Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Клетка органоидтарының қызметі




Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

Фотобиология

Фотобиология - әртүрлі биологиялық жүйелерге жарықтың әсерін зерттейтін биофизика саласы.

Тірі жүйелерде алуан түрлі фотобиологиялық процестер болады, ал маңызды фотобиологиялық процестерге:

  1. Фотосинтез
  2. көру
  3. фоторецепторлық реакциялар
  4. ультракүлгін сәуленің деструкциялық әсері жатады.

Барлық фотобиологиялық процестерде жарық энергиясы химиялық түрленулердің активтелу барьерінен өту үшін қажет. Бірақ фотосинтез процесінде жарық энергиясын тікелей соңғы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыс энергиясына қор қылып жинақтау жүреді, себебі соңғы өнімдер бастапқы (СО22О) заттармен салыстырғанда бос энергияның үлкен қорымен ерекшеленеді. Қалған фотобиологиялық процестерде де жарық фотохимиялық реакцияларға түрткі болады, бірақ реакция өнімдерінде бос энергияның артық мөлшері болмайды.Бірақ барлық жағдайда да күрделі физиологиялық биохимиялық өзгерістер белсенеді, нәтижесінде биоқұрылымдарда бұрын жиналған бос энергия қорлары іске қосылады.

Мысалы:

    1. Морфогенезге жарықтың әсері
    2. пигмент биосинтезіне жарықтың әсері
    3. тыныс алудың фотостимулденуі

Фотобиологиялық процестердегі түрленулердің кезектілігі мынадай кезеңдерден тұрады:

Хромофор тобының жарықты жұтуы және электронды → қозған күйдің түзілуі →

электронды қозу энергиясының миграциясы (серуені, саяхаты) → алғашқы фотофизикалық акт және алғашқы фотоөнімдердің түзілуі → заряд тасымалдануы жүретін аралық кезеңдер → алғашқы химиялық тұрақты өнімдердің түзілуі НАДН, АТФ → физиологиялық –биохимиялық процестер → соңғы фотобиологиялық эффект.

Фотобиологиялық процестердің қараңғыда өтетін, биохимиялық реакциялардан айырмашылығы бұл жағдайда электронның қозуын жарық кванттары туғызады. Бұған қарамастан фотобиология облысындағы биофизикалық зерттеулер жалпы биологиялық мәні бар жаңалықтардың ашылуына алып келеді.

Жарық кванты жұтылғанда байланысқан орбитальда төменгі орбитальдық деңгейде орналасқан электрон жоғары энергетикалық деңгейге шығып молекуланы қозған электрондық жағдайға (синглет S немесе триплет Т) келтіріледі.Бұдан әрі қозу энергиясы әр түрлі жолдармен трансформацияланады.

Фотохимиялық түрленулер бір квантты фотохимиялық процестер түрінде өтеді.Қозған молекулалар әдетте мономолекулярлы әрекеттеседі, яғни ион, радикал түзе диссоциацияланады.

Фотобиологиялық процестердің алғашқы кезеңдері комплекс ішілік өзгерулер түрінде жүреді.Реакциялық комплекс әуел бастан түзіліп қойылған болады және сенсибизатор молекуласы және реагент молекулаларынан тұрады.Маңызды фотохимиялық реакцияға бүкіл тіршілікті қамтамасыз етіп тұрған фотосинтез процесі жатады.

Фотосинтездің алғашқы процестерінің жалпы схемасы.

Фотосинтездің алғашқы процестерінің негізінде электрон траспорттық тізбектің компоненттері арасындағы күрделі тотығу – тотықсыздану процестерінің жиынтығы жатады.Мұнда негізінен 3 процесс жүреді.

1.Фотосинтетикалық пигменттердің жарықты жұтуы және электрон қозу энергиясының фотосинтездің реакциялық орталығына (РО) миграциясы.

2. Зарядтардың алғашқы бөлінуі және (РО)- да энергияның трансформациялануы.

3. ЭТТ – те электронның тасымалдануы және оның алғашқы алғашқы қосылыстардың (НАДФ және АТФ) түзілуіне алып келетін қосарлануы.

Жоғары өсімдіктерде фотосинтез 2 жарық квантының энергиясын пайдаланып судан электронды НАДФ –ке тасымалдау арқылы бір – бірімен функционалдық қосарланған жеке кезектесіп жұмыс істейтін екі фотожүйеде (ФЖ1 және ФЖ2)жүреді.Жарықты жинайтын және бір фотоактивті орталыққа беретін пигмент молекулаларының комплексі фотосинтетикалық бірлік деп аталады(ФСБ).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных