Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Салыстыру әдісі.




Бақылау әдісі.

Оқушылар білім негіздерін мұғалімнің түсіндіруінен қабылдауымен қатар, өздері де үйретілген теориялық материалдарды, ереже, анықтамалар мен заңдылықтарды бақылау арқылы білім, білік және дағдыларды меңгереді.

Оқушылар өздерінің алдына қойған белгілі мақсаттары бойынша серуен кезінде, тәжірибе жасау үстінде, мұғалім оқу материалдарын түсіндіргенде, кітап оқығанда, басқа кісілермен қарым-қатынаста бақылау жұмысын жүргізіп, өздеріне қажетті тілдік материалдар жинайды. Тілдік құралдардың қолдану ерекшеліктерін игере бастайды. Олардың тілдік материалдарды саналы түсінуге, қарым-қатынасты дұрыс жүргізуге белсенділігін арттырады.

Тіл дамыту жұмыстарында бақылау әдісін тиімді ұйымдастыру қажет. Мысалы, сөйлем құрастырудағы сөзді тиісті синониммен ауыстырудағы ойдың өзгерісін, стильдік ерекшелігін бақылату, текст құрастыруда оның қайрымдарының сол текстке сай екендігін бақылату, текстің ішіндегі тілдің көркемдегіш, бейнелегіш құралдарын ажырату, шығарма жазуға материал жинау үшін бақылау т.б. жүргізуге болады.

Бақылау, байқау әдісін қолдану қоршаған шындық-болмыс құбылыстарын балалардың танып білу процесін және есте сақтауды жетілдіреді. Оның негізінде оқушылардың ұғымы қалыптасып, білімі сапалы және тиянақты болады. мұғалім бұл әдісті қолдану үшін оқушыларды алдын-ала байқау мен бақылауға даярла керек:

- оқушылардың байқайтын нәрсесі мен құбылысын аңғарлықтай өткен материалдан теориялық білімі болуы керек. Мысалы, тестегі көп мағыналы сөзді ажырату үшін оның көп мағыналылық, омоним туралы білімі болуы қажет;

- оқушылардың нені, қалай байқайтын мақсатын түсінуі. Мысалы, сөйлемдегі сөзді синониммен ауыстырғанда ондағы ойдың өзгеруі мен құбылуын байқауда, синоним сөздердің мағынасы жуық, мәндес сөздер екендігін білген оқушы синониммен ауыстырғанда, ол сөйлемнің ойы ауыспайтындығын білуі тиіс;

- байқауда оқушының назары алдымен қай мәселеге, не үшін аудару қажеттігін, яғни байқаудың жоспарын, жүйесін үйрету;

- байқаудың негізінде дұрыс ой қорытындысын шығара білу, оны тексеру үшін дәлелдеп беруге жаттықтырады.

Байқау, бақылау әдісі тіл дамыту жұмыстарының өне бойына қолданылып отырылады. Өйткені тілдік, ереже, заңдылықтарды практикалық түрде қолдануындағы ерекшеліктерін осы әдіс арқылы үйрету тиімді екендігін тәжірибе-сынақ жұмыстарымыз анықтап берді.

Гіме әдісі.

Бұл – сұрақ-жауап түрінде жүргізілетін әдіс, әңгіме әдісі жаңа материалды түсіндіргенде, өткен материалдарды қайталау, еске түсіруде қолданылады. Мұғалім бұл әдісті қолданғанда оқушылардың бұрынғы біліміне сүйенеді. Өйткені материалдың жалғасы ретінде мұғалімнің сұрағы және оған байланысты баланың жауап қайыруы арқылы жаңа материалдың мазмұны ашылады.

Бұл әдіс тіл дамыту жұмыстарында өте жиі қолданылады. Әсіресе, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда белгілі мақсатта, өз ойын, білгенін сұраққа жауап беру арқылы жүйелі айтып беруге дағдыландыруда пайдаланады. Сондай-ақ әңгіме әдісі оқушылардың жаңа материалды меңгеріп, алған білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытындылар жасай білуге үйрету мақсаттарымен де қолданылады.

Тіл дамытуға байланысты жұмыстарда әңгіме әдісінің дұрыс өтуі оның сұрақтарына байланысты. Сондықтан бұл әдіспен жүргізуге арналған сұрақтарға мынадай дидактикалық талаптар қойылады:

- сұрақтардың ықшам, мазмұнды, анық болуы, сөйлемдерінің дұрыс құрылуы;

- сұрақтар жүйелі, бір-бірімен байланысты, теориялық-практикалық мәселелерінің бір ерекшелігін білдіретіндей талап етілуі;

- сұрақтар оқушының білім қорына, танымына, жас ерекшелігіне сай болуы т.б.

тіл дамыту жұмыстарында бұл әдісті пайдаланғанда, мұғалім жауаптың тиянақты, жүйелі, нақты, әсерлі болуына көңіл бөлуі қажет.

Дұрыс емес сөздері мен сөйлемдеріне ескерту жасап, түзетіп отырған жөн.

Салыстыру әдісі.

Тіл дамытудағы салыстыру әдісі жиі қолданылады. Салыстыру әдісінде: әртүрлі құралдармен берілген бір ойды білдіретін сөйлемдер; бір стиль түрінде жазылған әр түрлі текстер; авторлардың текстерінің алғашқы нұсқасы мен жетілдіріп, түзетілген нұсқасы салыстырылады. Мысалы, синоним сөздердің сөйлемдегі стилистикалық мәнін білдіру үшін мына сияқты сөйлемдер салыстырылады:

1. Бүркіт ұясын қияға салды.

2. Бүркіт ұясын қияға орналастырды.

3. Бүркіт ұясын қияға соқты.

4. Бүркіт ұясын қияға жасады.

Бұл сөйлемдердегі синоним баяндауыш сөздер: салды, жасады, соқты, орналастырды салыстырылады. Оқушылар бұл сөйлемдердегі ойға байланысты қай сөз орынды екенін бір-бірімен салыстыру арқылы таңдайды. Оқушылар мынадай қорытындыға келуі мүмкін.

Бірінші сөйлемдегі «салды» деген сөз бұл сөйлемдегі ойға байланысты дұрыс қолданылған сөз, өйткені екінші сөйлемдегі «орналастырды» деген сөз даяр затты екінші бір жерге қою мағынасында, ал «жасады», «соқты» деген сөздер көбінесе адамдардың қол шеберлігіне байланысты қолданылатын сөздер. Олай болса, бұл сөйлемдегі ойға, бүркіттің іс-әрекетіне «салды» деген сөздің мәнін қолдану орынды болады. Міне оқушылар, салыстыру арқылы сөйлемдегі ойға байланысты сөз таңдау дағдысын алады.

Стилистикалық эксперимент. Бұл әдісті А.М.Пешковский «барлық стилистикалық талдаудың қажетті құралы» деп есептейді (95,133)

Стилистикалық экспермент әдісінің мақсаты тілдік құралдардың сол текске немесе сөйлемге орынды ма, орынсыз ба, сәкес пе, сәйкес емес пе, немесе дұрыс бұрыстығын анықтау болып табылады. Бұл әдістің негізінде де байқау мен салыстыру әдістері болады. Мысалы, ауыл шаруашылығының озаттары егін өнімін арттыру жөнінде шығып сөйледі. Пікір алысып, тәжірибелерін ортаға салды деген сөйлемдердегі «шығып сөйледі» деген тіркестің орнына «айтты», «әңгіме етті» деген сөздермен ауыстырған жағдайдағы сөйлемдегі ойдың жеткізу түрінің өзгеруін немесе түрленуін байқап көреді. Нәтижеде Ауыл шаруашылығының озаттары егін өнімін арттыруды әңгіме етті деп өзгертілген сөйлемде түрленгендігін бұрынғы ресмилік рең көмескіленіп, берілмей қалғандығы анықталады.

Бұл әдісті пайдалануда сөйлем, текстегі ойына тірек болатын сөзді, сөз тіркестерін ажырата білуге дағдыландыру кезінде де тиімді пайдалануға болады. Мысалы, мынадай сөйлемдегі кейбір сөздердің синонимімен алмастырып, ойдың көркем жеткізілуі тұрғысынан салыстырылады.

1. Кенеттен ол көкірегін қолымен қақ айырып, жүрегін жұлып алды да, басынан асыра көтерді.

2. Кенеттен ол көкірегін қолымен қақ бөліп, жүрегін суырып алды да, басынан асыра көтерді.

3. Жүрегі күндей жарқырап лаулап тұр, күннен де жарық.

4. Жүрегі күндей жарқырап, жанып тұр.

5. Қайран болған жұрт соңынан жүгірді (М.Горький).

6. Аң-таң болған жұрт соңынан жүгірді.

Мұндай ауыстырулар біріншіден, сол сөйлемнің, текстің ерекшелігін танып-білуге; екіншіден, автордың сөз қолдану тәсілін игеруге; үшіншіден, белгілі сөздің синонимдері мен варианттың іздестіру арқылы тілдік қоры молая түсуіне әсер етеді.

Оқушылар оқулықтармен және басқа кітаптармен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады. Өздігінен жұмыс істей отырып, білуге дағдыланады.

Оқушыларға қазақ тілінің стильдері туралы жүйелі білім мен дағды беруде осы теориялық-практикалық методтар жиі қолданылып, олардың пайдалануындағы нәтижелілігі байқалады.

Тіл дамытуды стилистикалық мақсатына сәйкес әдістерді екі топқа бөліп қарастырамыз: біріншісі, тілдің стилистикалық байлықтарын, реңдерін, мәнін үйретуге байланысты; екіншісі, әдеби тіл стильдерінің жұмсалу қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты.4

Тестің стилін анықтау – стиль туралы түсінік берудің алғашқы этапы, стилистиканы меңгертудің алғашқы сатысы, яғни текстің қай стильде жазылғанын анықтау жұмыстары V кластан бастап грамматикалық тақырыптарға байланысты ұйымдастырылады. Стилін анықтау үшін оқушыларға текс беруден бұрын әрбір функционалдық стильдердің ерекшеліктері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олардың грамматикалық ерекшеліктері ашылып, айтылу баяндау мақсаттарын анықталады.

Функционалдық стильдердің ерекшеліктерінен қысқаша мәлімет бру мына бағытта жүргіз тиіс:

1. Ойды жеткізудегі қолдану аймағы мен жағдайы.

2. Сөйлемдегі міндеті.

3. Стильдік ерекшеліктері.

4. тілдік құралдары.

Бұл бағытта функционалдық стильдердің мына сияқты ерекшеліктерін анықтауға болады:

Ауызекі сөйлеу стилінде:

1) қолдану аясы (аймағы): кісілермен әсіресе таныс кісілермен еркін әңгіме кезінде қоланылады.

2) сөйлеу мақсаты – қатынас жасау.

3) стилдік ерекшеліктері мынадай болуы мүмкін;

- еркін, даярлықсыз өткізілу;

- сөздермен сөз тіркестерін еркін қолдану;

- айтушының көзқарасы сөйлемдерммен, қолданған сөздерінен анық білінуі.

4) тілдік құралдары: - қарапайым сөздерді еркін қолдану;

- эмоциональды сөздерді, қосымшаларды өз шешімін білдіруде жиі қолдану;

- сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу;

- дауыс ырғақтары арқылы, қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді пайдалану.

 

Лекция № 5 Тіл дамытудың практикалық әдіс-тәсілдері.

Педагогика теориясында практикалық әдістерді әр түрлі тұрғыда қарастырылады.

Ю.К.Бабанский практикалық әдістер оқушылардың қызметін ұйымдастыруда, жалпы оқыту оқыту процесінде кең көлемде қолданылатындығын айта келіп, практикалық әдістерді қолданғанда, оның мына сияқты жүргізу тәсілдеріне көңіл бөледі: тапсырманың қойылуы мен жоспарлануы, тапсырманы орындалуын басқару, реттеу, қызықтыру, бақылау және кемшіліктің себебін көрсету, түзету жұмыстарында қамтып нәтижені талдау, сондай-ақ мақсатқа жету барысындағы өту керек деп, практикалық жұмыстардың көп түрлілігін көрсетеді.

Практикалық әдістердің тіл дамытуда жиі қолданылатыны жаттығу болып табылады.

Жаттығу әдісі.

Оқушылардың қабылдаған білім, білік және дағдыларын бірнеше рет қайта пысықтап, нақтылы түрде ойды тиянақты қалдыру тәсілдерін жаттығу әдісі дейміз.

Жаттығу әдісі оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Әрбір жаңа білім дағдылары тиянақты болу үшін жүргізілетін жаттығудың арқасында оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті дамиды. Әсіресе,тілдік құралдарды оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту барысында әрбір грамматикалық категория мен формаларды үйретуге байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Жаттығудың түрлері көп. Тіл дамытуға байланысты жаттығу әдістерінің мынадай түрлерін қолдану нәтижелі екендігін эксперимент жұмыстары байқатты: ауызша жаттығу, жазбаша жаттығу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных