Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сімдіктердің өсуі мен дамуы




Өсу- өсімдіктің өсіп тұрған мерзімінің ішінде жасушаның бөлінуі мен дамуына байланысты, оның өсімдік салмағының, мөлшерінің жəне көлемінің артуы. Тұқымның өнуін бақылағанда өсімдік көлемінің қалай өзгергенін өздерің де байқаған боларсыңдар. Төбе бүршік, бүршік жəне тамыр ұшының жасушалық құрылысын естеріңі түсіріңдер. Онда түзуші ұлпа орналасады. Түзуші ұлпаның жасушасы үздіксіз бөлініп, саны артады, сөйтіп, тамыр мен өркен өседі. Өсімдіктің өсуі - айқын байқалатын құбылыс. Ол жасушалардың көбеюіне жəне өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп таралуына байланысты. Жарықта жасыл өсімдіктің өсуі əдетте, оның салмағының өзгеруіне əкеліп соғады. Өйткені жиналған органикалық заттардың мөлшері олардың тыныс алуына жұмсалған мөлшерінен асып кетеді. Қараңғыда өсімдіктердің өсуі, тыныс алуы, органикалық заттардың жұмсалуы есебінен жүреді.

Тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысындағы сапалы өзгерістерді "даму" деп атаймыз. Ағзаның дамуы өнуден бастап тіршілігінің соңына дейінгі түзілуден "жеке даму" деп атаймыз. Өсімдік ағзасының жеке даму процесін бақылап қарайтын болсақ, оның барлық жасындағы (ұрықтық, жастық, жетілу жəне қартаю) ерекшелігін байқауға болады. Ұрық өнген кезде өсінді пайда болады. Оны "жас өсімдік" деп атаймыз. Өсімдік гүлдеп тұқым бере бастағанда - ол жетілген өсімдік болады. Ал ол өсімдік қартайғанда көбеюді, яғни өсімдік тіршілігін тоқтатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных