Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі




Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Көптеген әдебиеттерге шолу жасай келе және химия пәні мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, талдай отырып үздіксіз эксперимент жүргізіліп отыратын мектептердің оқушыларының бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптасуы мүмкін екендігін анықтадық:

Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:

1) экспериментті жоспарлау;

2) экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу;

3) эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;

4) әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;

5) жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;

6) жұмысты өз бетінше орындау.

Техникалық білік пен дағды:

1) реактивтермен және құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу;

2) дайын бөлшектер мен ұсақ құралдардан аспап және қондырғы жинау;

3) химиялық операцияларды орындау;

4) техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Өлшеу жұмыстарын жүргізуде қалыптасатын білік пен дағды:

1) сұйықтар мен газдардың көлемдерін өлшеу;

2) әртүрлі таразыда (техникалық, аналитикалық және т.б.) өлшеу жұмыстарын орындау;

3) сұйықтардың температурасын және тығыздығын өлшеу;

4) өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Интеллектуальды білік пен дағды:

1) эксперименттің мақсатын және міндеттерін анықтау;

2) ғылыми болжам ұсыну;

3) бар білімін пайдалана білу;

4) байқаған құбылыстарды және процестерді сипаттау;

5) эксперимент нәтижелерін талдау;

6) қорытынды жазу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных