Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






МАРКЕТИНГТІК ТАЛДАУ




Бастапқы кезеңде www.dari.kz сайтынан дәрілік заттар реестрінде 2015 жылы ҚР тіркелген өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттар тізімі зерттелді. Зерттеуге барлық дәрілік қалып түрлері алынды. Нәтижесінде 127 дәрілік препарат алынды, қорытындысы абсолюттік (саны) және салыстырмалы (пайыздық) мәнде кестеде ұсынылған.

Өндіруші ел бойынша өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттар ассортименті құрылымы.

Өндіруші ел бойынша Отандық дәрілік препараттар өнімінің үлесі – 10% (10 препарат), шетелдік өндірушілер арасында Германия – 8 % (10 препарат), Ресей– 4 % (5 препарат), Польша –8% (10 препарат), Түркия– 6 % (7 препарат), Украина – 3% (4 препарат), Словения – 2 % (3 препарат), Франция – 8 % (10 препарат), Улыбритания – 5 % (2 препарат), Беларусь – 2% (2 препарат), Үндістан -16 %(20 препарат), Ирландия -9 % (12 препарат), Испания - 5% (6 препарат), Италия - 2% (2 препарат), Пәкістан - 5% (6 препарат), Сингапур - 2% (2 препарат), АҚШ - 1% (1 препарат), Швейцария - 2% (2 препарат), Швеция - 9%(9 препарат). (шеңберлі диаграмма 1).

Өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препаратарды негізгі өндіруші ел Үндістан (16 %) болып саналады. Шетелдік өндіруші елдер ассортиментінің сараптамасы ӘД ҚР ДСМ тек 18 ел тіркелген.

Өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттар ассортиментінің дәрілік қалып бойынша сипаттамасы.

Сараптама дәрілік заттар ассортименті қатты және сұйық дәрілік қалыптан тұратынын көрсетті (капсулалар, таблеткалар, ерітінділер, сироп, аэрозольдар, түйіршіктер, ингаляцияға арналған ұнтақтар, ингаляцияға арналған суспензиялар). Дәрілік заттар ассортиментінің көп бөлігін таблеткалар– 37 % (13 препарат) (шеңберлі диаграмма 2). Қатты дәрілік қалып қолдануға ыңғайлы.

1 сурет – Өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттарды өндіруші елдер бойынша жасалған диаграммасы

 

2 сурет – өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттар ассортиментінің дәрілік қалыптары бойынша жасалған диаграмма

 

Одан кейін аэрозольдерге – 27 % (35 препарат), ингаляцияға арналған ұнтақтар – 16% (20 препарат), ерітінділе – 7% (9 препарат), капсулалар – 5% (7 препарат), сироп – 4% (5 препарат),ингаляцияға аналған суспензиялар – 2% (2 препарат), түйіршіктер – 2% (2 препарат). Дәрілік заттар ассортиментінің ең аз бөлігін түйіршіктер мен ингаляцияға арналған ұнтақтар - 4 % (4 препарат) алады.

Өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған дәрілік заттарды өндіруші өнеркәсіптер арасындағы Отандық үлестің және импорттың пайыздық көрсеткіші.

 

Сурет3 – Өкпе-тыныс алу жолдарының қабынуына қарсы және қақырық түсіруге арналған препараттардың импорт көрсеткіші бойынша(%)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных