Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ




Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Концепцияның міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ.

Экологиялық қауіпсіздіктің нағыз концепциясы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспарында бекітілген «Қазақстан-2030» стратегиясы заңнамасына сәйкес құрылды. Онда приватизацияның экологиялық мәселелері, экспертиза және мемлеуеттік бақылау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау заңнамасының құрылуының қажеттілігі, қоршаған ортадағы табиғат пайдалану мониторингінің экономикалық механизмдері сияқты мәселелер қарастырылып, өз жауабын тапты. Берілген концепциясының қабылдану мерзімінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер пайда болды. Нақтырақ айтсақ, мемлекет дамуындағы стратегиялық құжаттар құрылып, қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негізі қаланды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты бірталай концепцияларға қол қойылып, табиғат қорғау ісінің басқару жүйесі құрылды.

Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалануына қойылатын экологиялық талаптар.

· ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздік пен ауылшаруашылық алқаптарының сапалы күйі қамтамасыз етілуі тиіс;

· ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу жүйесі химиялық ластану мен физикалық дегратация себептеріне туындайтын экологиялық тұрақсыздық көрсеткіштерінің дәрежесі арқылы айғақталады;

· топырақтың химиялық ластану деңгейі қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік органдарының бекітілулері мен қоғамның санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жағдайын әлеуеттендіретін ережелерге сәйкес, ең шекті мөлшер концентрациялары арқылы анықталады;

· жерлерді айтарлықтай құнды жүйеден құндылығы біршама төмен жүйелерге көшіруден туындайтын экологиялық критерийлер бағасы, консервация, сондай – ақ Қазақстан Республикасының жоғары билігінде қабылданған қауіпті экологиялық жағдайларды алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздік пен қалыпты жағдайынан аутқыған экожүйелерді қайта қалыпқа келтіру, мемлекеттік реттеу және бақылауға жауапты қоршаған ортаны қорғау заңдарынан ауытқуды қадағалау, табиғатқа кері әсерін тигізетін әрекеттерді таңып, оларға қарсы шаралар кешенін ұйымдастыру.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуын жүзеге асыратын негізгі қағидалар: Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды қолдануда ең шекті мөлшерлерін анықтайтын және қоршаған ортаның сапасына баланстық басқаруын қамтамасыз ететін ғылымға негізделген шектеулерге, шаруашылық немесе басқа да іс жүргізу барысындағы қолданылатын әдістемелер мен ережелер кешеніне экожүйелік көззқарас қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды болып табылатын табиғат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

· Климаттың өзгеруі мен жер қабатындағы озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсерлерді тежеу;

· Топырақтардың шөлдену мен дегратация үрдістерін тоқтату және табиғаттың биокөптүрлілігін сақтау;

· Экологиялық жағдайы қауіпті аймақтар мен космостық полигон және сынау кешендерінің реабилитациясы;

· Каспий теңізі шелфінің ластануын ескерту;

· Су ресурстарының тозуы мен ластануын ескерту;

· Табиғи ластанулар мен ауа бассейнінің ластанулары, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде транспорттық ластануларды жою және алдын алу;

· Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарының жиналу мөлшерлерін қысқарту;

· Табиғи және техногендік бағыттағы кенеттік жағдайларды ескерту.

Берілген мәселелер келесі жолдар арқылы өз шешімін таппақ:

· Қазақстан Республикасының заңнамасындағы табиғат қолданудың экономикалық механизмдері, мемлекеттік экологиялық бақылау мен мониторингтің нақтылануы және жүйеленуі;

· Экологиялық экспертиза мен табиғатты қолдану жүйесінің қалыпты дағдылануы;

· Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, экологиялық білім мен статистиканың дамуы;

· Халықаралық қатынастар жүйесінің нығайуы.

Топырақтағы кез келген зиянды қосылыстар ерте ме, кеш пе, бәрі бір адам ағзасына өтетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі топырақты ластанудан қорғау шаралары маңызды орын алады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыл сайын биосфераға 20-30 млрд. т шамасында қатты қалдықтар, оның 50-60% органикалық қосылыстар, және 1млрд. т. шамасында газ немесе аэрозоль күйіндегі қышқылдық агенттер шығарылады. Тағы бір ескертетін жәйт, пестицидтер тек аурулар, зиянкестер және арамшөптерге ғана зиянды болып қоймай, адам мен жануарлар әлеміне және энтомофагтарға да көп залал тигізетінін естен шығармағаны жөн. Себебі, олардың кейбіреулері жеңіл жалынданып, көбісі тұрақты қосылыстар түрінде тірі ағза ішінде және сыртқы ортада жинақталады. Қазіргі кезде бүкіл ауылшаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайға қатаң бақылау жүргізіледі, атап айтқанда: республика төңірегінде қолдануға рұқсат етілген барлық пестицидтерге шекті мөлшерлі концентрациялар белгіленген; пестицидтердің атмосфераға, суға және топыраққа түсуі белгіленген мөлшерлемелерден аспауы тиіс; ауылшаруашылық егістіктерін және топырақты пестицидтермен өңдеуде белгіленген қатаң қауіпсіздік шараларын ескеру қажет.

«Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012 жылдары қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес олардың құрамындағы уытты заттардың мөлшері ауада, суда, топырақта, азық-түлік тағамдарында және мал азығы құрамында белгіленген гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс. Пестицидтерді жылдар бойы қолдану нәтижесінде, оның ішінде авиациялық бүрку жұмыстары, көптеген ауылшаруашылық және орман алқаптарының ластануына себепкер болды. БҰҰ- ның мәлімдеуі бойынша, пестицидтермен және экотоксиканттармен улану салдарынан жыл сайын әлемде 3млн-ға жуық адам мерт болуда. Ең өкініштісі, мұндай қоршаған ортаға қауіпті мультинационалдық концерндегі пестицидтер өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатыр.

Адамға қажетті нәрсенің бәрі табиғаттан алады. Ауа, су, тамақ, өндіріске қажетті шикізаттың өзін табиғаттан алады. Адам қоғамы табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық – экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлікті сақтаумен табиғатты үйымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталады.

І - тарауда негізгі ережелер мен негізгі терминдер қарастырылған. Мысалы, қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау обьектісі, табиғатты пайдалану, қоршаған орта саласы, экологиялық талаптар.

5 - бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері:

· Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

· Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

· Экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

· Қоршаған ортаны ластаудың жэне оған кез келген басқа түрде запал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

· Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен жэне нормаларымен үйлесуі.

7- бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілер.

Жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиіс.

10 - бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлері. 31 – тарау. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және занды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.

· Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.

· Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жэне табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

· Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

· Арнайы табиғат пайдалану – осы кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де зандарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды арқылы негізде пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке жэне заңды тұлғаның қызметі.

· Табиғат пайдалану түрлеріне:жерді пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану,жерқойнауын пайдалану, жануарлардүниесін пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалану;

· Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының зандарында айқындалады.

· Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.

Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.

209 – бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

· Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай – күйі қамтамасыз етілуге тиіс.

· Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді аймақтарға бөлу критерийі физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесінің көрсеткіштеріне негізделеді.

· Жердің химиялық ластану деңгейін анықтау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар бекіткен топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануы пайдалана отырылып жүзеге асырылады.

· Жерді неғұрлым бағалыдан төмендеу бағалы жерге ауыстыру,жерді консервациялау, сондай – ақ оларды экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттігін айқындау мақсатында жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді [54,57].

Адам – биологияның бөлшегі ретінде, өмір сүру кезінде табиғатпен тығыз байланыста көп әсерін береді, бірақ басқа тірі микроорганизмдер әсері күшті болған жағдайда ғана. Адам өз еңбегімен нэтижесінде табиғатты гүлдендіре алады.

Өндірістеу нәтижесінде, адам қоғамы жаңа техникалар: машина, жолдар, зауыттар,ғимараттар,шахта,ауылшаруашылық танаптар және т.б нәрселерді жасап шығарады.

Бұл жаңа өнімдер табиғат байланысуымен шикізат табиғаттан алу өндіру, дайындау нәтижесінде болатын процестер.

Ғылым – техниканың прогрестің дамуына қарай жер қойнауынан милиардтаған топқа көмір, мұнай және басқа қазба байлықтарын алуда, жер астынан алынған өнімдер әр түрлі химиялық массалар ауамен араласа биосфераға өз әсерін тигізуде. Ауа мен суларды өндіріс пен тұрмыстық қоныстар ғана емес, автомобильдердің шығатын газ, пестицидтер, ауылшаруашылық дақылдар өндірістің қалдықтары да тікелей әсер етіп, бүлдіруде.

Әлемдегі су және жел эрозиясы, топырақ тұздануы ауылшаруашылық жерлерінің өнімдігінің төмендері, орман аландарының ауасы, су, бассейн, көлдердің таралуына, жануарлар мен өсімдіктердің кей түрлерінің құрып кетуіне әкелуде. Жылдан – жылға халық санының артуы табиғат ресурстарының арасына әкелуі.

«Адам және табиғат» мәселесі соңғы уақытта маңызды сатыға көтерілді. Өйткені қазіргі кезеңде адамдар мен оларды қоршаған табиғи орта араларындағы ара – қатынас түбегейлі өзгерді. Адамдар қажеттілігінің артуына қарай, олар жаңа пайдалану әдістерін іздестіріп, табиғатты пайдаланып, мейірімсіздікпен бүліншілікке ұшыратты. Мұндай кең көлемдегі өзара іс әрекет адамдарга ең қажетті табиги ортаны өзгерістерге ұшыратып, позитивті сипат табуын қажет етеді. Алайда кейбір өзгерістер теріс нәтижелерге әкелді. Мысалы, топырақ эрозиясы секілді құбылыс оның көлемді теріс сипат алады.

Адамзат қоғамының дамуының барлық сатысында жер өте маңызды, еш нәрсемен айырбасталмайтын өндіріс құралы болған және бола береді.

Табиғатты қорғау адамзат қоғамының өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу үшін, адамдардың өздерін және болашақ ұрпақтарын материалдардың және мәдени қанағаттандыру үшін табиғи байлықтарды қорғау және қалпына келтіру, қоршаған ортаны қорғау, оларды лайықты пайдалануға бағытталған мемлекеттік және халықаралық, қоғамдық іс шаралардың жоспарлы жүйесі болып табылады.

Адамдар табиғи биогеценозды ығыстырып, агробиоцинозды енгізе отырып, өзінің тікелей және жанама әрекеттерімен барлық биосфераның тұрақтылығын бұзды. Топырақ ашуындағы негізгі өндірістік құрал.

Топырақ – табиғи – тарихи дене, жер беттік құнарлық қабатын құрайды. Топырақ қабаты топырақтанушы В.А. Ковда айтуы бойынша – бұл күрделі де, көп компанентті ашық жүйе топырақ бетінің эр түрлігінің қоректік заггар мен ылғалдылық әсерінен өсімдік организмнің тіршілік етуі мен өнуін қамтамасыз етеді. Оның қалындығы орташа 18 – 20 см құрайды, алайда құрғақшылықты аудандар мен ылғалды аудандар арасында миллиметрден 1,5 – 2 м дейінгі қалындықты құрайды. Топырақ түзу үшін өсімдіктердің және жануарлар органимдерінің су, ауа, жылу және де топырақ түзуші микрооргашулердің мыңдаған жылдар бойы әсері болуы керек.

Топырақ – барлық элементтердің геохимиялық аккумуляторы, ол тежейді және ағып кетуден сақтайды.Топырақ қарашірігі оның жалпы табиғи құнарлығын анықтайды. Буферлігінің жоғары болуы физикалық және химиялық әсерінің топырақ тепе – теңдігін сақтайды. Адам әсері арқылы құнарлық қабілетін жоғарлату мол.Топырақ ауыспайтын табиғи процесс. Бүгінгі кезде ғылымда топырақты қолдан жасауға дәрменсіз. Соңғы кезде өсімдіктерді топырақсыз ортада өсіру (гипрополды, илостополны, аэропонды) ұсынылса да топырақты ауыстыра алмайды.

Ауыл шаруашылығындағы экологиялық сорттардың маңызы. Республикамыздың 2010 – 2014 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында көрсетілгендей, егіс өнімін арттыру, сапалы жаңа сорттар шығару, егін шаруашылығына озық технологияны кеңінен қолдану, ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген жүйені енгізу астық өндірісін ұлғайтудың өзекті бағыты болып табылады.

Қазақстанның көпшілік аудандарындағы гидрожылу жағдайларының өте тұрақсыздығы сыртқы ортаға бейімділігі жоғары сорттардың болуын талап етеді. Сондықтан сорт қандай талаптарға сай шығарылуы тиіс деген сұраққа біржақты жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, зерттеушілер бірінші кезекке сорттардың құрғақшылыққа, ыстыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділік қасиеттерін қояды.

Әдетте, экологиялық бейімділікті мамандар ауа райы мен агротехникалық шаралардың әр түрлі жағдайларында өсімдіктердің тұрақты жоғары өнім құрау қабілеті не болмаса генотиптің жалпы сыртқы ортаға реакциясы ретінде қабылдайды. Сол себепті экологиялық бейімділігі жоғары түрлерді бағалау мен оларды іріктеу қолайлы және қолайсыз жағдайларда жүргізілгені жөн.

Экологиялық жағдайлардың күрделене түсуі, Қазақстанда қуаңшылықты жиі қайталануы ауыл шаруашылығы дақылдарының бейімділік қасиеті жоғары сорттары мен будандарын шығаруды талап етіп отыр. Селекционер ғалымдар жұмыстың осы бағытына үлкен мән беріп, селекциялық материалдарды әр түрлі географиялық орындарда сынақтан өткізуде. Экологиялық орындардың өсімдік селекциясындағы аса құнды шектеулі белгілерді анықтаудағы маңызы орасан зор. Сорттың құрамында биотиптер мен морфологиялық сызықтар неғұрлым көп болса, оның қоршаған ортаға бейімділігі де соғұрлым жоғары болады. Осы мәселені шешудегі негізгі шарттардың бірі – республика көлемінде экологиялық селекцияның принциптері мен әдістерін тиімді қолданып, соған орай түрлі топырақ аймақтарында орналасқан экологиялық тәрек пунктерінің жүйесін анықтау. Қандай аймақ болмасын, жергілікті табиғаттың климат жағдайларына жақсы бейімделген, келешегі мол және аудандастырылған сорттарды өсірудің тәсілдерін жетілдіріп, өсіп – өну ерекшеліктерін қыр – сырын жете меңгерген жөн. Сонда ғана әр гектардан алынған өнім көтеріліп ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі әрқашан арта түспек. [55]

Топырақ құнарлығының өзгеруі. Топырақты игеріп мәдени өсімдіктерді өсіру кезінде оған негізгі үш фактор топырақты механикалық өңдеу,тыңайтқыштар қолдану және мәдени өсімдіктердің өсіп – өнуі үлкен әсер етеді. Осы әрекеттер дақылдардың өсіп – өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін бағытталады. Сонымен бірге олардың топыраққа кері әсері де болуы мүмкін. Мысалы, механикалық өңдеу кезінде құрылымы бұзылады, қарашіріндінің минералдануы артады, өсімдіктер өнімімен топырақта қоректік элементтер шығындалады.

Ал минералды тыңайтқыштар әсерінен топырақ ерітіндісінің реакциясының өзгеруі мүмкін. Әр табиғи аймақтың топырақтарының ерекшеліктері мен топыраққа кері әсерін тигізетін әрекеттер ескеріліп, топырақты дұрыс өңдеу, одан шығындалған қарашірінді мен қоректік толықтырылып отырса топырақтың құнарлығы арта түседі. Керісінше, жоғарыда аталған жағдайлар ескерілмей, топырақтан өсімдік өнімі алынып отырылса, бұл топырақтың құнарлығы төмендеп, топырақ тозады.

Тың топырақ игерілгеннен кейін оның құнарлығының өзгерістерге ұшырауы байқалады. Алғашқы жылдары егістікте игерілген тың топырақ құрамындағы қарашіріндінің мөлшерінің күрт төмендеуі байқала бастайды. Өйткені, әлі толық қарашіріндіге айналмаған органикалық заттардың тез ыдырауы және құрылымының нашарлап, топырақтың жел мен су эрозиясына ұшырауы байқалады. Соңғы зерттеулер бойынша Қостанай облысында егістік жер ретінде пайдаланылған кәдімгі қара топырақтың құрамында қарашірінді 0,4 – 0,8% – ға, оңтүстік қара топырақта 0,3 – 0,9% – ға кемігенін көрсетеді.

Топырақ құрамындағы қарашіріндінің,қоректік заттардың кемуіне және басқа қасиеттерінің нашарлауына әсіресе оның жел және су эрозиясына шалдағуы үлкен әсер етеді. Жел эрозиясына шалдығуы орташа дәрежеге жеткен топырақтарда осы зиянды құбылыстар қарқынды үлкен болады. Егер топыраққа тыңайтқыштар шашылмаса, оның құрамында, әсіресе сүрі жер алқабанда қарашіріндінің теріс теңдестігі қалыптасатынын көрсетті. Яғни, осы алқаптарда қарашіріндінің шығындалуы көп, сондықтан біртіндеп оның мөлшерінің кемуі ықтимал.

Егіншілікте топырақты пайдаланғанда құнарлығының өзгеруінің бағыты, шамасы адамдардың қолданатын оны өңдеу, баптау әдістеріне, ауыспалы егіс жүйесіне және оны тыңайтуға байланысты болып келеді.

Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймақтарында топырақ құнарлығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары келесідей:

· егіншіліктің топырақты қолдай жүйесін қолданып, оның басты буыны топырақты жазық тілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;

· жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінде жолақтап орналастыру;

· органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолдану;

· көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.

Қорыта келгенде, топырақты өңдеп,баптап,оған мәдени дақылдар өсіріп пайдалануымыз кезінде оның бойында өсімдіктерге қолайлы жағдайлар қалыптасуымен бірге топырақтың кейбір қасиеттері нашарлап,құнарлығы төмендеуі мүмкін. Егер егіншіліктің қарқынды жүйесі қолданылып,топырақ құнарлығына кері әсерін тигізетін жағдайлардың алдын алу шаралары жүргізіліп, мәдени топырақ түзілу қалыптастырылса, топырақтың қасиеттері жақсарып, оның құнарлығы арта түседі [56].

Топырақтың экологиялық мәселесі. Егіншілік және жайылымдылық жерлердегі экологиялық жағдайларды жақсарту жолдарына: экожүйенің ерекшеліктері, ауыл шаруашылығының энергиямен қамтылуы,жерді жақсарту, тозған топырақты қалпына келтіру, жарамсызданған (тозған) жерлерге экологиялық – мелиоративтік шаралар ұйымдастыру, топырақ жағдайының және жоғары өнімділік тиімділігін арттыру жатады.

Тозған топырақтарды жақсартуда қолданылатын экологиялық мелиоративтік қорытынды шаралары:

· жер, су, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, жақсартылған жерлер көлемін бағалаудағы ландшафтық – геохимиялық қағиданың негізгі бағытын көрсетеді;

· агромелиоративтік, экологиялық, орман шаруашылығындағы іс – шараларды біріне – бірін қайшы қылмау, жергілікті жерге бейімділік тәсілдерін қолдану;

· геожүйелерді зерттеп – жобалауда топырақтық – экологиялық жүйелік талдауға қарастыру қажет.

Топырақтың тозуы табиғатта әр түрлі себептерге әкеледі, экологиялық бүлінудің ең қауіптілері, олардың кең көлемде өрістеуі, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және саяситұрғыда зиян келтіреді.Топырақтың тозуы табиғатта бақыланатын биологиялық, физикалық, химиялық, физикалық – химиялық және көптеген басқа құбылыстардың белгілерімен сипатталады.
Топырақ құнарлығынының артып,өсімдік тамыры жайылған қабаттағы ылғал қорының бір деңгейге, яғни сынақты тереңдіктегі шамасын сақтап қалу үшін – көп жылдық шөптер (беде, жоңышқа, түйе жоңышқа т.б.), ыза суы деңгейін төмендетіп отыратын ағаштар (шие, қарағаш, жүзімдік т.б.) яғни биологиялық керіздеу әдістерін қолдану қажеттілігін байқаймыз. Әрі, мұндай, биологиялық керіздеу кезінде шөп шығынды қажет етпейді, сондай – ақ, жер бедері, егіс танаптарында табиғи ландшафт құрылымын жасауға мүмкіндік береді. Жерді ластанудан, тұзданудан және тозудан жақсартудың, негізгі шараларын жүргізуде топырақтың: сулы – физикалық қасиеттеріне, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларына сүйеніп, сонымен қатар, тұздардың химиялық құрамына және олардың ерітіндіге түсу қасиеттеріне байланысты, есептік қабаттағы судың қанығу деңгейіне сәйкес келуі қажет.

Топырақ жағдайларының микробиологиялық үдерістерге әсері. Топырақтың механикалық құрамының микроорганизмдерге әсері.
Топырактың түріне қарай оның механикалық қүрамы да өзгеріп отырады, олардың ұсақ бөлшектерінің шамасы миллиметрдің өлігіндей және одан ірілеу болады. Осындай бөлшектердің арасында ауа, су болумен қатар микроорганизмдер де тіршілік етеді. Олардың көпшілігі топырақ бөлшектерінің ішінде, қалғандары топыраіқ ерітіндісінде кездеседі. Я. П. Худяковтың зерттеуіне карағанда, бактерияларды топырақ бөлшектері адсорбциялайтыны анықталған. Қара топырақтың бір грамы 7 миллиард бактерияны өз бойында ұстап тұра алады. Ерітіндіде жүрген бактериялардың 99% – тейін топырақ адсорбциялай алады. Әдетте, топырақ ерітіндісіндегі бактериялардың мөлшері оның бөлшектерінде тіршілік ететіндерінен әлдекайда аз.

В. Р. Вильямстің көрсетуіне қарағанда, топырақтың ірі бөліктерінің сыртында аэробты бактериялар, ал ішінде анаэробты түрлері тіршілік етеді. Осы заңдылық топырақтың қабаттарында да байқалады. Мәселен, топырақтың терең қабаттарында спора түзуші анаэробты микроорганизмдер кездеседі де беткі қабатында да аэробты микробтар көп болады. Топырақтың механикалық қүрамы оның қабаттарындағы ауа мөлшеріне түрліше әсер етеді. Оның нәтижесінде механикалық құрамы әр түрлі болатын топырақтарда микробиологиялық процестер де түрліше жүреді

Топырақты өңдеу мен тыңайтудың микробиологиялық процестерге әсері. Топырақта едәуір мөлшерде өсімдіктерге қажетті қоректік заттар бар. Осы заттар – топырақ құнарлылығын анықтайтын басты жағдайлардың бірі. Өңделген немесе өңделмеген топырақты алып тексергенде оларда бір – біріне қарама – қарсы екі процестің жүріп жататыны аныкталған. Бірінші – органикалық қалдықтардың, қарашірікке айналуы, екінші – сол қалдықтардың біразының минералдануы, яғни өсімдіктерге кажетті қоректік заттарға айналуы.

Топырақ қабаттары өздерінің физикалық қасиеттері жағынан түрліше болады. Топырақ ерітіндісінде болатын бірқатар заттар ерітіндімен топырақтың төменгі қабаттарына қарай жылжиды. Зерттеулер топырақтың төменгі қабаттарында қоректік маңызы бар органикалық заттар қорының көп екенін дәлелдеді.Топырақ қабаттарын аударыстырғанда микробиологиялық процестің күшейіп, өсімдіктерге қажетті заттардың артатыны осыған байланысты. И.В.Тюриннің мәліметіне қарағанда, солтүстіктің күлгіндеу топырағының бір гектарындағы микробтарда болатын азоттың мөлшері 15 – 28 кг – дай, қара топырақтарында бұл 50кг – ға дейін, ал өңделген сүр топырақтарда – 75 – 100 кг – ға дейін жетеді. Әрине минералдану режимі әр түрлі топыракта микрооргаиизмдердің тек саны ғана емес, сапасы да едәуір өзгеріске үшырайды. Микроорганизмдерді екінші сөзбен айтқанда топырақтың қасиеттерін анықтайтын индикаторлар деп те атауға болады. Бұл топырақтың жеке қабаттарын зерттегенде толық дәлелденіп отыр. Мәселен, өңделген қара топырақтың 40 см – те дейінгі әр түрлі қабаттарының химиялық қүрамында айырмашылық болмайды, бірақ қабаттарға себілген өсімдік түрліше өседі. Мәселен, қара тапырақтың 10 см қабатына себілген бидай жаксы өседі, ал 30 – 40 см тереңдікке себілген дән тіпті көктемей қалады. Бұл топырақтың беткі қабатындағы аэробты микрооргаиизмдердің актив әрекетінің нәтижесінде әсімдікке қажетті қоректік заттардың пайда болуына байланысты орындалған процесс. Бұл топырақтың әр түрлі горизонттарында микроорганизмдердің шамасынын, түрліше болатынын көрсетеді.

Жалпы топырақты өңдеу, жырту және басқа да шаралар – оның құнарлығын арттыруға бағытталған әрекеттер. Ауыл шаруашылық практикасында осы мақсатта топырақты күзде және көктемде жырту жүргізіледі. В. Р. Вильямстың зерттеуіне қарағанда, топырақты жырту оның су – ауа режимін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар топырақ қабаттарыда ауысып түсіп, жаңарады. Структурасы, құнарлығы нашар беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры мол төменгі қабат келіп түседі. Мұнда аэробты микроорганизмдердің активті әрекетінің нәтижесінде органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Мәселен, шымды – күлгін топырақтың жырту қабатының 1 г – да шамамен 2,7 миллион аэробты бактериялар болса, дәл осындай тереңдікте (20 см) қара топырактың 1 г да олар екі есеге жуық (5,7 миллион) көп болады [57].

Мұндай жағдай кебінесе көктемде байқалады. Ал егіс жиналғаннан кейін олардың саны он еседей кеміп кетеді. Микроорганизмдер санының азаюы ылғалға байланысты. Бұл тың топырақтарының су – ауа режимдерінің ерекше екендігін, олардың беткі қабатының органикалық заттарға және өсімдік қалдықтарына бай екендігін көрсетеді.

Қазақстанда дәнді дақылдардың басым көпшілігі тың және тыңайған жерлерде егіледі.Тың даланың құрылысы біршама жақсы қоңыр топыракты жерлері органикалық қалдықтарға бай. Алайда ылғалдың таіпшылығы осы кұнарлы қоректік заттармен өсімдіктердің қоректенуіне кедергі келтіреді. Бұл жерлерді өңдеу ондағы көптеген факторларды өзгеріске ұшыратады, соған сәйкес микробиологиялық процестердің де жылдамдығы өзгереді. Сөйтіп, өсімдіктерде сіңімді қоректік заттардың мөлшері артады [56.57].

 

 

ОРЫТЫНДЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында АӨК-нің алдына бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мақсат болып табылады. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды тартуды ұйымдастыру керек. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан ары шаралар қолдану тапсырылды. Шикізат өндіруге айрықша назар аудару қажеттілігі атап өтілді.

Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты дипломдық жұмыстың негізгі мақсатын келесідей тақырыпта алдық: Қазақстанның Республикасы Алматы облысы жағдайында қызанақ дақылының аудандастырылған және болашағы зор сорттары мен гибридтерін шаруашылықтық құнды-қасиеттері бойынша бағалау және үздік сорттарды анықтап, өндіріске ұсыну.

Жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының мақсатын орындау үшін алдымызға бірқатар міндеттер жүктедік, сол міндеттерді орындау барысында алынған ақпараттар келесідей көрсеткіштермен нақтыланды: Көкөніс дақылдарының әрқайсысы, оның ішінде қызанақ дақылы да әртүрлі пісу мерзімдерімен ерекшеленеді. Тиісінше, әрбір сорттардың және будандардың ерекше вегетациялық кезеңдері болады. Олардың фенологиялық кезеңдерінің өтуі әртүрлі болып келеді.

Жоғарыдағы аталған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, біз өз зерттеулерімізде қызанақтың сыналған сортүлгілерінің фенологиялық кезеңдеріне арнайы байқаулар жүргіздік.

Селекциялық тәжірибе танаптарында қызанақтың әртүрлі сортүлгілеріне фенологиялық бақылаулар дәстүрлі классикалық әдістемелерге сәйкес жүргізілді.

Бірінші кезеңде қызанақтың көшетін алу үшін тұқым арнайыкөшеттіктерге себілді. Тұқымды себу уақыты сәуір айының бірінші онкүндігінде жүргізілді. Сол егілген тұқымнан өскіндер пайда болды. Осы фенологиялық фазадан кейінбірінші нағыз жапырақ пайда болды. Содан кейін қызанақ өсімдіктерінде гүлшоғыр пайда болып, гүлдеу кезеңі болды. Вегетациялық кезеңнің екінші жартысында қызанақтың бастапқы және жаппай гүлдеуі, содан соң жемістер байлауы және жемістердің пісуінің әртүрлі кезеңдері байқалды. Тамыз айында қызанақ дақылының өнімін жаппай жинау басталды.

Фенологиялық бақылау мәліметтері қызанақ сортүлгілерінің фенологиялық кезеңдер бойынша біршама айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Барлық сорттар мен будандардың тұқымдары бір мезгілде, атап айтқанда 6-сәуірде (06.04) егілді.

Көшеттіктерде алғашқы өскіндер (10%) төмендегідей әртүрлі мерзімде пайда болды: Лидер (стандартты сорт) - 23.04; Заря Востока-20.04; Дар Завольжя - 22.04; Классик буданы - 18.04.Көшеттіктердегі жаппай өскіндерде (75%) әртүрлі мерзімде пайда болды: Лидер - 06.05; Заря Востока - 05.05; Дар Завольжя - 08.05; Классик буданы - 02.05.

Алғашқы нағыз жапырақтың алғашқы және жаппай пайда болуы қызанақтың сортүлгілері бойынша мынадай мерзімдерді қамтыды: Лидер (стандартты сорт) - 19.05 және 29.05; Дар Завольжя - 20.05 және 28.05; Заря Востока - 15.05 және 27.05; Классик буданы – 14.05 және 24.05.

Қызанақ сортүлгілерінің гүлдеу фенологиялық кезеңі де әртүрлі мерзімдерге тура келді:Лидер (стандартты сорт) - 08.07; Дар Завольжя– 21.06; Заря Востока- 26.06; Классик буданы - 03.07. Гүлдеу кезеңі маусым айының 3-декадасынан шілде 1-декадасына дейін, яғни 18 күнге созылды.

Қызанақ жемістерінің толық биологиялық пісуі әртүрлі мерзімде белгіленді: Лидер - 24.08; Дар Завольжя - 12.08; Заря Востока - 28.07; Классик буданы -30.07. Бұл мәліметтерден көрінгендей, жемістердің пісуі бойынша сортүлгілердің арасындағы айырмашылық екі-үш аптаға дейін жетті.

Өнімді жаппай жинау кезеңі қызанақтың сорттары мен будандары бойынша мынадай мерзімдерде басталды: Лидер - 10.09; Дар Завольжя - 02.09; Заря Востока - 17.08; Классик буданы - 15.08. Жылу сүйгіш қызанақ дақылы үшін өнімнің ертерек пісіп, күзгі суық түскенше мүмкіндігінше толық жинаудың маңызы зор. Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктерінде күзгі суық қыркүйек айының үшінші декадасында, ал кейбір жылдары екінші декадасында келіп, жемістерді үсік шалады.

Фитосанитарлық мониторинг қызанақтың тәжірибедегі сыналған барлық жаңадан сұрыпталған отандық сорттары мен будандарының дақылдың Қазақстанның оңтүстік-шығысында кездесетін зиянды саңырауқұлақ, бактериялық және вирустық ауруларына қарсы салыстырмалы түрде төзімді екенін көрсетті.

Сыналған сорттар мен будандардың жалпы өнімділігі мынадай деңгейде болды: стандартты Лидер сорты - 42,5 т/га, Дар Завольжя сорты - 45,7 т/га, Заря Востока сорты - 40,4т/га, Классик буданы – 49,6т/га. Барлық сортүлгілер жоғары тауарлылық көрсетті, таурлылық деңгейі Лидер сортында 94,8%, Дар Завольжя сортында 95,2%, Заря Востока сортында 98,0% және Классик буданында 98,7% құрады. Өнімділік деңгейі бойынша ең жоғары көрстеткіш Классик буданы бойынша, ал ең төменгі көрсеткіш Лидер сорты бойынша байқалды. Тауарлы өнімділікке тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш бойынша сортүлгілер бір-бірінен айтарлықтай деңгейде ерекшеленді.

Қызанақ жемістерінің тауарлы өнімі төмендегі көрсеткіштерді құрады (т/га): Лидер сортында - 39,9; Дар Завольжя сортында – 43,5; Заря Востока сортында – 39,6; Классик буданында – 49,0.

Зерттеу барысында алынған осындай бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер мен талдау нәтижелеріне сүйене отырып зерттеліп отырған стандартты Лидер сорты, салыстыру мақсатында алынған Дар Заволжья, Заря Востока сорттары мен қатар Классик буданының арасында өсіруге ең тиімдісі Классик буданы деп тұжырымдадық. Әрине Классик Буданы барлық сапалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында тұрмағанымен, сандық көрсеткіштер бойынша стандартты сортпен қатар салыстыру мақсатымен алынған сортүлгілерден жоғары деңгейде болды. Экономикалық тиімділік бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Классик буданының еншісінде болды. Осындай қасиеттері оның ірі шаруашылықтарда болсын, үй маңы жағдайында болсын өсіруге тиімді екенін дәлелдейді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных