Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жарықтың екі жақты қасиетінің бар екендігін кім айтты және ол неге сүйеніп дәлелдеді? 6 страница




Жел энергетикасын дамыту мақсатында энергия жүйесін бағалау «Қазақстан – жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ-ның даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлескен жобасының шеңберінде 2011 жылғы 10 наурызда бұрынғы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «Қазақстанда жел энергетикасын дамыту мақсатында энергия жүйесін бағалау» тақырыбына тұсаукесер болды. Тұсаукесерге БҰҰДБ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Каздорпроект» АҚ, «Астананың жаңа университеті» (Назарбаев Университеті) АҚ, «Энергия» КазНИПИТЭС» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында жалпыға бірдей шолуға «VTT» фин компаниясының БҰҰДБ тапсырысы бойынша жел энергетикасының елдің энергия жүйесіне кірігу әсерін бағалау бойынша соңғы есебі ұсынылды. Бұл Қазақстанда жүргізілген қолданыстағы өндіруші қуатты бағалау бойынша алғашқы осындай зерттеу. Қазақстанның энергия жүйесін зерттеуге сәйкес орталықтандырылған теңгерімдеу бар. Бұл жел энергиясының кірігуіне ықпал етеді, өйткені жел энергиясының тұрақсыздығын деңгейлестіру бойынша ең жоғарғы нәтижені қамтамасыз етуге болады.

Қазақстандағы жел электр станцияларының жалпы пайдаланатын өндіруші қуаты 80 % жоғары немесе жалпы белгіленген қуаттан 10 % төмен сирек болады. Жел энергиясын өндіру жөніндегі болжамдық сценарий 2015 жылы жылына шамамен 250 МВт және 2030 жылға қарай жылына шамамен 2000 МВт өндіруді көздейді. Жел энергетикасының жел энергиясын жалпы өндіруге кірігу деңгейі 2015 жылы электр энергиясын жалпы өндірудің 1 % -ын және 2030 жылға қарай шамамен 4 %-ды құрайтын болады. Энергетика жүйесінің орныққан тәртіптемесінің авариялық бұзылу зардаптарын үлгілеу нәтижелері осы зерттеуде қаралған жел энергиясын өндіру сценарийі энергетика жүйесінің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінін көрсетті. 2030 жылы қуаты 300 МВт «Шелек» жел электрстанциясына ғана электрторабын күшейту қажеттілігі көрсетілген. Энергетика жүйесінің шығынын талдау жел энергиясы Қазақстанның энергетика жүйесіндегі шығынды қысқарта алатынын көрсетті. Жел энергиясын теңгерімдеу құны 2030 жылғы деңгейде жел энергиясының құнын 0.3 - 0.6 €/МВт/сағ-қа арттырады. Қазіргі кездегі жел энергиясын пайдалану мүмкіндіктері Жел энергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. Жел қондырғылардың жетілдіруі мен көп жылғы тәжірибе, жұмсалатын шығын мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстанда жел энергетикасының потенциалы өте жоғары (секундына 10 метр) 10 елді мекен бар. Жоңғар қақпасында жел жылдамдығы 40-50 метрге жетеді.

Жалпы табиғаттың тікелей өз өнімдері – жел мен күн энергиясын пайдалану осы аталып өтілген кейбір кемшіліктеріне қарамастан әлем елдерінде ерекше маңызға ие.Аталмыш қуаткөздері өзінің экологиялық тиімділігі, экономикалық артықшылығы жағынан күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, керісінше, жаңғыртпалы энергияға, «жасыл» экономикаға қол созып, баламалы энергия көздерін табуға қажеттілік туған заманда жетекші орынға шықты. Қазақстанда арзан электр энергиясын қолданысқа енгізуге бағытталған 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жел және күн күшімен өндірілетін электр эрнергиясына қол жеткізу жолдары қарастырылуда. Дүниежүзі бойынша жел жіктелімінің 23 түрі тұрақты кездесетін, географиялық орналасуы және өте қатты ауа ағыны бар еліміздің кең байтақ даласы Қазақстанға мол жел энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Сарапшылар жарты ғасырдан соң жер бетіндегі тұрғындар саны қазіргіден екі есе артып, тиісінше адамзат тұтынатын қажеттіліктер де 2-3 есе көбейеді деген пікір айтады.Мұндай жағдайда шегі бар, сарқылатын байлықтардың түбі көрінуі бек мүмкін. Бұл жел мен күн, су энергиясы секілді сарқылмайтын энергия көздерін қолданысқа енгізуге алып келеді. Әлем қазірден-ақ осы қадамға бет бұруда, ал біздің алдымыздағы басты міндет - Отанымыз Қазақстан Республикасының экономикасының одан әрі қарыштап дамуына және де «жасыл» экономиканың басты орынға шығып,халық игілігіне жұмыс жасауы үшін бар біліміміз бен шеберлігімізді жұмсау. Әсіресе, біз экономисттер жұмыла жұмыс жасауымыз керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных