жатқан жұмыс барлық оқушыларға толық және жақсы көрінуі керек);

- эксперименттің жүргізілу техникасы қарапайым және түсінікті болу керек;

- эксперимент олқылықсыз сәтті жүргізілуі керек;

- қауіпсіз жүргізілуі керек;

Көрнекі эксперименттің педагогикалық нәтижелігі, оның білімге және эксперименттік білік пен дағдыға әсері экспериментті жүргізу техникасына тәуелді.

Демонстрациялық эксперименттер төмендегідей жағдайларда жасалады:

ü дәріс негізінде;

ü кейбір тәжірибелерді жүргізу қауіптілігі бар зауыттарды қажет ететін жағдайда (концентрлі қышқылдар, сілтілер, сілтілік металдар, оңай тұтанатын заттар, спирт, эфир, кернеулігі жоғары ток көзі, және т.б.);

ü эксперимент орындауға қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтердің мөлшері аз болған жағдайда;

ü тәжірибе күрделі, оны оқушылар өз бетінше жүргізе алмайтын жағдайда;

ü тәжірибенің жүргізу техникасын оқушылар меңгерген жағдайда;

ü кейбір тәжірибені реактивтердің микромөлшерімен жүргізу қажет болған жағдайда.

 

 

1 сурет. Сынауықтар қойылған демонстрациялық үстел

Демонстрациялық экспериментің технологиясы. Демонстрациялық эксперимент жүріп жатқан уақытта жас мұғалімде де, тәжірибелі мұғалімде де кездейсоқ сәтсіздіктер болып қалуы мүмкін. Сондықтан алдын – ала эксперимент жүргізудің бірнеше варианттарын қарастырып қою керек. Мысалы, алюминийдің ауада тотығуын көрсететін эксперимент.

1 вариант. Алюминий пластинкасын алдын – ала натрий гидроксидінің концентрлі ерітіндісіне салады, сосын сумен жуады, содан соң барып сулеманың (HgCl2) қаныққан ерітіндісімен өңдейді.

1 вариант. Алюминий пластинкасын алдын – ала дайындаусыз ақ сынап иодидімен өңдейді. Осы сияқты бір тақырып бойынша көрсетілетін эксперимент түрлеріне бірнеше тәсілдерді жинақтау керек. Алдын – ала жасап көріп әрбір тәсілдің әлсіз және көрнекі жақтарын анықтап тиімдісін қолданған дұрыс.

Көптеген жағдайларда арнайы биіктікті қадағалаушы көтергіш орындықтарды қолданған пайдалы. Кей кездері бірнеше тәжірибелер жәй сынауықтарда өтіледі, бірақ мүмкіндігі барынша үлкен көлемді демонстрациялық сынауықтарды қолданған жөн. Үстелдің ортасына қарай ашық жер қалдырып, демонстрациялық сынауықтарды орналастыру керек.

Сынауықты ұстап тұрушы штативтер мұғалімге қаратылып, ал бет жағын оқушыларға қаратып қою керек. Таразылар әрқашанда алдыңғы жағысыныпқа, газометр мен Кипп аппараты қырымен тұруы керек (2-сурет).

2 сурет. Демонстрациялық үстелдегі газометр мен

Кипп аппаратының орналасуы

Дидактикалық міндеттерді шешу тәсілдері бойынша демонстрациялық эксперименттер төмендегідей болып бөлінеді:

· заттың қасиеттерін зерттейтін эксперименттер;

· белгілі бір заттардды алуға немесе қосуға арналған эксперименттер;

· негізгі химиялық түсініктер, заңдар – теорияларды түсіндіретін эксперимент түрлері.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных